Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептерде 11 сынып оқушыларының қорытынды мемлекеттік аттестаттауға және Ұбт –ге дайындық деңгейін зерделеу анықтамасы



Дата15.09.2017
өлшемі75,83 Kb.
#32956
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептерде 11 сынып оқушыларының қорытынды мемлекеттік аттестаттауға және ҰБТ –ге дайындық деңгейін зерделеу анықтамасы
Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы №1124 бұйрығына сәйкес 2016 жылдың 20-24 желтоқсан күндері Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептерде 11 сынып оқушыларының қорытынды мемлекеттік аттестаттауға және ҰБТ –ге дайындық деңгейі зерделенді.

Зерделеу барысында мектеп бітірушілерді қорытынды мемлекеттік аттестаттауға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру, іс-шаралар жоспарын әзірлеу, жоспар бойынша атқарылған жұмыстардың анықтамалары, хаттамалары зерделенді. Сонымен қатар ҰБТ –дің жаңа форматын оқушылар мен ата-аналар арасында түсіндіру-ақпараттық жұмыстарының жүргізілуі зерделенді.

Зерделеуге қамтылған барлық мектептердің жылдық оқу-тәрбие жоспарына 11 сынып оқушыларының қорытынды мемлекеттік аттестаттауға және ҰБТ –ге дайындық жұмыстарының орындалу туралы мәселелер енгізіліп, мектептің алқалы орындарында қаралған. Дегенмен де Бірлес орта мектебінің жылдық оқу-тәрбие жоспарындағы 11 сынып оқушыларының қорытынды мемлекеттік аттестаттауға және ҰБТ –ге дайындық жұмыстарына қатысты тақырыптары дұрыс емес, атқарылған іс-шаралар материалдары толық емес.

Зерделеуге қамтылған Жамбыл, Бірлес, Ақыртөбе, Смаилов атындағы орта мектептептерде ҰБТ –дің жаңа форматы бойынша орыс тілі, қазақ тілі пәнінен жоспарлары дұрыс емес. Орыс тілі пәнінен Р.Смаилов атындағы орта мектебі, Бірлес орта мектебі, ағылшын тілі пәнінен Ақыртөбе орта мектебінде дәстүрлі, яғни ескі үлгіде тест алған. Жана формат бойынша тесттер жасалмаған. Ақыртөбе орта мектебінде математика пәні бойынша тек қорытынды аттестаттауға дайындық тест жасаған, ал математикалық сауаттылығына тест сұрақтарын даярламаған. Жамбыл атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімінің 11 сыныпты қорытынды аттестаттауға арналған дайындық жұмысының жоспары жоқ. Бірлес орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша алынған тесттерге және эссеге талдау жасалмаған. Ақыртөбе орта мектебінде ағылшын тілі пәнін қазақ сыныбында 3 оқушы таңдағанымен, жана формат бойынша тест алынбаған.Алғабас орта мектебінде тек орыс тілі пәнінің мұғалімі Асылбекова Дана ғана ҰБТ –дің жаңа форматы бойынша бірнеше тест дайындап, оқушылардан сынама тест алған. Аталған мектептің басқа пән мұғалімдері бұрынғы тест кітапшаларымен алған. Б.Момышұлы атындағы шағын орталықты орта мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі А.Ахаева оқушыларды ҰБТ–ге дайындық жұмысының жылдық жоспары бар болғанымен, мерзімдері қойылмаған. Бірлес орта мектебінің әкімшілігі мен пән мұғалімдері тарапынан мектеп бітірушілерден ҰБТ –дің жаңа форматы бойынша сынама тест алмаған. Абай атындағы шағын орталықты орта мектебінің математика пән мұғалімі Б.Есхожаева, орыс тілі пәні мұғалімі М.Бигабылова оқушылардан алынған байқау тесттеріне салыстырмалы талдау жазбаған, қазақ тілі пәнінің мұғалімі А.Тәттібекова оқушылардан алынған байқау тесттеріне талдау жазбаған.

Ақтоған орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Шукирова Мадина тест жұмысына жазған мәтіндік талдауы өте қысқа, нақты ештеңе жазылмаған. Тарих пәнінің мұғалімі Утегенова Ақмарал 11 «А» сыныбында дүние жүзі тарихы пәнін таңдап отырған Салықбаев Қалдыбекпен ешқандай жұмыс жүргізбеген. Яғни осы күнге дейін оқушының таңдау пәні нақты анықталмаған. Хичий Ирина осы күнге дейін 4 эссе жұмысын алғанымен, жұмыстарға ешқандай талдау жұмыстарын жүргізбеген. А.Байтұрсынов атындағы шағын орталықты орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі А.Тоғызбаеваның ҰБТ –ге дайындық жоспарының мектеп әкішілігі тарапынан бекітілмегені анықталды. Подгорное шағын орталықты орта мектебінің қазақ тілінен Бурибаева Раушан эссе, тест жұмыстарын алғанымен, ешқандай талдау жүргізілмеген, оқушылардың даму мониторингі жоқ. Орыс тілінен Асанбаева Салтанат қыркүйектен осы аралыққа дейін бір ғана тест алған. Іс-құжаттарында реттілік жоқ. Жұмысы толық емес. Математика пәнінің мұғалімі Мейманханова Айманның ҰБТ –ге дайындық жоспары мектеп әкімшілігі тарапынан бекітілмеген. Осы күнге дейін 20 сұрақтан тұратын 1 ғана тест тапсырмасы алынған, тест жұмыстары тексерілмеген.

Зерделеу барысында барлық мектептерге тән кемшілік- мектеп оқушылары эссе жазу дағдыларының қалыптаспағандығы анықталды. Себебі оқушылар эссеге қойылатын талаптар мен эссе құрылымын білмейді. Эссе жазу барысында стильдік қателермен қатар, грамматикалық қателер көптеп кездеседі. Демек, сауаттылыққа мүлдем көңіл бөлінбейді.



Зерделеу барысында 11 сынып оқушыларынан сынама тестілеу алынды. Нәтижесі төмендегідей:

Қазақ тілі пәні бойынша төмен нәтиже көрсеткен мектептер: Қызыл шаруа ОМ– 30 % (үлгермеуші -22 % ), Ақбұлақ ОМ– мазмұны - 33% (үлгермеуші -7 % ), Подгорное ОМ - 25% , Р.Смаилов ОМ-36% (үлгермеуші-18% ), Бірлес ОМ-28% , Жамбыл ОМ-28% (үлгермеуші-12%), Т.Рысқұлов ОМ-36,5%, Ы.Алтынсарин ОМ-33,3% құрады.

Математика пәні бойынша төмен нәтиже көрсеткен мектептер: Болтай батыр атындағы орта мектебі -54 %, М.Горький орта мектебі –Қызыл шаруа ОМ - 33%, Ақбұлақ -30 %, Қорағаты, Жамбыл, Р.Смаилов, Бірлес, Ақыртөбе орта мектептерінде -0 % , Т.Рысқұлов ОМ-31,7% (үлгермеуші-33,3%), Октябрь шаруа ОМ-0%, (үлгермеуші-60%), Малдыбай ОМ-0%, Ы.Алтынсарин ОМ-0%, Қ.Сәтбаев ОМ-8,3% (үлгермеуші-29,1%), Жамбыл ОМ, Бірлес ОМ, Р.Смаилов ОМ, Акыртобе ОМ, Подгорное ОМ, А.Шынасилов ОМ- білім сапасы жоқ. А.Байтұрсынов ОМ-33% (үлгермеуші-25%), Болтай батыр ОМ-23% (үлгермеуші-69%) құрады.

Орыс тілі пәні бойынша төмен нәтиже көрсеткен мектептер: Қызыл шаруа ОМ– 30 % (үлгермеуші -22 % ), Қорағаты ОМ- 0% (үлгермеуші -11 % ), Алғабас ОМ-20% (үлгермеуші-40%), А.Шынасилов ОМ, Подгорное ОМ, Ы.Алтынсарин ОМ, Р.Смаилов ОМ, Бірлес ОМ-0%, Қ.Сұлтанбеков ОМ-35% (үлгермеуші-23%), Жамбыл ОМ-30% (үлгермеуші-14%), Ақыртөбе ОМ-6,2%, Т.Рысқұлов ОМ-29,2% (үлгермеуші-14,6%), Октябрь шаруа ОМ-0% (үлгермеуші-60%), Малдыбай-25% Болтай батыр ОМ -5% (үлгермеуші - 62%) құрады.

Қазақстан тарихы пәні бойынша төмен нәтиже көрсеткен мектептер: Қызыл шаруа ОМ – 33 % (үлгермеуші -22 % ), Қорағаты ОМ - 33% (үлгермеуші -11 % ), Т.Рысқұлов ОМ-31,7 (үлгермеуші-17%), Октябрьшаруа ОМ -0% (үлгермеуші-60%), Жамбыл ОМ-18,5 (үлгермеуші-12%), Бірлес ОМ-0%, Р.Смаилов ОМ-18% (үлгермеуші-18%), Ақыртобе ОМ-30%, Шынасилов ОМ-0%,

Физика пәні бойынша төмен нәтиже көрсеткен мектептер: М.Горький ОМ – 0 % (үлгермеуші -38 % ), Алғабас ОМ-20% (үлгермеуші-40%), Қызыл ту ОМ-33,3%, Жамбыл ОМ-0% Р.Смаилов ОМ-0%, Ақыртобе -0%, Б.Момышұлы - 25% (үлгермеуші - 50%), Абай ОМ-0%, Қ.Сәтбаев ОМ-0%, М.Әуезов - 0%, Т.Рысқұлов ОМ-31,5% (үлгермеуші-5,2%) құрады.

Биология пәні бойынша төмен нәтиже көрсеткен мектептер: М.Горький ОМ – 33% (үлгермеуші -16 % ), Октябрь шаруа ОМ-0%, Малдыбай ОМ-33,3% (үлгермеуші-33,3%), Қ.Сәтбаев ОМ-20% (үлгермеуші-30%), Жамбыл ОМ-0%, Бірлес ОМ-0%, Подгорное ОМ-0%, (үлгермеуші-50%), Қ.Сұлтанбеков ОМ-33%, Ақтоған ОМ-0%, Алғабас ОМ-20% (үлгермеуші-40%), А.Шынасилов ОМ-0% құрады.

Химия пәні бойынша төмен нәтиже көрсеткен мектептер: Қ.Сұлтанбеков, Абай орта мектептерінің білім сапасы жоқ.

Дүние жүзі тарихы пәні бойынша төмен нәтиже көрсеткен мектептер: Болтай батыр, А.Шынасилов, Подгорное, (үлгермеуші-50%), А.Байтұрсынов, Ақтоған, Жамбыл, Р.Смаилов, Акыртобе, Т.Рысқұлов, Малдыбай орта мектептерінің білім сапасы жоқ.

География пәні бойынша төмен нәтиже көрсеткен мектептер: Жамбыл, Бірлес, Р.Смаилов, Қ.Сұлтанбеков орта мектептерінде білім сапасы жоқ.

Қазақ әдебиеті пәні бойынша төмен нәтиже көрсеткен мектептер: Б.Момышұлы, Абай, М.Әуезов, Бірлес орта мектептерінде білім сапасы жоқ.

Ағылшын тілі пәні бойынша төмен нәтиже көрсеткен мектептер: Т.Рысқұлов ОМ-25% (үлгермеуші-25%), Қ.Сұлтанбеков ОМ-33%, Болтай батыр, Ақтоған, Ақыртөбе, Б.Момышұлы, М.Әуезов орта мектептерінде білім сапасы жоқ.
Ұсыныстар:

  1. Бітіруші 11 сынып оқушыларымен қорытынды мемлекеттік емтиханға және ҰБТ –ге дайындық барысында алынған сынама тестілеуде төмен нәтиже көрсеткен үлгермеуші оқушылармен жеке жұмыстар жүргізіп, білім сапасын жақсарту мақсатында сапалы жұмыстар атқаруға;

  2. Бітіруші 11 сынып оқушыларымен қорытынды мемлекеттік емтиханға және ҰБТ –ге дайындық жұмыстарын күшейту мақсатында бітіруші 11 сынып оқушыларымен негізгі пәндер бойынша қосымша сабақтар, түзету-коррециялық сағаттар, жеке және топтық дайындықтар өткізуге және мектеп әкімшілігі тарапынан қосымша сабақтардың өтілуіне, оқушылардың толық келуіне бақылау жасауға, нәтижелері туралы ата-аналарына хабарлауға;

  3. ҰБТ –ге дайындық барысында атқарылған жұмыстармен, ҰБТ-дің жаңа форматы бойынша ақпараттық-насихаттық түсіндіру жұмыстарын бітіруші 11 сынып оқушылардың ата –аналарымен, пән мұғалімдерімен, оқушылармен үздіксіз өткізуге;

  4. Барлық жалпы орта білім беретін мектеп директорлары бітіруші 11 сынып оқушыларының білім сапасын жақсарту бойынша нақты жұмыстар атқарып, үлгермеуші оқушылармен, олардың ата-аналарымен және пән мұғалімдерімен бірлескен жұмыстар жандандырылсын.

  5. Жалпы білім туралы үздік аттестатқа және «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткерлердің білім сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстары жандандырылсын.

  6. Бітіруші 11 сынып оқушыларымен ҰБТ –ге дайындық барысында жүргізілген жұмыстарды мектептің алқалы кеңестерінде талқылап, пәрменді шешімдер қабылдансын, атқарылған жұмыстар бойынша сараптамалық талдау жасалсын.

  7. Қазақ тілі және орыс тілі пәндері бойынша оқушылардың эссе жазу дағдысын жетілдіру жұмыстары күнделікті талапқа сай бақылауға алынсын, оқу сауаттылығы мен математикалық сауаттылықты дамыту бағытында жаттығу, оқыту шаралары сапалы ұйымдастырылсын.

  8. Төмен нәтижелі сыныптар мен оқыту сапасы төмен пән мұғалімдеріне мектеп әкімшілігі тарапынан әдістемелік көмектер көрсетілсін.

  9. Дайындық жұмыстары бойынша әр апта сайын мектеп директоры алдында кеңес өткізіп, техникалық хатшылар атқарылған жұмыстар есеп-мәліметтер даярласын.


Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІ АЛҚА МӘЖІЛІСІНІҢ ШЕШІМІ
Құлан ауылы 16.01. 2017 жыл

1. Барлық жалпы орта білім беретін мектеп директорлары бітіруші 11 сынып оқушыларының білім сапасын жақсарту бойынша нақты жұмыстар атқарып, үлгермеуші оқушылармен жұмыстар жандандырылып, үнемі сынама тестілеулер өткізіліп, сапалы салыстырмалы талдаулар жүргізілсін.

2. Бітіруші 11 сынып оқушыларын қорытынды мемлекеттік аттестаттауға және ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстарын әлсіретіп, жекелеген пәндер бойынша ең төмен білім сапасын көрсеткен пән мұғалімдеріне және пән мұғалімдеріне бақылау мен қадағалауды тиісті деңгейде жүргізбеген мектеп директорларының орынбасарларына тәртіптік шара қолдану мектеп директорларына ұсынылсын.

3. Мектеп директорлары аудандық білім бөліміне 2017 жылдың 20 қаңтарына дейін анықтамадағы көрсетілген кемшіліктерді жою бойынша нақты іс – шара жоспары мен атқарылған жұмыстар туралы мәлімет берсін.




Алқа төрайымы Л.Ш. Утеулиева

Алқа хатшысы Е.С.Сейтжапаров

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет