Жұмыс жасалынбай-ақ, бiр денеден екiншi денеге энергияның берiлу процесi жылу алмасу немесе жылу берiлу деп аталады. Жылу алмасу кезiндегi iшкi энергияның өзгеруiнiң мөлшерлiк шамасын жылу мөлшерi деп атайды. Жылу алмасудың үш түрi бар — жылуөткiзгiштiк, конвекция және сәуле шашу (сәулелi жылу алмасу)
Меншiктi жылу сыйымдылығы. Массасы m дененi t1 температурадан t1 температураға дейiн қыздыру үшiн оған мынадай жылу мөлшерiн беру қажет:
Q = c·m·(t2 -t1) = c·m·Δt. (3.2)
Бұл қатынас дененiң сууы кезiнде де орындалады, бiрақ ол жағдайда жылу мөлшерi терiс болады, себебi Δt<0. Пропорционалдық коэффициент с меншiктi жылу сыйымдылығы деп аталады.
Меншiктi жылу сыйымдылығы деп температурасы 1o К-ге өзгергендегi массасы 1 кг дененiң алған немесе берген жылу мөлшерiн айтамыз.
Меншiктi жылу сыйымдылығы c заттың физикалық қасиеттерiне қалай байланысты болса, жылу алмасуы жүретiн процестiң түрiне де солай байланысты болады.
Буға айналудың меншiктi жылуы. Сұйықты буға айналдыру үшiн оған белгiлi бiр жылу мөлшерiн беру қажет.
1 кг сұйықты тұрақты температурада буға айналдыру үшiн қажет болатын жылу мөлшерiн заттың буға айналуының меншiктi жылуы деп атайды. Бұл шама r символымен белгiленедi және СИ жүйесiнде Дж/кг-мен өлшенедi.
Массасы m сұйықты буға айналдыру үшiн мынадай жылу мөлшерi қажет:
Qбу = r·m. (3.3)
Конденсация кезiнде дәл сондай жылу мөлшерi бөлiнедi: Qбу = — rm.
Балқудың меншiктi жылуы. Дене тұрақты температурада балқиды. Молекулалардың кинетикалық энергиясы өзгермейдi, барлық берiлетiн жылу олардың потенциалдық энергиясын ұлғайтуға шығындалады.
1 кг затты сол температурадағы сұйыққа айналдыруға қажет болатын жылу мөлшерiн балқудың меншiктi жылуы λ (Дж/кг) деп атайды. Массасы m болатын кристаллдық дененi балқыту үшiн мынадай жылу мөлшерi қажет:
Qбал = λ·m (3.4)
Жылу балансының теңдеуi. Тұйық жүйедегi жылу алмасу кезiнде, оның iшкi энергиясының қосындысы өзгермейдi. Кез келген жеке алынған дененiң энергиясының өзгерiсi жылулық тепе-теңдiк басталғанға дейiнгi дененiң берген немесе алған жылу мөлшерiне тең: ΔUi = Qi. Барлық денелер үшiн бұл шамаларды қосып және жүйенiң жинақталған iшкi энергисы тұрақты екенiн ескерiп, мынаны аламыз: ΔU1 + ΔU2 + ΔU3 +… = 0. Бұдан мына теңдеу шығады:
Q1 + Q2 + Q3 +… = 0. (3.5)
Бұл теңдеу жылу балансының теңдеуi деп аталады. Мұндағы Q1, Q2, Q3,..- жылу алмасу процесi кезiндегi дененiң берген немесе алған жылу мөлшерлерi. Олар жоғарыда көрсетiлген формулалармен өрнектеледi.
Идеал газ - молекулалар арасындағы өзара әсерлесу ескерілмейтін реал газдың физикалық моделі.
Идеал газдың жайын тұрғысынан үш макроскопиялық шамалардың арасындағы байланысты қарастыратын теңдеу - идеал газ күйінің теңдеуі деп аталады.Бұл теңдеуді орыс ғалымы Д.И. Менделеев қорытып шығарды.
И деал газ күйінің теңдеуі (Менделеев-Клапейрон) газ күйін сипаттайтын негізгі шамалар қысым , көлем және температура арасындағы байланысты тағайындайды.
С уреттегі аспаптың көмегімен идеал газ күйінінің теңдеуін және газ заңдарын тәжірибе жүзінде тексеруге болады. Сығылған және сиретілген газдарды пайдалану механикаландырылынған саймандарды пайдаланбайтын қол жұмыстармен салыстырғанда, сығылған ауа негізінде жұмыс атқаратын пневматикалық құралдар (балғалар, қазық қаққыштар, бұрғылайтын және тегістейтін машиналар) еңбек өнімділігін алты еседен артық асыруға жәрдемдеседі.
Изопроцестер – макроскопиялық параметрлердің біреуі тұрақты болғанда қалған екеуінің арасындағы өтетін процесстер. Газдың бір параметрінің мәні тағайындалып, қалған екі мәні арасындағы байланысты сипаттайтын заңдарды газ заңдары деп атаймыз.