Таңдай жарығымен шартталған ринолалияны зерттеу тарихы



Дата28.04.2020
өлшемі227,5 Kb.
#65046
Байланысты:
stud.kz-77893 (1)


МАЗМҰНЫ


Кіріспе......................................................................................................................

3

  1. Ринолалияны зерттеудегі теориялық негіздер...............................................

5

1.1 Таңдай жарығымен шартталған ринолалияны зерттеу тарихы...................

5

1.2 Ринолалияның пайда болу себептері, белгілері және түрлері.....................

9

1.3 Ринолалияға шалдыққан баланың сөйлеу тілінің ерекшеліктері...............

13

2 Ринолалияға шалдыққан балаларды түзету, оқыту және тәрбиелеу..............

16

2.1 Ринолалияны түзету жұмыстарының мазмұны және әдістемесі.................

16

2.2 Ринолалияда кездесетін әртүрлі ауытқуларды түзету мүмкіндіктері.........

20

2.3 Операцияға дейінгі және операциядан кейінгі кезеңдегі ринолалиясы бар балалармен логопедиялық жұмыс жүргізу ерекшеліктері..........................

22


Қорытынды.............................................................................................................

33

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ........................................................................

34

Кіріспе


Білім туралы Заңының 2-тарау, 8-бабының 6-тармақшасында «Мемлекет даму мүмкіндігі шектеулі азаматтардың білім алуын, дамуындағы ауытқуды түзетуін және әлеуметтік жағдай жасауды қамтамасыз етеді» делінген.

Мемлекет қазіргі таңда даму мүмкіндігі шектеулі жандарға айрықша назар аударып, қамқорлық көрсетіп отыр. Бұл қамқорлықтың бәрі Елбасының халыққа жолдауында, ҚР Білім туралы заңында, «Кемтар балаларды әлеуметтік- медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» т.б. заңдарында айтылып, дамуында бұзылысы бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесі , оларды оқыту, тәрбиелеу , еңбекке баулу және кәсіби даярлығын шешуде, бала мүгедектігінің алдын-алуға бағытталған көптеген көкейкесті мәселелері жан-жақты қарастырылған .



Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар дегеніміз - белгілі бір қамқорлықты қажет ететін немесе өз бетінше өмір сүруден қабілетсіз, дегенмен оларға арнайы жағдай жасалған кезде жартылай еңбекке қабілетті болып келетін және әлеуметтік бейімделе алатын жандар.

Отандық және шетел әдебиеттерде, тіл кемістіктерінің ішіндегі ең күрделі клиникалық нысандардың бірі ретінде ринолалияны атап көрсетеді [1].

Ринолалия – «rhinos - мұрын» «lalia - сөз», бұл сөйлеу аппаратының шеткі бөлімінің анатомиялық-физиологиялық кемістіктерінің салдарынан дауыс тембрінің және дыбыс айтылуының бұзылысы. Адамның сөйлеу мүшелерінің жұмыс істеуі дұрыс болған жағдайда сөйлеу тіліндегі барлық дыбыстарды айтқан кезде таза мұрындық дыбыстардан басқалары мұрын жұтқыншақ пен мұрын қуысының жұтқыншақ ауа қуыстарының аралары бөлініп тұрады. Бұл қуыстар жұмсақ таңдай мен жұтқыншақтың артқы және жанындағы бұлшық еттердің жиырылуының әсерінен таңдай мен жұтқыншақтың жабысуы арқылы бөлінеді.

Ринолалия зерттелу тарихы негізінде ұзақ және азапты жолды басынан кешірді. Оны зерттеуіне дәрігерлер, психологтар, дефектологтар қатыстан. Атап айтар болсақ, ринолалияны түзету әдістерін ойлап табуда Е.Ф. Рау,1933г., Ф.А. Рау, 1933г., З.Г. Нелюбова ,1938г., В.В. Куколь, 1941г., А.Г. Ипполитова, 1955г., 1963, С.Г. Таптапова, 1963г., Т.Н. Воронцова, 1966г., Н.Н. Сереброва, 1969г., Л.И. Вансовская, 1977г., И.И. Ермакова, 1980г, 1984, сияқты ғалымдар өз үлестерін қосты.

Н. И Пирогов (1844), Н. В Воронцовский (1875), П. Субботин (1894), М.И Пайкин (1936) өздерінің жұмыстарында таңдайдың көлемдері қандай деңгейде жедел шараларының әсерінен түрін өзгертуге қабілетті, таңдай көлемдерінің қандай көрсеткіштері мыңқылдау кезінде анақұрлым сәттілікті логотерапияға қолайлы болатыны туралы мәселені талқылап айтып кеткен еді [2].

Ал Хватцев М.Е бойынша, оның ұсынылған әдістемесі, отандық, сондай-ақ, шетелдік көптеген мамандардың тәжірибесін жалпылай отырып, тіпті ең қиын жағдайларда онды нәтижелерге қол жеткізе білді, бірақ, логопедтен жоғары шеберлікті және сөйлеу аппаратының анатомиясы мен физиологиясын жетік білуін, ал науқастардан – күш салуды және ынталануды талап етеді. Ол науқастың сөйлеу аппаратын дамыту үшін жаттығулардың күрделі кешенін, жұмыстардың көптеген механикалық әдістемелерін ұсынады.

Тандай жарыкшасының салдарынан болған ринолалия ерекше симптомдар кешенімен сипатталады:


  1. Tiл қалпының жоне белсенділігінің өзгеруі.

  2. Жұмсак, таңдайдың козғалысын icкe асыратын бұлшықеттер әрекетінің бұзылуы.

  3. Сөйлеу – қозғалу анализаторының бүкіл шеткі (перифериялық) ұшының өзара әрекеттестігінің өзгеруі.

  4. Дыбыс айтудың тотальді бұзылуы.

Ринолалияны түзету - педагогикалык жұмысын төрт кезеңге бөледі

  1. Операцияга дейінгі дайындық кезең.

  2. Операциядан кейінгі кезең. Дауысты дыбыстарды кою. Мұрындык резонансты жою.

  3. Дыбыс айтуын тузету, тыныс алуын, фонациясын және артикуляциясын түзету кезеңі.

  4. Жаңа дағдыларды толық машықтандыру кезеңі.

Ринолалиясы бар балалармен жұмыс кезіндегі басты шарт – сөйлеу аппаратының сау бөліктерін (төменгі және ортаңғы бөлімдерін) жоғарғы ақаулы бөлімге аз салмақ түсуі керек [2].

Курстық жұмыстың өзектілігі: қазіргі таңда сөйлеу дағдыларын дұрыс қалыптастыру үлкен, маңызды рөл атқарады, сондықтан олармен жұмыс жасаудың ең тиімді жолдарын табу өте маңызды болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты: ринолалиясы бар балаларды түзету жұмыстарының негіздерін талдау.

Курстық жұмыстың міндеттері:

- ринолалияға шалдыққан балалар мәселесіне байланысты ғылыми әдебиеттерге шолу жасау;

- ринолалияға шалдыққан балаларды түзету жұмыстарының мазмұны мен әдістемелерін талдау;

- ринолалия кезінде кездесетін әртүрлі ауытқуларды түзету мүмкіндіктерін қарастыру;

- операцияға дейінгі және операциядан кейінгі ринолалия кезінде логопедиялық жұмыстың ерекшеліктерін талдау.

Курстық жұмыстың нысаны: Операцияға дейінгі және операциядан кейінгі кезеңдегі ринолалиясы бар балалар жағдайы.

Курстық жұмыстың зерттеу пәні: Ринолалияға шалдыққан балалармен логопедиялық жұмыс жасау үрдісінің мазмұнын анықтау.



  1. Ринолалияны зерттеудегі теориялық негіздер



    1. Таңдай жарығымен шартталған ринолалияны зерттеу тарихы

Ринолалияны зерттеу тарихы ұзақ және азапты жолды басынан кешірді. Оны зерттеуіне дәрігерлер, психологтар, дефектологтар қатыстан.

Ринолалия бойынша алғашқы жұмыстарды дәрігерлер жазған болатын. Олардың күш-жігерлері қайта қалыптасқан таңдай пердесі (жұмсақ таңдай) жеткілікті ұзын және қозғалмалы болуы үшін және ауыз қуысын мұрын үйлесетіндей етіп, таңдай жиынтығын толық жедел қайта қайта қалпына келтіруге бағытталады. Осы нәтижеге қол жеткізу қаңқа мен мұрын арасындағы өткелді еркімен тұйықталу мүмкіндігін қамтамасыз ететіні және сөйлесудегі мұрындық реңкін жою үшін немесе оны толығымен алып тастау үшін алғышарттар дамытылады деп есептелген болатын.

Н. И Пирогов (1844), Н. В Воронцовский (1875), П. Субботин (1894), М.И Пайкин (1936) өздерінің жұмыстарында таңдайдың көлемдері қандай деңгейде жедел шараларының әсерінен түрін өзгертуге қабілетті,; таңдай көлемдерінің қандай көрсеткіштері мыңқылдау кезінде анақұрлым сәттілікті логотерапияға қолайлы болатыны туралы мәселені талқылаған еді.

Н. И Пироговтың оқушысы Н. В Воронцовскийдің 1870 жылы периосталды уранопластика қалыпты сөйлеуді қалпына келтірудің жолында ең тамаша қадам жасағаны туралы хабарлаған болатын. Оның ойынша, уранопластикадан кейінгі мылқыдаудың сақталу себебі – жұмсақ таңдайдың екінші қайтара қысқаруы, оның қозғалымдығының жеткіліксіздігі мен жалпақтығы бойынша кернеу болып табылады [2].

Ауыз қуысындағы анатомиялық ақауды түзетудегі хирургтардың қол жеткізген сәттіліктеріне қарамастан, олардың ешқайсысы тек жедел араласудың көмегімен ғана сөйлеудің фонетикалық жағын өндеуінде жағымды нәтижелеріне қол жеткізе алмады. Уранопластика өздігінен-өзі жоймайтындығы жалпыға зақымдалған балалардың сөйлеуінде назалды дыбыстауды жоймайтындығы жалпыға мәлім болып айналуда.

А. А Лимбергтің айтуына сәйкес, сүзілмелі ақауды емдеу және ақауды жеңу ісінде хирург оның үлесіне түсетін рөлді нақты түсінуі керек. Хирургиялық емдеудің міндеті – қызметтерінің қалыпты даму мүмкіндігін бұзбау деформацияланған мүшелердің формасы мен көлемін мүмкін болғанша толығымен қалпына қайта келтіру болып табылады. Мүшенің бұрмаланған және жеткіліксіз қызметін түзетуі (сөйлеу қызметтерінің ерекшеліктері) өздігінен-өзі сирек және кездейсоқ қана беріледі.

Хирургиялық емдеу сөйлеудің музыкалық құралы сияқты жақтар мен қақпақшаларды құрастырады. Осы құралды түпкілікті өңдеу мен түзету және онымен ойнауға үйрету емдеудің басқа да қосымша әдістерінде жатыр, олар: ортопедиялық емдеу, ортодонтия мен логопедия.

Ринолалияны зерттеу мен логотерапияның дамуын жетілдіруге шетел мамандары үлкен үлес қосты.

Мысалы, Лемонье, Б. Лангбек, Макуэн, Кез және басқалары таңдайдың жарылуын хирургиялық емдеуді жетілдіруді және сөйлеуі ашық болуы үшін жасөспірімдер мен үлкендерге хирургиялық араласуға қарағанда, оқыту көбіректі беретінін үнемі атап айтқан.

Таңдай пердесінің Пассаван валигімен түйісуі және осының салдарынан таңдай-жұтқыншақ қақпағының жақсаруы обтураторды салуда немесе мұрын шеттерін қысу кезінде қол жеткізіледі, өйткені осы уақытта, ауызда күшті қысым пайда болады. Бұл таңдай пердесінің жоғарыға қарай көтерілуіне әрекеттеседі. Сөйлеу жаттығуларының негізінде – жоғарылатылған дыбыстағы дауысты пайдалану болып табылады. Дауысты айтудың өнімділігі дыбысты сөйлеу кезінде ауыз қуысының барлық ішкі бөліктерінің күшті жүйкеленуі орын алатынымен шартталады; осы кезде таңдай пердесінің белсенділігі жоғарылайды.

Фрешельс сөйлеу ақауын жоюдың серпеліс түріндегі әдісін ұсынды. Жұмыс істеудің осындай әдіс кезіде бір уақытта, қажырлы фонациямен немесе қысқа дыбыстық үйлесімдерді айту кезінде кеуде деңгейіне дейін көтерілген, қатты қысылған жұдырықтардың қозғалуының қарқынды серпіліс түріндегі әдісін ұсынды. Жұмыс істеудің осындай әдісі кезінде бір уақытта, қажырлы фонациямен немесе қысқа дыбыстық үйлесімдерді айту кезінде кеуде деңгейіне дейін көтерілген, қатты қысылған жұдырықтардың қозғалуының қарқынды серпеліс түріндегі бағыттары жасалынады. Осы кезде дамытылатын энергия осы кезеңде жұмыс істейтін барлық бұлшықеттерге таралады да оларды қосымша жұмыс істеуіне мәжбүр еткізеді. Бұл таңдай қақпасының дамуына және нығайуына алып келеді.

Хватцев М.Е. әдістемесі. Жеке тәжірибе негізіндегі неміс мектебінің қағидалары М. Е. Хватцевпен модификацияланған болатын.

Онымен ұсынылған әдістеме, отандық, сондай-ақ, шетелдік көптеген мамандардың тәжірибесін жалпылай отырып, тіпті ең қиын жағдайларда онды нәтижелерге қол жеткізеді, бірақ, логопедтен жоғары шеберлікті және сөйлеу аппаратының анатомиясы мен физиологиясын жетік білуін, ал науқастардан – күш салуды және ынталануды талап етеді. Ол науқастың сөйлеу аппаратын дамыту үшін жаттығулардың күрделі кешенін, жұмыстардың көптеген механикалық әдістемелерін ұсынады [3].

Осы әдістеменің қиындығы мен жеткіліксіз тиімділігі автордың өзімен бірнеше рет айтылған болатын.

Француз бағыты кейбір модификациямен кеңес авторларының (Ф. А Рау, Е. Ф Рау, З. Г Нелюбова, Т. Н Воронцова, А. Г Ипполитова) жұмыстарының бірқатарында дамыды.

Осы жұмыстарда операцияға дейінгі, сондай-ақ, операциядан кейінгі ринолалия кезіндегі логопедиялық жәрдемінің қажеттілігі көрсетілген болатын. Дегенмен, көптеген жайдайларда, назар операциядан кейінгі жұмысқа берілетін және операцияға дейінгі сабақтардың мүмкіндіктері туралы тек байқап қана айтылатын.

1931 жылы Ф. А Раудың «Дооперационные логотерапевтические упражнения при врожденных небных щелях», («Туа біткен таңдай қуыстары кезіндегі операцияға дейінгі логотерапевтік жаттығулар») тақырыбындағы рефераты жарияланған болатын.

Осы жұмыста операцияға дейінгі кезеңдегі дұрыс сөйлеуді тәрбиелеуге бағытталған сабақтарды дыбыстарды қоюдың жалпы қабылданған әдістемесі бойынша жүргізу ұсынылған болатын. Ф. А Рау дұрыс артикуляцияларды операцияға дейін тәрбиелеу қиынырақ, ал дұрыс емес тәрбиеленген қозғалыстар операциядан кейінгі логопедиялық жұмысты шиеленістіру мүмкіндігі туралы ойын айтқан. Осыған байланысты, ол операцияға дейінгі сабақтар кезіндегі сөйлеуді қалыптастыруға өте зейінді болу керек дейді.

1933 жылы жарықа шыққан Е. Ф. Раудың «Практическое руководство по исправлению речи при открытой гнусавости» («Мыңқылдаудың ашық түрлеріндегі сөйлеуді түзету бойынша тәжірибелік нұсқаулылығы») шықты. Ол жерде он бір сабақтардағы жұмыстың әдістемесі беріледі. Мұнда мұрынның қысылған жақтары кезіндегі дыбыстарды дұрыс айтуды тәрбиелеу қағидасын пайдалану мен логопедиялық сабақтардың қысқа тізбекті әдістемесін беруге тырысып көрді.

1938 жылы З. Г Нелюбованың қысқа әдістемелік жазбашасымен «Книга по исправлению недостатков произношения», («Сөйлеудің кемшіліктерін түзету бойынша кітап») басып шығарылған еді. Бұл кітапта науқастармен жұмыстардың сегіз бөлімдері келтірілген және туа біткен жарықтары бар балалардың сөйлеу тілін тәрбиелеудің тәсілдері айтылған.

Алдағы жұмыстармен салыстырғанда, З. Г Нелюбова көптеген жаңа тәсілдерді енгізді: таңдай пердесінің массажы, таңдай пердесіне арналған жаттығулар (есінеу, басты шалқайтқан кезде бірнеше су тамшыларын жұту, шығарылған тіл кезіндегі жөтелу). Автор дауыс – дем шығару ағымының қалыптасуына және диафрагмалды тыныс алудың қалыптасуына көп назар аударды. Сондай-ақ, өте қатты дауысты, дыбыстық сөйлеуді айту кезіндегі қатты шабуылды кең пайдалану көзделді. Бұл жерде ринолаликтің өзінің сөйлеуіне тыңдау назарын дамыту қажеттілігі бірінші рет байқалды және бет бұлшықеттерінің тік түріндегі және хоренкалық қозғалыстарының туындауын болдырмау мүмкіндіктері көрсетілген.

Осылайша, З. Г Нелюбова ринолалия кезіндегі сөйлеу жаттығуларының жүйесін ұсынды.

Ринолалия кезіндегі логопедиялық жұмыстың қиындықтары ақауға әсер етудің жаңа жолдарын іздеуге мәжбүрледі. 1952 – 1955 ж.ж. А. Г Ипполитова т.б ғалымдар «Логопедические приемы работы при открытой гнусавости и псевдобульбарном параличе» («Ашық мыңқылдау мен псевдобульбарлы паралич кезіндегі логопедиялық жұмыстың тәсілдері») (1952) және «Приемы логопедической работы при открытой гнусавости» («Ашық мыңқылдау кезіндегі логопедиялық жұмыстың тәсілдері») (1955) мақалаларында осындай науқастармен жұмыс істеудің тәжірибесін жалпылаған еді.

Көптеген логопедтермен қол жеткізілген, ақауды игеру сәттіліктеріне қарамастан, ринолалия кезіндегі логопедиялық әсер етудің әдістемесі жетілдірілмеген болып қала берді. Жұмыстардың нәтижелері көбінесе жеткілікті дәрежеде тиімділікті болмайды. Осындай жағдайларда науқастарды таңдай пердесін ұзарту үшін операцияға қайта жіберуге тура келді [3].

Кейде олар 3-4 рет операцияланды, бірақ сөйлеулері сол қалпында ақаулы болып қала берді.

Т.Н Воронцованың жұмыстарында (1966) ересек науқастардағы уранопластикадан кейінгі логопедиялық әсер етудің дифференциясы жүргізілген болатын. Жұмсық таңдай ұзындығына, қозғалымдылығына және жұтқыншақ бұлшықеттердің дамуына байланысты Т.Н Воронцова науқастарды 3 топқа бөліп, олармен жұмыс істеудің ерекшелігін көрсеткен болатын. Сонымен қатар, логотерапия мен физиотерапияны пайдаланудың тізімділігі мен үйлесуі көрсетілді, әсер ету езеңдері мен олардың мазмұндары анықталды.

Ақауды игерудің анағұрлым тиімді жолдарын іздей отырып, логопед-мамандар дәрігерлермен бірлесе отырып, ақауды. Талдаудың жаңа әдістерін пайдаланған болатын. Мысалы, логопед Н. И. Сереброва дәрігер Л. В. Дмитриевпен бірлесе отырып (1969) ринолалиясы бар балалармен түзету жолдарының динамикасын көруге және бір логопедиялық тәсілдермен сөйлеудің қызметтерін толық қалпына келтіру мүмкіндігін болжауға мүмкіндік беретін рентгенография әдісін қолданған еді.

Осы әдісті пайдалану, логопедиялық жұмыстың тиімділіг бірқатар факторларға: жұмсақ таңдайдың және жұтқыншақтың артқы қабырғасының қозғалымдылығына, жұтқыншақтың артқы қабырғасы мен жұмсақ таңдай арасындағы қашықтыққа, жұтқыншақтың орта бөлігінің еніне тәуелді екендігін көрсетті.

Берілген сөйлеудің бұзылуы кезінде логопедиялық жұмыстың нұсқаулықтарының біреуі ұсынылады: логопедиялық сабақтарда науқастар сөйлеу кезінде дем шығарудың негізгі тәртіптерін үйренді. Ол таңдай пердесінің кернеуі кезінде, тілдің түбірі түсірілген, төменгі жақтың мүмкін болғанша көп түсірілуі кезінде жасалынуы керек. Дұрыс сөйлеу кезіндегі тыныс алуын өңдеумен бірге, әдістеме дауысты түзетуді және дыбыстарды артикуляциялауды қарастырады.

Осындай жағдайда, ринолалия кезіндегі сөйлеу ақауларын түзету тәжірибесінде рентгенография әдісін қолдану түзету жұмысы басталуына дейін сөйлеуді түзету нәтижелерін алдын-ала болжауға және жұмыстың жоспарын белгілеуге қол жеткізді. Сабақтардың үрдісінде жұмсақ таңдайдың, жұтқыншақтың артқы қбырғасының қозғалымдылығы жақсаруы және олардың арасындағы қашықтық маңызсыз дәрежеде қысқаруы ескерілген [4].

1.2 Ринолалияның пайда болу себептері, белгілері және түрлері

Ринолалия – «rhinos - мұрын» «lalia - сөз», бұл сөйлеу аппаратының шеткі бөлімінің анатомиялық-физиологиялық кемістіктерінің салдарынан дауыс тембрінің және дыбыс айтылуының бұзылысы. Дыбыстың бұзылуы және дауыс әуенінің бұзылуы қатарласып сай келуі ринолалияны дислалия мен ринофониядан ажыратуға мүмкіндік береді. Ринолалияда артикуляция, дыбыс шығару (фонация), дауыс пайда болу механизмдерінің ауытқуы байқалады. Себебі, ауыз, жұтқыншақ және мұрын резонаторының қатынастары бұзылады. Адамның фонациясы қалыпты жағдайда барлық дыбыстарды айтқан кезде мұрын – жұтқыншақ пен мұрын қуысы, жұтқыншақ және ауыз қуыстарынан ажырайды. Бұл қуыстар жұмсақ таңдай, жұтқыншақтың жанындағы және артқы бойының бұлшық еттерінің жиырылуының әсерінен таңдай мен жұтқыншақтың жабысуы арқылы бөлінеді. Дыбыстардың айтылуы кезінде жұмсақ таңдайдың қимылы мен жұтқыншақтың артқы жағының (Пассаван валигі) қалыңдауы пайда болады. Ол жұмсақ таңдай мен жұтқыншақтың бір-бірімен қабысуына мүмкіндік туғызады. Сөйлеп тұрған уақытта дыбыстың айтылуы мен сөздің шапшаңдылығына қарай жұмсақ таңдай үздіксіз бірде төмен түсіп, бірде әр түрлі биіктікке жоғары көтеріліп тұрады. Таңдай мен жұтқыншақтың мықтап қабысуы айтылған дыбысқа байланысты және ол дауыссыз дыбыстарға қарағанда дауыстыларда аз қабысады. Егер жұмсақ таңдайдың артқы жағының шеті мен жұтқыншақтың артқы қабырғасының арасындағы 6мм-ге жуық кеңістік қалатын болса, онда дауысты дыбыстарды мұрыннан естілетін үн пайда болады. Таңдай мен жұтқыншақтың ең нашар қабысуы дауыссыз «в» дыбысында, ал ал ең мықты қабысуы «с» дыбысын айтқан кезде болады. Бұл қабысуы дауысты «а» дыбысының кезіндегіге қарағанда алты-жеті мәрте күштірек десе болады. «М», «н», «ң» мұрын дыбыстарын айтқанда ауа ағымы мұрын резонаттарының кеңістігіне емін еркін кріп кетеді. Таңдай мен жұтқыншақтың қабысуындағы қызметтерінің бұзылуының ерекшеліктеріне байланысты ринолалия әр түрлі болады: ашық, жабық (бітеу) және аралас. Ал этиологиясына байланысты органикалық және функционалды деп бөлінеді.

Ринолалияның барлық түрлерінің негізі – сөйлеу аппаратының шеткі бөлімінің тұтастығының бұзылуы.

Ашық ринолалияда барлық сөйлеу дыбыстарының айтылуы кезінде ауа жұмсақ және қатты таңдай жарықшағының салдарынан тек қана ауыз арқылы емес, сонымен қатар мұрын қуысы арқылы өтеді. Ауыз бен мұрын жолы аралығындағы қақпа жабық тұрған кезде даус дірілі ауыз жолы арқылы өтеді де, сөйлеу мүшелеріндегі дыбыстар дұрыс айтылады, егер ауыз бен мұрын жолдарының аралығындағы қақпа толық жабылмай бір жері ашық қалса ауа дірілі мұрын жолына өтіп кетеді. Соның нәтижесінде ауыз бен мұрын жолы қақпа бұзылған жағдайда әсіресе дауысты дыбыстарды айтқан кезде үннің әуені өзгереді, дауысты дыбыстардың ішінде «и» мен «у» дыбыстарының әуендері көбірек өзгереді, өйткені бұл дыбыстардың артикуляциясында ауыз-жолы басқасына қарағанда көбірек тарылады. «Е» мен «о» дыбыстарын айтқан кезде ауыз жолы кең ашылады. Ашық ринолалияда дауысты дыбыстардың үн әуезділігінің бұзылуымен қатар, кейбір дауыссыз дыбыстардың да үн әуезділігі бұзылады. Ызың және фрикативті дыбыстарды айтқан кезде мұрын қуысында қырылдап естілетін дыбыс пайда болады. Шұғыл (п, б, д, т, к, қ, ғ, г) дыбыстарын айтқан кезде де үн әуезділігі ашық естілуі үшін дұрыс айтылуын қамтамасыз ететін ауыз қуысында ауа қысымы пайда бола алмайды, сондықтан дыбыстар анық айтылмайды. «Р» және «Л» дыбыстардың да айтылуы бұзылады. Ашық ринолалияда «р» дыбысын шығару кезінде ауыздан шығатын ауа ағынының әлсіздігінен тілдің ұшының дірілдеуге шамасы жетпейді. Ашық ринолалияны анықтау үшін әр түрлі әдістер қолдануға болады. Ең жеңілі – Гуцман сынағы (пробасы). Балаға мұрын жолдарын біресе ашып, біресе жауып отырып, кезекпен «а» және «и» дыбысын қайталатады. Ринолалияның ашық түрінде дауысты дыбыстардың айтылуы неғұрлым бұзылады. Мұрын жабық кезінде дыбыстар, әсіресе «и» дыбысы, үнсіз айтылады. Сонымен қатар мұрын қанаттарында өз саусақтарымен қатты дірілді сезеді. Тексеру үшін фонендоскоп қолдануға болады. Тексеру жүргізіп жатқан адам «оливаны» біреуін өз құлағына, екіншісін баланың мұрнына тығады. Дауысты дыбыстарды, әсіресе, «у», «и» дыбыстарды айтқан кезде қатты гуіл естіледі. Ұзақ айтылатын «ф», «с», «ш» дыбыстарын айтқанда қырылдаған дыбыс шығады немесе леп сезіледі [4].

Ашық ринолалия органикалық және функционалды болып бөлінеді. Органикалық ринолалия іштен туа біткен немесе сыртқы соққылар салдарынан пайда болған деп бөлінеді. Органикалық ашық ринолалия туа біткен түрлеріне жұмсақ және қатты таңдайдың жарылуы жатады. Сыртқы соққылардың салдарынан пайда болатын органикалық ашық ринолалияның түріне ауыз және мұрын қуытарының зақымдары және жұмсақ таңдайдың сыртқы соққының әсерінен сал болып қалуы жатады. Туа біткен ерін және таңдай жарықшаларының салдарынан болған ринолалия медицина және логопедия үшін маңызды пробдемаларының бірі. Ол хирург-стоматолог, ортодонт, балалар оториноларингологі, психоневролог және логопедтердің ерекше көңіл аударатын мәселелері деп білеміз. Жарықшалар ең күрделі және жиі кездесетін ауытқу. Бет жарықшалар этиологиясы күрделі ауытқу. Кемістіктің пайда болуына ұрықтың дамуының ерте кезінде генетикалық фактордың ықпалы және экзогендік зияндылық, оның үстіне көп жағдайларда осы және басқа себептердің үйлесуі ықпал етеді. Сонымен қатар биологиялық факторлар (әйелдің жүктілік кезіндегі қызамық, токсаплазмоз, вирусты гепатит, гриптің күрделі түрі және вирустық инфекциялар); химиялық факторлардың ықпалы (ұлы химикаттар, қышқылдар, анасының жүктілік кезіндегі қабылдаған у және емдік дәрі-дәрмек әсері) жағымсыз болуы мүмкін. Психогендік факторлар: шошу, әйелдің жүктілік кезіндегі стресстік күйі. Жүктіліктің бастапқы 7-8 аптасында экзогендік сипаттағы зиянды фактордың жағымсыз ықпалын айрықша баса айтқан жөн. Әдеби деректемелерде тұқым қуалағыш негізінде пайда болған қатты таңдай жарықшалар түрі 10-30% дейін кездеседі деген мәліметтер бар.

Тандай жарыкшасының салдарынан болған ринолалия ерекше симптомдар кешенімен сипатталады:


  1. Tiл қалпының жоне белсенділігінің өзгеруі. Тіл артқа тартыңқы, тілдің ұшы және арқасы күшпен жоғары көтеріңкі күйде болады (бұлшық еттерінің тонусының жоғарылау байқалады). Сондықтан ең жеңіл қимыл-қозғалыстарды орындауы оңай болады.

  2. Жұмсак, таңдайдың козғалысын icкe асыратын бұлшықеттер әрекетінің бұзылуы. Жұмсак таңдайды көтеретін, мұрын және ауыз куыстарын бөлетін барлық бұлшық еттердің кызметі күрт шектеуі болады. Бұл жағдай тек сөйлеуде ғана емес, соны­мен қатар шайнау жене жуту кезінде орын алады. Жұмсақ таңдай сылбыр немесе аз кимылды, өзінің мұрын және ауыз қуысын бөлу кызметін орындамайды. Жұмсақ таңдай мен жұтқыншақтың артқы керегсі қабыспайды.

  3. Сөйлеу – қозғалу анализаторының бүкіл шеткі (перифериялық) ұшының өзара әрекеттестігінің өзгеруі. Артикуляциялық және мимикалық бұлшық еттерінің өзара әрекеттестігінің бұзыдуымен сипатталады. Бұл жағдайда артикуляция кезінде бет бұлшық еттерінің артық қимылы, синкинезиялар байқалады. Туа біткен жарығы бар адамдарда хирургиялық операциядан кейін де бұл қиыншылықтары жойылмайды. Өйткені хеймопластикадан кейін қалатын тыртықтар бет бұлшық еттерінің қимылын шектейді.

  4. Дыбыс айтудың тотальді бұзылуы.

Барлық дыбыстар мұрындық ренкпен айтылады, әсіресе дауысты дыбыстардың айтылуы бұзылады. Дауыссыз дыбыстардың айтылуы жоқ таңдай-жұтқыншақ қалқашасына қарай тартыңқы болады. Соның салдарынан дыбыс айтылуы бұзылады, дыбыстар қырылдап шығады. Дыбыстарды алмастыру сирек кездеседі. Ринолалияға шалдыққан балалар компенсаторлы құрал ретінде жұтқыншақ аймағындағы дем шығару жолында тарылу құрайды.

Функционалды ашық ринолалияның шығу себептері әр түрлі болуы мүмкін. Бұған баланың сөйлеу мүшелеріндегі дыбыстың айтылу кезінде жұмсақ таңдайдың болбырап босаңсуы мысал болады. Функционалды ашық ринолалияның бір түрі – «үйреншікті» ашық ринолалия. Бұл тамақ, көмей бездерінің ұлғайып кеткен ісігін сылып тастағаннан кейін немесе дифтериядан кейін болған парезден пайда болады. Ол жұмсақ таңдайдың қимыл-қозғалысы ұзақ мерзімге дейін шектеулі болғанына байланысты. Ашық ринолалияның функционалды тексеруінде қатты және жұмсақ таңдайында органикалық өзгерістер байқалмайды. Дауысты дыбыстардың айтылуының күрделі бұзылуы фунционалды ашық ринолалияның негізгі белгісі. Ал дауыссыз дыбыстарды айтқан кезде таңдай мен жұтқыншақ жақсы қабысады және олардың үндері мұрыннан шықпайды. Функционалды ашық ринолалияның болжамы органикалыққа қарағанда едәуір қолайлы. Ол фониаторлық жаттығулардан кейін жойылады, ал дыбыс айтуының бұзылуы дислалияны түзетуінде қолданатын тәсілдер арқылы жойылады [2].

Бітеу (жабық) ринолалияда барлық сөйлеу дыбыстарының айтылуы кезінде ауа ауыз арқылы өтеді. Бұл баланың мұрнымен тыныс алуы қиындағанымен түсіндіріледі. Мұрын қуысына өтетін жолды жауып тұратын полип, аденоидтың ұлғаюы, мұрын қалқасының майысуы және басқалар себеп болуы мүмкін. Мұрын резонансы тұтас немесе жарым жартылай дауыс қалыптасу барысында өшеді, дауыс бір қатар обертонын жоғалтады, мұрын жолды дыбыстары (м, н, ң) бұрмаланып қатаң айтылады. Егер мұрын резонансы жоқ болса, онда бұл дыбыстар ауыздан айтылады. Бітеу ринолалияда дауысты дыбыстардың да дұрыс айтылуы бұзылады [9].

М.Зееман бітеу ринолалияның екі түрін ажыратады: алдыңғы бітеу және артқы бітеу ринолалия.

Алдыңғы бітеу ринолалияда ауаның мұрын қуысынан өте алмайтын байқалады. Мұрынның артқы бөлігінің төменгі қабыршығының қалыптан тыс ұлғайып кетіп (гипертрофия), тұрақтап ұзаққа созылуынан, мұрын шеміршегінің майысуынан мұрвн жолының ісуінен пайда болады.

Артқы бітеу ринолалияда мұрын-жұтқыншақ қуысының тарылуы байқалады. Балаларда жиі кездесетін тамақ көмей бездерінің шамадан тыс ісіп кетіп ұлғаюының салдарынан, сирегірек, мұрын –жұтқыншақтың қабынуынан, мұрын-жұтқыншақ фибромасы немесе дасқа ісіктерден пайда болады.

Функционалды бітеу ринолалия балаларда жиі кездеседі, бірақ анықталуы әр уақытта дұрыс бола бермейді. Оның бір екекшеліктері мұрын жолының өтімділігі жақсы және мұрыннан тыныс алуы бұзылмаған жағдайда пайда болады. Функционалды ринолалияда мұрындық және дауысты дыбыстың үнінің әуезділігі органикалық бітеу ринолалияға қарағанда күштірек бұзылған болуы мүмкін. Оның себебі жұмсақ таңдай фонациясының және мұрын жолды дыбыстардың айтылуы кезіндегі әдеттегісінен жоғары көтеріліп кетіп дыбыс толқынымен мұрын жұтқыншаққа баратын жолы жауып қалады. Бұл сияқты құбылыстар жүйке ауруына шалдыққан балаларда байқалады.

Органикалық бітеу ринолалияда ең алдымен мұрын қуысының тарылуының себептері жойылуы керек. Мұрынмен тыныс алуы қалай дұрысталса, ақаулық та солай жоғалады. Егер мұрын жолының тарылуын жойғаннан кейін де ринолалия көрінісі өзгермесе, онда функционалды бұзылыста қолданатын жаттығуларды қолану қажет.

Аралас ринолалия бір уақытта ашық және жабық ринолалия себептері қатар болған жағдайда байқалады, яғни мұрын бітелуімен қатар мұрын-жұтқыншақ қабысуының жеткіліксіздігі бар кезде болады. Сөйлеу тілінің бұзылысының түрі басымдылық бұзылысқа байланысты болады. Жұмсақ таңдайдың қысқа болуы, оның кілегей асты жарылуы және аденоидтардың ұлғаюының үйлесуі аралас ринолалияның көрінісі болып табылады [7].
1.3 Ринолалияға шалдыққан баланың сөйлеу тілінің ерекшеліктері

Сөйлеуге дейінгі кезең өзгеше және аномалды өтеді. Көбінесе әдеттегі сыбдыр дыбыстар «п», «т», «т» мұрын қуысына ауаның кетуінен үнсіз айтылады. Бұл естудің нығаюының жоқтығына немесе күрт төмендеуіне әкеліп соғады, соның салдарынан былдыр белсенділігі азаяды. Сөйлеудің кеш пайда болуы байқалады. Дыбыс артикуляциясы ғана емес, сонымен қатар сөйлеудің продосикалық элементтерінің дамуында азап шегеді.

Артикуляциялық аппарат тұтастығының бұзылу нәтижесінде артикуляция мүшелерінің қалпының компенсаторлы өзгеруі қалыптасады: тіл түбінің жоғары көтерілуі, ерін, тіс пен ерін дауыссыз дыбыстардың, лабиаланған дауыстылардың айтылу кезіндегі еріннің жеткіліксіз қатысуы, мимикалық бұлшық еттеріне күш түсу. Дауыста күрт мұрынмен айту өзгешелілігі пайда болады. Сөйлеу тілінде көп дыбыстардың артикуляциясы бұзылады. Сөйлеудің айтарлықтай жалпы түсініктілігі төмендейді. Кей-кезде сөз төңіректегілерүшін мүлдем түсініксіз болады. Айтылу ерекшелігі жазбаша сөйлеу тіліндегі қателіктерге, тілдің фонематикалық жүйесінің бұрмалануына әкеліп соғады. Сөйлеу тілінің кеш шығуы, логопедиялық көмек көп уақытқа дейін көрсетілмеуі, қажетті сөйлеу тәжірибесі аз болуы, психикалық белсенділігінің төмендеуі баланың сөйлеу әрекетіне әсерін тигізеді. Туа біткен жарығы бар балалардың жазбаша сөйлеу тілінде кездесетін дисграфиялық қателері алуан түрлі. Ринолалиясы бар балаларға тән п, б дыбыстарын м, т дыбыстарына, д дыбысын н дыбысына алмастыру болып табылады және керісінше м – д, м – б, п. Мысалы, бал – мал, тал; доп – ноп, т.б. Ысқырық, ызың дыбыстардың алмастырылуы және шатастыруы жиі кездеседі: засыл – жасыл. Ц дыбысы с дыбысымен алмастырылады: сирк – цирк; ч дыбысы жазуда ш, с немесе ж дыбысымен алмастырылады, ал щ – ж дыбысымен алмастырылады. Р дыбысы л дыбысымен алмастырылып жазылады, керісінше л – алмастыру сирек кездеседі. Қатар келген дауыссыз дыбыстардың, дауысты дыбыстың иүсіп қалғаны байқалады: сакан – стакан; клді – келді, шлек – шелек; керісінше артық дауысты дыбыстарды жазуы да кездеседі. Жазбаша тілдің бұзылуы көптеген факторларға байланысты: артикуляциялық аппаратындағы ақаулығының тереңдігіне, баланың тұлғалық ерекшеліктеріне және компенсаторлы мүмкіншіліктеріне, логопедиялық көмекті алған уақытына және компенсаторлы мүмкіншіліктеріне, логопедиялық көмекті алған уақытына және түріне, сөйлеу ортасының әсеріне. Мектеп жасындағы жалпы сөйлеу тіл дамымауы бар ринолалиясы бар балаларда сөйлеу тілінің лексикалық және грамматикалық жағының дамымауы байқалады. Балалардың сөздік қоры, аз болады. Жазуында балалар қосымша сөздерді, септік жалғауларын, демеуліктерді дұрыс қолданбайды, яғни балалар жазуында агграматизмдер байқалады. Балалардың ауызша сөйлеу тілі дамымағаны оқу кезінде көрінеді. Оқу темпі баяу, сөз элементтерін шатастырады, сөздің формаларын дұрыс ажырата алмайды. Оқығанның мазмұнын түсіну әр түрлі деңгейде болады; фразадағы сөздердің, мәтіннің бөліктерінің өз ара байланысы бұзылуы байқалады.

Ринолалия кезінде сөйлеу тілінің жетіспеулігі науқастың барлық психикалық функцияларының дамуына әсер етеді. Сөйлеу тілінің коммуникативті құрал ретінде бұзылуы науқастың ұжымдағы жағдайын қиындатады. Олардың құрбыларымен қарым-қатынасы көбінесе бір жақты болады да, нәтижесі балаларға кері әсерін тигізеді. Балалар ұялшақ, тұйық, ашуланшақ болады. Ешер ринолалия таза күйінде кездессе таңдай – жұтқыншақ қақпағының қалыптасуына және нығаюына ұмтылатынын ринолалия туралы ілімнің даму тарихы көрсетеді. Бұл үшін жеткілікті ұзындықтағы және қозғалыстағы таңдай пердесінің болуы қажет және онымен Пассаван валигінің тоғысу мүмкіндігі керек. Сонымен бірге, жұмсақ таңдай мен жұтқыншақтың артқы қабырғасының арасындағы қашықтықтардың арақатынасы маңызды мағынаға ие болып келеді [8].

Осыған байланысты, логопедиялық сабақтарда таңдай-жұтқыншақ қақпағының нығаюына байланысты шарттардың дамуы үшін ғана емес, сонымен қатар, ринолалиялардың бүтін симптоматикасын есепке алып, атап айтқанда, тілдің ауыз қуысындағы ақаулық жағдайын ескере отырып жұмыс істеу қажет.

Туа біткен таңдай жарықтарының баланың физикалық және сөйлеу тілінің дамуына тигізетін әсері.

Ринолалияға шалдыққан балалардың психологиялық дамуында кейбір ерекшеліктерінде жиі байқалып қалады.

Ерін мен таңдай жарығы ең көп тараған іштен дамыған ауыр кесел. Осы кеселдің салдарынан баланың даму барысында күрделі функционалдық бұзылу пайда болады.

Ерін мен таңдайы іштен жетілмеген бала өте үлкен қиындыққа ұшырайды.

Ерін мен таңдайдың біреуінің айырылып жарылуы баланың емуіне ерекше қиындық туғызса, ол екеуі бірдей жарылған болса бала сору қабілетінен мүлдем айырылады. Емізу кезінде сүт баланың тыныс алу жолдарына кетіп, оны қақалтып, шашалтады. Сондықтан балаларды қасықпен немесе пипеткамен тамақтандыруға тура келеді. Осылай тамақтандырғанның өзінде балалар шашалып қалады. Оларда жөтел, құсық пайда болады. Тамақтандыру кезінде тамақ толық дамымаған таңдай қыртыстарына, мұрын қуысына, евстахиев түтікшесіне, мұрынжұтқыншаққа және тыныс жолдарына түсіп, сонда тұрып қалады да шырышты қабықтың қабынуына ұшыраталы.

Жоғарғы жақ сүйектерінің дұрыс дамымауына байланысты баланың тістері екі қатар немесе қатты таңдайдың ортасында өседі. Дұрыс тамақтанбағаннан баланың алғашқы (сүт) тістері тез түсіп қалады.

Ринолалиясы бар баланың ему қабілеті төмен, ерін қимылдары зақымдалған болғандықтан олардың бүкіл бет бұлшықеттерінің жетілмеуі көп жағдайда науқастардың интеллектісі сақталған болады. Содан олардың іс-әрекеттері қолайлы жағдайда болады.

Сөйлеу тілінің ауытқуын түзету жұмысы балалардың оң мінез ерекшеліктерінің қалыптасуына себеп болады, жоғарғы психикалық функцияларының дамуын ынталандырады.

Сонымен, туа біткен жарықшалар бала ағзасынын қалыптасуына және жоғарғы психикалық функцияларының дамуына кері әсерін тигізеді. Науқастар өз ауытқуларын орын басатын ерекше жолдарын табады. Соның нәтижесінде артикуляциялық аппарат бұлшық еттерінің өз ара байланысы дұрыс қалыптаспайды. Бұл бірінші реттік бұзылыстың – сөйлеу тілдің фонетикалық өндеуінің бұзылысының – себебі болып табылады. Бұл бұзылыс сөйлеу тілінің бір қатар екіншіреттік бұзылысына және науқастың психикалық статусының бұзылысына әкеліп соқтырады. Бірақ бұндай науқастардың бұзылған функцияларын реабилитациялау үшін компенсаторлы мүмкіндіктері өте жоғары [8].

2 Ринолалияға шалдыққан балаларды түзету, оқыту және тәрбиелеу

2.1 Ринолалияны түзету жұмыстарының мазмұны және әдістемесі

Ринолалияда артикуляция, дыбыс шығару /фонация/, дауыс пайда болу механизмдерінің мөлшерден ауытқуы байқалады, оның себебі ауыз жұтқыншақ пен мұрын резонаторының ара қатынастарының бұзылуынан болады. Адамның сөйлеу мүшелерінің жұмыс істеуі дұрыс болған жағдайда сөйлеу тіліндегі барлық дыбыстарды айтқан кезде таза мұрындық дыбыстардан басқалары мұрын жұтқыншақ пен мұрын қуысының жұтқыншақ ауыз қуыстарының аралары бөлініп тұрады.

Бұл қуыстар жұмсақ таңдай мен жұтқыншақтың артқы және жанындағы бұлшық еттердің жиырылуының әсерінен таңдай мен жұтқыншақтың жабысуы арқылы бөлінеді.

Дыбыстардың айтылуы кезінде жұмсақ таңдайдың қимылымен жұтқыншақтың артқы жағының қалыңдауы бір уақытта болады және ол сонымен қатар жұмсақ таңдайдың арт жақ үсті жұтқыншақтың артқы жағымен жалғасуына мүмкіндік туғызады.

Жұмсақ таңдай мен жұтқыншақтың жақтауларының жалғасу деңгейі жұмсақ таңдайдың ұзындығына байланысты өзгеруі мүмкін.

Ринолалияны түзету - педагогикалык жұмысын төрт кезеңге бөледі


  1. Операцияга дейінгі дайындық кезең.

  2. Операциядан кейінгі кезең. Дауысты дыбыстарды кою. Мұрындык резонансты жою.

  3. Дыбыс айтуын тузету, тыныс алуын, фонациясын және артикуляциясын түзету кезеңі.

  4. Жаңа дағдыларды толық машықтандыру кезеңі.

Ринолалиясы бар балалармен жұмыс кезіндегі басты шарт – сөйлеу аппаратының сау бөліктерін (төменгі және ортаңғы бөлімдерін) жоғарғы ақаулы бөлімге аз салмақ түсуі керек. Ашық ринолалиядағы логопедиялық жұмыс қағидалары атлмыш бұзылыстардың мәнінен және себептерінен туындайды: Әдістеменің негізінде физиологиялық тынысты қолдану қағидасы жатыр. Кейіннен тыныс алудың бұл түрі сөйлеу кезіндегі диафрагмальді ауыз арқылы дем шығарып тыныс алуға біртіндеп ауыстырылады; Сөйлеу кезіндегі тыныс алудың мұндай түрін дамыту сөйлеу тілі дыбыстарының артикулемаларын қалыптастырумен бір уақытта жүргізіледі. Тыныс алуды және артикулеманы қалыптастырудың параллельдігі алғашқы сабақтарда-ақ сөйлеу тілінің дыбыстарын дұрыс айтуға мүмкіндік береді. Ринолалиядағы дыбыс айтудың тотальді бұзылысы байқалады. Соған байланысты логопедиялық жұмыста сөйлеу тілінің барлық дыбыстарын дұрыс айтқызып қалыптастыруды міндетті түрде қайтадан бастау қажет. Сөйлеу тілінің кейбір дыбыстары дыбысталуы бойынша дұрыс болып көрінуі мүмкін, бірақ бұл дұрыс емес, себебі, артикуляциялық аппарат бұлшық еттерінің қатаюы және тілдің дұрыс емес қалпы қалыпты артикуляцияны қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан мұндай дұрыс болып көрінген дыбыстарды логопедиялық сабақтарда пайдалануға болмайды. Сонымен, ринолалиясы бар баламен жұмысты бастағанда, бала айта алатын барлық дыбыстардан бас тартып, жұмысты қайтадан бастау қажет. Бұл сол жұмыстың тиімділігін қамтамасыз етеді [9].

Ринолалияда дыбыстар бойынша жұмыстың кезектілігі дыбыстардың артикуляциялық базасының дайындығымен белгіленеді.

Сөйлеу тілінің дыбыстары бір-біріне тәуелді және бір-бірімен байланысты, сондықтан, дұрыс айтылатын дыбыстардың бір тобының бар болуы басқа дыбыстар топтарын қалыптастырудың туынды базисі болады. Бұл дыбыстардың артикулемелары жаңа дыбыстар тәрбиеленетін қажетті негізі болады. Жеке дыбыстарды қойғанда әр түрлі сүйеніш дыбыстарын қолдануға болады.

Дыбыстардың негізгі артикуляциясына негіз болмайтын дөрекі артикуляциялық жаттығуларды (тілді шығарып ұстау, тілді шығарып жоғарғы ерінге тигізу т.с.с.) қолданбау қажет, себебі олар жеке дыбыстардың артикуляциясын бекітуге қажетті еркін қозғалыстарға мүлдем сәйкес келмейді.

Дыбысты айтуға қажет қозғалыстарды үйретіп, жаттықтыру қажет. Ескертетін жағдай: бала көрсетілген қимылды оңай, қиналмай орындауы керек, себебі, қиналуы сөйлеу аппараты бұлшық еттерінің басқа топтарына берілуі мүмкін.

Қосымша артикуляциялық жаттығуларды қажетті жағдайларда және жекелеген жоспарда ғана қолдануға болады.

Барлық қосымша жаттығулар физиологиялық еркін болып, бала қиындықсыз орындауы қажет. Олар аралас бұзылыстарда жиі қолданылады. Мысалы, дизартрияның ауыр түрінде ринолалиямен күрделенген жағдайда массаж және механикалық көмек қолданылады. Оларды қолдану барысында қажетті бұлшық еттер қозғалыстары дамып, тілдің бір жағының босаңсығанын түзетуге арналған қимылдар жасалып жаттықтырылады.

Дыбысты айтқызғанда ең алдымен баланың назары дыбыстың артикулемасына аударылады; оның ескі үйренген артикуляциясы пайда болған дұрыс дыбыстың бекуіне кедергі жасамау үшін баланың назарын дыбысқа, оны естуге аудармауымыз керек. Бала алдын ала қай дыбысты айту бойынша жұмыс жасалып жатқанын білуі керек.

Дұрыс сөйлеу дағдылары кейде логопед, кейде ата-анамен логопедтің басқаруымен бекітіліп отырады. Алғашқы 10-15 сабақтарда дұрыс сөйлеудің дағдыларын қалыптастыруды тек логопед жүргізеді, яғни балаға үйге тапсырма берілмейді. Артикуляцияларды бала меңгерген соң, дыбыстардың әріп таңбалары енгізіледі: логопедпен сабақта орындалған сөйлеу материалын ата-ананың қадағалауымен өзіндік сабақтарда бекітуге болады. Жеке дыбыстардың айтылуын бекіткеннен кейін оларды логопед қадағалауымен сөзде, сөйлемдерде машықтандыру жұмысы жүргізіледі. Сабақтардағы сөйлеу көлемі біртіндеп кеңейеді, контекстті сөйлеу тіліне дейін күрделеніп, соңғы сөйлеу дағдылары диалог ретінде баламен жаңа жағдайларда бекітіледі. Жоғарыдағы қағидаларға сәйкес А.Г.Ипполитова ринолалиясы бар балалармен операцияға дейін және операциядан кейінгі кезеңде дұрыс сөйлеу тілін дамытудың әдістемесін құрастырған. Әдістемедегі сабақтар оңай, баланы жалықтырмайды, логопедтің еңбегін едәуір жеңілдетеді де, логопедиялық жұмыстың уақытын қысқартады. Жұмыс сөйлеу кезіндегі дұрыс тыныс алуды қалыптастыруға және бір уақытта дұрыс артикулемаларды құрастыруға негізделген [9].

Органикалық бітеу ринолалия кезінде ең алдымен мұрын қуысының тарылуын жояды. Мұрыннан дем алуы қалай дұрысталса, ақаулық та солай жоғалады. Егер мұрын жолының таралуын жойғаннан кейін де бітеу ринолалия немесе ринолалия дағдылы тұлғасынан өзгермесе, онда оған функционалды бітеу ринолалияда балаларға мұрын жолды дыбыстарды айтқызуды жүйелі түрде жаттықтырады. Ауаны ауыздан және мұрыннан ішке жұтуды, сосын осы жолмен тысқа шығуды дифференциялау бойынша дайындық жұмысы жүргізіледі.

Содан кейін дауыс жаттығуларды арқылы тыныс жолын орнықтыру жаттығуларды қиындатылады. Сондай-ақ қозғалысты жаттығуларды қолданғанда тыныс жолының қимылдарын қолдың, дененің қимылдарымен байланыстырудың пайдасы бар. Балаларға мұрынның желбезегі дірілдейтіндей етіп дыбыстарды созып айтуды үйретеді. Онан әрі мектеп жасына дейінгі балаларды дауысты дыбыстарды аздап мұрыннан естілетіндей етіп па,пе,пу,пе,пи буындарын айтуды талаптандырады. Осы тәсілмен дауыссыз дыбыстарды да мұрын жолды дыбыстардың алдында жаттықтырады.

Артикуляциялық гимнастика.

Бала бұл буындарды дұрыс айтуды үйреніп алған соң, енді ішінде мұрын жолды дыбыстарды бар жаңа сөздерді дұрыс айтуға жаттыға бастайды. Мұрын жолды дыбыстарды бар сөздерді мұрыннан анық естілетіндей етіп дауысын созып қатты айтуға тырысу керек.

Жаттығу жұмысының қортындысы дауысты дыбыстарды әрі ұзақ, әрі қысқа және қатты айтумен аяқталады. Сонымен қатар бұндай жаттығуды әннің ырғағымен де орындайды.

Функционалды жабық ринофонияны түзету жұмысы көп емес. Ал ринолалияны алдын ала болжау қиын болғандықтан түзету жұмысының мерзімі де ұзақтау. Оның себебі функционалды бітеу ринолалияның артикуляциясындағы дыбыстардың ақаулықтарын да жоюға тура келеді. Сондай-ақ ринолалияның бұндай түрлеріне шалдыққан балалардың психикалық дамуына кейбір ерекшеліктер де жиі байқалап қалады.

Ашық ринолалияда дауысты дыбыстардың үн әуездерінің бұзылуымен қатар кейбір дауыссыз дыбыстардың да үн әуездері бұзылады екен, ысқырық /свистящих/ және ызың /шипящих/ дыбыстарды айтқан кезде қырылдап естіледі. /ф,в,х/ сол сияқты ерін-тіс /п,б,д,т,к,қ,г,р/ және үнді /л,р/ дыбыстарын айтқан кезде де үн әуездері ашық естілуі үшін дұрыс айтылуын қамтамасыз ететін ауыз қуысында ауа қысымы пайда бола алмайды. Ашық ринолалияда ұзақ созып айтқанда шығатын ауа ағынының әлсіздігі сондай, тіпті р дыбысын шығаруға тіл ұшының дірілдеуге шамасы жетпейді [10].

Ашық ринолалияның функционалды түрін тексерген жұмсақ және қатты таңдайдың органикалық өзгерісі байқалмайды. Функционалды ашық ринолалияның белгісі, бұнда әдеттегісінше сөйлеу тіліндегі дауысты дыбыстардың айтылуы бұзылады, ал бұл уақытта тіліндегі дауыссыз дыбыстарды айтқанда таңдай мен жұтқыншақ жақсы қабысады және олардың үндері мұрыннан шықпайды.

Функционалды ашық ринолалия болжауы органикалыққа қарағанда едәуір қолайлы. Фонитриалық жаттығудан кейін мұрын жолды әуез жойылады, ал дыбыстардың айтылуының бұзылуын дислалия кемістіктерінде бұрын қолданылған тәсілдерді пайдаланып жояды.

Ринолалиядағы таңдай мен еріннің іштен жырық болып туудың себебі логопедия мен бірқатар медицина ғылымы үшін маңызды мәселе болып саналады. /хирургиялық, стомотология, ортодонтия, отоларингология, медициналық генетика және т.б./ Ерін мен таңдайдың жырығы өмірде тараған және іштен дамымаған ауыр кесел.

Ерні мен таңдайы іштен жетілмеген бала емшекті өте үлкен қиындықпен сорады. Ерін мен таңдайдың біреуінің жырылуы баланың соруына ерекше қиындық туғызса, ал екеуі бірдей жырылған бала сору қабілетінен мүлде айырылады.

Баланың тамақтандырудың қиындығы оның өсуін нашарлатады және ол ауруға шалдыққыш келеді. Жырық балалардың көпшілігі жоғарғы тыныс жолының қабынуы, бронхитқа, қан азаю, өкпенің қабынуы, мешел ауруына бейім болады.

Бұндай балалардың лор мүшелерінде: мұрын шеміршегінің қисаюы, мұрын желбезегінің өзгеруі, тамақ көмей бездерінің өзгеруі сияқты потологиялық өзгерістер байқалады. Бұл балаларда мұрындарының ісіп қызаруы жиі болып тұрады. Ісіп қызару барысы мұрынның шырышты қабығына, жұтқыншақтың евстахиев түтігіне ауысып және орта құлақтың қабынуын қоздыруы да мүмкін.

Жиі ісулердің созылмалы ауыруға айналуы есту қабілетінің нашарлауына себепші болады. Есту қабілетінің төмендігі әртүрлі дәрежедегі жырық таңдай балалардың шамамен 60-70 % cөйлеу тілін түсінуге аса қиындық туғызбайтын шала еститіндермен айтарлықтай мүкістігі барлар.

Ерін мен таңдай құрлысының анатомиялық ауытқуы үстіңгі жақ сүйектің дұрыс дамуына және қиқы-сиқы орналасқан тістердің дұрыс тістенбеуімен тығыз байланысты.

Ерін мен таңдайдың құрлысының ақаулығынан пайда болған толып жатқан функционалды бұзылулар дәрігерлердің үнемі бақылап отыруын талап етеді.

Қазіргі кезде нәресте өмірінің бірінші жылы бүтіндей педиатардың міндетіне жүктеледі. Ол нәрсетенің күнделікті тамақтандыру ережесін, сақтандыру және емдеу шараларына жетекшілік етеді, қажет болған жағдайда қатынап немесе жатып емдеуге кеңес береді [11].

Ерін және таңдай жарықтарының сөйлеу тілінің дамымауының қалыптасуына әртүрлі рөл атқарады. Бұл анатомиялық ақаулықтың көлемі мен түріне байланысты.

Жарықтың мынандай түрлері кездеседі:

1. үстіңгі еріннің жырығы, үстіңгі ерін және жақ сүйектер жырығы;

2. қатты және жұмсақ таңдайдың жырығы;

3. үстіңгі еріннің жырығы, тіс түбі қызыл ет өскіні және таңдайдың бір жақты немесе екі жақты жақты жырығы;

4. таңдайдың шырышты қабығы асты жарығы.

Жырық ерін мен жырық таңдайда барлық дыбыстар мұрыннан немесе мұрын жолы реңімен айтылып сөйлеу тілін түсініксіз етіп бұзып жібереді.

Аузындағы асын жұтқанда мұрын жолына кетіп қалмас үшін бала жастайынан тілінің арт жағын көтеріп мұрын жолын жабатындай дағдыға айналдырған. Бұндай әдет баланың сөйлеу тіл мүшелерінің әрекетін өзгертеді.

Жасы ұлғайған сайын баланың сөйлеу тілі дамуының көрсеткіші нашарлайды, жазу тілінің әртүрлі үлгілерінің бұзылуы салдарынан ақаулығының құрылымы асқынады.

Ринолалиясы бар баланың оқуда және келешекте мамандық таңдауда кедергі болатын қиындықтың алдын алу үшін сөйлеу тілі дамуындағы кемістікті жас кезінде түзетіліп қалпына келтірудің әлеуметтік және психолого-педагогикалық түзету жұмысының міндеті баланы тексерудегі анықтаманың нәтижесінде байланысты [12].

2.2 Ринолалияда кездесетін әртүрлі ауытқуларды түзету мүмкіндіктері

Ринолалия кезіндегі ауытқуды түзету медициналық және психологиялық – педагогикалық құралдар арқылы жүзеге асады. Әдетте емдеудің хирургиялық әдістері қолданылады. Уранопластиканың мақсаты – қатты таңдай жарықшасынан құтылу (фиссурорафия), жұмсақ таңдайды ұзарту (ретроранспозиция) және (мезафарингосконстрикция). Хиррургиялық көмек ең біріншіден баланың тамақтануын жақсартуға және қалыпты тыныс алуын қалпына келтіруіне ықпал етеді. Уранопластиканы жасау мерзімі әліде толығынан шешілмеген мәселе. Көптеген мамандар бұндай операцияны мектеп жасына дейін жасаған жөн деп есептейді. Сонда логопедтің көмегімен баланың мектепке барар шағында дұрыс сөйлеуі қалыптасады. Бірақ, кейбір жағдайда баланың 5 – 6 жасында соматикалық және физикалық жағдайына байланысты уранопластиканы жасауға мүмкіншілік болмайды. Жоғарғы ерінінде және таңдайында жарығы бар балаларды хиррургиялық емдеу бірнеше қадамдарда жүзеге асырылады. Ақау формасы мен баланың ағза жағдайына тәуелді еріннің жарығы 2 – 3 күннен бір жылға дейінгі мерзімдерде операцияланады (хелопластика). Бұл баланың дамуынын жақсартады, сыртқы түрін қалыпқа келтіреді. Жоғарғы еріннің, мұрынның қалған ақауларын және таңдайдың деформациясын жою бойынша жұмыс 7 жастан 14 жасқа дейін жасалынады. Логопедиялық тәжірибеде сәтті жасалынған уранопластиканың маңызы өте зор.

Кейбір жағдайда туа біткен жараықшалары бар балаларға операция жасалмай, обтуратор (жарықшаны жауып тұратын пластинаны) қолдануға ұсынылады. Егер обтураторды алғашқы сөздер шыққанға дейін (1-2 жасқа) қолданса, баланың белсенді сөйлеуінің дамуы қолайлы жағдайда өтеді. Бірақ сонда да мұрындық ренк толығынан жойылады деп кепіл берілмейді. Еріннің және таңдайдың жарығы бар балалардың көбісін толығымен реабилитациялау үшін бір хиррургиялық емдеу жеткіліксіз. Бұл науқастар бірқатар мамандардың (стаматолог, ортодонттардың, ортопедтердің, отоларингологтардың, логопедтердің, невропатологтардың, офтальмологтардың және т.б.) тарапынан көмекті қадетсінеді. Оларға көмек диспансерлі бақылау мен емдеу жүйесінің тақырыбында көрсетіледі. Диспансеризация қазіргі заманғы қағидасының ғылыми негіздемесі мен тәжірибеде кең пайдаланылуын Б. Я. Булатовская 1958 – 1971 жылдары тәжірибеде кең жүзеге асырды. Оның ұсынысы бойынша, жарықтары бар балаларды диспансерлі бақылау мен емдеудің бастамасын қойған шаралар өткізілді [13].

Диспансеризация келесідей түрде жүзеге асырылады: баланың бірінші рет қаралуы кезінде медициналық бике оны есепке қояды, диспансерлі картаны бастайды. Баланы хирург, ортодонт, педиатр қарайды. Ата – аналардың сөздерінен жетік анамнез жиналады. Бастапқы диагноз қойылады. Ата – аналарды емдеудің қадамдары мен мерзімдерімен таныстырады, олардың баланы кешенді емдеудегі рөлдерін түсіндіреді. Сүйек жақ – бет саласындағы қосымша ауытқуларды және дефформацияларды анықтау мен алдын алу және тиісті емдеуді белгілеу үшін кешенді қараулар ұйымдастырылады.

Патологияның сипаты мен ауырлығына тәуелді балаларға амбулаторлық немесе стационарлы бақылау ұсынылады. Маңызды буын – баланың нәрестелік жасынан көрсетілетін ортодонтикалық жәрдем болып табылады. Патология мен жасына қарай механикалық, қызметтік және аралас әсер етудің аппараттары дайындалады. Уранопластикадан кейін (таңдайға операция) жұмсақ таңдайды қалыптастыратын қорғаныс пластинкалары пайдаланылады және т.б. Психикалық даму жағдайына тәуелді жарықтары бар балалар аса әртекті топты құрайды: қалыпты психикалық дамыған балалар; ақыл – ес дамуы тежелген, олигофрениясы бар балалар (әртүрлі деңгейдегі). Кейбір балаларда бөлек неврологиялық микробелгілері бар: нистагм, көз саңылауларын, мұрын-ерін қыртыстарының жеңіл ассиметриясы, сіңір және перистальді рефлекстердің жоғарылауы. Осындай жағдайларда, ринолалия орталық жүйке жүйелерінің ерте кезектегі зақымдануымен шиеленіседі. Маңызды дәрежеде балаларда жүйке жүйесінің қызметтік бұзылулары, өзінің ақауына психогенді әсерлесулерімен анықталған, жоғарылатылған қозушылық және т.б жиірек байқалады [14].

Ринолалияға шалдыққан балалармен коррекциялық жұмыс дифференциялды түрде баланың жасына, артикуляциялық аппараттың шеткі бөлігінің қалпына және сөйлеу тілінің даму ерекшеліктеріне байланысты жүргізіледі. Балаларды логопедиялық мекемелерге орналастырудың негізгі белгісі сөйлеу процесінің дамуы болып табылады. Сөйлеу тілінің фонетикалық – фонематикалық жетіспеушілігі бар балаларға логопедиялық көмек балалар емханаларында амбулаторлы немесе стационарлы көрсетіледі, сөйлеу тілінің басқа процестерінің жетіспеушілігі бар балаларға арнайы балабақшаларға алынады. Мектеп жасындағы фонематикалық қабылдауында күрделі жетіспеушіліктері бар балаларға көмек жалпы білім беру мектебіндегі пункттарда көрсетіледі.

Туа біткен таңдай жарықшалар балалардың дамуына өте көп әсерін тигізеді: бұндай балалар соматикалық әлсіреген, аурушаң болып келеді. Сонымен бірге олардың ішінде есту қабілетінің төмендеген балалар жиі кездеседі. Ринолалия кезінде сөйлеу тілінің кемістігімен қатар жоғарғы психикалық функцияларының дамуының және іс-әрекетінің қалыптасуының ерекшеліктерімен сипатталады.

Ринолалиясы бар балалардың сөйлеу тілінің кемістіктері өмірге келген кезінен бастап бір қатар себептермен негізделеді.

Бірішіден тыныс алу және тамақтану функцияларын қамтамасыз етуі тілдің спецификалық қалпына (тілдің түбі өте жоғары көтерілуі) әкеледі. Тілдің бұндай қалпы бір жағынан оның функционалдық мүмкіншіліктерінің бұзылуына, екінші жағынан бұзылыстың компенсациясына (орын басуына) әкеліп соқтырады (сөйлеу кезінде артикуляцияға бет, маңдай бұлшық еттері қатысады, көптеген синкенезиялар пайда болады) [15].

2.3 Операцияға дейінгі және операциядан кейінгі кезеңдегі ринолалиясы бар балалармен логопедиялық жұмыс жүргізу ерекшеліктері

Кейінгі кезге дейін операцияға дейінгі кезеңде ашық ринолалияда логопедиялық ықпал ету қолданылмады, немесе тек айтылып жүрді. Сабақтар негізінен операция жасалған науқастармен жүргізілді. Операциядан соң анатомиялық ақау толық немесе жартылай жойылды, бірақ сөйлеу тілі қажетті нәтижеге жетпеді.

Уранопластика операциясын кеш жасау, оның сөйлеу тілінің жетілуіне толықсыз нәтижесі, операциядан кейінгі кездегі логопедиялық әсердің ұзақтылығы және көптеген басқа себептері операциядан кейінгі логопедиялық ықпалының уақытын қайта қарап, операцияға дейінгі кезде логопедиялық жұмыстың жемісті жолдарын іздеуге әкелді.

Ринолалиядағы сөйлеу тілі ақаулығы таңдай жарықшаларының болуымен және ауыз қуысындағы тілдің қате қалпы, артикуляциялық аппарат бұлшық еттерінің өзара жұмысының бұзылуымен күрделенген болса, кейінгі екі ақаудың түзету (ауыз қуысындағы тілдің дұрыс емес қалпы және артикуляциялық аппарат бұлшық еттерінің өзара байланысының бұзылуы) операцияға дейін мүмкін және де сөйлеу тілінің жақсаруына ықпал етеді. Сонымен, операцияға дейінгі дұрыс сөйлеуді қалыптастыруға жағдай жасауға болады. Егер науқаста анатомиялық ақау және де белгілі бір психологиялық ерекшеліктері болса операцияға дейінгі логопедиялық көмек көрсетіледі. Ринолалияда дұрыс сөйлеуді қалыптастыру (дыбыс айту бойынша жұмыс) ауыз арқылы бағытты тыныс алуға тәрбиелеуді сөйлеу тілі дыбыстарының дұрыс артикулемаларын бір уақытта жасаумен кезектеледі. Логопедиялық жұмыс процесі екі кезеңге бөлінеді.

Дайындық кезеңі. Бұл кезең сабақтарының негізгі мақсаты – сөйлеу кезіндегі тыныс алуды қалыптастырумен қатар артикулемаларды меңгерту. Кезеңді шартты түрде екі бөлімге бөлуге болады:

А) ауыз және мұрын арқылы тыныс алуды ажырату және қалыптастыру;

Ә) дауысты дыбыстар және фрикативті қатаң дауыссыз дыбыстар артикулемаларын айтқанда (дауысты қоспай) ауыз арқылы ұзақ дем шығаруды қалыптастыру.

А. Сөйлеу кезінде тыныс алуды қалыптастыру. Сөйлеу кезіндегі тыныс алуды қалыптастыру баламен жұмыс жасау барысында жүргізіледі. Дайындық кезеңінде бұл жұмыс ауыз арқылы ұзақ дем шығаруды қалыптастырумен ғана шектеледі.

Жұмыстың бұл жүйесінің негізінде физиологиялық тыныс алуды пайдалану, сөйлеу кезіндегі қозғалыстарды қиналмай ажырату және физиологиялық табиғи ажырату жатыр. Дұрыс сөйлеу тілін қалыптастыруда тиімді тыныс алу – ол диафрагмальді (қабырға астылық) тыныс алу [16].

1 кезең. Оқытудың басында баланың физиологиялық тыныс алуын белгілеу қажет. Ол үшін логопед өз алақанын баланың белінен жоғары бүйір жағына қояды. Баланың тыныс алуы қабырға астылық болатын болса, логопед өз тыныс алуын оның тыныс алу ритміне сәйкес етіп, жұмысты бастайды. Егер балада жоғарғы бұғаналық немесе кеуделік тыныс алу болса қабырға астылық тыныс алуды еліктеу арқылы қалыптастыру керек. Ол үшін баланың алақанын өз бүйіріне басып, логопед өз алақанымен баланың тыныс алуын тексереді. Бала логопедтің дем алу кезіндегі қабырғалардың қозғалысын сезініп, қабырға астылық тыныс алуға ауысады. Ауыз ашық кезіндегі сабырлы дұрыс тыныс алу пайда болысымен ауыз арқылы және мұрын арқылы тыныс алуды ажыратуға көшуге болады. Оқушыға тыныс алып, дем шығарудың әр түрлері болып келетіндігі туралы айтып түсіндіру қажет: ауыз жабық кезде тыныс алу мен тыныс шығару мұрын арқылы жасалады; ауыз ашық кезде тыныс алумен тыныс шығарудың әр түрлі үйлесулері болуы мүмкін. Мұндай түсіндіруден кейін балаға нақты тыныс алу жаттығуларын орындау ұсынылады. Бұл жаттығулардың мақсаты – дем алып, дем шығарудың әр түрін жаттығу барысында диафрагмальді тыныс алу және біртіндеп сабырлы дем шығару. Сонымен бірге, бұл жаттығулар тыныс алудан кейінгі кідірістен кейін тыныс алудағы сөйлеу кезіндегі тыныс алудың ритміне негіз болады. Сөйлеу кезіндегі кідірісті қалыптастыру ішкі себептермен пайда болады, себебі бала тыныс шығаруын тоқтатып, назарын демді қалай шығару екендігіне аударады: тыныс алудан тыныс шығаруға көшкенде мұрын арқылы ма, әлде ауыз арқылы ма. Кейін дауысты дауыссыз дыбыстарды айтқызып үйрету кезінде бұл кідіріс уақыт бойынша созылады және бекітіледі. Ал, буындар, сөздер, сөз тіркестеріне көшкен кезде ол толығымен қалыпты болады да, сөйлеу кезіндегі дұрыс тынысты қамтамасыз етеді. Мұндай жаттығулар кезінде баланы тыныс алып, тыныс шығару кезіндегі ауыз қуысы және жұтқыншақ қуысының кілегейлі қабықтары арқылы өтетін бағытты ауа ағының сезінуге үйрету қажет. Ауыз арқылы шығатын ауа ағынының бағытын тегіс қағаз бетіне қойылған мақтаның қозғалысымен немесе тыныс шығарғанда алақанды ауызға тақап ұстау арқылы қадағалайды. Осы кезде бала ауа ағынының бағытын бақылап, логопедтің айтуы бойынша түзетіп, өзгертіп отыра алады. Мұндай дем шығару ауыз арқылы толық, сабырлы тыныс шығарудың бағыттылығын қалыптастырады.

Дайындық кезеңіндегі басты міндет – ауыз арқылы тыныс алуды ұйымдастыру болғандықтан барлық артикуляциялық жаттығулар дауысты қоспай жасалады. Бала өзі орындап отырған жаттығулардың дауысты дыбыстар артикулемасы екенін білмейді. Бұл уақытта логопедтің артикулемалардың қалпын анықтап жақсартуға мүмкіндігі туады. Қалыптастырылатын артикуляцияларды ринолалиясы бар бала кинестетикалық түрде есте сақтайды, артикулема және оның суреті арасындағы шартты рефлекторлы байланыс белгіленеді де, ол суретке сүйеніп еркін түрде сыбырлап айтады. Логопедтің түсіндірулері бойынша бала дауыс айту мүшелерінің нақты қалпымен, ауыз арқылы шыққан ауа ағынының бағытымен танысады. Артикулемаларды қалыптастыру кезінде бала жаттығуды қиындықсыз орындауына назар аударып, бет және мимикалық бұлшық еттері синкинезияларының пайда болуының алдын алу керек. Оральді праксисті дамыту кезінде ринолалия сөйлеу тілінің басқа бұзылыстарымен аралас болған жағдайда, ықпал етудің қажетті арнайы жолдарын қарастыру қажет. Іріктеп алынған артикуляциялық гимнастиканың қағидасы сөйлеу тіліндегі дыбыстар артикулемасын жасамайтын қосымша артикуляциялық жаттығуларды қолдануды көздейді. Мысалы, ринолалия мен дизартрия болғанда тілді жоғары көтергенде кенет сол жаққа ауытқиды. Бұл оң жақ бұлшық еттер сол жақ бұлшық еттерден әлсіз екенін көрсетеді. Мұндай әлсіздік кезінде тілдің оң жағының бұлшық еттерінің күшін бекітіп дамытуға арналған арнайы жаттығулар жүргізу қажет. Ол үшін баладан тістердің жоғарғы сол және төменгі жағына тілді тигізіп, тілмен сол жақ ұрттың ішкі жағын тіреуді сұрайды. Бұл тілдің сол жағының бұлшық еттеріне күш береді. Тілдің сол жағы әлсіз болғанда көрсетілген жаттығулар сол жаққа түсетін күшті ескеріп жасалады. Кедергіден өтуге арналған жаттығулар тиімді болып келеді [17].

Тіл, ерін, бет бұлшық еттерінің еркін қозғалысын жақсарту үшін артикуляция кезінде балаға тілге түскен қатаюды қалай жасау керектіг туралы айтып, өзі сол қатаюды, «естуіне» үйрету қажет. Осы артикуляцияға қатысты дыбыс айту мүшелерінің қалпын сезініп, сол қалыпты көзбен көріп (айна алдында) және кинестетикалық түрде сезіндіру қажет. Бала анық сезіну үшін механикалық түрде көмектесуге болады. Мысалы, тілді залалсыздандырылған дәкемен ұстап, қажетті қалыпқа әкелу.

Сонымен, логопедиялық жұмыстың мұндай жүйесінде артикуляция мүшелерінің спецификалық гимнастикасы пайдаланылады (сөйлеу тілінің дыбыстарын айтуға қажетті қозғалыстары ғана жаттығады); сонымен қатар, артикуляциялық праксистің дамуына ықпал ететін қосымша жаттығулар қолданылады. Артикуляциялық праксисті дамыту тыныс алу қозғалыстарын дамытумен бір уақытта жүргізіледі. Дыбыс артикуляциясын жасауға арналған барлық жаттығулар ауыз арқылы тыныс шығаруға үйрету болып табылады, яғни сөйлеу кезінде тыныс алуға үйрету тәсілі және сөйлеу аппаратының гимнастикасы болып табылады.

Дайындық кезеңінде дыбыстармен жұмыстың кезектілігі.

Дауысты дыбыстар: дауысты дыбыстардың артикулемалары мынадай кезектілікте қалыптастырылады: а, ә, э, о, ы, і, ү, ұ, у, и, я, е, ю, й. Я, е, е, ю дыбыстары және сәйкес дауысты дыбыстар (а, э, о, у) қосындысынан қалыптастырылады. И дыбысы тыныс шығарудың бағытын дифтонгтың 1-ші және 2-ші бөлімінде байқауға мүмкіндік туғызады. Дыбыстардың артикуляцияларын жазу үшін артикулемалардың ерекшеліктерін белгілейтін дыбыстардың реттерін ұсынамыз: (а, э, о, у, и) дыбыстары. Бұл суреттер еріндердің созылу бағытын көрсетіп, ерін бұлшық еттеріндегі қатаюды көбінесе жоғарғы ерінге түсетінін көрсетеді. Ы дыбысын айтқанда қатаю мұрын қанаттарында; и дыбысында ауыз ұрттары симметриялық түрде көлденең созылады. Ауыз арқылы тыныс шығару ұзақтығы сызбада – ұзақ сызықпен көрсетіледі, ал қысқалығы – нүктемен (й – дыбысында) [9].

Жұмыстың дайындық кезеңінде фрикативті қатаң дауыссыз дыбыстар мынадай кезектілікпен қалыптастырылады: ф, с, ш, щ, х. Дауыссыз дыбыстарды қалыптастыру: ф-дыбысынан басталады. Себебі, артикуляциясы өте қолжетерлік. Бұл артикуляциялық қалыпты бала көре алады, логопед тексере алады. Бұл дыбыстың ұзақ айтылуы, әдейілеп созу мүмкіндігі баланың назарын ауыз арқылы тыныс шығаруға аударып, қадағалауға мүмкіндік береді. Үзілмелі дыбыстар тобы бұл жағынан күрделі болып келеді, сондықтан олармен жұмыс кейінірек жүргізіледі.

Дайындық кезеңіндегі логопедиялық сабақтардағы материалдың мөлшері. Әр сабақта балаға ұсынылатын жаттығулар саны әр түрлі болады. Сондай-ақ, алғашқы сабақта ауыз арқылы тыныс шығаруға жаттықтырумен шектелуге болады, кейде дауысты дыбыстардың бірнеше артикулемаларын қалыптастыруға көшуге болады. Ересек балаларға көбірек жаттығулар беруге болады, бірақ бір сабақта жаттығулардың барлық түрлерін жасатып асықпау керек. Жоғарыда көрсетілген артикулемалармен жұмыс кезектілігін міндетті түрде сақтану керек. Басында анық, толық жасалмай жатқан артикулемаларды тиянақты түрде жасатуға тоқталмаған жөн. Сөйлеу ағымында әрбір дыбыс алдындағы немесе келесі дыбысқа байланысты өзінің артикуляциясын өзгертеді, сондықтан жұмыс жасалып отырған артикулемалар сөйлеу тілін жаттықтырғанда анық сипатқа ие болады.

Әрбір сабақ бұрын өткенді міндетті түрде қайталаудан басталады. Алғашқы сабақтарда әр типті жаттығуларды көп мәрте қайталау қажет; кейінгі сабақтарда үстіртін қайталаумен шектелуге болады.

Сабақтар хаттамаларының көшірмелері бойынша дауысты және қатаң дауыссыз дыбыстарды қалыптастыру бойынша жүргізілетін жұмысты қарастырайық. Баламен бірге дем алып, дем шығарудың барлық түрлерін үйренген соң, ауыз арқылы тыныс шығару дағдысын бекітуге, бір уақытта дауысты дыбыстардың артикулемаларын жасауға кірісеміз.

Сонымен, жұмыстың дайындық кезеңінің бағдарламасы баланың ауыз арқылы дем шығарып, дыбыстар қатарын (сыбырлап айтуда – дауыстылар мен фрикативті қатаң дауыссыз дыбыстар) меңгеруіне ықпал етеді.

Осы кезеңнің негізгі ерекшеліктері: тыныс алу және артикуляция бойынша жұмыстың қатар жүргізілуі; дыбыстарды айту кезінде естіп, бақылаудан баланың максимальді түрде аулақ болуы; жаңа жаттығулар кешенін меңгеру алдында бұрыңғы материалды үнемі қайталап отыру.

Негізгі кезең. Ауызбен демді (тынысты) ұзақ шығару кезінде дауыс қосу; Үзілмелі дауыссыз дыбыстарды айтқандағы ауызбен қысқа дем шығаруды қалыптастыру; Сонорлы дыбыстар тобын және аффрикаттарды айтуды қалыптастыру кезінде ауызбен және мұрынмен қысқа және ұзақ дем шығаруды ажырату;

Жіңішке дыбыстарды қалыптастыру.

Бұл кезеңнің сабақтарының негізгі мақсаты – бірінші кезеңдегідей, яғни артикулемаларды дамытумен бір уақытта сөйлеу кезінде дұрыс тыныс алуды қалыптастыру.

1-кезең. Фрикативті дыбыстарды айтқызу жұмысы қатаң үзілмелі дыбыстарды қалыптастыруға дейін жүргізіледі. Себебі үйретілген артикулемалардың барлығы бірдей ауызбен тыныс шығаруда айтқызылады.

1-кезеңнің мақсаты – балаға демді ұзақ шығару кезінде дауысты қосуға үйрету [18].

Дауыс қосуды дауысты дыбыстар артикуляциясына сүйеніп жасауға болады, бірақ дауыссыз ф-дан дауыс шығаруды бастаған тиімді. Қатаң Ф, ұяң В дыбыстарды айтқан кезде дауыстың қосылған-қосылмағанын білу үшін көмейдің қозғалысын бақылау керек. Ол үшін тактильді –вибрациялы бақылау қолданамыз. Баланың сұқ саусағы логопедтің көмейіне (қалқанша шеміршегінің үстіне (жоғарғы жағына) қойылады да, логопед балаға түсіндіреді. Дауыссыз тыныс шығарғанда (ф-дыбысында) көмей жұмсақ, ал, дауыс қосылғанда (в-дыбысында) көмей қатайып алға қарай қозғалады да, бұл қатаю дауыс естіліп болғанша байқалады. Бұл құбылыстың механизмі оңай түрде балаға түсіндіріледі. Бала қатаюды өзінің тамағында сезінуі және есінде сақтауы керек.

2-кезең. Екінші кезеңде ауыз арқылы дем шығарудың жаңа түрі қалыптастырылады: ауыз арқылы дем шығару. Баланың назарын шығарылған ауа ағынының шапшаңдығы мен екпінділігіне аудару қажет. Дем шығарудың бұл түрін меңгеру п, б, т, д, к, қ, г дыбыстарын қалыптастыру кезінде жүргізіледі. Қысқа дем шығаруға дайындық жаттығуы ретінде й дыбысын айту кезінде дем шығарып жаттықтыру алынады.

П дыбысын қою үшін, бала жабық еріндерге шығарған ауа ағыны екпінді, шапшаң болатындай етіп, үрлеуі керек. Дәптерге артикуляция сызбасы салынады (жабық еріндер). Кейіннен дәл осындай тыныс шығару б дыбысын дауыс қосып айтуында бекітіледі.

Т дыбысын қою үшін тілдің ұшы жоғарғы тістер артында болып, жоғарғы альвеолдарға тақап жапсырылуына назар аударылады. Белсенді және екпінді (қысқа) дем шығару тілмен альвеолдар арасындағы қабысуды үзеді. Кейіннен Т және Д дыбыстарын дыбыстаумен айналысамыз.

К дыбысы артикуляциясын көрсетіп, түсіндіру арқылы айтқызылады. Балаға тілдің ұшын тіл асты желбезегінің түбіне тигізіп, ауызды сәл жабыңқырап, ауызбен дем шығаруды ұсынамыз. Сәтсіздік жағдай туындаса, дәстүрлі К дыбысын Т-дан қою әдістемесін пайдаланамыз.

3-кезең. Дауыссыз дыбыстармен жұмыс: л, р, н, ң, м – сонорлар тобы және аффрикат – ц, ч дыбыстарын қалыптастыру.

Жуан л дыбысының артикуляциясы күрделі. Л дыбысының жуан айтылуы тілдің түбінің жоғары жеткілікті көтерілуіне байланысты. Осындай көтерілу дауысты ы дыбысын айтқанда да пайда болады. Сондықтан, ы дыбысын жуан л дыбысын үйрету кезінде сүйеніш қылып алуға болады. Тілдің ұшын жоғары көтеріп, жоғарғы тістер артына жабыстырып, бір уақытта ы дыбысын айту нәтижесінде жуан л шығады. Дем шығару ауыз арқылы өтуін қадағалау қажет. (Ауа ағынын ауыз қуысының екі жағынан да тексеру қажет, себебі бұл дыбыс жабысыңқы – өтпелі).

Ц және р дыбыстарына арналған дайындық жаттығуларын жасау кезіне дейін ауызбен дұрыс дем шығару дағдысы бекітіледі, сондықтан бұл дыбыстарды еліктеу арқылы айтқызуға болады.

Ц дыбысын айтқызу үшін логопед тілдің қалпын сипаттап айтып көрсетеді, кейіннен дыбысты айтады. Бұл кезде баланың 1-ші, 2-саусақтары логопедтің ауыз ұрттарына қойылады да, логопед ц дыбысын созып айтады. Бала өз қолымен ауыз ұрттарының белсенді түрде жылжуын және екпінділігін, белсенді дем шығаруын сезінеді. Бұл тәсіл үнемі ц дыбысын қоюға тиімді болып келеді. Ц дыбысын т дыбысынан қоюға да болады. Бала бірнеше рет т дыбысын айтады, ал логопед осы кезде тілдің ұшының орта беліндегі қабысуды зондпен сәл төмен жылжытып үзеді.

Р дыбысы үшін дайындық жаттығуларды ерте бастауға болады. Ол логопедтің осы дыбысты айтқызуда қай жолды тиімді деп ойлайтынына байланысты. Р дыбысын з дыбысынан жоғарғы артикуляциядан дз деп айтқызып, шарикті зондпен тез тілі ұшын дірілдету арқылы қоюға болады.

Р дыбысын ц дыбысынан қою тәсілін де қолдануға болады. Балаға ц дыбысы қойыла салысымен, тілді таңдайға жапсырып, осы қалыпта ұстай білгізу; кейін бала тілді таңдайдан үзіп алмай, сәл ішке қарай таңдаймен сырғытып тез ц дыбысын айтады. Ауызбен дұрыс дем шығарғанда бұл тәсіл қатаң р дыбысының пайда болуына әкеледі.

Қатаң р дыбысына дауыс қосылады (бала ц дыбысын айтудың барлық жағдайын ескеріп дз-дз-дз деп айтады). Барлық аталғандарды ескерген жағдайда бұл тәсіл арқылы р дыбысын механикалық тәсілсіз қоюға болады. Р дыбысын Ж дыбысынан немесе дж арқылы қоюға болады.

М және Н дыбыстары көбінесе бұзылмайды. М және Н дыбыстарын бұдан ерте үйрету зиянды болуы мүмкін, себебі олар ауызбен дұрыс дем шығаруға кедергі жасайды; әсіресе осы дыбыстардан кейін тұрған дауыстыларға.

4-кезең. Жіңішке дыбыстарды қалыптастыру. Жіңішке дыбыстарды үйрету кезеңінде бала өз айтуында барлық жуан дыбыстарды естіп үйренуі қажет (дәптерде олар әріптермен белгіленген). Жіңішке дыбыстармен жұмыс міндеттері алдын ала балаға түсіндіріледі. Қосымша бұзылыстар (кереңдік, дизартрия, естудің мүкістігі, т.б.) жоқ болған жағдайда балаға жіңішке дыбыстарды үйрету қиынға түспейді. Көбінесе олар өз бетімен пайда болады. Бірақ қиындықтар да, болуы мүмкін. Жіңішке дыбыстарды айту тілдің арқасының орта жағының артикуляциядағы қатысымен сипатталады. Жуан және жіңішке дыбыстар еріндердің зорлану деңгейімен ажыратылады. Сондай-ақ, төменгі артикуляцияның дыбыстары жіңішкертілгенде төменгі ерін белсенді, ал жоғарғы артикуляцияның дыбыстарында – жоғарғы ерін. Бұл құбылыс жіңішке дыбыстарды қалыптастыруда қолданылады. Ерекше назар еріндердің белсенділігіне аудару қажет. Еріндер қозғалысының симметриясына назар аудару қажет. Жіңішке дыбыстар ауыз бұрыштарын жеткілікті түрде толық жылжытқанда пайда болады, әрі балаға жіңішке дыбыстарды ауыз бұрыштарын сәл ұзағырақ жылжытып көрсетуге болады. Жіңішке дыбыстармен жұмыс кезектілігі жуан дыбыстардағыдай [19].

Щ дыбысының артикуляциясын қалыптастыру жұмысына жеке тоқталайық. Щ дыбысын қою үшін жіңішке с дыбысын қолдануға болады. Оны айта отырып ауыз бұрыштарын басып, механикалық түрде еріндерді (сь дыбысының орнына щ айтылғанша) алға қарай жылжыту қажет. Бұл артикуляциялық қалып бекітіледі. Бастапқы қалып ретінде ш дыбысының артикуляциясын пайдалануға болады. Баланың назары ш дыбысын айтқан кезде тіл өте жоғары көтерілетіні, ал қазіргі жағдайда тілді жоғарғы альвеольдарға жылжытып, еріндерді екі жаққа сәл жылжытып ш дыбысындағыдай тыныс шығару. Логопед ауыз бұрыштарының жылжу деңгейін өзгертіп отыра алады.

2 кезеңде дыбыстарды белсенді түрде машықтандыру және ажырату жұмысы жүргізіледі. Дұрыс сөйлеуге үйрету барысында сауаттылыққа үйрету элементтері енгізіледі. Әсіресе, ол дыбыстар мен әріптерді ажыратуда маңызды, себебі, мұның бәрі фонематикалық қабылдауды дамытуға және дисграфияның алдын алуға мүмкіндік туғызады.

Оқу материалын көп қайталау нәтижесінде бала ешбір қиындықсыз элементтерін меңгереді.

Сонымен, жұмыстың негізгі кезеңі барысында бала сөйлеу тілінің барлық дыбыстарын меңгереді.

Осы кезеңдегі жұмыс ерекшеліктері төмендегідей болып табылады:

Артикуляция мен тыныс алу бойынша жұмыстың параллелділігі;

Баланың өзі дыбыстарды айтуын саналы түрде естіп қадағалауы;

Танысып жатқан дыбыстарды әріп таңбаларымен белгілеу, кейіннен сауаттылыққа үйретуге дайындық;

Дыбыстарды әр түрлі материалдарда машықтандыру және ажырату (буын, сөз, сөйлем, мәтін);

Дыбыс айтуды түзетудегі дыбыстардың байланысы. Дыбыстар бойынша жұмыс жүйесінде балалардың мүмкіндіктерін ескеріп әр түрлі бастапқы сүйеніш дыбыстар пайдаланылады.

Дыбыстар Ф.А.Рау ұсынған әдістеме бойынша қойылады. Сонымен, балалардың дыбыстарын қойғанда логопедиялық жұмыста әр түрлі бастапқы артикуляцияларды пайдалануға болады. Сондай-ақ жаңа артикуляция ертерек дайындалады да, жұмыстағы қиындықтардың алдын алуға мүмкіндік береді. Ринолалиясы бар баламен атқарылатын жұмыстың негізгі міндеті іске асырылады, яғни бұл бала үйренген дыбыстарды айтқанда мұрын арқылы дем шығармай, ауыз арқылы дем шығаруға баланы үйрету. Бұл міндет жұмыс барысында үнемі ескеріледі: ауыз арқылы дем шығару ұзақ созылып, артикуляция мүшелерін кинестетикалық сезінуге үйретуде, дауыссыз, дауысты дыбыстар артикулемалары бойынша жұмыста; ауызбен дем толық шығару сақталған фрикативті қатаң дауыссыз дыбыстар артикуляциясын кинестетикалық сезінуге үйретуде; ауызбен қысқа дем шығарудағы қатаң фрикативті дыбыстар артикулемаларын қалыптастыруда [20].

Тұлға дамуын түзету. Ринолалиядағы сөйлеу тілінің ақаулығы науқастың тұлғасының құрылымына өз ізін қалдырады, сондықтан барлық логопедиялық сабақтар барысында үлкен назар оның дамуын түзетуге бағытталады. Логопед науқастың өз күшіне атқарылатын жұмыстың пайдалы және тиімді екеніне сенімін артқызады. Осы мақсатта науқасты операцияға дейін және кейін аудиотаспаларға жазылған басқа науқастардың сөйлеуімен таныстыру қажет. Тыңдалған сөйлеу тіліне салыстырмалы талдау жасалу керек.

Науқастарды логопедиялық сабақтар курсынан операцияға дейін және кейін өткен басқа науқастармен таныстырып қойған да пайдалы. Ересек науқастарға сөйлеу тілінің бұзылыстарының себептерін және логопедиялық жұмыстың мүмкіндіктерін түсіндіру қажет. Сабақтар барысында науқастардың жетістіктерін мадақтау, жоғары эмоциональді тонусын қолдап отыру қажет. Логопед науқастың ішкі дүниесінің мүшесі сияқты болып, белгілі өмір мәселелерін шешуде, айналасындағы ұжыммен қарым-қатынастарда көмекшісі болуы керек. Логопедтің науқастың араласатын, өмір сүретін әлеуметтік шағын топтарында түсіндіру жұмысын жүргізуі де маңызды. Ұжымды науқаспен жаңа қарым-қатынасқа дайындау – логопед міндеттерінің бірі болып табылады. Берілетін көмек сыпайы, байқаусыз, маңызды болуы керек.

Операциядан кейінгі логопедиялық жұмыстың ерекшеліктері

Уранопластика операциясынан кейін логопед сабақтарға алынатын ринолалиясы бар балалар құрамы біркелкі емес. Ол операцияға дейінгі логопедиялық сабақтардағы дайындық, операция нәтижелеріне, сапасына байланысты. Операция нәтижелері әр түрлі болуы мүмкін. Жақсы дегенде уранопластикадан кейін жұмсақ таңдай толық қалпына келеді, яғни ол ұзын және қозғалғыш болады, сондықтан көтерілгенде жұтқыншақтың артқы қабырғасымен түйіседі. Көп жағдайларда жұмсақ таңдай уранопластикадан кейін де, қысқа болып, жұтқыншақ қақпағы толық жабылмайды. Кейбір жағдайларда операциядан кейін таңдайға терең жаралар (таңдайдың жетілмеген жерлері) қалады да, қайталап операция жасауға тура келеді.

Сабақтарға төмендегідей науқастар қабылданады:

а) операцияға дейін логопедиялық дайындықтан өтпеген;

ә) операцияға дейін біраз дайындықтан өтіп, сөйлеу тілі жақсарған;

б) басқа әдістемелер бойынша операцияға дейінгі логопедиялық сабақтар толық курсын өткен;

в) басқа әдістемелер бойынша операцияға дейін логопедиялық көмек көрсетілген.

Уранопластикадан кейін логопедиялық сабақтарға қатысу уақыты да әр түрлі болуы мүмкін. Барлық осы факторлар ескерілгенде уранопластикадан кейінгі логопедиялық жұмыстың нақты жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді. Ең бірінші – операцияның нәтижелілігінің мәні. Біздің ойымызша жаңадан жасалған таңдай хирургті, науқасты да қанағаттандырса, қайталап операция жасау қажеті жоқ. Логопедиялық жұмыстың мүмкіндіктері шамалы ақаулықтардың орнын толықтыруға және қайталап операция жасамай-ақ баланы дұрыс сөйлеуге үйретуге мүмкіндік туғызады. Хирургиялық араласу нәтижесінде баланың дұрыс сөйлеуді меңгеруіне мүмкіндігі мол болады. Логопед баланың жаңа анатомиялық жағдайда сөйлеп үйренуіне көмектесуі керек. Барлық науқастарға уранопластикадан кейін логопедиялық сабақтар қажет. Себебі, операциядан кейін таңдай бұлшық еттер анатомиясы өзгеріп, сөйлеу тілінің сапасы операцияға дейін толық түзелген күннің өзінде қате көрінісін табуы мүмкін. Сабақтардың мөлшері, ұзақтығы мұндай жағдайларда оларды өткізу әдістемесі, қағидасы бірдей болғанымен өзгеріп тұрады. Операцияға дейінгі сабақтар ұсынылған әдістеме бойынша жүргізілсе, баланың операциядан кейін дұрыс сөйлеу мүмкіндігі толық туындайды. Ал, кейде жаңа жағдайларда дұрыс сөйлеуді меңгеруіне 5-6 сабақ жеткілікті болады. Ол үшін баланың дәптері бойынша барлық дауысты, дауыссыз дыбыстар артикуляциясы қайталанып, диафрагмальді тыныс алу және ауызбен дем шығаруды үнемі қадағалап отырып, күнделікті сөйлеуіне таза сөйлеу дағдысы бекітіледі. Басында сөйлеудің темпі бәсеңсиді; кейіннен біртіндеп қалыптасып, баланың назары сөйлеудің анықтылығына, мәнерлілігіне бағытталады. Басында баланың сөйлеуін үнемі логопед, кейін ата-аналар немесе мектепте және үйде баламен араласатын адамдар қадағалайды. Уақытында логопед балаға кеңес беріп отырады. Бұл жағдайда ата-ананың мүмкіндіктерін бақылап, олардың жұмысына дұрыс бағыт беру қажет. Алғашқыда олар логопедтің жетекшісімен үйренген және бала жаттап алған материалды қадағалаулары керек, кейін біртіндеп баланың күнделікті сөйлеуін қадағалауға тартылады. Осыдан кейін мәтіндерді жаттауға немесе баламен әңгімелесуге арналған арнайы уақыт беріледі. Осылайша ата-аналар оның сөйлеу тілін үнемі қадағалап отыруға көшеді. Мұндай қадағалауды мектепте мұғалімдер іске асырады. Жоғарыда айтылғандай, операция барлық жағдайда сөйлеу сапасына оңды нәтиже бере бермейді [21].

Егер бала операцияға дейін логопедтің сабақтарына қатысқан болса, бірақ сөйлеу тілі таза емес болса, операциядан кейін мұрыннан сөйлеуін қоймаса, барлық логопедиялық жұмысты операцияға дейінгі аталған жүйе бойынша бастау қажет. Бала мұрыннан сөйлесе, сүйеніш дыбыс ретінде ешбір дыбысты пайдалануға болмайды. Бұл ережені ескермеген жағдайда логопедиялық әсер тиімділігі дыбыстар артикуляциясының сапасында көрінісін табады, ал олардың акустикалық сипаттамасы ақаулы болып қала береді. Уранопластикадан кейінгі логопедиялық сабақтарда естіп қадағалауды, фонематикалық қабылдауды дамытуға үлкен назар аударылады.

Мектеп жасына дейін операцияға дейін логопедпен аталған әдістеме бойынша сабаққа қатыспаған балалар үшін сауат ашу сабақтарын енгізуге болады. Бұл дұрыс сөйлеу тілінің дағдыларын ұзақ уақыт бекітуге және алдағы жазу бұзылыстарының алдын алуға көмегін тигізеді. Операциядан кейінгі жұмыста үлкен назар сөйлеуде мимика бұлшық еттерінің қатысына, сөйлеу кезіндегі артық шиеленесудің, синкинезиялардың пайда болуын алдын алуға аудару қажет.

Сонымен, операцияға дейін аталған әдістеме бойынша логопедпен сабақ өткен науқастар, операциядан кейін де сөйлеу дағдылары үлкен сөйлеу материалында, барлық жағдайларда дұрыс сөйлеуге біртіндеп ауыса отырып қалыптасады. Операцияға дейін басқа әдістемелер бойынша оқылатын немесе мүлдем логопедиялық көмек алмаған ринолалиясы бар балаларды тиянақты түрде логопедиялық тексеруден өткізу қажет. Әсер ету жолдарын таңдауда сөйлеу тілінің ақаулығының ерекшеліктері және мүмкіндіктері ескеріледі. Егер, тілінде логопедиялық сабақтарға операциядан кейін келіп түскен ринолалиясы бар баланың сөйлеу тілінде мұрынмен сөйлеу, бет және мимика бұлшық еттері қатаймаса, бірақ дыбыстар қатары жоқ болса, онымен дислалиясы бар баламен өткізілетін сияқты сабақтар жүргізіледі, яғни бала дұрыс айта алмайтын дыбыстарды қою тәсілдерін қолдану. Уранопластикадан кейін, сөйлеу тілінде болымсыз мұрын арқылы сөйлеу болса науқаспен сабақ өтуде жұмысты аталған операцияға дейінгі әдістеме бойынша жүргізу қажет. Бұл жүйе мұрын арқылы сөйлеуді аз уақытта түзетуге және артикуляцияда мимика мен бет бұлшық еттерінің қате (дұрыс емес) қатысуын мүлдем жоюға мүмкіндік береді. Алғаш рет логопедиялық көмек алып отырған балалармен сабақ өткізу барысында сөйлеуін естіп, зейінін дамытып, үйретіліп жатқан дыбыстарды кинестетикалық және тактильді сезінуін бекіту қажет. Бұрыңғы сөйлеу стереотипі жаңаға ауыстырылады. Сабақтарда ринолалиясы бар бала үйренген дұрыс сөйлеу дағдыларын бекіту әр балада әрқалай өтеді. Ұған бірқатар себептер бар. Сөйлеу арқылы қатынас кезіндегі қателерді жіберуі баланың логопедиялық сабақтарда үйренген дағдыларын күнделікті өмірінде, тұрмыста ерте қолдана бастағанына байланысты. Мұндай жағдайда үйретілген дағдылардың тұрақтылығы мен бекітілуі бұзылады.

Логопед баланың сөйлеуін қадағалауды ата-анасына уақытынан ерте тапсырған жағдайда, кейде сөйлеу кезіндегі қателер байқалады. Ата-аналар баланың сөйлеуінің дұрыс еместігін білген күннің өзінде, түзету жолдарын көрсете алмайды. Түсініспеушілік туындайды. Кейбір жағдайларда бала өз өзін-өзі қадағалау қажеттілігіне сенімсіз, ал кейде басқа затқа көңілі ауып, өзін-өзі анда-санда ғана қадағалайды. Логопедиялық сабақтар аяқталса да, логопедпен бала арасындағы қарым-қатынас ұзақ уақытқа дейін созылады.

Ринолалиясы бар балалар жоғарғы ерінмен мұрынның қалған ақаулықтарын түзету үшін косметикалық операциялар жасатып жатады. Әдеттегідей, мұндай операциялар 18-20 жаста жасалады. Кейде еріннің етін трансплантациялайды (орнын ауыстырады). Ерінге операция жасалғаннан кейін ауа ағыны ауыз қуысы арқылы өту үшін ауызды бұрынғыдан (операцияға дейін) сәл кеңірек ашу қажет. Логопед кеңестері бұл жағдайда пайдалы. Сөйлеу тілі қалыпты болу үшін 3-5 әңгімелесу өткізіледі. Мұрын мен мұрын қалқаншаларына операция жасап түзетілген соң сөйлеу тілін операциядан кейін де қадағалауды ұмытпау керек [22].

Логопедиялық және психотерапиялық араласу баланың жыныстық даму кезеңінде де қажет, себебі дауысы өзгереді. Көмейдегі физиологиялық өзгерістер және осы даму кезеңінде тыныс алуы өзгереді, соның салдарынан жасөспірімдердің сөйлеуі қайталанып мұрын арқылы шығуы мүмкін. Егер бала қалыпты сөйлеу тілінің заңдылықтарын есінде сақтаса, мұндай мұрыннан сөйлеу біртіндеп кетеді.

Қорытынды

Ринолалия дегеніміз - сөйлеу тілі аппаратының анатомо-физиологиялық ақаулығының салдарынан дауыстың әуездігі мен дыбыстың дұрыс айтылуының бұзылуы. Жалпақ тілмен айтқанда қасқыр таңдай, қоян ерін деген атаулармен белгілі. Сөйлеу тілінің бұндай бұзылуында сөйлеу мүшелері мен дауыс әуезінің бұзылуы қатарласып келеді. Адамның сөйлеу мүшелерінің жұмыс істеуі дұрыс болған жағдайда сөйлеу тіліндегі барлық дыбыстарды айтқан кезде таза мұрындық дыбыстардан басқалары мұрын жұтқыншақ пен мұрын қуысының жұтқыншақ ауа қуыстарының аралары бөлініп тұрады. Бұл қуыстар жұмсақ таңдай мен жұтқыншақтың артқы және жанындағы бұлшық еттердің жиырылуының әсерінен таңдай мен жұтқыншақтың жабысуы арқылы бөлінеді.

Туа біткен таңдай жарықшалар балалардың дамуына өте көп әсерін тигізеді: бұндай балалар соматикалық әлсіреген, аурушаң болып келеді. Сонымен бірге олардың ішінде есту қабілетінің төмендеген балалар жиі кездеседі. Ринолалия кезінде сөйлеу тілінің кемістігімен қатар жоғарғы психикалық функцияларының дамуының және іс-әрекетінің қалыптасуының ерекшеліктерімен сипатталады [20].

Ринолалиясы бар балалардың сөйлеу тілінің кемістіктері өмірге келген кезінен бастап бір қатар себептермен негізделеді.

Бірішіден тыныс алу және тамақтану функцияларын қамтамасыз етуі тілдің спецификалық қалпына (тілдің түбі өте жоғары көтерілуі) әкеледі. Тілдің бұндай қалпы бір жағынан оның функционалдық мүмкіншіліктерінің бұзылуына, екінші жағынан бұзылыстың компенсациясына (орын басуына) әкеліп соқтырады (сөйлеу кезінде артикуляцияға бет, маңдай бұлшық еттері қатысады, көптеген синкенезиялар пайда болады).

Ауытқудың коррекциясы медициналық, психология – педагогикалық ықпал ету арқылы жүзеге асады.

Ринолалиясы бар балалармен жұмыс кезіндегі басты шарт – сөйлеу аппаратының сау бөліктерін (төменгі және ортаңғы бөлімдерін) жоғарғы ақаулы бөлімге аз салмақ түсуі керек. Ашық ринолалиядағы логопедиялық жұмыс қағидалары атлмыш бұзылыстардың мәнінен және себептерінен туындайды: Әдістеменің негізінде физиологиялық тынысты қолдану қағидасы жатыр. Кейіннен тыныс алудың бұл түрі сөйлеу кезіндегі диафрагмальді ауыз арқылы дем шығарып тыныс алуға біртіндеп ауыстырылады; Сөйлеу кезіндегі тыныс алудың мұндай түрін дамыту сөйлеу тілі дыбыстарының артикулемаларын қалыптастырумен бір уақытта жүргізіледі. Тыныс алуды және артикулеманы қалыптастырудың параллельдігі алғашқы сабақтарда-ақ сөйлеу тілінің дыбыстарын дұрыс айтуға мүмкіндік береді. Ринолалиядағы дыбыс айтудың тотальді бұзылысы байқалады. Соған байланысты логопедиялық жұмыста сөйлеу тілінің барлық дыбыстарын дұрыс айтқызып қалыптастыруды міндетті түрде қайтадан бастау қажет [23].


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1991./ «Егемен Қазақстан».

  1. «Кемтар балаларды медициналық – педагогикалық қолдау» Қазақстан Республикасының Заңы./ «Егемен Қазақстан», 2002. – сәуір.

  2. Т.Б.Епифанцева. Настольная книга педагога-дефектолога: Сердце отдаю детям. – Ростов н/Д: Феникс., 2007. – 576 с.

  3. Өмірбекова Қ.Қ., Тулебиева Г.Н., Ибатова Г.Б. Ринолалия. – Алматы: Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, 2014 – 99 б.

  4. Алмазова Е.С. «Логопедическая работа по восстановлению голоса у детей» - М.1973г.

  5. БулатовскаяБ.Я. «Организация диспансеризации детей с врожденными расщелинами верхней губы и неба». В кн. «Врожденные расщелины верхней губы и неба» – М.1965г.

  6. ВансовскаяЛ.И. «Устранение нарушений речи при врожденных расщелинах неба» - СПб, Гиппократ. 2000г.

  7. Вильсон Д.К. «Нарушение голоса у детей» – М.1990г.

  8. Воронин Л.Г. и др.»Физиология высшей нервной деятельности и психология»: Учебное пособие.-Просвещение, 1984г.

  9. Герасимова А.С. и др. «Уникальная методика развития речи дошкольников» М. Олма – Пресс 2002г.

  10. Дубов М.Д. «Врожденные расщелины неба» – М. 1960г.

  11. Ермакова И.И. «Коррекция речи при ринолалии у детей и подростков» /Под.ред. С.П.Таптаповой – М. Просвещение, 1984г.

  12. Жинкин И.И. «Механизмы речи» – М.1958г.

  13. Иншакова О.Б. «Альхбом для логопеда» – М. Владос, 2000г.

  14. Ипполитова А.Г. «Открытая ринолалия»

  15. Левина Р.Е. « Нарушение письма у детей с недоразвитием речи» – М.1961г.

  16. Логопедия /Под.ред. Л.С. Волковой, С.Н. Шаховской – М. Владос, 2002г.

  17. Максаков А.И., Тумакова Г.А. «Учите, играя: Игры и упражнения со звучащим словом» – М. Просвещение, 1983г.

  18. Поваляева М.А. «Справочник логопеда» – Ростов-на-Дону, 2002г.

  19. Сапин М.Р., Брыксина З.Г. «Анатомия человека» – М. Просвещение: Владос, 1995г.

  20. Сереброва Н.И. «Из опыта работы с детьми – ринолаликами в послеоперационный период» – В кн. «Нарушения речи у дошкольников» – М. Просвещение, 1969г. стр.113-136.

  21. Фролова Л.Е. «Врожденные расщелины губы и неба» – М. 1973г.

  22. Хрестоматия по логопедии / Под. ред. Л.С. Волковой, А.И. Селиверстова. – М.1997г., часть 1.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет