Реферат
Қазіргі мектептегі білім беру мазмұны
Орындаған: Садвакасова Аружан
Топ: ШТ (қ) - 11
Тексерген: Алибаева Ж.Е.
2023-2024
Сіз білім министр екеніңізді елестетіп көріңіз. Сапаны жақсарту үшін қандай жаңалықтар еңгізер едіңіз? Негізі егер мен білім министрі болсам онда американдық оқудағы бір жақсы жағын ескеріп, жастардың дұрыс мамандық таңдап, өз таңдауы бойынша жұмысқа тұруын және сол мамандықты жақсы көруі үшін осы бір идены ұсынар едім. Әр мектепте жастайынан тұлға болып қалыптасуы кезінде сүйікті ісін таңдап, сол бағыт бойынша білім алатындай оқу бағдарламасын құрар едім. Яғни, мысалы егер оқушы сурет салуды жақсы көрсе онда оған байланысты мамандықтар (архитектор, суретші және т.б.) бағытқа сай пәндерді игеріп, қажет емес немесе пайдасы жоқ пәндерді алып тастаушы едім. Американдық мектептің жақсы жағы бұл балаларды жастайынан өз бетінше шешім қабылдауына, өз ойын айтуына және ең бастысы оларды әр түрлі ережелерге бағынуын талап етпейді. Сондықтан олар өздері жақсы көретін істерімен айналысы, сенімді, батыл, бақытты, ал ең бастысы өз мамандығын сүйіп таңдап, жұмыс жасайды. Тағы бір ауыстырғым келетін дүние ол бағаларды немесе баллдарды алып тастар едім мүлдем. Оның орнына тек мақтау стикерлерін немесе жай ғана бағалауға байланысты әдістер ұйымдастырар едім. Не себепті де сұрасаңыз? Оның себебі қазіргі баалалар бағаға қатты мазаланып, уайымдайтыны соншалықты, басына не қонғанын, немесе оқып жүргенің пайдасы болмай уақыт өте келе қызықсыз болып кетеді, ал жаман баға алса қолы түсіп қайғырады. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат неге негізделген? Білім беру - адамгершілік, зияткерлік, мәдени, дене бітімін дамыту және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбие мен оқытудың үздіксіз процесі. Білім беру саласына маңызды әлеуметтік қызмет – адамның өзін-өзі тануын қалыптастыру жүктелген. Қазіргі уақытта біздің еліміздегі білім беру жүйесін жетілдіру үшін білім беру процесінің стратегиясын анықтау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |