Сын есім заттың түсін, сапасын, белгісін, күйін, салмағын, көлемін, т б. қасиеттерін білдіретін сөздер



Дата28.03.2020
өлшемі14,27 Kb.
#60970
Байланысты:
Дана ана тили

Сын есім – заттың түсін, сапасын, белгісін, күйін, салмағын, көлемін, т.б. қасиеттерін білдіретін сөздер.

Сын есім қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді. Сын есім анықтауыш қызметінде тұрғанда ешқашан тәуелденбейді, көптелмейді, септелмейді. Сын есім баяндауыш қызметінде тұрғанда жақтық тұлғаны қабылдай алады.

Сын есімнің сөйлемдегі синтаксистік қызметі

Сын есім мағына жағынан заттың сынын, белгісін білдіретін сөз табы болғандықтан, сөйлемде негізінен анықтауыш қызметін атқарады. Сын есім зат есімге айналғанда және сөйлемдегі орындарына қарай сөйлем мүшесінің барлығының да қызметін атқарады.

Сын есімнің жіктемесі

Тұлғасына қарай 

1. Негізгі – қосымшасыз, түбір сын есім.

Мысалы:   ақ, сары, терең, әдемі, қызыл, үлкен, аласа т.б.

2. Туынды – сын есімдердің бірігіп, қосарланып, зат есіммен сын   есімнің тіркесуі арқылы, сын есімге және басқа сөз таптарына жұрнақ жалғануы арқылы  жасалады.Мысалы:  кеше+гі, әл+сіз, бедел+ді, сөз+шең, көп балалы   т.б.

Құрамына қарай

1. Дара – түбір сөзден және жұрнақтар арқылы жасалған туынды сын   есім. Мысалы: ақ, бой+шаң, бала+лы, үй+сіз  т.б.

2. Күрделі – кемінде екі сөзден қосарлану, тіркесу, бірігу арқылы  жасалған сын есім.Мысалы: ақ киімді, тап-таза, өте жақсы, қара торы   т.б.

Мағынасына қарай

1. Сапалық – заттың сыр-сипатын білдіреді түрі, түсі, сыны, сапасы,  көлемі, аумағы, дәмі, иісі   т.б.

Мысалы:  қара, қызыл+дау, әдемі, жақсы, қысқа+лау, көкпеңбек т.б.

2. Қатыстық – сын есімнен басқа сөз таптарынан жасалған туынды   сын есім.

Мысалы: су+лы, су+сыз, тау+лы, қора+лы, бала+лы, аш+ық есік т.б.

Сан есім заттың саның, ретін білдіреді. Сұрақтары: неше? қанша? нешінші? нешеу? нешеден? қаншадан?

Сан есімнің ерекшелігі:

1. Үнемі зат есімдердің алдынан келіп, түрленбейді. Мысалы: жүз елу қой, алты оқушы т.б.

2. Тек өздеріне ғана тән грамматикалық көрсеткіштері бар.

Олар: -ншы-ыншы-нші-інші-ау-еу-ер т.б жұрнақтары. Мысалы: бес+інші, алты+ншы т.б.

3. Басқа сөз таптарынан сан есім жасалмайды.

Сан есімнің жіктемесі

Тұлғасына қарай

1. Негізгі – тек түбірден ғана жасалады.

Мысалы: екі, төрт, елу, алпыс, тоқсан, жүз т.б.

2. Туынды – түбірге жұрнақ қосылу арқылы жасалады. Мысалы: бір+інші, алты+ншы, тоғыз+дан т.б.

Құрамына қарай

1. Дара – бір ғана түбірден тұрады. Негізгі немесе туынды. Мысалы: бес, мың, алтау, оныншы т.б.

2. Күрделі – кемінде екі сөзден тұрады.

Мысалы: он бес, алпыс жеті, үштен-үш, екіден бір, онға жуық т.б.

Мағынасына қарай

1. Есептік

Заттың нақты санын білдіреді. (Қанша? Неше? сұрағына жауап береді. Түбір сан есімнің өзінен жасалады.

2.  Реттік



Заттың реттік қатарын білдіреді. Нешiншi? сұрағына жауап береді. Сан есімге –ыншы-інші-ншы-нші-

жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет