Статистикалық бақылау
Статистикалық бақылау, оның міндеттері мен нысандары
Статистикалық бақылау – кез келген статистикалық бақылаудың бірінші кезеңі. “Мемлекеттік статистика туралы” Қазақстан Республикасының Заңында оған “әлеуметтік-экономикалық өмірдің құбылыстары мен процестері туралы деректерді алдын ала әзірленген бағдарлама бойынша тіркеу арқылы жоспарлы түрде ғылыми ұйымдастыып жинау ” деген анықтама берілген.
Статистикалық бақылау алынған материалға сүйене отырып оны тиісінше пысықтағаннан кейін дұрыс қорытынды жасауға болатындай етіп ұйымдастырылуы тиіс. Бұл үшін фактілерді есепке алу мен бастапқы материалды жинауды мұқият ойластырып, ғылыми негізде ұйымдастыру керек.
Қазақстанда “Мемлекеттік статистика туралы” Заңға сәйкес мемлекеттік статистикалық бақылау ҚР Статистика агенттігі өткізетін жалпы мемлекеттік статистикалық бақылаудан және статистикалық қызметті жүргізетін басқа мемлекеттік органдар жүргізетін ведомстволық бақылаулардан тұрады.
Әрбір статистикалық бақылаудың жұмысы үш кезеңнен тұрады: 1) бақылауды дайындау; 2) материалды тікелей жинау; 3) оны әзірлеуге жіберу алдында бақылау.
Статистикалық бақылаудың бірінші кезеңінде оның мақсаттары мен міндеттерінен туындайтын бақылаудың бағдарламасы әзірленеді және бақылауды өткізудің ұйымдастырушылық жоспары жасалады. Бұл орайда келесі мәселелерді шешу қажет: 1) бастапқы ақпараттың мазмұны; 2) ақпараттың есебі қандай тәсілмен жүргізілетіні; 3) ол қалай құралдармен жасалатыны; 4) қандай мерзімде; 5) алынған бастапқы материалды жинау мен тексеруді ұйымдастыру; 6) материалды кейінгі өңдеу техникасы қандай болуы тиіс (қолмен енгізу, сканерлеу).
Статистикалық бақылаудың мақсаты – нақты әлеуметтік-экономикалық процестер жөнінде ақпарат жинау.
Статистикалық бақылауда жағдайдың нақты жағдайды обьективті түрде көрсететін шынайы (2) және толық (3) бастапқы ақпаратты барынша қысқа мерзімде (1) алу мақсаты қойылады.
Нашар дайындалған бақылау кешіліктерді тек келесі кезеңдерде жабуға болатын ақаулы материал алуға әкеп соқтырады. Осының нәтижесінде барлық статистикалық бақылау сәтсіз аяқталады.
Статистикалық бақылау жаппай бастапқы деректерді жинаудың: 1) статистикалық есептілік ; 2) арнайы ұйымдастырылған статистикалық бақылау деп аталатын екі нысанын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
“Мемлекеттік статистика туралы” Қазақстан Республикасының Заңында оларға мемлекеттік статастикалық бақылаудың екі түрі ретінде мынадай анықтама беріледі:
“Мемлекеттік статистикалық есептілік – жалпымемлекттік және ведомстволық статистикалық бақылаулар, бұл орайда жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлімшелері хабарланатын мәліметтердің берілуі мен дұрыстығына жауапты адамдар қол қойған есептерді мемлекеттік статистика органдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін тәртіппен ұсынады”.
“Арнайы ұйымдастырылған статистикалық бақылаулар жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық бақылаулар, бұл ретте бастапқы статистикалық ақпаратты жинау есептер негізінде емес, басқа тәсілдермен жүзеге асырылады”.
Есептіліксаланың барлық кәсіпорындары үшін бастақы есеп материалдары жинақталған бірыңғай бағдарлама болып табылады, ол бастапқы есепті ұйымдастыруға және оның бағдарламасына өте ықпал етеді. Бұл жағдайда кәсіпорындарда бастапқы есептілік статистикалық жағынан ұйымдастырылған деген баға беріледі.
Арнайы ұйымдастырылған статистикалық бақылаулардың нәтижесінде статистикалық есептілік қмтымайтын құбылыстар мен процестер туралы деректер алынады. Кейде арнайы ұйымдастырылған зерттеулердің көмегімен есептілік деректер тексеріледі.
Статистикалық бақылаудың бағдарламасы
Бақылау бағдарламасының маңызы. Статистикалық бақылау бағдарламалық та, сонымен бірге ұйымдастыру мәселелері де кіретін белгіленген жоспар бойынша өткізілуі тиіс.
әзірлеменің бағдарламасы алдын ала жасалмаған жағдайда статистикалық бақылауға барлық қажетті мәселелер енбеуі немесе әзірлеменің бағдарламасында көзделмеген артық мәселелер де болуы мүмкін.
“Мемлекеттік статистика туралы” Қазақстан Республикасының Заңында “статистикалық бақылау бағдарламасы – бақылау жүргізудің мақсаты мен міндеттері деректер жинау жүзеге асырылатын көрсеткіштердің (сұрақтардың) тізбесі, нысан, сұрақтама, сауалдама, санақ парағы, есепке алу бланкісі және басқа (бұдан әрі – статистикалық нысандар) түрінде ұсынылған, оларды есептеп шығарудың әдістемесі және статистикалық бақылау жүргізу жөніндегі нұсқаулықтар” деген анықтама берілген.
Қысқаша айтқанда статистикалық бақылау бағдарламасы статистикалық бақылау жүргізу қезінде жауап алынуы тиіс сұрақтардың тізбесін білдіреді.
Бақылау бағдарламасы бүкіл статистикалық бақылаудың мақсаты мен міндетімен белгіленеді. Сондықтан мақсат пен міндет қалыптастырылғаннан кейін бақылау бағдарламасының мазмұнын құрайтын: 1) оның объектісін шектеу; 2) жиынтық пен бақылау бірлігін белгілеу; 3) көрсеткіштер жүйесін белгілеу қажет.
Статистикалық бақылау объектісін шектеуден бұрын оны анықтау қажет.
Статистикалық бақылау объектісі деп статистикалық мәлімет жиналуы тиіс байқалатын құбылыстың бірліктірінің жиынтығы аталады. Халық санағында елде барлық тұратындардың жиынтығы статистикалық бақылау объектісі болады. Халықтың әл-ауқатын зерттегенде статистикалық бақылау объектісі ретінде іріктелген үй шаруашылықтары, өнеркәсіпті зерттегенде - өнеркәсіптік қәсіпорындардың жиынтығы болады.
Жұмысты ойдағыдай жүргізу үшін статистикалық бақылаудың объектісін нақты анықтау, зерттелетін жиынтықтың шектерін белгілеу өте маңызды. Бұл орайда егер зерттеу мақсатында зерттелетін жиынтықтың біртектілігі қарастырылса, әсіресе, егер зерттеу кезең–кезеңмен жүргізілсе, бұл жағдайда ценз қолданылады. Статистикалық ценз деп зерттелетін жиынтықтың барлық бірліктерін қанағаттандыратын шектеу белгісі аталады. Мысалы, шағын бизнестің субъектілерін зерттегенде қолданыстағы заңнамада белгіленген оларды заңды және жеке тұлғаларға жатқызу өлшемдерін сақтау қажет.
Статистикалық бақылау объектісін анықтап, шектегеннен кейін жиынтық бірліктері мен бақылау бірліктері белгіленеді.
Жиынтық бірліктері – статистикалық бақылау объектісінің тіркелуге тиіс белгісі және зерттеу кезінде негіз болып табылатын есепті білдіретін бастапқы элементі, яғни жиынтық бірлігі – бұл зерттелетін нәрсе.
Бақылау бірлігі – қажетті статистикалық мәлімет алынуы тиіс бастапқы бірлік.
Басқаша айтқанда бақылау бірлігі – зерттелетін нәрсе немесе мәліметалынатын көз.
Бақылау бірлігі мысалы, халық санағында жиынтық бірлігімен бірдей болуы мүмкін, алайда, мысалы, жиынтық бірлігі, яғни өнеркәсіптік жабдық туралы мәлімет алынатын кәсіпорын бақылау бірлігі ретінде мал басы, ал бақылау бірлігі – жекелеген шаруашылық болады.
Статистикалық жұмыс ойдағыдай болуы үшін бақылау объектісі мен жиынтық бірлігін дұрыс анықтау және бір есептен екінші есепке олардың салыстырмалылығын қамтамасыз ету қажет.
Бақылу бағдарламасының мазмұны. Бақылау объектісі, жиынтық бірлігі мен бақылау бірлігі анықталғаннан кейін осы статистикалық бақылау барысында жауап алынуы тиіс нақты қалыптастырылған сұрақтардың тізбесінен тұратын бақылау бағдарламасы әзірленеді.
Осы сұрақтар кез келген есептілік нысанында немесе зерттеу бланкісінде көрсеткіштер жүйесі түрінде көрсетіледі және осы көрсеткіштер бақылау бағдарламасының мазмұнын құрайды.
Статистикалық бақылау бағдарламасының сұрақтары статистикалық бақылаудың қазіргі заманғы ғылыми көзқарасының негізін қалаушы болып саналатын белгілі бельгиялық статистик Адольф Кетле (1796-1874 жж.) бір жарым ғасыр бұрын қалыптастырған талаптар ескеріліп жасалады. Ол статистикалық бақылау бағдарламаларына сол немесе басқа сұлақтарды енгізу/енгізбеуге қатысты мына үш ережені қалыптастырды:
статистикалық бақылау бағдарламасына қойылған мақсатқа жету үшін қажетті ғана сұрақтарды енгізу қажет;
бағдарламаға сапасы қанағаттандыратын жауап алу мүмкін емес сұрақтарды енгізбеу қажет;
бақылау бағдарламасына сұратылатындардың жеке мүдделерінің аясына араласу болып саналатын сұрақтар енгізілмеуге тиіс.
Сұрақтар олардың мазмұнын барлығы бірдей түсінетіндей етіп қойылуы тиіс. Қолайлы болу үшін кейде сұрақтарға ықтимал жауаптар қолданылады.
Есептілік нысандары мен зерттеу бланкілеріне әдетте арнайы статистикалық құжаттар, яғни қосымша түсініктеме беретін нұсқалар қоса тіркеледі.
Статистикалық формулярлар мен олардың түрлері. Есептілік нысандары мен зерттеу бланкілері статистикалық формуляр деп аталады. Зерттеу бланкілері карточка, санақ парағы, есепке алу бланкісі сұрақтама, сауалдама және тағы басқадай аталуы мүмкін. Статистикалық формулярлар бақылау бағдарламасының сұрақтарына берілген жауаптарды сақтауға арналған. Олардың адрестік бөлімі жиналған мәліметтерді тексеріп, оларды кейін пысықтау үшін өте қажет.
Формулярдың тізімдік және жеке деп аталатын екі түрі болады. Тізімдік формулярда жиынтық бірлігінің тобы, мысалы, үй шаруашылығы немесе кәсіпорын жөніндегі мәлімет жазылады. Жеке формулярға жиынтықтың жекелеген бірліктері, яғни үй шаруашылықтарының жекелеген мүшелері, кәсіпорынның нақты жабдығы жөніндегі мәлімет енгізіледі.
Формулярлар автоматтандырып өңдеу кезінде пайдаланылатыны, компьютерге қолмен енгізілетіні ескеріліп әзірленеді.
Статистикалық бақылауды ұйымдастыру түрлері мен тәсілдері
Статистикалық бақылау жоспарының ұйымдастыру бөліміне бақылаудың уақыты мен орнын анықтау, бақылаудың нысаны, түрі мен тәсілін белгілеу сияқты мәселелер кіреді. Статистикалық бақылауды йымдастыру нысандарына (типтері) жоғарыда қарастырылғандай: 1) статистикалық есептілік; 2) арнайы ұйымдастырылған статистикалық зерттеу жатады.
Статистикалық бақылаулар бақылау бірліктерін ғамтудың толықтығына немесе фактілерді уақыт бойынша есептеудің үздіксіздігіне байланысты бөлінеді, сондай-ақ фактілерді есептеу тәсілі бойынша ерекшеленеді.
Жиынтық бірліктерін қамту толықтығына орай статистикалық бақылау түрлері. Жиынтық бірліктерін қамту толықтығына қатысты барлық бақылаулар жаппай және жаппай мес бақылауға бөлінеді.
Жаппай статистикалық бақылауда негізгі міндет – зерттелетін құбылысты құрайтын жиынтықтың барлық бірліктерін толық есептеу. Мәселен, халық санағында осы елдің барлық тұрғындарының толық есебі, ал кәсіпорындарының өнім өндірісі жөніндегі есебінде барлық өндірілген өнімнің толық есебі басты міндет болып табылады.
Жаппай емес статистикалық бақылау жиынтық бірлігінің бөлігінің, алайда нақты және сенімді статистикалық сипаттама алу алу үшін жеткілікті болатындай жаппай есебі ретінде алдын ала ұйымдастырылады. Үй шаруашылығынының бюджеттерін, бағалардың тіркелуін зерттеу, жағдаятты зерттеуді, әлеуметтік сауалнамаларды зерттеу осылый ұйымдастырылады.
Жаппай емес бақылаулар күш-жігер мен қаражатты азырақ қажет етеді, сонымен бірге толық бағдарламаны және фактілерді бұдан да жетілдірілген есептеу тәсілін қолдануға, зерттеу қорытындысын жылдам шығаруға мүмкіндік береді және тиісінше статистикалық материалдың жеделдігін арттырады.
Жаппай емес зерттеудің ішінара, негізгі массивті, сауалнамалық, монографиялық деп аталатын бірқатар түрлері қолданылады.
Ішінара бақылау байқалатын жиынтықтың бірліктерін кездейсоқ іріктеу арқылы жүзеге асырылады. Осымен іріктеудің нәтижелері іншара жүзеге асыратын адамдардан тәуелсіздігіне кепілдік беріледі, ал іріктеу нәтижесінде тенденциялык қателіктер болмайды. Іншара бақылау жиынтықты жалпы сипаттайтын деректер алуға мүмкіндік ереді.
Іншара бақылау экономикалық статистиканың үй шаруашылықтарын зерттеу, бағаларды тіркеу, жағдаятты зерттеу, сияқты әр түрлі салаларында кеніңен қолданылады.
Негізгі масив тәсілі бойынша бақылау кезінде зерттелуге тиіс барлық фактілердің айтарлықтай бөлігі шоғырланған ең ірі бақылау бірліктері іріктеледі.
Мәселен, нарық зерттегенде ішінара болатын кездейсоқ іріктеу әдісін емес негізгі массив тәсілін қолдануға болады. Аталмыш тәсілін қала халқының жартысынан артығы тұратын қаланың елді мекенің 5% ға жуық нарығын қамти отырып, нарық жағдаятыжөнінде сенімді материал алуға мумкіндік береді.
Өнеркәсіп бойынша ай сайынғы деректерді қалыптастырғанда да көрсетілетін әдіс пайдалаанылады. Есептер тек ірі және орташа кәсіп орындардан жиналады – олар республикадағы бүкіл өнеркәсіптік өндірістің 95% - ын құрайтын 1600 бірліктен асады, ал іс жүзінде өнеркәсіптік кәсәпорындардың жалпы саны 16 мың бірлікті құрайды.
Сауалдамалық зерттеуде мәлімет алынуы тиіс тұлғалар сауалнаманы толтырып, содан кейін оны қайтаруды (жіберуді) өтңнңш жасалып таратылады. Әдетте қайтарылатын сауалдаманың саны аз, ал мұның өзңнде жауаптар кездейсоқ қайтарылмайды. Нәтижесінде деректер бүкіл жиынтықты дәл көрсетпейді деуге болады. Осы әдіс әлеуметтік сауалдама, байланыс статистикасында, кітапханада оқырмандарға сұрақ қоюда және т.б қолданылады.
Монографиялық сипаттау тәсілі бірі – жарым, алайда кәдімгі, мысалы, жекеленген кәсіпорындарды, аудандарды және т.б зерттеу үшін пайдаланылады. Бұл жекелеген кәсіпорындарда байқалатын динамиканы зерттеуге мүмкіндік береді.
Фактілерді уақыт бойынша есептеуге орай статистикалық бақылау түрлері. Фактілерді уақытқа сәйкес есептеу үздіксіздігіне қатысты бақылау ағымдығы (тұрақты), кезеңді және бір жолғы боладв.
Ағымдағы (тұрақты) бақылау – құбылыстың туындауына орай жүйелі, үздіксіз жүргізіетін бақылау.
Статистикалық есептілік нысандары ірілендірілген кезеңдер (айлар, тоқсандар, жылдар) бойынша табыс етілсе де ағымдығы бақылау барысында жиналған фактілерге үздіксіз есептеуге негізделеді.
Кезеңді бақылаулар – тұрақты емес, алайда белгіленген уақыт кезеңдерінен кейін ұдайы жүзеге асырылатын бақылаулар.
Деректер әдетте белгіленген уақыт сәтіндегі қайсы бір құбылыстардың жай-күйін сипаттайды. Оларға халық санағв, мал, өндірістік жабдық , сауда нүктелерінің, тауар сапасының, материалдық құндылықтардың қалдығының санағы, желі, оқшылардың , професорлар мен оқытушылар оқу жылының басындағы құрамы және т.б жөніндегі деректер жатады.
Осы есеп орайластырылған сәт бақылаудың сыни сәті деп атарлады. Барлық құбылыстардың үнемі өзгеретінін ескере отырып сәтті қатаң сақтау қажет.
Біржолғы бақылау – кезең-кезеңмен емес уақыт өте, яғни ейде жүргізілетін бақылау.
Осы бақылаудың деректері де белгіленген уақыт сәтіндегі құбылыстарды сипаттайды.
Төменде келтірілген статистикалық бақылауды ұйымдастыру жолдарын, түрлерін және тәсілдерін анықтаңыздар:
р/с
|
Статистикалық бақылаулар
|
Бақылауды ұйымдастыру жолдары (формалары)
|
Бақылаудың түрлері
|
|
Жиынтық бірліктерінің қамтылуына қарай
|
Уақыт мерзіміне қарай тіркеу
|
Бақылаудың тәсілдері
|
1
|
Өнеркәсіп орындары-ның өндірген өнімдері бойынша ай сайынғы есеп беруі
|
|
|
|
|
2
|
Құнды заттар мен бұйымдарды түгендеу (тізімге алу)
|
|
|
|
|
3
|
Халық санағы
|
|
|
|
|
4
|
Азаматтардың хал актілерін тіркеу (өлу туу, некелесу, ажырасу)
|
|
|
|
|
5
|
Жұмысшылар мен қызметкерлердің уй шаруашылықтарының бюджетін зерттеу
|
|
|
|
|
6
|
Халықтың жеке шаруашылығындағы малдарын жыл сайын есепке алу
|
|
|
|
|
7
|
Тұтыну тауарлары мен қызметтеріне арналған бағаларды зерттеу
|
|
|
|
|
8
|
Жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмысқа келуін есепке алу
|
|
|
|
|
9
|
Студенттердің сабаққа келуін есепке алу
|
|
|
|
|
1
|
Жеке кәсіпорындар-дың өндірген өнім
дерінің сапасын тексеру
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |