Сөндірілген әкке (Ca(OH)2 таза 3,15 кг азот қышқылы әсер етті. Егер практикалық шығым теориялық шығыммен салыстырғанда 0,98 болатын болса, кальций нитратының қанша массасы алынады?
Магний пероксидін кептіру кезіндегі бюкс салмағы – 18,3176 г., кептіруге дейінгі бюкстың затпен қосқандағы салмағы – 18,8342 г. Кептіруден кейін: бірінші өлшеу – 18,8086 г., екінші өлшеу – 18,8084 г. Магний пероксидінің кептіру кезіндегі жоғалтқан массалық үлесін табыңыз
Глютамин қышқылының кептіру кезіндегі жоғалтқан салмағын анықтаңыз. Бюкс салмағы - 13,8765 г., кептіруге дейінгі затпен қосқандағы салмағы – 14,2872 г. Кептіруден кейін: бірінші өлшеу – 14,2865 г., екінші өлшеу – 14,2856 г., үшінші өлшеу – 14,2852 г.
Бір негізді органикалық қышқылдың 59 мл 40% ерітіндісінің (тығыздығы 0,390 г/мл) магниймен өзара әрекеттесуі кезінде 2,24 л газ (қ. ж.) бөлінді. Қышқылдың формуласы мен атауын көрсетіңіз
11,2 л (қ. ж.) пропанның толық жануы кезінде пайда болған өнімді әк суының артық мөлшерімен өңдегенде 120 г тұнба пайда болды. Тұздың шығымы неге тең?
зот бойынша тығыздығы 2,5-ке тең 35 г циклоалканды жағу үшін ауа қажет (ауадағы оттегінің көлемдік үлесі 20%, қ. ж.). Ауа көлемін есептеңіз
Құрамында 20% қоспасы бар 40 л гексан буының симметриялық крекингі (қ. ж.) кезінде өте аз молярлық массасы бар 80%-дық практикалық шығыммен өнім алынды. Осы өнімнің атауын атаңыз және көлемін анықтаңыз
Пропил спиртінен көлемі 44,8 л (қ.ж.) сутегін алу үшін қажетті натрийдің массасын есептеңіз
Салмағы 4,5 г парааминофенол мен натрий гидроксидінің әрекеттесуі кезінде түзілген заттың молекулалық массасы қанша және алынған өнімнің массасын есептеңіз
Массасы 23 г шекті біратомды спирттің молекулааралық дегидратациясы кезінде 4,5 г су пайда болды. Спирт формуласын көрсетіңіз.
1,12 л (қ. ж.) ацетиленді толығымен гидрлеуге сутектің қажетті мөлшері бөлініп шығу үшін тығыздығы 0,94 г/мл бензолдағы фенолдың 10% ерітіндісінің қанша көлемі металдық натриймен әрекеттеседі?
Салмағы 204 г пропион қышқылының этил эфирінің гидролизі нәтижесінде пайда болатын қышқыл массасын және спирт массасын көрсетіңіз.