СоөЖ №8 Тақырыбы: Білім берудегі инновациялық үдерістер



бет1/2
Дата16.11.2023
өлшемі25,75 Kb.
#191497
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
8 моож


М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Университеті


СОӨЖ № 8

Тақырыбы: Білім берудегі инновациялық үдерістер

Орындаған: Узакова Н.А М Физ -11


Тексерген:

Білім беру саласының қызметкерлері алдына қойылған мақсат — оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар сабақ барысында инновациялық және интерактивтік технологияларды пайдаланып, сабақтың сапалы және жоғары дәрежеде өтуіне ықпал етіп отыр.


Оқытудың бірден-бір тиімді технологияларының бірі – инновациялық технологиялар. Ең алдымен “Инновация” ұғымынна талдау жасап өтейік. Әр кімде, «Инновация» дегеніміз не? Ол қайдан шыққан? Оның негізі неде? Оқытуда қаншалықты маңызды? деген сұрақтар туындауы мүмкін. Ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Инновация латын тілінен аударғанда «жаңа», «жаңалық», «жаңарту» дегенді білдіреді немесе «инновация» — бұл нақты қойылған мақсатқа жетуде ойға алынған жаңа нәтиже. Э.Раджерс инновацияны өз пікірнше былайша түсіндіреді: “Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея”. Майлс “Инновация – арнайы жаңа өзгеріс . Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», – дейді. Белгілі мәліметтер бойынша, инновациялар қоғамның пайда болу кезеңінен бері жүзеге асырылып келе жатса да, педагогикалық категория ретінде ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында ғана қолданысқа енгізіліді. Мұның басты себептерінің бірі – олардың мағынасының түрліше түсінілуінде. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. Осыған орай, Масырова Р. мен Линчевская Т. “Жаңару” дегенімізді былай деп түсіндіреді: “Жаңару – белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея»,-дейді, яғни инновациялық технологияның негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асыру.
Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов “Инновация” білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке – дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).
Әдіскер С.Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен:

  • дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық жауапкершілін арттырады.

  • қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;

  • оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет;

  • саралап деңгейлел оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен әдістері шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады.

  • ақпараттық бағдарламалап оқыту – оқытудың мазмұнын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;

  • иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда «адам-қоғам-табиғат” үйлесімдік бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады;

  • ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтарды тәжірибеде «бала –субъект», «бала-объект» тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер«оның тұрмысының әлеуметтік жағдайы мен іс-әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде қарастырады. [2]

Инновация мәселелерімен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың еңбектерін, жазған анықтамаларын талдай келе, бұл ұғымның түп-төркіні белгілі бір уақыт аралығында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау деп бекіттік. Ертеде қолданылып жүрген идеялар мен жаңалықтар жаңа бағытта ұсынылса, соның өзі инновация дегенді түсіндіреді. Инновация білім деңгейінің барынша көтерілуіне септігін тигізеді. Оның өмірге келуі мектептің өздігінен жұмыс істеуіне себепші болатын ішкі жағдайларға байланысты. Технологияны, ұйымдастыруды үнемі жаңғырта отырып қана, мектеп өз бағытын нығайта алады. Жаңалық еңгізу кез-келген мектептің жоғары жетістікке жетуінің негізгі факторы болып табылады.
Білім берудің негізгі мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған педагогикалық инновация қажеттілігі мына себептерге байланысты өт қажет:

  1. Сапа менеджменті жүйесі терең, тиянақы білім беруді талап етуіне орай озық технологияларды пайдалану.

  2. Қазіргі заманғы және сапалы білімді қалыптастыруға ықпал жасайды.

  3. Инновациялық қызмет педагогтің кәсіби өсуін , тұрақты өзін – өзін жетілдіруін, озық тәжірибелерді зерделеп, зерттеп игеруін қаматамасыз етіп, шығармашылық жауапкершілік сезімін арттырады.

  4. Инновациялық білім педагогикалық әлемде жаңа құндылықтарды қалыптастырып, қарым – қатынастың жаңа жетілдірілген мәдениетін игереді..

  5. Инновациялық үрдістер – педагогикалық сапалылық пен белсенділікті қалыптасытырып, кәсіби шеберлігін шығармашылықпен үйлестіру арқылы талаптар деңгейінде еңбек етуге жеткізеді. [1].

Қазіргі инновациялық технологиялар педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктерін, дәстүрлі тәжірибедегі құнды дүниені, әлеуметтік прогрестің жетістіктерін, қоғамдағы гуманизация мен демократия жемісін жинақтаушы қызметін атқарады. Педагогикалық жаңалық — жаңа идеялар, әдістер, технологиялар ғана емес, педагогикалық процесс элементтерінің бірлігінің немесе жеке элементтерінің білім беру мен тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы.
Кейінгі кезде ғалымдар өз еңібектерінде оқу-тәрбие процесіне жаңалықтар еңгізу мәселесін қарастыруда . Білім берудегі жаңалықтарды жіктеу барысында инновацияның адам қызметінің ең маңызды түрлерінің бірі екендігін ескерген жөн. Бұл қызметті қатаң шектеуге және бөлшектеуге болмайды. Білім берудің барлық құрамдас бөліктері мен аспектілеріне жаңалық енгізу қиын, тіпті мүмкін емес болғанымен, оларды бір құрамдас бөлікке біріктіру одан сайын қиынға соғады. Сондықтан, білім беру мазмұнындағы жаңалықтар міндетті түрде ұйыммен және тиісінше, жұмыс істеу әдістемесімен өзара ықпалдасып отырады. Мемлекеттік білім беру стандарты деңгейінде оқыту процесіне жаңа технологияларды еңгізуді міндеттейді. Ал жаңа педагогикалық технологияның түрі әлі де болса нақтыланып, бір жүйеге келтірілмеген дүние.
Қазіргі кезеңде қолданылып жүрген инновациялық технологияның негізіне жататындар: әрбір білім алушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру; оқушылардың қабілеттері мен шығармашылығын арттыру; оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру. Инновациялық технология түрлеріне: ынтымақтық педагогикасы; білім беруді ізгілендіру технологиясы; проблемалы оқыту технологиясы; тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы; түсіндіру, басқарып оза оқыту технологиясы; деңгейлік саралап оқыту технологиясы; міндетті нәтижеге негізделген деңгейлеп саралап оқыту технологиясы; модульдік оқыту технологиясы; жобалап оқыту технологиясы. Міне, барлық аталған оқыту технологиялар нақ осы инновациялық технологияның өзі. Әр қайсысының білім беру процесінде жеке орны, маңызы, ерекшелі және кемшілктері бар. Барлық жаңа технологияның алдымен қоятын мақсаты — білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру болып табылады. Қазіргі білім беру саласындағы инновациялық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру мұғалімнің зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген ұстаздық келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектесетіндігі һақ.
Еліміз егемендік алған жылдан бастап, білім беру ісіне аса мән берілуде. Қазіргі ақпараттық ғаламдастыру дәуіріне сай білім беру барысында оқушының жеке тұлғасын жан-жақты жетілдіруге, олардың танымдық әрекетін дамытуға ерекше назар аударылуда. «Қазақстан Республикасының білім беру дамыту туралы тұжырымдамасының» басты мәнділігі — ол үздіксіз білім жүйесінің негізгі иедеялары мен қағидаларын XXI ғасыр талаптарына сәйкестендірудің және оны әлемдік білім кеңістігінің даму заңдылықтарына ұштастырудың жолдарын көрсетуге арналып отыр.
Инновациялық білім беру құралдарына:
— аудио-видео құралдар
— компьютер
— интерактивті тақта
— интернет
— компьютер – мультимедaялық құрал
— электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен инновациялық сайт және тағы басқалары жатады, бұны бір сөзбен айтқанда оқу үрдісінде немесе сабақтарда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану деп атауға болады.
Инновация модификациялық, комбинаторлық, радикалдық инновация деп үш түрге бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет