Тақырыбы: «Қабыну» 1. Тіс-жақсүйек аумағындағы тіндерде қабынудың мысалы ретінде:
A) аурулар
B) ауру алды
C) патологиялық реакция
D) патологиялық күй
+E) патологиялық үдеріс саналады.
***
2. Тіс-жақсүйек аумағындағы тіндерде қабынудың дамуына себепкер ықпал:
A) қызылиектің гиперплазиясы
+В) иммундық тапшылық
С) ауыз гигиенасын сақтамау
D) ауыздағы әлсіз сілтілі рН
E) организмнің резистенттілігінің жоғарылауы
***
3. Тіс-жақсүйек аумағындағы тіндердің жіті қабынуы:
А) тісжегі дамуының баяулауымен
В) қабынбалық үдерістің жылдам таралуымен
С) қабыну ошағында метаболиттердің сіңірілуінің нашарлауымен
D) экссудация басым болуымен байқалатын гипоергиялық ағыммен
+Е) экссудация басым болуымен байқалатын гиперергиялық ағыммен сипатталады.
***
4. Тіс-жақсүйек аумағындағы тіндердің жіті қабынуы:
A) лизоцимнің белсенуінің артуымен
B) айқын жедел фаза жауабымен
+C) жабық кеңістікте орналасуымен
D) альтерация басым болуымен байқалатын дизергиялық ағыммен
E) нейтрофильдердің ауыз қуысына келіп түсуінің жылдамдауымен сипатталады.
***
5. Тіс-жақсүйек аумағындағы тіндердің жіті қабынуы:
A) дегенеративті-дистрофиялық өзгерістермен
В) моноцитарлы инфильтраттың пайда болуымен
С) өнімдік сипатымен
+D) мидың жақын орналасуына байланысты асқынулар дамуының қауіптілігімен
E) эпителиоидты жасушалардың құрамында гранулеммалардың жылдам пайда болуымен сипатталады.
***
6. Ауыздың сілемейлі қабығының қабынбалық аурулары аталады:
+A) стоматит
B) гингивит
C) глоссит
D) хейлит
E) тісжегі
***
7. Тіс-жақсүйек аумағының қабынбалық аурулары кезінде кіреберіс бағытқа қарай тромбтардың жылдам миграциялануы және ұяшықты синустарда тромбоздардың пайда болуы осының дамуымен:
A) прокоагулянттар белсенуінің нашарлауымен
+B) беттің веналарында қақпақшалық жүйелердің болмауымен
C) жақ-бет аумағының нашар васкуляризациясымен
D) тромбоциттердің агрегациялық қызметінің бұзылуымен
E) сілекейде калликреин мөлшерінің артуымен байланысты
***
8. Жіті іріңді пульпиттерге тән:
A) лимфоцитоз және ЭТЖ-ның жылдамдауы
D) эозинофилия және ЭТЖ-ның жылдамдауы
+B) нейтрофилия және ЭТЖ-ның жылдамдауы
C) агранулоцитоз және ЭТЖ-ның жылдамдауы
E) лейкоцитоздың болмауы және ЭТЖ-ның жылдамдауы
***
9. Тіс-жақсүйек аумағындағы тіндердің созылмалы қабынуы:
A) қысқа уақыттық ағымымен
B) нейтрофильді лейкоцитоздың дамуымен
+C) мононуклеарлы инфильтраттың пайда болуымен
D) тіндердің айқын экссудациясымен
Е) тіндердің айқын альтерациясымен сипатталады.
***
10. Тіс-жақсүйек аумағындағы тіндердің созылмалы қабынуы:
A) гиперергиялық қабынумен
B) сірнелі экссудаттың дамуымен
+C) дәнекер тіннің пролиферациясымен
D) жедел фаза жауабының айқын дамуымен
E) сілемейлі қабықтың айқын қызаруымен
***
11. Науқас Б., 42 жаста, дене температурасының 39,2º-қа дейін көтерілуіне, оң жақ жақсүйек асты аумақтың солқылдатып ауырсынуына шағымданып аурухананың хирургиялық бөлімшесіне келіп түсті. Ауыру 4 күн бұрын суық тиіп ауырғаннан кейін басталды. Объективті: оң жақ жақсүйек асты аумақта қызыл-көкшіл түске боялған және ортасына қарай жұмсарған инфильтрат анықталды.
Абцесстің бетін ашып, лабораторлық тексеру жүргізгенде экссудеттың құрамында осының мөлшерінің артуы байқалды:
+ А) нейтрофилдердің
B) эозинофилдердің
C) бұлтты жасушалардың
D) лимфоциттердің
E) моноциттердің
***
12. Тіс каналынан жұқтырған пародонттың созылмалы қабынуының нәтижесінде дамыған және тіс ұшында грануляциялық тіннен құралған, сырты фиброзды капсуламен қапталған ісіктік өспенің пайда болуы аталады:
A) тісжегі
B) пародонтоз
C) кандидоз
+D) тіс гранулемасы
E) афтозды стоматит
***
13. Тіс-жақсүйек аумағындағы тіндердің қабынбалық зақымдануы кезінде микроциркуляторлық арнаның айқын өзгерістері келесі бұзылыстарды:
A) пульпаның гипероксиясын
B) пародонттың инфекциялануын
C) ауыздағы алколоздың дамуын
+D) пародонтта дистрофиялық өзгерістерді
E) пульпаның мононуклеарлы инфильтрациясын туындатады.
***
14. Тіс-жақсүйек аумағына микроорганизмдер «кіретін жерінің» орналасуына байланысты бөлінеді:
A) гематогенді қабынбалық үдерістер
B) лимфогенді қабынбалық үдерістер
+C) одонтогенді қабынбалық үдерістер
D) жанамалы қабынбалық үдерістер
E) өрлемелі қабынбалық үдерістер
***
15. Тіс-жақсүйек аумағының іріңді-қабынбалық ауруларының этиологиясында маңызды орын алады:
A) саңырауқұлақтар
B) вирустар
C) қарапайымдар
D) факультативті анаэробтар
+E) бактериялық ассоциация