№1
Еркінова Жазира өзінің күйеуін өлді деп жариялау туралы өтініш жазып сотқа жүгінеді. Өтінішінде Еркінов Абзалдың электр станциясында шебер қызметіе атқарған.Тоғыз ай бұрын ол ішімдік ішкен күйінде қайықта болып, суға батып кеткен. Өтінішке жазатайым оқиға жөніндегі акт пен Еркінов Абзалдың өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан тергеушінің қаулысын қоса тіркейді. Өтініш беруші өз өтінішін күйеуінің өлімін АХАТ органдары соттың шешімінсіз тіркемейтінін айтып, негіздейді.
Сот қандай шешім шығаруы тиіс?
Жауап:
31-бап. Азаматты өлдi деп жариялау
Егер азаматтың тұрғылықты жерiнде ол туралы үш жыл бойы деректер болмаса, ал егер ол өлiм қатерi төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негiз болатын жағдайларда алты ай бойы хабар-ошарсыз жоғалып кетсе, мүдделi адамдардың арызы бойынша сот оны өлдi деп жариялауы мүмкiн.
4. Адамды өлдi деп жариялау туралы заңды күшiне енген сот шешiмiнiң негiзiнде азаматтық хал актiлерiн жазу кiтаптарына оның өлгенi туралы жазба жасалады. Бұл жазбаның нәтижелерi де нақты өлiм туралы жазбаның нәтижелерi сияқты болады.
Тиісінше сот азаматты өлді деп жариялайды
№2
Қанат есімді азамат, Береке шағын маркетінен бірнеше азық-түлік өнімдерін сатып алады. Келесі күні Қанат өзінің мазасызданып, іші ауырып және аллергия пайда болғанына шағымданып ауруханада ем алады. Медициналық сараптамалар бойынша ауруының себебі тұтынған азық түліктен болғанын анықтап, Береке шағын маркетіне мерзімі өткен өнімдерді сатып, денсаулығына зиян келтіргені үшін және медициналық шығындарын өтеп беруді, өнімнің құнын қайтаруды талап етеді.Өз кезегінде Береке шағын маркет ұжымы талаптарды орындаудан бас тартады. Қанат есімді азамат сотқа арыз жазып мәселенің шешілуін талап етеді.
Бұл мәселе қалай шешіледі?
Жауап:
9-бап. Азаматтық құқықтарды қорғау
Бұзылған құқықты қорғау үшiн өкiмет билiгi немесе басқару органына өтiнiш жасау, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, құқық қорғау туралы талап қойып сотқа жолдануға кедергi жасамайды.
Заң құжаттарында арнайы көзделген реттерде азаматтық құқықтарды қорғау құқығы бұзылған адамның тiкелей iс жүзiндегi немесе заңдық әрекеттерiмен жүзеге асырылуы мүмкiн (өзiн-өзi қорғау).
Құқығы бұзылған адам, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, өзiне келтiрiлген залалдың толық өтелуiн талап ете алады.
Құқығы бұзылған адам жасаған немесе жасауға тиiстi шығыстар, оның мүлкiнiң жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан), сондай-ақ сол адамның құқығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында оның алуына болатын, бiрақ алынбай қалған табыстары (айрылып қалған пайда) залалдар деп түсiнiледi.
Осы заңнаманы қарастыра отырып,бұл мәселе Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңға негізделе отырып шешіледі. Дәлелденген жағдайда кәсіпкер тұтынушыға зиян келтіргені үшін шығындарын өтеп беруге міндеттеледі.Сонымен қатар заңсыз сауда үшін кінәлі деп танылады.
№3
Аяулым есімді азаматша, өзінің бұрыңғы есімінің құжаттарда «Айаулым» қате жазылғаны үшін,өзгертуге шешім қабылдайды. Азаматшаның аты өзгермегенге дейінгі құжаттарды өзгертуі, несие беруші банктерге қарызы бар екенін ұйғарып заңгер маманына жүгінеді.
Заңгер қандай дұрыс жолды көрсетуі керек?
Жауап:
ҚР Азаматтық кодексі 15-бап Азаматтың есімі
3. Азаматтың туған кезде берiлген есiмi, сондай-ақ есiмiн өзгерту азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы заңдарда белгiленген тәртiп бойынша тiркелуге тиiс.
Азамат өз есiмiн заң құжаттарында белгiленген тәртiп бойынша өзгертуге құқылы. Есiмiн өзгерту оның бұрынғы есiмiн, жасырын немесе бүркеншiк атпен алған құқықтары мен мiндеттерiн тоқтатуға немесе өзгертуге негiз болмайды.
Азамат өзiнiң борышқорлары мен несие берушiлерiне өз есiмiн өзгерткенi туралы хабарлау үшiн қажеттi шаралар қолдануға мiндеттi және бұл адамдарда оның есiмi өзгертiлгендiгi туралы мәлiметтер болмауынан туған ықтимал зардаптарға тәуекел етедi.
Есiмiн өзгерткен азамат өзiнiң бұрынғы есiмiне ресiмделген құжаттарға тиiстi өзгерiстер енгiзiлуiн талап етуге құқылы.
№4
Автор-орындаушы Еселбаев өзінің досы Жақыповқа қонақта отырып бұрын еш жерде орындалмаған жаңа ән орындайды. Музыкалық мектепте оқитын Жақыповтың ұлы мәтінді есіне сақтап алып, естігені бойынша музыканы таңдап, жас орындаушылардың конкурсында орындайды. Ән жазылады және одан әрі кассеталарда бірнеше мәрте айтылады. Жас орындаушылардың альбомын құрастыру кезінде дыбыс жазу студиясы бұл әнді жинаққа енгізбекші болады, алайда бұл туралы Еселбаев біліп, оның туындысын пайдалану туралы өзімен шарт жасасуды талап етеді.
Студияның өкілі Еселбаев автор болып табылатыны жөнінде ешқандай мәліметтің жоқтығын, бірінші орындаушы болып Жақыповтың ұлы екенін табылатындығын айтады. Егер Еселбаев әннің авторы өзі екенін дәлелдеуге мүмкіндігі болса, студия туындыны пайдалану жөнінде онымен шарт жасай алады. Бұл дауда кімдікі дұрыс?
Жауап:
393-бап. Шарттың елеулi ережелерi
Тараптар арасында шарттың барлық елеулi ережелерi бойынша тиiстi жағдайларда талап етiлетiн нысанда келiсiмге қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептеледi.
Шарттың мәнi туралы ережелер, заңдарда елеулi деп танылған немесе шарттардың осы түрi үшiн қажеттi ережелер, сондай-ақ бiр тараптың мәлiмдеуi бойынша келiсiмге қол жеткiзуге тиiстi барлық ережелер елеулi ережелер болып табылады.
Егер шарт жасасу үшiн заң құжаттарына сәйкес мүлiктi беру қажет болса, шарт тиiстi мүлiк берiлген кезден бастап жасалды деп есептеледi.
971-бап. Авторлық құқықпен қорғалатын туындылар (авторлық құқық объектiлерi)
Авторлық құқық халыққа таратылған (жарияланған, жарыққа шыққан, басып шығарылған, көпшiлiк алдында орындалған, көпшiлiкке көрсетiлген), сондай-ақ халыққа таратылмаған туындыларға қандай да бiр объективтi нысанда:
Жазбаша (қолжазба, машинаға басылған, нота жазбасы және т.б.);
Ауызша (көпшiлiк алдында айту, көпшiлiк алдында орындау және т.б.);
976-бап. Авторлық құқықты қорғау белгiсi
Айрықша авторлық құқық иесi өз құқықтары туралы мәлiмдеу үшiн туындының әрбiр данасына салынған және үш элементтен:
Қоршауға алынған латынша «С» әрпiнен;
Айрықша авторлық құқықтар иесiнiң есiмiнен (атауынан);
Туындының бiрiншi жарияланған жылынан тұратын авторлық құқықты қорғау белгісін пайдалануы мүмкін.
Егер өзге дәлел болмаса, қорғау белгiсiнде көрсетiлген адам айрықша авторлық құқықтың иесi болып саналады.
№5
Жандосұлы есімді 16 жасар кәмелетке толмаған жас өспірім, қала аралық байқауда жаңа өнер табысы үшін марапатталады. Байқау ұйымдастырушылары өнер табысқа авторлық құқықты иемденіп, патенттеуді ұсынады. Жандосұлының жасы 18 ге толмағанына байланысты,әрекет қабілеттігі жоқ деп заңды мүдделері өнертабысты өз аттарына патенттемекші болады. Бұл жағдай қаншалықты дұрыс?
Жауап:
ҚР Азаматтық кодексі 22-бап. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандардың әрекет қабiлеттiлiгi
Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар мәмiлелердi олардың заңды өкілдерінің келiсiмiмен жасайды. Мұндай келiсiмнiң нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәмiле үшiн белгiленген нысанға сай келуге тиiс.
Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар өздерiнiң табысына, стипендиясына, өзге де кiрiстерiне және өздерi жасаған интеллектуалдық меншiк құқығы объектiлерiне өз бетiнше билiк етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мәмiлелер жасасуға құқылы.
Жеткiлiктi негiздер болған жағдайда сот кәмелетке толмаған адамның өз табысына, стипендиясына, өзге де кiрiстерiне және өзi жасаған интеллектуалдық меншiк құқығы объектiлерiне өз бетiнше билiк ету құқығын шектеуi немесе ол құқықтан айыруы мүмкiн.
Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар осы баптың ережелерiне сәйкес өздерi жасаған мәмiлелер бойынша дербес жауапты болады және өздерiнiң әрекеттерiнен келтiрiлген зиян үшiн осы Кодекстiң ережелерi бойынша жауап бередi.
Тиісінше кәмелетке толмаған жас өспірім өз атына өнер табысты өз атына меншіктеуге құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |