Сондай сөздерді шамалап қарағанда, «Диван» лексикасының ең көбі, қомақтысы сол жалпы түркілік лексика болып шығады



Дата31.03.2022
өлшемі23,71 Kb.
#137469
Байланысты:
создик кор


нүч етті.
чым
Сондай сөздерді шамалап қарағанда, «Диван» лексикасының ең
көбі, қомақтысы сол жалпы түркілік лексика болып шығады.
Егер түсіндіріліп отырған сөз сол заманғы түркі тілдерінің бар-
лығына бірдей болмай, тек бір ғана халық тілінің ерекшелігі,
көрінісі болса, онда оның қай халыққа тәндігі айтылып, ескерті-
ліп отырады. Мысалы: Оғла — жас жігіт (арғуша), етті — теңpi
менің ышым етті (тәңрі менің ісімді оңдады, жөндеді); ол йуку-
- ол намаз оқыды (Оғызша). Бір нәрсе істесе оғыздар
етті дейді, түрктер қылды дейді, Андағ (сондай, солай). Андағ
айдым — солай дедім (чЫғылша).
Улыч - балаларды сүйіп, еркелеткенде айтылатын сөз: улы-
ұлым, қарағым (қарлуқша). Кейбір сөздер түркі халық-
тарының бәріне емес, екі-үшеуіне ғана тән болып, сол екі-үш
тілде ғана қолданылатыны болады. Қашқари ондай сөздердің де
түркі тайпаларының қайсыларына тән екенін айтып отырады.
Мысалы: урға
биік ағаш (оғызша). Арғу тілінде де осылай
айтылады. Бенек дән, ұрық (арғу, соған жақын тайпалар ті-
лінде).
. Қашқаридың бұл ескертпелерінен сол заманғы түркі тілдері.
не ортақ лексиканы, сондай-ақ әрбір жеке тілге ғана тән сөздер-
дің ұзын-ырғасын байқаумен қатар, сөздік қор жағынан бір-бірі-
не жақын, ыңғайлас тілдер тобын да анықтауға мүмкіндік бар.
Жоғарыда келтірілген мысалдың біріне қайта назар аударып
көрейік. Бенек (дән, ұрық) сөзі арғу және соған жақын тайпалар
тілінде айтылады. Қашқаридың осы ескертпесін былай түсіну
керек болады: сол заманғы түркі халықтары ішінде арғулармен
ыңғайлас, соларға жақын сөйлейтін басқа да тайпалар болған,
олар түркі халықтарының ішінде бірыңғай (тілдік жағынан)
болып келеді. Немесе мына бір ескертпеге көңіл қойсақ: бушақ -
бушақ ер (тыз етпе, ашуланшақ адам, мазасыз адам) оғыздар
мен басқа да соған жақындардың сөзі. Әдетте түсіндіріліп отыр-
ған сөз тек қана оғыз тіліне тән болса, Қашқари оғызша деп
жазып отырады. Ал, мына жерде тек оғыз тайпасының тілі емес,
соның айналасына топталған басқа да тайпалар тілдері де еске
алынып отыр.
Қашқари сөздігіндегі мұндай материалдар XI ғасырдағы
түркі тайпалары тілдерін топтастырып, олардың әр қайсысына
тән белгілерді айқындауда зерттеушілерге үлкен жәрдем болары
дәлелдеуді қажет етпейді.
Қашқари сөздігі жайлы сөз қозғалғанда оның ішіндегі «оғыз-
ша», «қыпшақша» т. б. тәрізді ескертпелерге қарап, «оғызша»
деп белгі қойылған сөздер тек қана қазіргі түрікмен тіліне қатыс-
ты, ал «қыпшақша» деп ескертілген сөздер қазақ, қарақалпақ
тілдеріне ғана қатысты деп қарап, солай есептейтін пікір-байым-
даулар Қашқари сөздігі жайлы жазылып, жарияланған зерттеу-
лерде шаң беріп қалады. Мұндай байлам-пікір иелері Қашқари
сөздігі тарихи еңбек екендігін, оның жазылған уақыты мен осы
заман арасында талай ғасырлар жатқандығын ескермейді. Әри-
не, бүгінгі түрікмендер бір кезгi Оғыздардың заңды жалғасы
екендігі, немесе бүгінгі қазақтар тарихи тұрғыдан қыпшақтармен
ұласатындығы, соның салдарынан бүгінгі түрікмен тілі бір заман-
ғы оғыз тілінің, ал қазақ тілі бір уақыттағы қыпшақ тілінің
негізгі заңдылықтарын бойларында сақтағандығы ешбір дау
көтермейтін мәселе. Алайда, мына нәрсені ескеру керек: заман-
дар бойы бір-бірімен қанаттас, көршілес отырған, бір-бірімен
араласып жатқан тайпалар қазіргі түркі халықтарының кайсы-
сында да өз іздерін қалдырды. Соның салдарынан бір кезгi оғыз
тайпасы тілінің элементтері қыпшақ тобындағы тілдерде ұшы-
расса, ескі қыпшақ тілінің элементтері қазіргі оғыз тобындағы
тілдер құрамынан кездесіп қалуы да ықтимал. Қашқари сөздігін-
де «оғызша» деп көрсетілген біраз сөздер әдетте қыпшақ тобына
жатады деп есептелетін қазақ тілінде сол тұлға, сол мағына-
сында сақталғандығын көруге болады.
Бір-екі мысал келтірейік: алма — алма (оғызша), іңір — кеш,
көз байланған шақ. Оғыздар мұны ымыр дейді. Осы айтылып
отырған сөздердің қайсысы да қазақ тілінде бар (ымыр +т).
Кейде басқа бір тілге тән деп көрсетілген сөздер де қазақ тіл-
інде ұшырасады: түнек - зындан, қапас (Барсаған тұрғында-
рының тілдерінде). Сөйтіп, Қашқари сөздігінде берілген ескерт-
пелерді сол күйінде бұлжымайтын нәрсе деп түсінуге болмайды.
Ол заманда Қашқари айтқандай болғанмен, кейінгі ұзақ даму
жолында ондай сөздердің көпшілігі-ақ ауыс-күйiске түсуі, бір
тілден екінші тілге орын өзгертуі әбден мүмкін нәрсе. Оның бер-
жағында, сөздіктің өте көп бөлігі жалпы түркілік қор есебінде,
ешбір ескертпесіз берілгені тағы бар.
«Диванның» сөздік қорын жалпылай алып, шамамен үш түрлі
топқа бөліп жіктеуге болатын тәрізді. Сөздердің едәуір бөлігінің
біздің тілімізге кейбір фонетикалық, морфологиялық өзгерістер
арқылы жеткені байқалады. Қазақ тіліндегі баламаларымен са-
лыстырғанда байқалатын фонетикалық, не морфологиялық ондай
айырмашылықтар түркі тілдерінің дамуы тұрғысынан барлаған-
да түсінуге болатын өзгерістер, тілдің даму барысында орын ал-
ған процестермен ұштасып жататын жайлар.
Сонымен қатар, едәуір сөздер тобы (алдыңғы топпен салыс-
тырғанда сәл аздау) ешбір фонетикалық, не грамматикалық
айырмашылықсыз қазіргі қазақ тілінде кездеседі. Бұған Қашка-
ри сөздігімен таныс кісі күмән келтірмейді.
Үшінші бір топ сөздер қазіргі қазақ тілінде нақ сол күйде,
сол мән мен сол тұлғада әсте ұшыраспайды. Алайда, «Диван»
авторының түсініктемелеріне сүйене отырып, қазақ тілі фактіле-
рімен салыстырып қараса, олардың біздің тіліміздегі едәуір сөз-
дерге, кейде сөз тіркестеріне ұйытқы болғанын байқауға болады.
Мұндай фактілер тіліміздегі жекеленген сөздердің тарихи құра-
Мын ғана түсіндіріп қоймайды, сонымен қатар байырғы түбір-
Лердің буын құрамы жайлы да ойлана түсуге себепкер болатыны
Сөзсіз. Солардың кейбіріне жеке-жеке тоқталған жөн.
Ай — айту: Андағ айдым (солай айттым). Қазақ тіліндегі
Айт (у) етістігі екі бөлікке: ай-т ажырайды. Алдыңғы бөлігі тү-
Бір де, соңғысын кейіннен түбірмен бірігіп кеткен қосымша деп
Шамалауға болатын тәрізді. Қазақ тіліндегі айқай сөзі мен айт
Етістігін салыстырсақ, екеуіне ортақ түбір ай, ал т, қай қосым-
Шалар екені дау туғызбайды.
Қашқари ту сөзін түк, қыл, шаш деп түсіндіреді. Сонда қа-
Зак тіліндегі түк, түбіт сөздері түбірлес сөздер, екеуіне ортақ
Түбір ту болып шығады. Қазіргі қазақ тіліндегі түгін қоймайды,
Түгін қалдырмады тұрақты тіркестерінің құрамындағы да осы
Түк сөзі екені айқын. XI ғасыр сөздігінде ту (түк) сөзі шаш; қыл
Мәнінде колданылғанын ескерсек, қазақ тіліндегі шашын жұлды,
Түгін қалдырмады тіркестері тарихи жағынан синонимдік парал-
Лельдер екенін байқауға болады.
«Диванда» ыш түкедi тәрізді сөйлемдер кездеседі. Баяндауыш
Қызметіндегі түке (ді) етістігі біздің тілімізде түгел сөзінің құ-
Рамында ғана сақталған. Сөйтіп, түгел сөзі байырғы (мағынасы
Көмескіленген) түбір (түге//түке, екі дауысты арасындағы қатаң
К дыбысының ұяңдануы) мен қосымшадан (-л) құралған болып
Шығады. Сөз соңындағы л кейбір сын есімдер құрамындағы (қы-
Зыл, жасыл) ұшырасатын қосымша. Сонымен, қосымша арқылы
Есімге айналып кеткен сөзден қазақ тілі арнаулы аффикс арқы-
Лы туынды етістік жасайды (түгелде). Түгел сөзі, осы айтылған-
Дарды ескерсек, түгесу етістігімен түбірлес болып шығады (тү-
Ге-л, түге-с).
Біздің қазіргі тілімізде бір нәрсені кесу үшін арнайы істелген
Құралдық затты пышақ дейміз. Алайда осы сөздің түбірі осы
Мәнде біздің тілімізде басқа ыңғайда ұшыраспайды. «Диван-
Да» бычды (кесті), бычылды (кесілді), бычма (орылған жер),
Бычғу (пышақ) сөздері кездеседі. Ал, пісу, піскен мәнінде быш-
Ды, бышык сөздері ұшырасады. Сөйтіп, ХІ ғасырдағы түркі тіл-
Дерінде ш, ч дыбыстары фонема есебінде сөз мағынасын айқын-
Даған да, екі түрлі сөз жасаған: бірінде кесу мәнін (ч фонемасы-
Мен келгенде), бірінде пісу (ш фонемасымен) мәнін бергенге
Ұқсайды. Алдыңғы быч түбірі біздің тілімізде тек қана пышақ
Есімінің құрамында сақталған, кесіп айту қиын, әрине, бірақ
Пышырлатты етістігі де осы түбірден тараған деп ойлауға бола-
Ды. Сонымен қатар, «Диванда» кес сөзі де кездеседі. Алай
Сөздің мынадай бір өзгелігін көрсету орынды
Кесек, саз бал-
Шықтан жасалып, кептірілген кесек: кес — әрбір заттың бөлігі.
Бірақ тағы да: кесек — - әр нәрсенің бөлігі, кесді — кесті, бір нәр-
Сені кесті. Түркі тілдері тарихында бір ғана түбірдің әрі есім, әрі
Осы
-
•етістік мәнінде қолданылуы (бейтарап түбірлер, немесе синкре-
Тикалық түбірлер) болғаны да мәлім. Мына фактіні соның кө-
Ріністерінің бірі деп қарауға болатын тәрізді. Пышақ мәнінде
Сонымен синонимдес кездік сөзі де қазақ тілінде қолданылады.
«Диванда» кезірді сойды, қойды сойды; кезiрiлдi — кесілді,
Кезрішдi --- кесiстi, сойысты етістіктері кездеседі. Қосымшалары-
Ның жалғану тәртібіне қарап, бұлардың барлығына ортақ тү-
Бір — кез деп жорамалдауға болар еді. Алайда, араб алфавиті-
Нің ерекшелігіне байланысты түбірдің соңғы дыбысын аффрикат
Деп (дз) қарауға келеді. Олай болса, қазақ тілінің ерекшелігіне
Байланысты аффрикат дыбыс жалаң дыбысқа (д-ның түсіп қа-
Луы) айналған деу шындыққа жакын. Сөйтіп, кездік сөзі де кез
(кедз) етістік түбірінен -дуқ (қазіргі тіліміздегі есім жасайтын
-лық қосымшасы емес) қосымшасы арқылы жасалған қимыл есі-
Мі болып шығады. Бұлармен синонимдес сойу етістігі де «Диван-
Да» ұшырасады. Алайда ол сылып алу (теріні сылып алу), кейде
Киімді шешіп алу секілді мағынаны білдіреді. Мына мысалдарды
Қараңыз: Ер қойуғ сойды (Кісі қой терісін сылып алды); Сойул-
Ды (шешіп алынды).
Бір ғана түбірдің әрі есім, әрі етістік мәнінде (синкретика-
Лық) қолданылуы «Диванда» берілген қары сөзінен де байқала-
Ды: Қары окүз балдуқа қорқмас (Кәрі өгіз балтадан қорықпас),
Арсылан қарыса сынған өтiн күдезүр (Арыстан қартайса тышқан
Інін күзетер). Алдыңғы сөйлем құрамындағы қары қазіргі біздің
Тіліміздегідей сын есім мәнінде де, соңғы сөйлемде етістік мәнін-
Де. Етістік болғанда да оның қимыл есім тұлғасы емес, түбір
Тұлғасы екені көрініп тұр. Қары+ са сөзіндегі соңғы -са шартты
Рай қосымшасы екені белгілі. Осы түбірге етіс жұрнақтары да
Қосылып жұмсалған: Өдлүк қарытмышқа бодуғ талықмас (за-
Ман қартайтқанда бояну айып болмас).
Қазақ тіліндегі кісі арыды (жүдеді) дегендегі ары етістігі
«Диванда» ар түрінде ұшыраса, күнадан арылды сөйлемі құра-
Мындағы арыл етістігі ары түрінде берілген. Мысалы: Алымлықығ
Көрү армады (алымшыны көруден арымады). Осы түбірдің етіс
Түрі арғуртты (шаршатты), арғуртурды (шаршаттырды) түрінде
Тұлғаланған. Сөйтіп, қазақ тіліндегі ары түбір мен қосымшадан
Не басқа бір элементтен құралса керек. Арыды нең – нәрсе, зат
Тазаланды; Ер арынды — кісі тазаланды, арылды. Арын сөзінің
Кұрамындағы -ын етіс қосымшасы екені, бастапқы түбір ары еке-
Ні алдыңғы мысалдан көрініп тұр. Сырттай (дыбыстық құрамы
Жағынан) ұқсас осы екі түбірден ескі түркі тілінде арығ (таза,
Былғанбаған), арық (арық, жүдеу, шаршаған) есімдері жасал-
Ған. Қазақ тілінде жүдеу мәніндегі арық сөзі ғана сақталған да,
Таза мәніндегі арығ есім сөзі жоқ. Бұл, сірә, қазақ тілінде ғ ды-
Бысына сөз аяқталмау заңдылығына байланысты болса керек.
«Диванда» қай — етістік түбір, осы түбірден өрбіген қайтар,
Қайтыш туынды етістіктері кездеседі. М. Қашқаридың түсіндіруі
Бойынша, қай етістігінің екі түрлі мәні бар: біріншіден, кайту,
Бұрылу мәнін береді, екіншіден, біреуге, (жолдасына, жақынына)
Қол ұшын беру, қайрылу, көңіл білдіру мәнін береді. Мысалы:
Кері қайды (кері қайрылды); Қадаш теміш қаймадуқ, қазын
Теміш қаймыш (Жолдас десе қайрылмады, қол ұшын бермеді,
Көңіл білдірмеді, ескермеді); Қайын десе қайрылды (көңіл білдір-
Ді, қол ұшын берді). Алдыңғы сөйлем құрамында қай етістігі өзі-
Нің тура мәнінде жұмсалған, ал екінші сөйлемде келтірінді мәнде
Қолданылған. Осы түбірден тараған қайыш етістігін мынадай
Мысал арқылы түсіндіреді: Олар іккі бір-бірге қайышды (Олар
Бір-біріне көңіл білдірісті, қол ұшын берісті). Олар іккі қайтыш-
Да (Олар екеуі қайтты, бірінен соң бірі кайтты). Мұндағы -ш —
Ортақ етіс қосымшасы. Осы түбірден тараған қайтурды етістігі
Былай түсіндірілген: Ол аңар қайтурды (ол оған кол ұшын бер-
Ді, көмектесті). «Диванның» бұл материалдарына қарағанда,
Қазақ тілінде түбір етістік саналатын қайт мағынасы көмескілен-
Ген түбір (қай) мен қосымшадан (-т) құралғанын көруге болады.
Ал, осы түбірден тараған қайтар етістігінің құрамында екі түрлі
Қосымша (-т және -ар) барлығы айкын. Соңғы қосымшаның
Жалғануы, сірә, бастапқы түбірдің мағынасы көмескіленіп, ко-
Сымшасымен бірігіп (-т) түбір есебінде ұғынылуымен байланыс-
Ты болса керек. Қазақ тілінде, сондай-ақ ескі түркі тілінде де
Ұшырасып қалатын осы түбірден тараған қайыра (қай-ыр-а,) қа-
Йыр (қай-ыр), қайырыл (қайыр-ыл) тәрізді сөздердің құрамы
Осыны дәлелдейді. Бұдан барлығына ортақ түбір қай екенін кө-
Руге болады.
Қай етістігінің екінші мағынасы, жоғарыда айтылғандай, кo.1
Ұшын беру, көңіл білдіру деп көрсетілген. Егер казак тілі мате-
Риалдарын осы жағынан барлап қарасақ; қайт етістігінің бір
Кезгi синонимін табуға болады. Қабырғасы қайысты тұрақты тір-
Кесі құрамындағы қайысты сөзі бір кезгi қай етістігінің екінші
Мағынасын бойына сақтаған, сонымен ұялас деп есептеуге әбден
Болады. Қазақ тілінде, сонымен қатар, туғанына қайрылмады
Деп те айтылады. Мұндағы қайрылу етістігі әсте мойнын бұрма-
Ды, кері бұрылмады дейтін мәнді бермесе керек. Бұл етістіктің
Осы мәні қайрым қимыл есіміңде түгелдей сақталған.
Сонымен, «Диван» материалы бойынша қазіргі қазақ тілінде-
Гі қайт, қайыр, қайыс, қайтыш сөздерінің бәріне 19277үбір
Қай, сол түбірдің әр түрлі қосымшаларымен күрделенуінен ба-
Рып жоғарыда көрсетілген сөздер қалыптасқан.
Қазіргі қазақ тілінде қарашық (көздің қарашығы), қарағым
Сөздері бары мәлім. Жәй көздің өзіне екеуіне ортақ түбір қара
Екені дау туғызбайды. Алайда, қарағым «қара» сын есімнің
Тәуелденген түрі деп ойлауға болмайды. Соңғы -ым тәуелдік
Қосымшасы десек, сөздің негізі қарақ екені айқындалады. «Дн-
Ванда» қарақ көздің қарашығы, қара көз мәнінде түсіндірілген:
Қара қарақ (көздің қарасы, қарашығы); Оғрағым кендү йырақ,
ОО
ОО
ОО

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет