Сот медицинасы кафедрасы



Дата14.03.2023
өлшемі17,1 Kb.
#172444
Байланысты:
Бейсен Н. №1 есеп СМЭ


«Астана медицина университеті» КеАҚ
Сот медицинасы кафедрасы

Тақырып: Мәйіттің сот-медициналық сараптамасы.


№ 1 Есеп

Орман арасында мамыр айының 29-ғы күні сағат шамамен 19:00-де ер адам мәйіті табылды. Мәйіттің үстінде жуқа көйлек мен джинсы шалбары бар. Мәйіт шалқасымен жатқан күйде, оның астында жасыл түсті жаншылған шөп өскен. Бұл күні ауа температурасы шамамен түнде + 10-12 градус, күндіз + 16-20 градус, бір рет аздап жауын жауған.
Мәйіт денесі салқан. Өлік дақтары көк-күлгін түсті, жайылған, дененің артқы жағында орналасқан, саусақпен басқан кезде түсі өзгермейді. Бұлшықеттердің сіресуі айқын байқалмайды. Мықын аймағының терісі жасыл-сарғыш түсті. Еріндері кебіңкіреген. Беті ісініп, көгерген.

Сұрақ:




  1. Өлім мерзімін анықтау қажет. Жауапты негіздеңіз.

№1 есеп
Мәйіттін болжамды өлу мерзімі – 2 күн. Негіздеу: мәйіттен ерте мәйіттік белгілер анықталды: мәйіттік дақтар, денесінің сууы, мәйіттік кебу, бұлшықет сіресуі.


Мәйіттік дақтардың сипаты – көк-күлгін түсті , жайылмалы, дененің артқы жағында орналасқан – бұл мәйіттің арқасымен жатқан позасына сай келеді, саусақпен басқан кезде түсі өзгермейді. Бұл мәйіттік дақтар дамуының – имбибиция сатысына сай келеді. Имбибиция сатысы орташа есеппен өлімнен кейін 2-ші күнінде басталады.
Бұлшықет сіресуі айқын емес – яғни, бұлшықеттер босаңси басталғандығын көрсетеді. Мәйітте негізінен 2-тәуліктен бастап бұлшықеттер босаңси бастайды.
Кеш мәйіттік белгілер: мәйіттік пигментация – мықын аймағының терісі – жасыл-сары түсті. Бұл процесс тоқ ішектің мықын аймағына жақын орналасуына, сульфгемоглобин түзілуінен жасыл сары тус пайда болған. Мәйіттік пигментация бірінші мықын аймағынан басталынады.
Қоршаған орта температурасын ескере отырып, 2 тәулікке қарай мәйіттік пигментация пайда болған.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет