Билет №1
Науқас К. 66 жаста, ауру жедел түрде таңғы 5-де өте жиі, сұйық, сулы нәжіспен басталды, көп реттік құсу, сағат 8-де бұлшық ет құрысуы қосылды. Ауруханаға түскен кезде науқас мазасыз, бұлшықетінің ауырсынуы, әлсіздік, бас ауыруы, бас айналуына шағымданды. Дене температурасы 36ºС, тері жамылғысы салқын, ерні, мұрын ұшында акроцианоз, көзі шүңірейген, кілегей қабаты мен конъюктивасы құрғақ, даусы баяу, күш салып сөйлейді, табанда, алақанда бұлшықеттерінің құрысуы байқалады. Тері тургоры төмендеген, Пульсі жиі, АҚҚ 60/40 мм.с.б. Тыныс алуы 28 рет/мин. Іші кепкен, ауырсынбайды, дәреті түссіз, күріш суы тәрізді.
Сұрақ: 1. Қандай ауру деп ойлайсыз?
2. Анықтау үшін қандай лабораторлық зерттеу қолданылу керек?
1.Тырысқақ ауыр дәрежесі.
Қоздырғышы Vibrio cholerae.Инфекция көзі- науқас адам.Таралу механизмі: нәжіс-ауыз, су арқылы, алиментарлы, тұрмыстық қатынас.
Холера(тырысқақ)-Vibrio cholerae қоздырғышы шақырылатын экзотоксиннің әсерінен сулы-электролитті диареямен және оның нәтижесінде туатын сусыздану синдромымен жедел өтетін аса қауіпті ішек антропонозды инфекция.
2.Лаб/қ зерттеу: нәжіс, асқазан шайындысы, құсықты бактериологиялық зерттеуге вибрионды анықтау үшін материал аламыз.
Билет №2
Науқас И.,28 жаста, кенеттен түнгі сағат 3-де ауырған, көп мөлшерде дәрет, сулы, ашық-қоңыр түсті, 4 сағат ішінде 5 рет болған. Әлсіздік, есеңгіреу, іш аймағының жағымсыз сезімі мазалайды, өзенге суға түсіп, сол судан ішкен. Ауру басталғаннан 8 сағат ішінде ауруханаға жатқызылған. Түскен кезде жалпы жағдайы, қанағаттанарлық, дене температурасы 37,3ºС ерні құрғақ, пульсі 82 рет/мин., ырғақты, қанағаттанарлық, АҚҚ 110/80 мм.с.б. тыныс алуы 22 рет/мин. Іші жұмсақ, оң жақ мықын аймағы пальпациялағанда құрылдайды, 1 рет құсты.
Сұрақ: 1. Қандай ауру деп ойлайсыз?
2. Ошақта қандай эпидемияға қарсы шаралар жүргізілу керек?
Тырысқақ(холера) Эль-Тор түрі.
Эпидемиологиялық(жаз) маусымда судың беткі қабаттарындағы суға және сыртқы орта нысандарына тырысқақ вибриондарына үнемі зерттеулер жүргізіледі.
Емдеу-алдын алу мекемелерінің, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің облыс көлемінде тырысқаққа күдікті адамды анықтау бойынша дайындығы қамтамасыз етілген.
Арнайы тәртіптік мекемелерге, әлеуметтік оңалдандыру мекемелеріне түскен, шетелден келген адамдарды тырысқаққа тексеру жүргізіледі, сонымен қатар, ішек ауруына шалдыққан адамдардың материалдарына зертханалық зерттеу жасалады.
Этиологиясы белгісіз жұқпалы аурудан көз жұмған адамдардың мәйітінен алынған материалдар зерттеледі.
Халық арасында санитарлық-ағартушылық жұмыс жасалады.
Жеке қорғаныс шаралары:
Аурушаңдықтың қаупі жоғары аудандарда тұратын немесе сапарға шығатын адамдар өздерін жіті ішек ауруларынан, соның ішінде тырысқақтан гигиена мен тамақты дұрыс пайдаланудың мына ережелерін орындай отырып сақтана алады:
Қолыңызды мұқият жуыңыз, әсіресе, тамақ дайындар және тамақтанар алдында.
Тек қайнатылған суды ғана ішіңіз.Ыстық шай не кофе,шарап,сыра,газдалған су немесе алкогольсіз сусындар және бөтелкедегі не пакеттегі жеміс шырындары сияқты сусындар қауіпсіз.
Термикалық өңдеуден мұқият өткізілген өнімдерді пайдаланыңыз (қайнатылған,пісірілген/қуырылған, ыстық сумен жуылған (жеміс,көкеніс)немесе қабығынан аршылған, т.б.)Шикі теңіз өнімдерін пайдаланбаңыз.
Алдын ала дайындалған тасақты жақсылап ысытыңыз.
Пастерленбеген сүтті ішер алдында ,оны қайнатыңыз.
Егер сізде диарея болса, әсіресе, ауыр түрі, немесе жиі құссаңыз,шұғыл арада мед/қ көмекке жүгініңіз.Мед/қ көмекті күтіп отырғанда, қайнатылған су немесе тәтті емес, сорпа ішкен жөн.
Билет №3
Науқас А., 42 жаста, ауру басталғаннан 20 сағаттан соң жұқпалы аурулар бөліміне түсті. Жедел жиі сулы, сұйық нәжіспен жалпы әлсіздік пайда болған. Дене температурасы қалыпты, оған құсық қосылады, жүрек айнусыз, «фонтан» тәрізді, дәреті көп мөлшерде түссіз, кілегей аралас. Жалпы жағдайы нашарлап, әлсіздік, аяқ-қолы құрысып, ауа жетіспеу сезімі дамыған. Түскен кезде жалпы жағдайы ауыр, дене температурасы 35,2ºС, тері жамылғысы сұрғылт, салқын тер, акроцианоз, тері тургоры, көз алмасының тонусы төмендеген, Көзі шүңірейген. Тыныс алуы 36 рет/мин. Пульсі жіп тәрізді, АҚҚ 14-/20 мм.с.б., тілі құрғақ, ақ жабынмен жабылған, іші ауырсынбайды, пальпациялағанда ішек шұрылы байқалады.
Сұрақ: 1. Қандай ауру деп ойлайсыз?
2. Қандай шұғыл көмек көрсетіледі?
Холера(тырысқақ)
Негізгі емі- регидратация,
Ауруханаға жатқызылғанға дейінгі жоғалтқан сұйықтықты толтыру.
Ары қарай шығып жатқан сұйықтықпен минералдарды қалыптастыру.
Оральды регидратация- регидрон, оралит, цитроглюкосолан
Парентеральды регидратация- поллионды сұйықтықтарды тамыр ішіне енгізу(ацесоль, трисоль, дисоль, квартасоль т.б.)
Этиотропты ем: тетрациклин, доксициклтн, сифлокс, фторхинолондар.
Билет №4
Ауылдық ауруханаға тамыз айында бір апта бойы 36 оқушы келіп түсті. Барлық балада жоғары температура, балтыр бұлшықеттерінің ауырсынуы, катаралды өзгерістер, бауыр ұлғаюы, аурудың 3-4-ші күні кейбіреуінде тері жамылғысы, склераның сарғаюы пайда болды.
Сұрақ:
1. Қандай ауру деп ойлайсыз?
2. Қандай эпидемияға қарсы шаралар қолдану қажет?
Бруцеллез-сарып
1.Бруцеллездің жедел түрінде ауру тез басталады.Науқастың қызуы көтеріліп, қатты терлейді, әлсіздік п.б.,басы ауырып,сүйек буындары қақсайды және бұлшық еттері ауырады.Науқасты қарағанда лимфа бездері шошынып, бауыры,көк бауыры, үлкнйгендігін байқауға болады.
2.Халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жандандыру.Ауырғандарды 2 жыл мерзімге тіркеуге алып, оларды мұқият бақылауға алу.Сүт, ет тағамдарын дұрыс пісіру.
Емі: Ауруханада ем жүргізіледі.Тағам N15 стол.
Қоздырғышқа қарсы антибиотиктер- тетрациклин 0,3-0,4 тәул.4 рет немесе рондомицин т.б. антигистаминді дәрілер қолданылады.Су, тұз ерітінділерін ішкізу немесе оларды көк тамырға жіберу қажет.Тыныштандыратын ауырғанға қарсы дәрілеріді берген дұрыс, сонымен қатар қосымша симптомдық дәрілер, дәрумендер, физиоемдер де беріледі.Науқас айыққаннан кейін санитарлық курорттық ем тағайындалады.
№5 билет
Жұқпалы аурулар ауруханасына 40 жастағы азаматша әкелінді. Жиі құсып, 10 ретке дейін іші сұйық сулы нәжіспен өтеді, әлсіздік, бас ауыруы, бас айналуы бар. Аурудың даму себебін торт қолданумен байланыстырады. Ауру торт жегеннен кейін екі сағаттан соң басталған. Қарағанда: тері жамылғысы бозарған, аяқ-қолдары салқын. Тілі ақ жабынмен жабылған, пальпацияда эпигастрий аймағы ауырсынады.
Сұрақ: 1. Қандай ауру деп ойлайсыз?
2. Анықтау үшін қандай лабораторлық зерттеу қолданылу керек?
№6 билет
Жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөліміне науқас адам келіп түсті. Ауру бір күн бұрын жедел басталған. Дене қызуы 380С дейін жоғарылап, жүрек айну, құсу, іштің бүріп ауырсынуы болған, сұйық, жасыл түсті, сасық иісті нәжіспен іші өткен. Терісі құрғақ, дене салмағы азайған.
Сұрақ: 1. Қандай ауру деп ойлайсыз?
2. Қандай шұғыл көмек көрсетіледі?
1.Сальмонеллез ауруы.
2.Науқаста Сальмонеллез анықталған жағдайда тездетіп асқазанды жуу қажет.Аурудың жеңіл түрінде асқазанды жуып, диета тағайындап, су, тұз, ерітінділерін ішу керек.
Ерітінділерді ішу жеткіліксіз болса онда қосымша қантамыры арқылы дәріні әсіресе дисоль, трисоль, кваитосоль т.б.тамызғызады.
Ауыр түрінде науқасты бөлмеге жатқызып, тәулік бойы жедел дем берілуі керек.Көктамырға сұйықтықтар жіберумен қатар антибиотиктер тағайындалады.(Левмоцитин, тетрациклин, ампициллин).Гормондар,симптомдық ем беріледі.
Науқаста ауру белгілері жойылғанда бактериологиялық зерттек жүргізгенде теріс жауап алсақ, ал тағам дайындау орындарында істейтін қызметкерлерді 2 рет тексергенде нәжісіндегі қоздырғыш табылмаса науқасты аурузанадан шығаруға болады.
№7 билет
Жұқпалы аурулар ауруханасына 38 жастағы ер адам тырысқақ диагнозымен келіп түсті.
Сұрақ: 1. Қандай ауру белгілері бойынша анықтайсыз?
2. Анықтау үшін қандай лабораторлық зерттеу қолданылу керек?
1.Тырысқақ-холера аурулары бойынша анықтаймыз.Тырысқақ вибрионы қазіргі таңда 2 түрі бар: классикалық және Эль-Тор.
Антигендік құрылысына байланысты серологиялық түрі- Инаба, Огава, Тикошима.Тырысқақ вибрионы майда,иілген,өте қозғалғыш,грам теріс таяқша,оттекті ылғалды жерде тез өседі,улы эндотоксин және экзотоксин(энтеротоксин, холероген) бөліп шығарады.
2.Эпидемиологиялық анамнезді жинап клиникалық белгілеріне қарап зертханалық нақтама зерттеулер жүргізіледі.
Бактериологиялық зерттеуге құсығын,нәжісін 10-20 мл мөлшерінде жинап оларды 2-3 сағат ішінде зертханаға жеткізу немесе серологиялық зерттеу.
№8 билет
Жұқпалы аурулар ауруханасына «Бруцеллез» диагнозымен науқас келіп түсті.
Сұрақ: 1. Қандай ауру белгілері бойынша анықтайсыз?
2. Анықтау үшін қандай лабораторлық зерттеу қолданылу керек?
1.Сарып ауруының белгілері бойынша анықтаймыз.
2.Эпидемиологиялық анамнезді жинап клиникалық белгілеріне қарап, Зертханалық нақтама зерттеулер жүргізу.
Бактериологиялық зерттеуге науқастың өз қанын немесе бурситтің ішіндегі сұйықтығын аламыз.
Серологиялық зерттеулер- Райта,Хеддльсона,Кумбса,ИФА
Теріге аллергиялық байқау жүргізу.Бюрне байқауы( бруццеллинмен).
№9 билет
Жұқпалы аурулар ауруханасына 6 ай бойы экспедицияда жұмыс жасаған науқас адам түсті. Дене қызуы жоғары, басы қатты ауырады, ұйқысы бұзылған, соңғы кездері галлюцинация пайда болған.
Эпидемиологиялық анамнезінде: осындан екі апта бұрын қасындағы екі адам аталған белгілермен түскен. Қарағанда: қызуы 39,2С, терісі ыстық, әр жерінде бөртпелер бар, көзі, беті қызарған. Бауыр және талағы ұлғайған. Киім қыртысынан бит табылған.
Сұрақ:
1. Қандай ауру деп ойлайсыз?
2. Қандай эпидемияға қарсы шаралар қолдану қажет?
1.Эпидемиялық бөртпе-бит сүзегі.Таралу жолы-қансорғыш дене биті.Қоздырғыш қанға өтіп эндотоксин бөліп, содан денеде ауру басталады.Көбіне қантамырларын зақымдайтындықтан,майда капиллярлар қабынады.Әсіресе ми,жүрек,бүйрек үсті безінің ,көздің тамырлары зардап шегеді.
2.Эпидемиологиялық жағдайына байланысты егу жұмысы жүргізіледі.Қарым-қатынаста болғандарды битшеңдікке тексеріп 25 күн қадағалау санитарлық тазалаудан өткізу керек.Науқастың киім,төсек орнын зарарсыздандырып(дезинфек.камера) өткізу керек.Бөлмені 3-5% лизол ерітіндісін зарарсыздандырылған дезинсекциядан өткізу.Жеке бас тазалығын сақтау.Санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу.
Емі:қоздырғышқа қарсы антибиотиктер беріледі.Тетрациклинді тәулігіне 1,2г немесе Метациклин, доксоцилин 0,7г тәулігіне левомицетин тәул.2 г улану белгісіне қарай көк тамырға сұйықтықтар жіберіледі. Ауыр түрінде преднизолон, дексаметазон, Анальгетиктер аналептикалар,антикоагулянттар және дене қызуын түсіретін препараттар.
Билет №10
Жұқпалы аурулар ауруханасына науқас адам келіп түсті. Шағымы бойынша соңғы 3-4 күннен бері тамаққа тәбеті төмендеп, қызуы көтерілген. Қарағанда: дене қызуы 390С, тілі ісінген, айналасыда тістің ізі қалған, Ішті сипап қарағанда оң мықын аймағы шұрылдайды, Падалка симптомы анықталады. бауыры оң жақ қабырға асты деңгейінен 2,0 см ұлғайған. Іші өтеді, нәжісі бұршақ сорпасына ұқсас.
Сұрақ: 1. Қандай ауру деп ойлайсыз?
2. Қандай лабораторлық зерттеу жүргізіледі?
1.Іш сүзегі – Salmonelle typhi және Salmonella paratephi А және В қоздырғышымен шақырылатын фекальді-оральді жолмен берілетін, ішектің лимфа аппаратының зақымлауымен айқын интоксикациямен бауыр мен көк бауырдың ұлғаюымен және розеолезді бөртпемен сипатталатын антропонозды жедел инфекция.Іш сүзегін алғаш сипаттан жазған француз дәрігерлері Бретанно және Ш.Луи.Қоздырғышқа тән: сыртқы ортада тұрақты. Топырақта және суда 1,5айдай сақталады.Нәжісте 25 күнге дейін.Тағамдық азықта бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін.Киімде 2 аптаға дейін сақталады.
Аурудың қоздырғышы : бактериялар, су және топырақта 2 аптадай, жемістер мен көкөністерде 5-10 күндей, сары май мен етте 1-3 айға, қыздырғанда 50° қа дейін өз тіршілігін жоймайды.Тек қайнатқанда ғана өледі.
2.Лаб/қ зерттеулер : Бактериологиялық әдіс: Нәжіс, несеп, өт, қанды тексеру.Серологиялық әдіс: Вадая реакциясы, Гемокультура әдісі: қанды бактериологиялық зерттеу ең басты және ерте нақты нәтиже беретін диагностикалық әдіс б.т.
Билет №11
Жұқпалы аурулар ауруханасына науқас Б., жүрек айнуы, құсу, кейін «көз алдында тор» пайда болуы, қосарланып көруі қосылған.
Сұрақ: 1. Қандай ауру деп ойлайсыз?
2. Қандай шұғыл көмек көрсетіледі?
1.Ботулизм
2.Науқастарды инфекциялық стационарларға жатқызу керек.Барлық науқастарға асқазанды жуып-шаю және ішекті тазалау клизмаларын жасайды.Дезинтокация кезінде энтеросорбенттер(карболен, энтеродез, энтерол, смекта) вена ішілік кристаллоидты (трисоль, квартасоль, хлосоль, 5% глюкоза) еріт.қолдану.
Қандағы ботулотоксинді нейтрализациялау үшін емдік моновалентті ботулизмге қарсы сары сулар қолданылады.Ботулизмге қарсы сарысу емдік және прфилактикалық мақсатта қолданылады. Соңғы жылдары гипербарийлік оксигенация қолданылады. Оттегі қысымы 1,5-2,0 атм 45-60 минут.
Билет№12
Жұқпалы аурулар ауруханасына науқас дене қызуының 38С жоғарылауымен, қалтыраумен келіп түсті. Қарағанда: мазасыз, беті қызарған, ісінген, денесінің әр жерінде розеолезды бөртпелер бар, бауыры қабырға астынан 1,0 см ұлғайған. Өмір анамнезінде науқастың айтуы бойынша осындай белгілермен 5 жыл бұрын ауырған. Ауруханада Бөртпе сүзек диагнозымен ем алған.
Сұрақ: 1. Қандай ауру деп ойлайсыз?
2. Қандай емдеу шаралары жүргізіледі?
1.Бөртпе сүзегі- ол адам денесін уыттандырып, теріде дөңгелек-нүклі қанталау түрінде бөртпе түзеп және әртүрлі жерлерде орналасып, ұсақ қан тамырларында қан ұюы орын алып, жүйке дәне жүрек, қан тамырлары жүйелерінің жұмысының бұзылуын тудырып, тез қызба беретін рикетсиозды ауру.Бөртпе сүзегінің 2 түрі болады: Эпидемиялық түрі және қайталанатын түрі.
2.Емдеуі . Эпидемиялық бөртпе сүзек кезінде этиотропты, патогенетикалық, симптоматикалық ем қолданады.Қазіргі уақытта негізгі этиотропты препараттар, бұл тетрациклин тобының антибиотиктері.
Тетрациклинді пероральды ересектер үшін 0,3-0,4г.күніне 4 рет белгілейді немесе доксицилин 0,1 г.күніне 2 рет.Емдеу курсы- бүкіл қызба кезеңі бойы және апирекцияның 2 күніне тағайындайды.Сирек левомицетинді 0,5-0,75г.тәулігіне 4 реттен белгіленген. Аурудың ауыр зту кезеңдерінде антибиотиктерді парентеральды енгізеді.Этиотропты антибиотикотерапия өте тез әсер береді және сондықтан да патогенетикалық терапияның көп әдістері қазіргі уақытта тек тарихи маңызға ғана ие болып отыр.
Птогенетикалық терапия көрсеткіштер бойынша дезинтокациялық препараттар, диуретиктер, тамырлық аналептиктер, жүрек гликозидтері, витаминдер, әсіресе аскорбин қышқылы және Р-витаминді препараттарды қарастырады.Аурудың ауыр өтуі кезінде интенсивті терапия жүргізіледі.Делирий дамығанда бромидтеп, барбитураттар, аминазин, седуксен, галоперидол немесе натрий оксибутираты қолд.
Тромбоз бен тромбоэмболиялық асқынулардың алдын алу үшін антикоагулянттар тағайындайды.
Стоматит, паротит, жара болдырмау үшін міндетті түрде ауыз қуысы мен теріні тазалау қажет.
Апирексиннің 5-6 күніне дейін төсектік тәртіп, дене қызуы қалпына келгеннен кейін 6-7 күннен бастап науқасқа жүруге болады, аурудың асқынуы болмаған жағдайда апирексияның 12 күнінде ауруханадан шығарылады.
Билет №13
Жұқпалы аурулар ауруханасының қабылдау бөліміне науқас жүрек айну, құсу, әлсіздік, жоғары температура, іштің ауырсынуы шағымдарымен келіп түсті. Алғашқы тексеруден кейін «Тағам токсикоинфекциясы» алғашқы диагнозы қойылды.
Сұрақ: 1. Қандай шұғыл көмек көрсетіледі?
Науқасты ауыр түрінде ауруханаға жатқызамыз N2 диета тағайындалады.
Яғни қоздырғыштың уын ағзадан шығару үшін жедел түрде асқазанды және ішекті жуу керек.Науқасқа сұйықтықтар ішкізіледі, егер ағзадан көп су кеткен жағдайда қан тамырына тамшылатып сұйық дәрі жіберу керек.Ауыр түрінде антибактериалды дәрілер беріледі(фуразолидон, тетрациклин, левомицетин, ампициллин) 5-7 күн бойы.Симптомдық емдер, ферменттер, дәрумендер беру қажет.
Билет №14
Ауруханаға алты жасар бала түсті. Дене қызуы 40С, ес-түсін білмейді, сандырақтайды. Науқас құсады, бірақ жеңілдік әкелмейді, шүйде бұлшықеттері тартылған.
Сұрақ: 1. Қандай ауру деп ойлайсыз?
2. Қандай бактериологиялық зерттеуге қандай материал алынады?
1.Ең алдымен эпидемиологиялық анамнезді жинау керек.Клиникалық белгілеріне қарау керек.Зертханалық нақтама зерттеулер жүргізу керек.
ДИАГНОЗ: Менингококкты менингит
2.Яғни ауыз-мұрын қуысынан жағынды алып микроскопиялық зерттеу жүргіземіз.Жұлын сұйықтығын алып тексеру және сұйықтықты 37° темп.жедел ауруханаға жеткізу керек.Науқастың жұлын сұйықтығы майлы іріңді болып, қарқынды тез ағады.(бактериологиялық, микроскопиялық зерттеулер)
Билет №15
Балабақша тәрбиешісінен жоспарлы ішек тобына зерттегенде дизентерия таяқшасы – Флекснер шигелласы анықталды. Сұрастырғанда 2 апта бұрын ішек бұзылысы, шаршағыштық байқалған. Дәрігерге қаралмаған, ем алмаған.
Сұрақ: 1. Қандай ауру деп ойлайсыз?
2. Қандай лабораторлық зерттеу жүргізіледі?
1.Бактериальды дезентерия.
Этиология қоздырғышы Флекснер таяқшасы – грамтеріс бактерия улы зат эндотоксин бөледі.
Клиникалық белгілері: Дизентерияның 2 түрі бар : Жедел түрі бірнеше күннен 2-3 аптаға созылады.Созылмалы түрі 3 айдан жоғары уақытты қамтиды.Жасырын кещеңі 1-7 күн, орташа кезеңі 2-3 күн.
2.Эпидемиологиялық анамнезді жинау
Клиникалық белгілеріне қарау.
Зертханалық нақтама зерттеулер жүргізу.
Бактериологиялық зерттеуге нәжісті жинау.
Сероргиялық зерттеу жүргізу.(РНГА), ол үшін қанды аурудың 5-7 күндеріне қарағанда аламыз.
Құралмен тексерк RMS-ішектегі өзгерістерді анық көруге болады.
Билет №16
Жұқпалы аурулар ауруханасына науқас қалтырау, дене қызуы 38,5С жоғарылауы, іштің ауырсынуы, жиі қан және кілегей аралас нәжіспен іш өтуі шағымдарымен келіп түсті. Қарағанда сол жақ мықын аймағы ауырсынады, сигма тәрізді ішегі қатайған.
Сұрақ: 1. Қандай ауру деп ойлайсыз?
2. Қандай лабораторлық зерттеу жүргізіледі?
1.Дизентерияның орташа ауырлықтағы колиттік түрі.
Бас ауруы, дене қызуы 38-39 °С.Іштің төменгі жағында , сол жақ мықын аймағында толғақ тәрізді ауру сезімі. Нәжісі алғашында шырыш, қан аралас, кейіннен ректальды түкірік түрінде. Глкен дәретке жиі шақырулар п.б.Үлкен дәрет жиілігі 10-15 тен 25 дейін болуы.Кейде метеоризм байқалады.Пальпация кезінде тығыздалған ауру сезімі сигма тәрізді ішек анықталады.Ішектің функционалды және морфологиялық қалпына келуі 2-3 айға созылады.
2.Лаб/қ диагностикасы.
Қазіргі дизентерияның симптоматикасының әр түрлілігіне бвйланысты ауруларды кешенді түрде тексереді.Копрологиялық зерттеу – нәжіс жағындысын микроскоп арқылы тексергенде лейкоциттерді, эиитроциттер, шырыштың ошақтарын анықтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |