Сырым датұлы бастаған ұлт-азаттық ҚОЗҒалыс
Дата 08.12.2023 өлшемі 0,61 Mb. #195599 түрі Сабақ
Байланысты:
Қазақстан тарихы пәніне арналған презентация Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс 8-сынып Қазақстан тарихы Сабитова А.Б. Сабақтың мақсаты: Көтерілістің негізгі алғышарттарын, себептерін, мақсатын анықтау; 1783-1797 жылдар аралығындағы көтерілістің саяси-экономикалық сипаты; Оқушыларды өз елін, жерін сүйіп, құрметтеуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас, презентация Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, жұппен жұмыс Пәнаралық байланыс: география, әдебиет Қосымша материалдар: ХҮІІІ ғасырдағы Қазақстан картасы, Сырым Датұлы портреті Патша үкіметінің басқаруда жаңа өзгерістерді енгізуі; Қазақ жерін күштеп иемдену; Саяси қысымның үдеуі, 1782-1783 жылдардағы жұт; Қазақтар мен казактар арасындағы қақтығыстар Қозғаушы күші: қазақ шаруалары, ру басылары, билер. Мақсаты: Жерді қайтару. Нұралы ханның үстемдігін шектеу. Көтеріліс басшысы: Сырым Датұлы Сипаттамасы: Отарлауға қарсы, ұлт-азаттық, антифеодалды. Проблемалар: Әлеуметтік Саяси Сырым көзқарастарының қарама-қайшылықтары Патша үкіметінің отарлық саясаты Ықпал етуші факторлар: Нұралы ханның патша саясатын қолдауы; Патша үкіметінің кіші жүзде хандық билікті жоюға ұмтылуы ; Сырымның таңдаған жолы; Казак жасақтарының озбырлығы; Ірі феодалдардың тек өз мүдделерін қорғауы. Негізгі даталар: 1783 Сырымның ашық күреске шығуы; 1784 жыл- тұтқыннан босатылуы; 1784жыл шілде казак жасақтарымен шайқас; 1784жыл қараша- Нұралы ханның Орал бойындағы казактар жағына көшуі; 1785жыл Нұралы ханды биліктен айыру ; 1791 жылы Ералының хан болып сайлануы; * 1794 жыл Ералы ханның өлімі, Есімнің хан сайлануы; * 1797 жыл хан билігіне қарсы шабуыл; 1797 жыл Сырымның Хиуаға шегінуі; 1802 жылы Сырымның өлімі. Жеңілу себептері: Феодалдар арасындағы алауыздық ; Шаруалар талаптарының әр түрлілігі; Басшылардың саяси жағынан тәуелділігі; Көтерілістің нашар ұйымдастырылуы; Руаралық қайшылықтар. Сырым Датұлы 1783-1797 жылдардағы көтеріліс жетекшісі Байбақты руының старшыны, Кіші жүз ханы Нұралының қайын ағасы
Датұлы Сырым (1712-1802) – Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы , атақты батыр, әйгілі шешен. Шыққан тегі - Кіші жүздің Байұлы тайпасының Байбақты руынан. Өзінің асқан ақылдылығы арқасында өз ортасында тым ерте танылып, әділдішімен аты шыққан «Бала би» атанды. Жасы ұлғайған кезінде отарлаушылардың озбыр саясатына қарсы шығып, жерінен айырылып, жайылымсыз қалған, патша әкімшілігінің езіп-жаншуынан , тонауынан әбден титықтап біткен халқының наразылығына үн қосып, қарулы күреске шығады.
Жұппен жұмыс түрлері: Берілген сызбаларды толтыру
Көтерілістің бастапқы кезеңі, ерекшеліктері
Болған уақыты
оқиғалар
Маңызы, ерекшелігі
1
2
3
Сырым Датұлы бастаған көтеріліс
себебі
Қозғаушы күші
сипаты
Бекіту кезеңі: Үйге тапсырма: Сырым Датұлы туралы қосымша материалдар іздестіру: реферат, буклет жасау; Тақырыпты баяндау, сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру: 69-бет Достарыңызбен бөлісу: