СөЖ 12 апта Тақырыбы: Бас бостандығынан айыру орындарындағы қылмыскерлік Орындаған: Жайбергенов Адилет қ-204



Дата29.04.2022
өлшемі15,16 Kb.
#141364
түріСабақ
Байланысты:
Криминология СӨЖ 12 апта
Кошкинбаев Жанболат 318, Тест Диф зачет, наз факуль 23, Бекбауова Нұрай 6 апта статистика СӨЖ, «Бухгалтерлік есеп негіздері» п?нінен тест с?ра?тары. 1, ОСӨЖ 14 Олжабаева Аружан ск-201 касипкерлик жане бизнес, Документ Microsoft Word, lxas5P359psA1RCAjS4cKP3690IYf63WjSMezSht, срсп 1

СӨЖ 12 апта
Тақырыбы:Бас бостандығынан айыру орындарындағы қылмыскерлік
Орындаған:Жайбергенов Адилет қ-204

Бас бостандығынан айыру орындарындағы қылмыскерлік қылмыстық рецидивтің айрықша түріне-пенитенциарлық қылмыскерлікке жатады.Мұндай қылмыскерліктің қоғамға аса қауіпті сонда, оны бұрынғы қылмысы үшін жазасын өтеп жакан адамдар жасайды, ал бұл жағдай ондай қылмыскерлердің берілген жазадан ешқандай сабақ алмағандықтан , оларда дұрыс жолға түсу ниетін жоқ екендігін көрсетеді.


Бұл қарастырылып отырған қылмыстардың кейбір түрлерін жазасын өтеп жаткан адамдар ғана (немесе алдын ала қамауда отырғандар) жасайды: бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқында немесе камауда отырған орнынан қашу, бас брстандығынан айыру жазасынан бұлтару, қоғамнан оқшауландыратын мекеменің жұмысына кедергі келтіру.
Бас бостандығынан айыру орындарына катысты алсак, қылмыстық іс әрекеттердің мынадай түрлерін бөліп алуға болады:
-жазадан жалтару
-сотталғандардың жаппай қылмыстық әрекеті
-сотталғандардың жыныстық эксцестері
-сотталғандар үшін тыйым салынған заттарды пайдалану
-қылмыстық-аткару мекемелері мен олардың қызметкерлерінің қызметіне кедергі келтіру
-пайдақорлық, зорлық көрсету және басқа да қылмыстардың дәстүрлі түрлері
Пенитенциарлық қылмыскерліктің себептері мен жағдайлары мынаған байланысты:
-бас бостандығынан айырудың нақты мәнісімен
-сол жазаны атқарудағы елеулі кемшіліктермен
-сотталған адамның психикасындағы ерекшеліктерімен
Бас бостандығынан айыру орындарындағы қылмыскерліктің бір ерекшелігі- қалайда латенттік пенитенциарлық қылмыскерліктің болуы.
Бас бостандығынан айырылғандар арасындағы қылмыскерліктің қалайда латентті болуына мына мән-жайлар әсер етеді:
-қоғамнан оқшауланған әлеуметтік-психологиялық климаттың ерекшелігі
-кейбір қылмыстарға әдейі дұрыс емес қылмыстың-құқықтық баға беру
-қоғамға қауіпті іс-әрекетті қылмыс ретінде емес, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзғандық деп тіркеу;
Сотталғандар жасаған қылмыстар латенттігінің келеңсіз әсер мыналарға әкеп соғады:
-түрмеде қылмыстық іс-әрекетке жаза қолданылмайтындай жағдай пайда болады:
-тұрақты қылмыстық топ құрылады
-қоғамда қылмыстық әділет органдарының қызмет жайында қате пікір қалыптасады
-сотталғандардың кейбір таптарының жоғарғы виктимдігі
- жаза орындалуының тиімділігі қамтамасыз ететін режимдік талаптардың іс жүзінде теңдесуі
Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар арасындағы қылмыстардың құрлымын талдау, бұл қылмыстардың негізінен жаза өтеуден жалтару мен зорлық іс-әрекеттерден тұратындығын көрсетіп отыр.
Қылмыстық іс-әрекетке дейін, әдетте түзеу мекемесіндегі режимді, ішкі тәртіп ережесін неше қайтара бұзу фактілерін орын алады. Есі дұрыс болғанмен, бойында психопатологиялық ауытқуы бар сотталғандар қылмыстық әрекетке бейім тұрады.
Сотталғандардың көбісі өздерін алдымен сотталушының орындығына, содан кейін бас бостандығынан айыру орнына алып келген қылмыстық іс- әрекетін ары қарай жалғастырады. Жазадан жалтарумен байланысты ойлар туындайды; жетекшілік рөл аткаруға ұмтылады, баскаларға күш көрсетіп, оның алдында олардың құрдай жоғарлауын талап етеді.
Бас бостандығынан айыруды өтеу барысында туындайтын криминогендік ахуалдың ерекшеліктерін талдау, ондай жағдайдың дамуына қылмыс жасауға итермелейтін объективтікте,субъективті те факторлардың ықпал ететіндігін көрсетіп отыр.
Объективті факторлар:
-өз мүшелерінің ешқандай мүддесін ескермейтін, жасанды түрде қалыптасқан әлеуметтік бірлестік
-сотталғандардың қолдағы билік, басқа сотталғандармен арақатынасын , өмір салты және т.б. белгілері бойынша бөлінуі
-қылмыстық субмәдениет (сотталғандардың криминогендік бөлігінің тұрақтылығын, бірлігін қамтамасыз етеді)
-матириалдық, рухани және басқа игілік деңгейінің төмендігі
-бір ұжымның ішінде бұрыңғы қылмыстық өмірімен қоштасқан және одан арылғысы келмейтін адамдардың болуы
-Субъективті факторлар:
-Әлеуметтік-демографиялық сипаттама:
-қылмыстық басым көпшілігін еркек адамдар жасайды
-қылмыстық көбісін 18-24 жас аралығындағы жастар жасайды (45%). Жасы артқан сайын, әсіресе 30-дан кейін, қылмыстық белсенділік төмендейді
-бас бостандығынан айыру орындарында қылмыс жасағандардың 69 %-ының отбасы жоқ
-сотталғанға дейін олардың 15,9 %-ында
-тұрақты мекен жай болмаған
-пенитенциарлық мекеме жағдайында қылмыс жасағандардың 33,1% -ында сотталғанға дейін тұрақты жұмыс болмаған
-қылмыстың көпшілігін тек жалпы орта білімі барлар жасаған
-түрмедегі субмәдениеттің ықпалы едәуір: сол жерде қылмыс жасағандардың 40,4%
-түрмеде салт-дәстүрді сақтайды, 38,3%-ы оған немқұрайлықпен қарайды,15,3%-ы
-қылмыстық идеяны қолдамайды.
-Құлықтылық-психологиялық сипаттама:
-сотталғандардың төңірегіндегілерге немқұрайды қарауы
-идиял, мүдде жайында кереғар ұғым, құндылықты басқаша түсінуі
-адам өлтірген, денсаулыққа ауыр зиян келтірген, әйел зорлаған, ұрлық, тонау және қарақшылық жасаған аламдардың жартысынан көбісінің психикасында оларды ақыл естен айырмайтын ауытқушылық бар:есалаң, бас сүйеге бір кездері зақымдаған, орталық нерв жүйесінің органикалық сырқаттануы, т.б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет