|
|
|
Тіл тазалығы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында «Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ деп атайтын боламыз» деп қадап айтқан болатын. Осы өзекті мәселені өздерінің ойлы пікірлерімен сабақтастыра білген тіл мамандары мен тіл жанашырларының осынау пікірсайысын облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың бастығы Қилымғали Қайненовтың өзі жүргізіп отырды. Қилымғали Қайненов, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқар-маның бастығы:
— Сөз мәдениеті жалпы ұлт мә-дениетінің айнасы іспетті. Сондықтан адамдар сөйлеуге аса жауапкершілікпен қараулары керек деп ойлаймын. Жасыратыны жоқ, халқымыздың, соның ішінде атыраулықтардың күнделікті қарым-қатынаста немесе тұрмыста қолданатын тілі осы талаптарға сай келе бермейді. Сөз арасында орысша сөздер көп араласады. Немесе «әй», «ей», «не зат» деген одағайларды қосып, тіпті дөрекі сөздерді қыстырып сөйлеу жиі кездесетін жағдай. Бізді соңғы кезде әсіресе жастардың тіл тазалығы қатты алаңдатады
|
|
Таза сөйлеу –ой айқындығының белгісі. Сөзі дұрыстың-ойы да дұрыс болмақ. Шешендікті қадірлеген халық «Адам аласынан сөз аласы жаман, от шаласынан сөз шаласы жаман» дегенде, ана тілінің байлығын бағаламай, туған тілінде тілінде таза сөйлей алмаған адамдардың қойыртпақ тіліне қынжылып айтса керек.
Тіл мәдениеті ұғымына түсінік.
Тілдің көмегімен өнерді, білімді, ғылымды игереміз, өткен-кеткенімізді саралап, сабақ аламыз. Тіл арқылы рухани байлығымызды меңгереміз, өзіміз танып қана қалмай, сол асыл қазыналарымызды әлемге танытамыз, әлемді танимыз. Сондықтан адам баласының байлығының бірі-сөз өнері. «Өнер алды-қызыл тіл» деген аталы сөздің астарында қаншама сыр бар?!
Тіл мәдениеті ұғымына Қазақ Совет энциклопедиясында мынадай анықтама берілген: «Тіл мәдениеті-кісінің бойындағы мәдени қасиеттердің бірі, қоғамдық мәдениеттің бір компоненті. Тіл мәдениеті ауызекі тілдің орфоэпиялық нормасын, сөз қолдану, сөздерді тіркестіру заңдылықтарын, сөйлем құрау ерекшеліктерін дұрыс пайдалану және жазба тілде емлеге, тыныс белгілерін қолдануға байланысты ерекшеліктерді толық сақтап, сауатты жазу мәселелерін де қарастырады.»[6,261б.].
Зерттеуші М.Балақаев өзінің тіл мәдениетін тереңінен зерттеген еңбектерінде тіл мәдениетінің негізгі принципі деп сөйлемдердің, жеке сөздердің тыңдаушыға, оқушыға бірден түсінікті болу керектігін көрсетеді. Зерттеуші жазуда, сөйлеуде адам ойына қажетті сөз таңдағанда олардың стильдік ерекшеліктерін ескеруді айтады. Тілдік норманы қалыптастыру, сауаттылық, тіл тазалығы, сөздерді дұрыс айту, дұрыс жазу тіл мәдениетінің басты талаптары ретінде тұжырымдалады.[2, 27б.]
«Тіл мәдениеті дегеніміз - сөйлеудегі, жазудағы сыпайылық, ізеттілік қана емес, сонымен қатар айқын ойлылық, сөзді дәл айыру шеберлігі, сөйлеу өнеріне шыныққандық», - деп анықтама береді Н.Уәлиев өзінің
«Сөз мәдениеті» атты еңбегінде. [2,17б.].
Ал тілші-ғалым Р. Сыздықова: «Тіл мәдениеті дегеніміз - сөздерді дұрыс орнымен қолдану (лексикалық), дұрыс құрастыру (синтаксистік), дұрыс қиюластыру (морфологиялық), дұрыс дыбыстау (орфоэпиялық), сауатты жазу (орфографиялық), тілді әсерлі етіп жұмсау(лингвостилистикалық) нормаларын ұстану, орнықтыру, жетілдіру», - дейді [3,24-25].
«Тіл мәдениеті» негізінен «Сөз мәдениеті», «Сөзді орынды қолдану» деген ұғымды білдіреді. Өйткені, тіл мәдениетінің негізгі зерттейтін объектісі - сөз, сөздің дұрыс айтылуы, дұрыс жазылуы, дұрыс қолданылуы, сол арқылы ойдың айқын, әсерлі жетуі, екі ұштылықтың, күңгірттіктің болмауы.
1.2 Тіл байлығы - сөз байлығы. Ал сөз байлығы әр адамның лексикасындағы қолданылатын сөздердің санымен байланысты болғанымен, негізгі байлық – ой байлығы, сол сөздерді қиюластырып, әсем де әсерлі ой мұнарасын қалай білуде. Себебі сөзді көп біліп, бірақ оны орынды, ойлы, образды жұмсай алмасаң, одан не пайда? Ал сөзге көп мағына сыйғызып, әр сөздің парын, мән-мазмұнын, стильдік бояуын дөп басып беру ойлау қабілетімен, оның шығармашылық сипатымен ұштасып жатады. Ал ой байлығына жету үшін тіл дамуының кешегісі мен бүгінгісін, лексикалық қабаттың баю, толығу жолдарын, тілде пайда болған жаңа құбылыстардың өміршеңдігін, бір сөзбен айтқанда, тілдің ішкі, сыртқы мүмкіншілігін жақсы меңгеріп, оған қамқорлықпен, жанашыр көзбен қадағалап отыру керек. Яғни, тіл үнемі дамып, жаңарып, көнеріп отырады. Бірақ тіл өзінің тереңнен нәр алған тазалығын сақтап отырған. Қазіргі таңда қазақ тіліндегі лексиканың өзгеру себептерін төмендегі сызбадан көре аламыз.
Елбасы: «Қазақстан халқы үш тілді жетік меңгерген және барлық әлемге жоғары білімді ел ретінде танылуы керек» деген еді.
Ендеше осы жетік меңгеру деген сөзді санамызға сіңіре алмай тіліміздің шұбарлануына жол берудеміз. Ал қазақ халқының тілінің келешегі мектеп оқушыларында. Көптеген ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді, мерзімді баспасөз ақпараттарын талдап-зерттей келе, бүгінгі күнгі оқушылардың сөз саптауы көңіл аударарлық, көпшілігінің тіл мәдениеті төменгі деңгейде деген қорытынды жасауға болады. Олар өз ойларын дұрыс, түсінікті етіп жеткізе алмайды, «жаңағы», «әлгі», «немене», «неғып», «мысалы» деген басы артық бос сөздерді көп қолданып, ойын шашыратып жібереді. Кейбірі орысша сөздерді қосып, араластыра сөйлесе, бірі жаргонмен, диалектілермен сөйлегенді сән көреді. Бұл мәселе туралы көптеп айтылып та, жазылып та жатыр. Мысалы педагогика ғылымының докторы И. Нұғыманов пен 3. Қашқынбаева: «Оқушының жеке тұлға болып дамуы мен алған білімін іске асыруда сөйлеу тілін, әрекетін, сөйлеу мәдениетін, әдебін қалыптастыру педагогиканың қазіргі кездегі көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады» - дейді.
«Ана тілін жақсы білу - әркімнің азаматтық борышы. Егер әр бір сөзді орнымен жұмсай біліп, айтқан ойы мазмұнды, нысанаға дәл тиетіндей ұғымды шығып, тыңдаушысын баурап алардай әсерлі болса, ана тілінің құдіреті сонда ғана сезілер еді. Ал мұндай шеберлік тек тіл мәдениеті жоғары адамдардың ғана қолынан келер жайт» - деп тұжырымдайды М.Балақаев.[2, 27б.]
Қазіргі күнде тіл тазалығы сақталмай келетіні өкінішті-ақ. Қазақша сөйлеп келе жатып, арасында орыс тіліндегі сөздерді айтпай қалмаймыз. Олар: как будто, именно, представляешь, потому что, сотка, т.с.с. Біреу қазақша сөйлеп келе жатып, осы сөздерді араластырып жібергенде құлаққа жағымсыз естіледі екен. Әсіресе теледидардан.
Тағы да көңілді түсіретіні, жақ деген қазақтың сөзін ала шапанды ағайындарша йақ, йах деп айтуы. Мына жақ дегенді ми йақ, ол жақта дегенді о йахта, т.с.с.
Атам заманда қазақтар бұлай сөйлемеген. Ата-бабаларымыз құстың қанаты таларлықтай ұлан-ғайыр жерді біз үшін сақтап қалған. Бірақ ата-баба аманаты жер ғана емес, жер сақтау арқылы аман қалған тіліміз де, ділімізде, дініміз де. Ата-баба аманатына қиянат жасамайық. Оның бір жолы – тіл тазалығы. Ауру қалса да әдет қалмайды дейміз, бәлкім тіл тазалығын сақтамауымыз – қазақ тілінің дамуына кедергі келтірген аурудың (өз тілінде сөйлеуді қор, шет тілде сөйлеуді зор санау) қалдығы (әдеті) болса керек.
Орыс, өзбек сөздері қосатындай қазақ тілі кедей емес. Әдеби жағынан өте бай. Ал кейбір тұстарда (мысалы, техника саласында) қолдану қиыншылық туғызып жатса – ол біздің кінәміз.