Соғыс жылдары 497 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды, олардың төртеуі екі рет, 142 адам Даңқ орденінің толық иегері



Дата17.11.2023
өлшемі18,44 Kb.
#191716
Байланысты:
Тайлан Мурхамбетов


Ұлы Отан соғысының басталуының негізгі себебі Адольф Гитлердің Германияны басқа елдерді басып алып, нәсілдік таза үлкен мемлекет құру арқылы әлемдік үстемдікке әкелуге деген ұмтылысы болған болатын. Сондықтан 1939 жылы 1 қыркүйекте Гитлер Польшаға, содан кейін Чехословакияға басып кіріп және барған сайын жаңа аумақтарды жаулап, Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына әкелді, және барған сайын жаңа аумақтарды жаулап алды. Фашистік Германияның жетістіктері мен жеңістеріне мастанған Гитлер 1939 жылы 23 тамызда Германия мен КСРО арасындағы шабуыл жасамау туралы келісімді бұзып тастайды. Ол құттай уақыт ішінде Кеңес Одағын басып алуды көздейтін «Барбаросса» атты арнайы операция жасап шығарады. Ұлы Отан соғысы осылайша басталды
Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысының барлық шайқастарына белсене түрде қатысты. Жаудың ең алғашқы соққысы шекарашыларға тиді, олардың қатарында үш мыңға жуық қазақстандық болатын.Мәскеу үшін болған шайқастарда генерал И. Панфиловтың басқаруындағы атақты 316 атқыштар дивизиясы үлкен рөл атқарған болатын. Дубосеково разъезіндегі неміс танктерін тоқтатқан 28 панфиловшының ерлігі бүкіл әлемге белгілі.Жау шебіндегі партизандық қозғалыс халықтың өз тәуелсіздігі мен бостандығын қорғауға дайын екендігінің жарқын көрінісіне айналды. Партизандық қозғалысқа жалпы саны 3,5 мыңнан астам қазақстандық қатысқан болатын.
Соғыс жылдары 497 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды, олардың төртеуі - екі рет, 142 адам Даңқ орденінің толық иегері. Кеңес Одағының батыры атағын екі рет алған, даңқты ұшқыштарымыз Талғат Бигелдиновтың, Сергей Луганскийдің, Леонид Беданың және Иван Павловтың ерліктері халқымыздын мәңгі есінде сақталады. Әди Шәріповтың басқаруындағы партизан отрядтары белорус ормандарында шайқасты. Украин жерінде Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған батыры С. Ковпактың партизандық бірлестігінде Қасым Қайсеновтың отряды болған болатын. Ұлы Отан соғысының шежіресіне Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың, Мәлік Ғабдуллиннің, Бауыржан Момышұлы мен Талғат Бигелдиновтың және көптеген жерлестеріміздің аттары алтын әріптермен жазылған болатын.Қазақ халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңіске қосқан үлесі зор. Соғыстың ауыртпалығын көтеріп, бостандықты қорғаған қазақстандық батырлардың есімі әрқашан ел есінде сақталады. Майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлестері орасан зор. 1939 жылғы санақпен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600000 адамға дейін азайып кеткен. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға шақырылуымен олардың орнын қариялар, әйелдер мен балалар басқан ьолатын. 1944 жылы қолхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі – 20%, әйелдер – 58%, жасөспірімдер – 22% болды. Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті. 1941 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының “Құрман” колхозының егіншісі Шығанақ Берсиев 1 гектардан 155,8 ц. тары алып, әлемдік рекорд жасап, ал 1945 жылы – 1 га-дан 202 ц. тары алып, өзінің алғашқы көрсеткішін бірнеше рет өсірген болатын.. 
Кейбір деректер бойынша, соғыс жылдарында республикада 12 мыңнан астам медбике, 45 мың ерікті санитарлық «дружина», 400 санитар маман дайындалыпты. Халық арасында белсенді донорлар қозғалысы жүріп, көптеген азамат жараланған жауынгерлер үшін қан тапсырған болатын. 1941 жылы Алматы ме­дициналық институтының 437 түлегі дәрігер­лік дипломын алғаннан кейін бірден май­данға аттанған болатын. Бұл үрдіс кейін­гі жылдары да жал­ғасын тапты. Тіпті кейбір студенттер өз қалауларымен майданға аттанды. Олар­дың екеуі (М.Мәметова мен В.Вавилов) Кеңес Одағының Батыры атанды. Оқы­тушы-профессорлар С.Қарынбаев, И.Карамзинов, М.Брякин, Р.Самарин, У.Берді­баев, Р.Мақашева және басқалар Қызыл әскер қатарында болып, жарақаттарға аянбай медици­на­лық көмектерін көрсетті. З.Қуатов, П.Мордвинов, М.Нұров, Р.Есір­ге­пов сияқты дәрігерлер соғыс да­ласында ерлікпен қаза болды. 1943 жылы соғысқа 1649 мед­бике, 1441 санитарлық дружина және 100 санинструктор жі­бе­рілді. Сөйтіп, қазақстандық ме­дицина қызметкерлерінің Жеңіс­ті­ жақындатуға үлесі аз болған жоқ.



Пайдаланылған әдебиеттеи:Қазақстан тарихы. Кәдірқұлов.Ш ; E-history.kz

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет