Студенттерді мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерінің жұмысының негізгі бағыттарымен, оның түрлерімен және ұйымдастыру формаларымен таныстыру



Дата07.02.2022
өлшемі55,51 Kb.
#87268
Байланысты:
Кусаин Жансая 7 лек адистемелик каб

Педагогикалық техника-педагог шеберлігінің элементі ретінде

Орындаған: Кусаин.Ж.К

МДОжТ 4-курс

Балабақшаның әдістемелік кабинеті

  • Балабақшаның әдістемелік кабинеті
  • Аға тәрбиешінің жұмысындағы маңызды бағыттың бірі - әдістемелік кабинеттің жұмысын ұйымдастыру. Кабинетті ұйымдастыру және безендіру аталған мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиешілердің қажеттіліктеріне сәйкес келуі қажет.
  • Тәрбиешілердің жалпы білім деңгейін және біліктілігін арттырумен, әдістемелік көмек көрсетумен байланысты барлық міндеттерді сәтті шешу үшін, кабинетке қазіргі заманғы әдістемелік талаптарға сәйкес келетін материалдарды таңдау және жүйелеу қажет.

Педагогикалық ұжымның кәсіби құзыреттіліктерін дамыта отырып, жан- жақты көмек беріп, ақпараттық-әдістемелік базасын құру

  • Педагогикалық ұжымның кәсіби құзыреттіліктерін дамыта отырып, жан- жақты көмек беріп, ақпараттық-әдістемелік базасын құру
  • Әдістемелік кабинеттің мақсатын жүзеге асыру үшін келесі тапсырмалар орындалады
  • Пәндік циклдік комиссиялардың қызметін жүзеге асыру үшін ақпараттық қолдау көрсету. Оқу үрдісіне ақпараттық бағдарламаларды енгізу үшін әдістемелік көмек беру
  • Әдістемелік кабинеттің материалын бірнеше бөлімдерге бөлуге болады:
  • - нормативті және инструкциялық материалдар;

балалардың көркем әдебиеті;

  • балалардың көркем әдебиеті;
  • - әдістемелік материалдар, нұсқаулар;
  • - дидактикалық, көрнекі (демонстрациялық және үлестірмелі) материал.
  • Әдістемелік кабинетте жоғары деңгейдегі ұйымдар мен білім басқармасы органдары шығаратын, нормативті және инструкциялық материалдар болуы қажет. Бұл материал ресми журналдарда шығарылады.
  • Кабинеттің жұмысында елеулі орын кітапхананы дұрыс ұйымдастыруға беріледі. Балабақшаның кітап қорын шартты түрде тәрбиешілерге арналған (әдістемелік және анықтамалық әдебиеттер) және балаларға арналған кітаптар деп бөлуге болады.

Тәрбиешілерге арналған кітапханада «Анықтамалық әдебиет» бөлімі көрсетілуі керек, онда үнемі қажетті анықтама алуға болатын, әртүрлі сөздіктерді, энциклопедияларды және басқа әдебиеттерді орналастыруға болады. Бұнда ерекше орын мерзімдік басылымға беріледі. Балабақшада «Мектепке дейінгі тәрбие», «Мектепке дейінгі педагогика», «Отбасы және балабақша», «Бала тәрбиесі», «Мектепке дейінгі ұйымды басқару» және т.б. журналдар мен газеттерге жазылу ұйымдастырылса, жақсы болар еді.

  • Тәрбиешілерге арналған кітапханада «Анықтамалық әдебиет» бөлімі көрсетілуі керек, онда үнемі қажетті анықтама алуға болатын, әртүрлі сөздіктерді, энциклопедияларды және басқа әдебиеттерді орналастыруға болады. Бұнда ерекше орын мерзімдік басылымға беріледі. Балабақшада «Мектепке дейінгі тәрбие», «Мектепке дейінгі педагогика», «Отбасы және балабақша», «Бала тәрбиесі», «Мектепке дейінгі ұйымды басқару» және т.б. журналдар мен газеттерге жазылу ұйымдастырылса, жақсы болар еді.

Әдістемелік кабинеттегі кітап қоры қатаң түрде ескерілуі қажет. Ол үшін барлық әдебиеттер мен алфавиттік көрсеткіштерге картотека құрылады. Аға тәрбиешінің осы бағыты бойынша жұмысы, әдебиеттердің арасынан әрбір тәрбиеші үшін оған педагогикалық кеңеске, сабаққа, ата-аналар жиналысына дайындалуда, өзіндік білім алу және тәжірибені жалпылау бойынша жұмыстарды орындауда қажетті көмек беретін кітапты таңдап беруінде көрінеді. Ол үшін аға тәрбиеші журналдар, кітаптардағы мақалаларға сәйкес аннотацияларды құрастырады, қажетті ұсыныстарды жасайды, әдебиетпен жұмыс істеу бойынша ережені құрастырады

  • Әдістемелік кабинеттегі кітап қоры қатаң түрде ескерілуі қажет. Ол үшін барлық әдебиеттер мен алфавиттік көрсеткіштерге картотека құрылады. Аға тәрбиешінің осы бағыты бойынша жұмысы, әдебиеттердің арасынан әрбір тәрбиеші үшін оған педагогикалық кеңеске, сабаққа, ата-аналар жиналысына дайындалуда, өзіндік білім алу және тәжірибені жалпылау бойынша жұмыстарды орындауда қажетті көмек беретін кітапты таңдап беруінде көрінеді. Ол үшін аға тәрбиеші журналдар, кітаптардағы мақалаларға сәйкес аннотацияларды құрастырады, қажетті ұсыныстарды жасайды, әдебиетпен жұмыс істеу бойынша ережені құрастырады

Ұсыныстар – басшының шешім қабылдау және оны орындаушыларға жеткізудің бір тәсілі. Олар орындаушының жұмысындағы өзбетіндікке деген құрметті атап көрсету үшін қажет болады. Ұсыныстар міндеттемейді, олар жұмыста және тапсырманы орындауда қажет бағыт беру мақсатындағы кеңес және тілек ретінде қызмет етеді.

  • Ұсыныстар – басшының шешім қабылдау және оны орындаушыларға жеткізудің бір тәсілі. Олар орындаушының жұмысындағы өзбетіндікке деген құрметті атап көрсету үшін қажет болады. Ұсыныстар міндеттемейді, олар жұмыста және тапсырманы орындауда қажет бағыт беру мақсатындағы кеңес және тілек ретінде қызмет етеді.
  • Озат педагогтардың жұмыс тәжірибесін көрсететін материалдар, белгілі үлгіге сай безендірілуі керек. Мысалы, аталған мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиешінің тәжірибесін келесі түрде беруге болады:
  • - тәрбиешінің жұмыс тәжірибесін көрсететін суреті;
  • - оның өмірбаянының негізгі мәліметтері;
  • - тәжірибенің негізгі мазмұны;
  • - педагогикалық кеңесте жасалған баяндама немесе тәрбиешінің шығармашылық есеб

Назарларыңызға рахмет!

  • Назарларыңызға рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет