Т. Айбергеновтың «Сағыныш» өлеңі



Pdf көрінісі
Дата03.04.2022
өлшемі0,85 Mb.
#137746
түріСабақ
Байланысты:
Т. Айбергеновтың «Сағыныш» өлеңі



Автор: Бакитжанова Нургуль Жаналык
Пән: Қазақ әдебиеті
Сынып: 9-сынып
Бөлім: Адам жанының құпиясы
Тақырып: Т. Айбергеновтың «Сағыныш» өлеңі
Оқу мақсаттары (оқу
бағдарламасына
сілтемеу):
9.3.2.1. Шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып,
жаңашылдығына баға беру
Сабақтың мақсаты:
Барлығы орындай алады: Ақынның «Сағыныш» өлеңін мәнерлеп оқып,мазмұнын аша алады.
Көпшілігі орындай алады: Ақынның өлеңін оқи отырып көркемдегіш сөздерді таба алады. Кейбір
оқушылар орындай алады: Заманауи тұрғыда ұрпақтар сабақтастығы көрінісіне,жаңашылдығына
баға беру
Тілдік мақсаттар:
Оқушылар орындай алады:Өлеңдерді салыстырып , өзіндік ой-пікірлері арқылы жаңашылдығына
баға береді. Тақырып бойынша терминдер:автор,бейне,идея,поэзия Диалог құруға/ шығарма жазуға
арналған пайдалы тіркестер:Ақынның ұлылығы,саф алтын,үмітке толы арман,әр жерде бір түп
қарағай т.б
Күтілетін нәтиже:
Барлығы орындай алады: Ақынның «Сағыныш» өлеңін мәнерлеп оқып,мазмұнын аша алады.
Бағалау критерийлері:
-Ақынның «Сағыныш» өлеңін басқа осы мазмұндас шығармалармен салыстырып, ерекшелігін
анықтайды. -Заманауи тұрғыда ұрпақтар сабақтастығы көрінісін салыстырып, жаңашылдығына баға
береді.
Құндылықтарды
дарыту:
Қазақстандық отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілік
АКТ-ны қолдану
дағдылары:
ТБ
Пәнаралық байланыс:
Қазақ тілі, өзін-өзі тану
Бастапқы білім:
Поэзия
Сабақ барысы
Сабақ
кезеңдері
Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
(6 мин)
Ұйымдастыру кезеңі «Шаттық шеңбері» Бір-біріне жақсы тілектер тілейді
Сыныпты ақынның өлеңдері арқылы топқа бөлу І топ «Ару Ана» тобы ІІ топ
«Төлеген» тобы ІІІ топ « Бір тойым бар» тобы 1-топ «Ару Ана» өлеңнің
мазмұны мен идеясын ашу 2-топ «Төлеген»(«Арман сапары», «Өмірге
саяхат», «Құмдағы мұнаралар», «Ана», «Аруана- бауыр дүние», «Мен саған
ғашық едім») 3-топ «Бір тойым бар» Өлеңді қазіргі заманауи тұрғыда
талдап,көркемдегіш сөздерді табу Үй тапсырмасын сұрау кезеңі «Алтын
сандық» әдісі бойынша Төлеген Айбергенов туралы не білетінін анықтау
үшін сұрақтар беріледі. Қобдишадағы түрлі-түсті стикерлерге жазылған
сұрақтарды алып, жауап береді. 1. Т. Айбергенов туралы не білесіздер? 2.
Қандай өлеңдерін оқыдыңыздар? 3. Ақынның оқыған оқу орны мен
атқарған қызметі туралы не айтар едіңіз? 4. Оның қандай жыр жинақтары
бар? 5. Өлеңдерінің тақырыптары қандай? 6. Ақынның қандай өлеңін жатқа
білесіз? 7. «Құмдағы мұнаралар» жинағына қандай сыйлық берілді? т.б.
Дескриптор: -Ақын туралы мәліметтерді біледі; -Сұрақтарға жылдам жауап
береді; -Ақын шығармашылығы жөнінде өз ой-пікірлерін айтады.
Қалыптастырушы бағалау: Өзін-өзі бағалау. Мұғалімнің түрлі-түсті
қағаздарды тарату арқылы бағалайды


Сабақкезеңдері Жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың ортасы
(10 мин)
1-тапсырма.Топтық жұмыс. «Венн диаграмма» әдісі (салыстырып,
анықтайды) Төлеген Айбергеновтың «Сағыныш» өлеңі мен Мұхтар
Шахановтың «Айбергенов шыңы» өлеңін салыстырып, ерекшелігін
анықтайды. «Айбергенов шыңы» «Сағыныш» Дескриптор : -Өлеңдердің
мазмұнын аша алады; -Өлеңдерді салыстырып, ерекшелігін анықтайды.
Қалыптастырушы бағалау: Топтар бір-бірін бағалайды. Түрлі-түсті қима
қағаздар арқылы бағалайды 2- тапсырма. (Жұптық жұмыс) «Қос жазба
күнделігі» әдісі (кестені тарқатып беремін, жұп –жұп болып кестеге
жазады) «Сағыныш» өлеңіндегі ақын бейнесін айшықты пікірмен дәлелдеп
жазады. Үзінді Ақын бейнесі Дескриптор: -Өлеңнен ақынның бейнесін
білдіретін үзіндіні табады; -Үзіндідегі ақын бейнесіне айшықты пікір
келтіре жаза алады. Қалыптастырушы бағалау: Жұптық бағалау. Түрлі
түсті беру арқылы мұғалімнің тиімді кері байланысы жүргізіледі. 3-
тапсырма. Жеке жұмыс. «Еркін жазу» әдісі. Заманауи тұрғыда ұрпақтар
сабақтастығы көрінісін салыстырып, жаңашылдығына баға бере отырып, «
Егер мен ақын болсам...» тақырыбында 50-60 сөзден тұратын әдеби эссе
жазады. Дескриптор: -Заманауи тұрғыда ұрпақтар көрінісін салыстырады; -
Өзіндік ой-пікірін ашық еркін жеткізе отырып, жаңашылдығына баға
береді; -Эссе құрылымын сақтайды. Қалыптастырушы бағалау:Өзін-өзі
бағалау. Қошқар мүйіз оюын беру арқылы мұғалімнің тиімді кері
байланысы жүргізіледі.
Сабақтың соңы
(6мин)
«Бес саусақ» әдісі бойынша кері байланыс алынады, таратылған
парақтарға сол қолдарының суретін салып, әр саусаққа өз ойларын
жазады. 1. «Бас бармақ» мен үшін маңызды әрі қызықты болды. 2. «Балан
үйрек» мен бүгін түсіндім. 3. «Ортан терек» мен үшін қиын болды. 4.
«Шылдыр шүмек» менің бағам. 5. «Кішкене бөбек» менің білгім келеді.
Бағалау.Қошқар мүйіз оюын көп жинаған оқушыға сыныптың, мұғалімнің
мақтау,мадақтау арқылы тиімді кері байланысы арқылы жүргізіледі. Үйге
тапсырма: Ғаламтордан Т. Айбергенов туралы қосымша мәліметтер жинау,
«Сағыныш» өлеңінен үзінді жаттау
Рефлексия
(4 мин)
Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта
берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет