Байланысты: СУПЕРФОСФАТ ҚҰРАМЫНДАҒЫ СУДА ЕРИТІН ФОСФОР МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ
СУПЕРФОСФАТ ҚҰРАМЫНДАҒЫ СУДА ЕРИТІН ФОСФОР МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ
Студент мынаны білуі керек: . Фосфор тыңайтқыштарының негізгі түрлерін;
2. Химиялық формуласын, құрамындағы әсер етуші заттың % мөлшерін;
3. Физикалық және химиялық қасиеттерін;
4. Топырақпен әрекеттесуін, өсімдіктер үшін сіңімділігін;
5. Әр түрлі ауыл шаруашылық дақылдарға тиімділігін, өнімділік пен өнім сапасына әсерін;
6. Солтүстік Қазақстан үшін келешегі бар тыңайтқыштарды;
7. Солтүстік Қазақстан жағдайында ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі мен сапасына әсерін, әр түрлі енгізу мөлшері, мерзімі, әдістері мен топыраққа сіңіру тәсілдерінің тиімділігін.
Жұмыс нәтижелері бойынша жасай білуі керек: . Сыртқы түрі және сапалық реакциялар бойынша тыңайтқышты анықтауды;
. Енгізу аймағын, топырақтарын, дақылдарын және ауыспалы егісте енгізу орнын, мөлшерін, мерзімін, тәсілдерін анықтау мен негіздеуді;
. Тыңайтқыш әсерінің болжамын беру және экономикалық тиімділігін есептеуді.
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Талдау мағынасы Суперфосфаттағы фосфор негізінен фосфор қышқылының суда еритін тұздары түрінде болады. Фосфор қышқылының бұл формасының өсімдік бойына тез сіңетін қасиетін ескере отырып және суперфосфатты тасымалдау және сақтау кезінде (әсіресе дұрыс сақталмағанда) фосфордың суда еритін бөлігі көп шығынға ұшырайтындықтан, тыңайтқышты енгізер алдында, фосфор қышқылы тұздарының дәл осы суда еритін формаларының мөлшерін білген жөн. Сонымен қатар, сіңімді фосфор қышқылының барлық мөлшерін анықтауы өте қиын және қымбат реактивтерінің болуын қажет етеді.
Әдіс қағидасы Суда еритін фосфорды анықтау суперфосфаттың сулы сығындысындағы PO тің мөлшерін БетхерВагнердің салмақтық әдісімен анықтауға негізделген: фосфатион ерітіндіде сілтілі магнезиал қоспа арқылы магнийаммоний фосфаты түрінде тұнбаға түседі:
Ca(H2PO4)2 + MgCl2 + NH4Cl + NH4OH → NH4MgPO4 + CaCl2 + NH4Cl
Осындай жағдай суперфосфаттың бос фосфор қышқылымен әрекеттескенде де пайда болады:
H3PO4 + MgCl2 + NH4Cl + NH4OH → NH4MgPO4+ NH4Cl
Магний пирофосфатының MgPO жуылып және қыздырылғаннан кейін пайда болатын салмағы бойынша тыңайтқыш сығындысындағы фосфор қышқылының мөлшерін анықтауға болады. Бұл кезде кальций, алюминий және темір тұнбаға түспейді, өйткені фосфордың тұнбаға түсуі лимонқышқылды аммонийдің қатысумен жүреді.
Талдау барысы г суперфосфатты фарфор келісінде үгеді де, оған мл дистильденген су құйып, қайтадан ұнтақтайды. Содан кейін сыйымдылығы мл өлшегіш шыны сауытқа %- ық тұз қышқылының мл құяды да, оған тығыз сүзгіш арқылы келідегі тұнған сұйықтықты сүзіп құяды. Келідегі қалдыққа мл дистильденген су қосып, қайтадан келсаппен ұнтақтайды да, тұндырады. Тұнған сұйықтықты тағы сүзгіштен өткізеді. Қалдықты үгіп, осылай қалқымалау (декантация) жасау операциясы рет қайталанады. Содан соң қалдықты сүзгішке салып, бірнеше рет сумен жуады, одан кейін шыны сауыттағы сұйықтық көлемін дистильденген сумен мл ге жеткізеді де, араластырады.
Өлшегіш шыны сауыттағы ерітіндіден мл алып сыйымдылығы мл конус шыны сауытқа ауыстырады да, оған %- ық лимон қышқылды аммоний тұзының , мл ерітіндісін қосады. Ерітіндіге тамшы фенолфталеин қосып, оны %- ық аммиак ерітіндісімен әлсіз қызғылт түске боялғанша бейтараптайды. Содан кейін ақырын шыны таяқшамен араластыра отырып сілтілі магнезиал қоспаның мл ерітіндісін құяды; минуттан кейін , мл концентрациялған %- ық аммиакты қосып, шыны таяқшамен минут фосфор қышқылы түгел тұнбаға түскенше араластырады. Сұйықтықты тығыз сүзгіш арқылы сүзіп, сүзгіштегі тұнбаны ,%-ық аммиак ерітіндісімен жуылған ерітіндінің мөлшері млге жеткенше жуады.
Сүзгішті тұнбасымен бірге алдынала қыздырылған және өлшенілген фарфор тигеліне ауыстырады да, ептеп кептіреді және ақырын күлге айналдырады. Содан соң тигельді муфель пешінде қыздырады (әуелі мин, содан кейін массасы тұрақты болғанша мин), ылғалсорғышта (эксикаторда) суытып, аналитикалық таразыда өлшейді.
Тыңайтқыш құрамындағы суда еритін фосфор мөлшерін төмендегі формуламен есептейді:
, мұнда
Х - тыңайтқыш құрамындағы суда еритін фосфор мөлшері, %;
а - қыздырылғаннан кейін магний пирофосфаты тұнбасымен тигельдің салмағы, г;
б - бос тигельдің салмағы, г;
, - қайта есептеу коэффициенті;
- пайызға ауыстыру коэффициенті;
н - тұнбаға түсіру үшін алынған сығынды көлеміне сәйкес тыңайтқыштың салмағы, г.
Реактивтер 1. Тұз қышқылының 20%- ық ерітіндісі
2. Лимон қышқылды аммоний тұзының 50%- ық ерітіндісі
3. Фенолфталеин
4. Аммиактың 10%- ық ерітіндісі
5. Сілтілі магнезиал қоспа ерітіндісі
6. Аммиактың 25%- ық ерітіндісі
7. Аммиактың 2,5%- ық ерітіндісі