Ст 20-004-01қ Каримов Ислам Эссе Спортшының дене сапаларын дамыту
Спортшының дене сапаларын дамыту - жоғары нәтижеге жету мақсатында спорттық жаттығуларды қайталап орындау.Спортшының дене сапаларын дамыту барысында осы негізгі компоненттер бірінен соң бірі, бірыңғай өзара байланысқан процесс есебінде бір мезгілде іске асырылады. Бұл ретте шұғылданушылардың жынысына, жасына жекелеген спорт түрлерінің арнайы ерекшеліктеріне, дене және спорттық дайындықтың деңгейіне және жаттығу кезеңдеріне байланысты қойылған міндеттерді шешу үшін құралдар мен жаттығулар іріктеп алудың арақатынасының өзгеруі мүмкін. Осы негізгі қағидаларды қолдануға ізденісті тұрғыдан келу бапкердің педагогикалық шеберлігінің негізін құрайды, жоғары шеберліктегі спортшыларды ойдағыдай дайындауды қамтамасыз етеді. Тәрбиелеудің, үйретудің және дене қасиеттерін дамытудың тұтас есебінде, Спорттық машықтануға тән кейбір қағидалар және жалпы педагогикалық принциптер негізінде жүзеге асады. Олардың қатарына жан- жақтылық, саналылық, реттілік, жекелілік сияқты т.б. қағидалар жатады. Спорттық дайындық - дене және ерік қасиеттерін, шеберлікті дамытып, жетілдіру жатады. Спорттық машықтанудың басты құралы есебінде қарастырылатын, дене жаттығуларын тұрақты орындаудың арқасында жүріп жатады. Спорттық машықтанудың қазіргі жүйесінде арнайы жаттығулар жетекші спортшылардың жаттығу тәжірибесінде кеңірек қолданыла отырып, елеулі орынға ие болуда. Арнайы жаттығулардың жәрдемші қимыл-қозғалыстардың "байланысуы" мен жекеленген бөліктері үйретіліп, тұрақталады. Осымен бірге әдістерді қайталауда да дене қасиеттерінің дамуына себепші болады. Спорттық машықтанудың басты әдісі - жаттығу, яғни қимылды немесе қозғалысты қайталап орындау әдістік-тәсілдік, моральдық, ерік және ілімдік секілді дайындықтың құралдары мен түрліше міндеттеріне қатысты одан әрі дами түседі. Спортшыны тәрбиелеу, Спорттық машықтану жүйесінде моральдық жене ерік дайындығына маңызды мән беріледі. Ол спортшының барлық жолында - оның алғашқы қадамдарынан спорттық шеберліктің шыңын бағындырғанша іске асырылады.