Студенттердің өзіндік жұмысы-100 минут
- жалпы топтағы оқушылар шағын топшаларға бөлінеді;
- тапсырмалар жинақталған конвертті шағын топтарға беріп, оқушылардың кітаппен барлығы бірлесіп жұмыс жасауға ықпал ету.
1- тапсырма
І-топшаға:
- Жалпы қараудың ережелері мен жүргізу әдістері (науқасқа көрсету).
ІІ-топшаға
- Мүшелеп қарауды жүргізу ережесі (науқасқа көрсету).
Бұл кезде студенттердің дайындығына 10 мин беріледі. Дайын болған кезде әр топша өзінің тапсырмаларын баяндап, көрсетіп жауап береді. Оқытушымен тыңдауға 25 минут уақыт беріледі.
2- тапсырма
Топшаларға тапсырмаларға жинақталған конверт тарқатылады. Ол конверттің ішінде 2 топшаға арналған тапсырмалар бар, әр топша өздерінің тапсырмаларын таңдайды.
- кроссворд
- тест
- cәйкестендіру тесті
Бұл кезде студенттердің дайындығына 15 мин беріледі. Дайын болған кезде әр топша өзінің тапсырмаларын баяндап, көрсетіп жауап береді. Оқытушымен тыңдауға 25 минут уақыт беріледі.
1– топшаға: Кроссворд
4
5
6
1
2 3 7 8 10
12
11
9
Науқастың төсектегі қалпы? (енжарлық)
Физикалық және қосымша тәсілдерден тұратын тексеру әдісі? (объективті)
Бас өлшемінің нормадан кіші болуы? (микроцефалия)
Науқастың мәжбүрлі қалпы? (ортопноэ)
Созылмалы ағымды аурудың фазасы? (ремиссия)
Тері бетінде ұсақ нүктелі бөртпелердің пайда болуы? (петехия)
Рефлекстері сақталған, бірақ науқас тек айқайға және жұлқылауға ғана реакция береді? (сопор)
Іш қуысы ағзаларын зерттеуде қолданылатын пальпация? (терең)
Науқастың тік өлшемдері көлденең өлшемдерге қарағанда күшті, май шел қабаты 1 см-ден кем, қабырға бұрышы үшкір, аяқ-қолдары ұзын дене бітімі? (астеникалық)
Науқас беті ісінген, сарғыш-көкшіл түсті, аузы ашық, еріндері көгерген көздері жабық? (корвизор)
Тері бетінің үстінен аздап шығып тұратын терінің қызарған ошағы? (эритема).
Белсенді қалпы? ( активті).
Достарыңызбен бөлісу: |