Өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып
тексерудің мерзімділігін белгілеу қағидаларын жəне өлшем құралдарын салыстырып
тексеру туралы сертификатының нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Инвестициялар жəне даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 934 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда №
18094 болып тіркелді.
Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді шарттық талаптарда өлшем құралдарын
салыстырып тексеру əдістемесіне сəйкес аккредиттелген заңды тұлғалардың
аттестатталған салыстырып тексерушілері (бұдан əрі – салыстырып тексеру
зертханасы) жүзеге асырады. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру бойынша
жұмыстардың құнын белгілеу кезінде ҚР СТ 2.48 "Қазақстан Республикасы өлшем
бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Салыстырып тексеру жұмыстарының
құнын анықтау тəртібі. Өлшем құралдарын салыстырып тексеруге типтік уақыт
нормаларында" келтірілген талаптар мен нормалар қолданылады.
Өлшем құралдарын салыстырып тексеру:
заңды тұлғаның стационарлық немесе жылжымалы салыстырып тексеру
зертханаларында;
тікелей өлшем құралдарының орналасқан жерлерінде (оларды дайындау,
жөндеу немесе пайдалану орындарында) жүргізіледі.
Өлшем құралдары салыстырып тексеруге іске қосылған, шаңнан тазартылған, өлшем
құралдарының төлқұжатымен, техникалық сипаттамасымен, пайдалану жөніндегі
нұсқаулығымен, салыстырып тексеру əдістемесімен жəне салыстырып тексеру туралы
сертификатымен (бар болса) бірге, сондай-ақ қажетті жиынтық құрылғыларымен
ұсынылады.
Салыстырып тексеру зертханасы салыстырып тексеруді толық көлемде жүргізуі мүмкін
болмайтын өлшем құралдарын күрделі салыстырып тексерулерде, ұлттық стандартта
белгіленген талаптарға сəйкес басқа салыстырып тексеру зертханасын салыстырып
тексеруге тартуға рұқсат етіледі. Өлшем құралдарының жарамдылығын, соңғы
салыстырып тексеру нəтижелерінің дұрыстығын белгілеу, қабылданған мерзімділікті
нақтылау жəне оларды пайдаланудың дұрыстығын белгілеу үшін мемлекеттік
метрологиялық бақылауды жүзеге асыру кезінде жүргізілген инспекциялық салыстырып
тексеру нəтижелерін ерікті нысандағы актіде көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |