Стандарты емес есептерді шешу



Дата10.01.2020
өлшемі17,07 Kb.
#55670
Байланысты:
docx1541179726

Стандарты емес есептерді шешу

Қазіргі уақытта орта мектептердің негізгі міндеттерінің бірі – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін жақсарту.

Оқушылардың жоғары математикалық мәдениетін қалыптастырудың негізгі жолы – логикалық ойлауын жақсарту және пәнге деген қызығушылығын ояту. Пәнге деген қызықты ақпармен қамтамасыз ету.

Оқушылардың математикалық ой-өрісінің дамуы, олардың есеп шығара білуінен анықталады және ол есептерді көптеп шығарғани сайын жақсара бермек.

Демек, оқушылардың математикаға деген ойлау қабілеттерін арттыру үшін ең қызықты немесе стандартты емес есептерді шығарту керек және пәнге қызығушылығын арттыру қажет.

Кез келген жағдайда есептің шешімін болжау үшін есепке мұқият қарап, ойланып, есепті адам жанын түсінгендей түсіну керек. Сонда ғана ол есепте, пәнде саған өз сырыни ашып, құшағына алады.

Стандарты емес есептерді шешу ойлаудың ең биігі мен ұшқырлығын қажет етеді. XXI ғасыр оқушысының мүмкіндігі мол. Әр бала жеке дара және өзінше қабілетті. Ендеше оны байқау және дамытуда математиканың алар орны ерекше.

Мысалдар қарастырып көрейік:

1. Қоян тауықтан 3кг-ға ауыр. Егер 2 қоян мен 5 тауықтың салмағы бірдей болса, онда 1 қоян неше кг болады?

Шешуі: Бұл есепті шешу үшін теңдеу құрамыз.

1. Ол үшін есептің шартын мұқият оқып, түсіну қажет.

2. Есептегі ең аз деген шаманы табу керек және оны белгісіз әріппен жазып өрнектеу керек.

3. Есептің шартын құрып, теңдеуін шешу керек.

Ендеше : ең аз салмақ ол- тауық ендеше ол х- қа тең.

2x+6=5x

6=5x-2x


6=3x

X=6:3


X=2

Жауабы:қоянның салмағы 5 кг-ға тең.

2.2- ге еселік сандар берілген. Егер осы сандардың соңы 32 санымен аяқталатын болса, осы сандардың қосындысын тап?

Шешуі: Гаусс әдісімен шешеміз.

(2+32)272

16. Сөйлемдегі заңдылықты тауып, келесі сөйлемді тап.

ҚАСЫҚ(АРЫС)ЫРЫС

БОЛАТ(.......)АРАЙ

Жауабы: бірінші сөйлемнен дауысты дыбыс ал екінші сөйлемнен дауыссыз дыбыстарды кезектестіріп алу арқылы жасалып тұр. Демек ОРАЙ болады жауабы.

Математика пәні ең ауыр да қызықты пәндердің бірі. Оқырманның санасын ояту үшін немесе оның қызығушылын арттыру үшін оны қызықтыру керек және есепті түсінуге бейімдеу керек. Білім алушылардың математикалық деңгейін, ойлау қабілетінің шеберлігі мен тапқырлығын қалыптастырудың алғашқы қадамы -әр түрлі қызықты да қиын есептерді шешу үшін ойлау әрекетінің ұшқырлығы. Логикалық тапсырма қиындаған сайын оқушының қызығушылығы мен белсенділігі арта түседі.



Қорыта айтсақ, математиканы сүйе білген, түсінген адамға қайбір пәнді түсіну ауыр соқпасы анық. Математикалық ойлау қабілеті мен есептеу жүйесі озық оқушы ол дарынды да талантты бала. Бала жаман болмайды, немесе ол оқи алмайды емес, тек оны түсіне алмайтын ұстаз немесе оқушы түсінісе алмаған пән болады. Оны жақсарту үшін тек пәнді жақсы көріп, сезіну керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет