Ұстаздық мамандықты неге таңдадым? Менің мұғалім туралы ойым - «Ұстаздық — ұлық емес, ұлы қызмет» - демекші Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай шәкіртінің бойына білім нәрін себетін, адамгершілік дәнін егетін абзал жан. Ол-мәңгі нұрдың қызметшісі. Жас шыбықтың тамыры терең, жапырағы жайқалып, жемісі мол болуы үшін үлкен еңбек қажет, оны бағбан ұзақ күтеді. Ұстаз да осы бағбан тәрізді. Мектеп табалдырығын аттап келген күннен бүлдіршіндерді өзіне баурап алып, мейірімі мен шапағатын күн шуағындай төге жүріп, өз уақытын аямай шәкіртін бақытқа жеткізеді. Ол тек шәкіртін ғана емес, ұлтын, күллі адамзат баласын бақытқа жеткізу үшін еңбектенеді», - деп бастағанды жөн көрдім.
Менің мамандығым - мұғалім.Осы бір қызығы мен қиындығы қатар жүретін киелі де осы мамандықты таңдауда қателеспедім деп ойлаймын.
Мен ұстаздық мамандықты не үшін таңдадым ? Әлде балалық арманым, әлде анамның жолын қуғым келді ме ? Әйтеуір осы бір арман мені 10жыл бойы жетелеп,мектеп бітіргеннен кейін осы ұстаздық мамандықты таңдауыма себепші болды.Ұстаздық мамандықты таңдауыма әсер еткен жан мен үшін әрдайым үлгі болған ол менің – анам және де өмірлік бағытымды айқындауға көмектескен аяулы ұстаздарыма алғысым шексіз.Мен өзімді ұстаздықтан басқа салада елестете алмаймын,мамандық таңдауда қателеспедім деп білемін.Бұл мамандықты таңдауда өзімді жан-жақты дайындадым десе де болады. «Баланың жан-дүниесін түсініп, пікірімен санасу менің қолымнан келе ме? , Балаларға білім беретін күндерім қандай болмақ? » - деген сұрақтарға жауап іздегенде, оқушыларымның барлық армандарына тілектес екенімді түсіндім.Қазір мен Павлодар Педагогикалық Университетінде 1курс студентімін мен осында оқуға түсіп , ұстаздық мамандығы өмірімнің мәні мен мағынасына айналып бара жатқанын түсінудемін.Алдағы 4жылдық студенттік өмірімнің қызықты да мәнді өтетініне сенімдімін және оқуымды аяқтап дипломымды қолыма алатын сәтті асығы күтудемін.
Мамандығым-бұл менің өмірімнің мәні мен мазмұны. Менің мұғалімдік мамандықты таңдауыма әсер еткен, мен үшін үлгі болған анама, білім нәрімен сусындатқан, өмірлік бағытымды айқындауға көмектескен аяулы ұстаздарыма алғысым шексіз. Баламен жұмыс жасау, олардың алаңсыз, бақытты жүзін күнде көру мен үшін баға жетпес бақыт.
Білімнің ғана тиегі,
Мектебін жаны сүйеді.
Қарапайым мамандық -
Ұстаздық атты киелі
Алипбаева Салтанат Рашидқызы, ИНФ-11