Табиғат -байлықтың көзі



Дата28.01.2018
өлшемі116,97 Kb.
#35288
Достар.

Күн күркіреп, жауып тұр. Қараңғылық түсті. Еш нәрсені көруге болмайды. Алмастың аяғына бірдеңе оралды. Ол еңкейіп жерді қолымен сипады. Қолына жаураған күшік ілінді. Алмас оны үйге алып келді. Таңертең анасы күшікті далаға шығарып жіберді. Алмастың күшіктен айырлғысы келмеді. Шөптен үйшік жасады. Күшікті сонда сақтады. Бір күні ол шөпте көжекті тауып алды Оны да қорада сақтады. Көжек пен күшік Алмасқа дос болды. Алмас қайда барса да, солар бірге барады.

Отбасы

Қазақ отбасында әкенің орны ерекше. Әке – отбасының тірегі. Отбасы мүшелері әкені тыңдайды. Әке – отбасының басшысы , асыраушысы , қамқоршысы. Әкені ана да, бала да құрметтейді, сыйлайды. Бала әкені ренжітпес үшін тәртіпті, еңбекқор, білімді, ұқыпты болуға тырысады. Ана әкені сыйлау арқылы балаларға үлгі көрсетеді. Ананың осы үлгісімен бала әкесін де, үлкендерді де сыйлап, тәрбиелі болып өседі. Ана – отбасының беріктігін сақтаушы. Ана – отбасы мүшелерінің сыйластығын орнатады, ағайын мен туған – туыстардың қарым - қатынасын сақтайды. Ана – отбасындағы татулық ұйытқысы. Ананың орны да ерекше. Әке де, балалар да ананы сыйлайды



Отбасының ең үлкен байлығы – бала. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер»,- дейді қазақ халқы. Әке мен шешенің жақсы үлгісі балаға тәрбие болып табылады. Қазақ отбасындағы тәрбиенің ең бірінші ережесі - әкесін сыйлау, анасын құрметтеу. Бұл – балаға берілетін ең бірінші баға. Ата - анасын сыйлап өткен бала өзгелерді де құрметтеуге үйренеді. Сондықтан қазақ отбасында балаларын әдептіліке, мейрімділіке, адалдықа, сыпайылықа баулыған.

Табиғат -байлықтың көзі

Табиғат ол бізді қоршаған орта аспан, ай, жұлдыз, ауа, күн, өзен, көл, тау, тас, жарық .

Табиғат -байлықтың көзі. Адам мен табиғат әрқашан егіз. Табиғат асыраушы, қамқоршы. Ата-бабамыз «Жер-қазына, су – алтын, мал-байлық» деп тегін айтпаған. Күнделікті оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, ауырғанда ішетін дәріміз, ішіп жүрген тағамымыз, ішер суымыз, тыныс алар ауамыз- осылардың бәрі табиғаттың сыйы. Ерте кездерде халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын киелі, қасиетті деп ұғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын айтатын . Адам табиғаттан өз керегін ғана алып, қалғанына ешуақытта зиян тигізбеген. Табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қатысты заттарды киелі деп қастерлейді.

Спорт-денсаулық кепілі

Спортпен айналысқан адамның дені сау, жаны таза болады. «Денсаулық – зор байлық», - дейді халқымыз. Мен спортты өте жақсы көремін. Аптасына үш күн бассейнге барып, суда жүземін. Футбол, волейбол сияқты доп ойындарын бала күннен ойнап өстім. Қазір де қызметтес достарыммен бірге апта сайын спортзалға барып, спортпен айналысамын. Қыс айларында коньки тебуді жақсы көремін. Таза ауа адамның шаршағанын жеңілдетеді. Спортпен айналысатын адамның көңіл күйі үнемі жақсы болады.

Әдептік

Дәстүр бойынша жасы кішілер үлкендерге сәлемдеседі. Үйге кірген адам үлкен болсын, кіші болсын алдымен сәлемдеседі. Сәлемді алмау-мәдениетсіздік. Менің ойымша оқушылардың жасы үлкен адаммен сәлемдескенде пысықтап, тақылдап кетуі, қол ұсынуы жөнсіз. Тек сұраса ғана жауап беріп, әдеп сақтауы керек. Мысалы, кей оқушылар өздеріне сабақ бермейтін мұғалімдермен сәлемдеспейді. Бұл да әдепсіздік, мәдениетсіздік деп ойлаймын. Біз қайда барсақ та үнемі адамдар арсында жүреміз, көшеде, мәдени орындарда, вокзалда т.б. жерлерде де кейбір мәдениетсіз жастардың қылықтарынан ұяласың. Ол өзгені де өзін де сыйламау. Немесе жасы үлкенге жол беру, орын беру, көмек көрсету кейбір оқушылар тарапынан өте сирек кездеседі. Менің ойымша бұл-әдепсіздік.



Отдасым.

Менің отбасымда тамаша дәстүрлер бар,Қандай да бір мерекелерді бірге өткізу,Жақында апамның туған күні өтті,Біз дастарқанға дәмді тамақтар қойып,апама жақсы тілектер айтып,караокимен ән орындадық,Туған күн өте қызықты өтті. Ал менің отбасымдағы бас міндетім ол сабақты жақсы оқу,ата-анамның айтқанын бұлжытпай орындау,кіші інілеріме сабақ орындауға көмектесу.Үй шаруасына көмектесу ол да отбасыма үлкен көмек. Үйді шаңсорғышпен тазалау,ыдыстар жуу, тағы да басқа шаруаларды орындау

ШоқанУәлиханов (1835 -1865)

Атақты ғалым , кемеңгер ойшыл, от –жалынды азамат, ержүрек саяхатшы Шоқан Уәлихановтың есімі жұртшылыққа мәлім.Ол Орта Азия мен Қазақстанды зерттеудегі ұлы еңбегімен дүние жүзіне аты шықты. Шоқан 1847 жылы,12 жасында Омбының кадет корпусына түскенде,орысша бір ауыз сөз білмеген.Өзінің зеректігі,алғырлығы арқасында орысшаны тез үйренген.Корпустың соңғы кластарында Шоқан ғылым,философия,көркем әдебиет кітаптарын оқып,әлеуметтік тіршілікке көңіл аударған.

Менің Отаным.

Біздің Отанымыз- Қазақстан Республикасы. Қазақстан ірі мемлекеттердің бірі. Біздің елімізде 130- дан астам ұлт өкілдері тұрады. Қазақстанның жері кең- байтақ, шекарасы 16,5 мың шақырымға созылып жатыр. Отанымыз батысында Ресеймен, шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Орта Азия Республикаларымен шектеседі.

Қазақстанның жер қойнауы толған байлық. Қарағандыда - көмір, Өскеменде - мырыш , Балқашта - мыс, Маңғыстауда - мұнай өндіріледі. Еліміздің табиғаты да ерекше, климаты шұғыл континентальді.

Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Өзінің тәуелсіздігін 1991 жылы алды. Біз Отанымызды сүйеміз, мақтаныш етеміз.

Құстар-біздің достарымыз.

Құстар табиғатқа сән береді. Құстардың түрлері өте көп.Құстар жыл мезілдеріне байланысты екі топқа бөлінеді: жыл құстары және қыстап қалатын құстар. Жыл құстары көктемде ұшып келеді. Олар ұя салып, балапан басып шығарады. Ал қыстап қалатын құстар қысы -жазы өз мекенінде тіршілік етеді. Олар ағаш бүршігін, кепкен жемістерді қорек етеді. Құстар -біздің досымыз. Адамдар оларға жемшашар жасап, оған нан қоқымын, жем шашып береді. Құстар –өте пайдалы, олар ағаштарды зиянды жәндіктерден қорғайды.

Абай Құнанбаев

Абай Құнанбаев (1845-1904) -ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. Абай әуелі ауылда Ғабитхан деген татар молдасынан мұсылманша хат таниды. Абайды әкесі он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесіне оқуға береді. Ол бос уақытында Шығыстың ұлы ақындары Низами, Сағди, Қожа Хафиз, Навои, Физули,Фирдоуси шығармаларын өз бетімен оқып, ертегі, дастан, хисса сияқты әдеби мұралармен танысады.

Абай медреседе небәрі үш-ақ жыл оқып соңғы жылдары өз бетімен «приходская школаға» түсіп, орысша да оқиды.

Ыбырай Алтынсарин

Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы .Туып-өскен жері — Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай ауылы Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді..Осы өңірде, Тобыл өзенінің жағасынан топырақ бұйырған. Тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін және интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашты. "Қазақ хрестоматиясы" балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме-новеллалардан құрастырылды. Олардың бірқатарын өзі жазды, біразын сол кездегі орыс оқулықтарынан еркін аударып алды. Хрестоматияға қазақтың халық әдебиетінің үлгілерін де іріктеп кіргізді.

Мүшел жас

Ата – бабамыздан қалған, бізге жеткен қызықты дерек мүшел жас. Мүшелдің таралу өте үлкен. Мүшел есебіндегі жылдар рет саны бойынша аталмайды. 12 түрлі хайуанның атымен аталады. Әр жылғы бір хайуанаттың аты берілген. Мүшел жасты анықтағанда бір ерекшелікті есте ұстаған жөн. Бала 13 жасқа толғана бір мүшел деп қайырады да, кейінгілерге 12 жылды қосып отырады. Сонда бір мүшел - 13 жас, екі мүшел – 25, үш мүшел – 37, төрт мүшел – 49, бес мүшел – 61, алты мүшел – 73, жеті мүшел – 85, сегіз мүшел – 97 деп қайырып, адам жасын оңай шығарады. Мүшел жастардың адам жасына сай аттары болады. Бұл жыл қайыру халықтың тапқырлық есебінің бірі. Ескіше жыл қайыру әдісімен өзінің қазақша қай жылы туғанын неше мүшелге толғанын білгісі келсе, ол өзінің жылын 12 - ге бөлу керек. Қалдықсыз бөлінсе - мешін, қалдық біреу болса – тауық, екеу болса – ит, үшеу болса – доңыз, төртеу болса – тышқан, бесеу болса – сиыр, алтау болса – барыс болып кете береді.

Мемлекеттік тіл

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол – халықтарихымен бірге жасап, ұрпақтан-ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік мәртебе алды. Ол енді толық мағынасында Республикада білімді, ғылымды, техниканы үйрену тілі, мәдениет пен экономиканы дамыту тілі болып отыр. Қазақ тілі түркі тілдері тобына жатады. Түркі тілдері тобына қырғыз, қарақалпақ, өзбек, ұйғыр, түрікмен,әзірбайжан, түрік, татар, башқұрт, тува, хакас, якут т.б. халық тілдері кіреді.

Қазақ халқының тілі - әрі бай, әрі көркем. Қос тіл – қос қанатың. Қазақстанның экономикасын, даму тарихын, мәдениетінің тарихын білу басқа ұлт жастарына да парыз. Парыз ғана емес, әбден қажетті нәрсе. Сонымен, көп ұлттылық, көп тілде сөйлеу тарихи факт болып отырған біздің елімізде басқа ұлт оқушылар да, студенттер де өздері қатынас жасайтын ұлттың тілін, оның тарихын,мәдениетін білулері керек.

Ел ордасы –Астана.

Астананың негізгі 1830 жылы қаланған. 1832- 1961 жылдар аралығында Ақмола қаласы болып аталды. КСРО-да тың және тыңайған жерлерді көтергенде ,КСРО-да тың және тыңайған жерлерді көтергенде, Целиноград қаласы болып өзгертілді. 1991 жылы Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан кейін өз астанасын таңдау құқығына ие болды. 1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен « Ақмола қаласы – мемлекет астанасы » деп жарияланды. Ақмола қаласы қазақ жерінің орталығында орналасқан. Ол1998 жылдан бастап Астана қаласы болып аталады. Қазіргі Астана құрылымы мен бағыты дамып келе жатыр. Қалада биік ғимараттар мен үйлер , сәнді көшелер көп. Олардың әдемілігі көз тартады. Астана көркейіп, күннен –күнге дамып келеді.оның әсемдігін сөзбен жеткізу мүмкін емес.Қаланың көркін барып көру керек. Ол ең әдемі, әйгілі , жас қала. Оның болашағы әлі алда.

Бәйтерек

Бұл ғимарат «Астана -Бәйтерек» монументі деп аталады. «Астана- Бәйтерек» монументі 2002 жылы салынды. «Астана-Бәйтерек» Қазақстан жобасының жетекші авторы Ақмырза Рүстембеков. Сәулетшісі –Норман Фостер. «Астана- Бәйтеректің» биіктігі-97 метр. «Астана- Бәйтерек» монументі-биік және әдемі ғимарат. «Астана- Бәйтерек» -Астана нышаны. Бәйтеректің басындағы алтындалған шардың диаметрі - 22 метр, салмағы - 300 тонна. Жалпы салмағы 1000 тоннадан асады. Бәйтеректе Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың алақанының табы бар. Ол «Аялы алақан» деп аталады. Оның төменгі бөлігінде қонақтарға арналған дәмхана, аквариум бар. «Бәйтеректің» ең жоғарғы қабатына шағын қонақ үйі мен Астанамыздың жаңа бейнесін қызықтайтын үлкен көрініс залы бар.

Бата

Батаны жасы үлкен, сөзге шешен, сыйлы адамдар береді. Қазақ халқында бата берудің өзіндік орны мен жолы, жөні бар. Батаны халық арасында (қонақтар ішінде) үлкен адам болмаса, көптің рұқсатымен, жас болса да бас боларлық жолы, жөні бар адам береді. Ерлер отырғанда әйел бата бермейді. Әйелдер арасында сөз білетін бір ер бала отырса, әуелі сол бата беруге тиісті. Халқымызда батырларға, билерге ардақты аналардың да бата берген кезі көп. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Және де қуаныш пен тойдың ретіне қарай соған лайықты бата беріледі. Қазақта ұлы үйленгенде атасы, ол болмаса, сол әулеттің үлкені, әкесі бата беруге тиіс. Той иелерінің қалауымен екі жасқа бата беруді басқа да үлкен кісілерден сұрауға болады.



Қазақ халқының музыкалық аспаптары

Халықтың музыкалық аспаптары белгілі бір халыққа тән әрі өзіндік ерекшелігі болады. Домбыра – қазақ халқының ең көп тараған екі ішекті аспабы. Ол қазақтар арасында маңызды, өзіндік сипаты бар аспап. Қобыз – екі ішекті, қырыққа тарта аттың қылы керілген ысқышы бар аспап. Асатаяқ – абыздар мен бақсылардың қолданған аспаптарының бірі болған. Қазақтың музыкалық аспаптары – ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан мәдени мұра. Ертеде аспаптарды ағаштан ойып, түрлі өсімдіктерден, малдың терісі мен сүйегінен, мүйізі мен қылынан жасаған. Музыка аспаптарын халыққа хабар бергенде, аңды үркіткенде, ән-күйлер орындағанда пайдаланып отырды. Қазақтың халық аспаптар оркестріне домбыра мен қобыздың алғашқы үлгілерін ұсынған профессор А.Жұбанов болды. Музыкалық аспаптардың үлгілерін Қ.Қасымов, А.Ермеков, О.Бейсенбаев секілді шеберлер жасап шығарды. Бұл аспаптар қазіргі күнде Мәскеу, Алматы, Семей қалаларының мұражайларында сақтаулы тұр.

Жыл мезгілдері

Жылдың төрт мезгілі ауысып келеді. Жыл мезгілдер:көктем, жаз, күз және қыс Бірақ табиғаттың жергілікті жер жағдайына байланысты өзіндік ерекшеліктері бар. Көктем — табиғаттың жаңарып түлейтін кезеңі. Көктемнің басында күн қызуы бірден-бірге күшейіп, жылылық ұлғайып, қар еріп, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі қайта түлеп бүршік жарады.. Жергілікті жердің оңтүстік және батыс аудандарында көктем наурыз айының ортасында немесе соңғы күндерінде, ал солтүстігінде сәуір айының бас кезінде басталады. Көктемде күн ұзарады,түн қысқарады.Көктем мезгілі тез өтеді. Ауаның температурасы күн өткен сайын көтеріледі. Көктемнен кейін жаз келеді. Жаз айлары өте ыстық, әсіресе шілде айы. Балалар демалысқа шығып, қуанып, асық салып достарымен таңнан кешке дейін ойнайды. Міне, жаңбырлы күз келді. Күз – молшылықтың, байлықтың, берекенің айы. Күзде балалар мектепке барады. Күз мезгілін «алтын күз» деп айтатын себебіміз айналаның бәрі сары түске айналады. Күзден кейін «ақ киімді, денелі, ақ сақалды…» да кыс келіп калады.

Наурыз мейрамы

Наурыз - жыл басы. Парсы тілінде "нау" - "жаңа", "руз" - "күн" деген ұғымдарды білдіреді. Халық наурыз мерекесіне алдын - ала дайындалады. Дәстүр бойынша үйге қос шырақ жағылады, ыдыстар айранмен, сүтпен немесе бұлақ суымен толтырылады Бұл - тоқшылықтың белгісі. Табиғатпен байланыс күн Бұл күні бұлақтар тазартылып, ағаштар отырғызылған. "Бұлақ көрсең, көзін аш!", "Бір тал ексең, он тал ек!", деген сөз осыдан шыққан болу керек. Наурыз - достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-біріне деген ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген. Дастарқанның басты асы наурызкөже болған. Наурызкөже жеті түрлі тағамнан жасалған. "Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады!" деген сенім бар. Дастарқан басында жастар үлкендердің батасын алған. Бата - үлкендердің өзінен жасы кішілерге беретін ықыласты тілегі. Ақсақалдар: "Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!" - деп бата береді. Дәстүр бойынша Наурыз айтыс өткізіледі. Бұл жақсылық пен жамандықтың, суық пен жылының, жаз бен қыстың айтысы.

Мектеп кітапхана

Біздің кітапхана бірінші қабатта орналасқан.Онда орыс, қазақ, ағылшын және басқа тілдерде кітаптар бар. Біз күнде кітапханаға келіп тұрамыз.Іші өте таза, жылы, әдемі.Кітапханада түрлі газет-журналдар да көп. Онда өте мәдениетті,инабатты,өз істерін жақсы білетін кітапханашылар жұмыс істейді. Кітапханада керекті журнал немесе кітаппен пайдалануға болады.Мұнда сабаққа дайындалуға жақсы жағдай жасалған.Кітапхананың негізі болып саналатын өте бай библиографиялық анықтама аппараты-жүйелі алфавиттік каталогы бар. Ол –кітапхана қорының негізгі кілті. Қазіргі кезде көптеген жандар ғаламтор қызметін пайдаланса да, бәрібір кітап оқу керек. Кітапханада қазақ, орыс, басқа елдердің шығармалары, журналдар, энциклопедиялар көп. Мен кітапханаға жиі барамын. Мен қазақ халқының ақын- жазушыларының шығармаларын оқимын.

Қазақтың ұлттық ойындары

Қазақ халқының тұрмысы, салт- дәстүрі, ойындары көбінесе төрт түлік малмен байланысты болды.Олар ойынға мал сүйегін, қой құмалағын пайдаланды. Мысалы, «Асық», «Ақсүйек», «Тобық», «Ханталапай», «Тоғызқұмалақ». Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты, тапқырлықты, табандылықты, байсалдықты, тағы басқа мінез- құлықтың ерекшеліктерімен бірге күш- құат молдылығын, білек күшін, дененің сомданып шынығуын қажет етеді. Үлкен мерекелердің қай- қайсысы болсын халықтың «Бәйге», «Қыз қуу», «Қазақша күрес» сияқты спорттың ойындарымен жалғастырылады. Сондықтан қазақ тың ұлттық ойындаы тек ойын- сауықтық жағынан ғана маңызды емес, ол – спорт, ол- өнер, ол- шаруашылық, тәжірибелік маңызы бар тәрбие құралы.

Қорқыт ата

Қорқыт ата – VIII (8) ғасырда Сырдария өзенінің бойында бұрынғы Жанкент қаласы маңында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші. Ол туралы көптеген аңыздар сақталған. Ел аузындағы аңыздарда Қорқыт ата мәңгі өлмейтін өмір іздеуші, мәңгілік өмір үшін күрескер ретінде айтылады. Бірақ ол өмірінің соңында өлмейтін нәрсе жоқ екен деген пікірге келеді. Өзі өлгенмен артында күйлері, ұлғатты сөздері қалады. Ал әдебиет тарихында деректі түрде Қорқыт ата кітабы бар. Қорқыт ата кітабын VIII ғасырларда және одан да бұрын туған аңыздардың жинағы деуге болады. Кітапта қазақ халқының құрылуына тікелей қатысы бар, тарихта белгілі оғыз тайпаларының тағдырына байланысты оқиғалар баяндалады. Күйлері: «Қорқыт», «Аққу», «Желмая», «Ұшардың ұлуы».



Ахмет Байтұрсынов

Ахмет Байтұрсынов- қазақ ақыны,аса көрнекті ғалым,түрколог,педагог,аудармашы,қоғам қайраткері. А. Байтұрсынов орыс қазақ училищесін, мұғалімдер мектебін бітіріп, мұғалімдік қызымет атқарды. Отаршылдыққа қарсы күреске араласқан үшін түрмеге жабылып,жер аударылған. Орынборда «Қазақ» газетін ұйымдастырып,оның редакторы болған. Шығармашылық жолы мысал жазудан басталған. Өзі жазған және И.А. Крыловтан аударған «Қырық мысал»кітабына енгізді. Ақынның «Маса» деп аталатын жинағына қараңғылық пен надандық сынаған өлеңдері енді. А. Байтұрсынов араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы болған. А. Байтұрсынов қазақ балаларының ана тілінде сауат ашуына көп күш жұмсады.
Каталог: uploads -> doc -> 0917
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0917 -> «№5 жалпы білім беретін орта мектеп»кмм директоры: А. А. Канапьянова
0917 -> Сабақтың тақырыбы: Сезім мүшелері Сабақтың мақсаты: Сабақтың міндеттері
0917 -> Сабақтың тақырыбы: Су еріткіш. Суда еритін және ерімейтін заттар. Сабақтың мақсаты
0917 -> Сабақтың тақырыбы: Абылай хан, өмірі және саяси қызметі
0917 -> Сабақтың тақырыбы: Геометриялық прогрессия n-ші мүшесінің формуласы
0917 -> Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті тағамым. Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет