Тақырыбы: Бала құқықтары туралы конвенция
Мақсаты: Оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Слайд, мақал мәтел, топтық жұмыс, Қ-Ж, Тоқаевтың сөзі.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Ширату:
Мақсатымыз, білім алу
Міндетіміз, еңбектену
Әр оқушы өз құқығын білу,
Оны өмірде пайдалану.
ІІ. Ой – қозғау.
- Бала деп кімді айтамыз?
- Баланың қандай құқығы бар?
- Еңбек етуге;
- Өз пікірін білдіруге;
- Баланың өз атын, әкесінің атын алуға;
- Мүлікке ие болу;
- Қорғалуға;
- Отбасында өмір сүруге, тәрбиеленуге;
- Ұлтын таңдауға;
- Дем алуға;
- Денсаулығын сақтауға құқылы.
Мұғалім сөзі: Балалар, заң дегеніміз – қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз мына біздер.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
«Конституция – бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің Туы, Ән - ұраны және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу – біздің парызымыз» – деген.
Конституция – елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтанда біз оны Ата Заң деп құрметтейміз.
2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы заң» қабылданды. Бұл заң 9 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2 қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қояды, сөйтіп Қазақстанның «Балалар құқығы туралы заңы» енгізілді.
Қазақстанда балалардың құқығын қорғау туралы атаулы күндер берілген.
1 – маусым Балаларды қорғаудың халықаралық күні
20 – қараша Балалардың дүниежүзілік күні
10 – желтоқсан Адам құқығы күні
3. Көрініс: Дәулет пен Жандәулеттің партаға таласуы.
Сұрақ: Дәулет пен Жандәулеттің арасындағы дауды сендер қалай шешкен болар едіңдер? (Оқушылар ойын тыңдау)
ІІІ. Артық болмас білгенің
Мұғалім: Ендеше балалар 9 тарау, 53 баптан тұратын бала құқықтары туралы не білеміз. 1 - бап.
1. 18 жасқа толмаған жеткіншек бала деп саналады.
4 - бап. 1. Тегіне, нәсіліне және қай ұлтқа жататындығына, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, жынысына, тіліне, біліміне, дінге көзқарасына, тұрғылықты жеріне, денсаулық жағдайына, балаға және ата анасына немесе басқа заңды өкілдеріне қатысты өзге де мән жайларға қарамастан, барлық бала тең құқыққа ие. 5 - бап.
1. ҚР-ның заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, баланың құқықтарын шектеуге болмайды.
8 - бап. 1. Әрбір баланың денсаулық сақтауға бұлжымас құқығы бар. 9 - бап.
1. Әрбір бала туған сәтінен бастап аты, әкесінің аты, тегі, ұлты және азаматтығы болуына құқылы. 15 - бап.
1. Әрбір баланың білім алуға құқығы бар және ҚР-ның білім туралы заңдарына сәйкес оған тегiн бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім, орта білімнен кейінгі кәсіптік, және жоғары бiлiм алуға кепiлдiк берiледi. 16 - бап. 1. Әрбiр баланың еңбек бостандығына, қызмет және кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға құқығы бар. 19 - бап. 1. Әрбiр бала өзiнiң жасына, денсаулығына және қажеттерiне қарай демалуға және бос уақытын пайдалануға құқылы. 21 - бап. 1. Баланың отбасында өмiр сүру және тәрбиелену құқығы бар. Әрбiр баланың отбасында өмiр сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзiнiң ата - анасын және басқа да жақын туыстарын бiлуге құқығы, олардың қамқорлығы мен тәрбиесiн алуға құқығы бар.
VI. бөлімі. «Жалғасын тап».
«Балаңды беске дейін ештеңеден тыйма,
Бестен он үшке дейін құлындай қина,
Он үштен ары сырласыңдай сыйла».
1. «Әдепті бала................, Әдепсіз бала.............
2. Ананың көңілі -.....
Баланың көңілі -.......
3. Балалы үй -......
Баласыз үй қу........
4. Әдепті бала ата анасын................, мақтатар Әдепсіз бала ата анасын............ қақсатар.
Ү. Топтық жұмыс:
«Не істеуге болмайды?»
- Үлкендердің алдынан кесіп ………..
- Кішкене баланы …………
- Қыз баланы …………..
- Сабақтан ………………………
- Сыныпта …………………….
- Дөрекі, былапыт сөздерді ………………….
«Не істеу керек?»
- Үлкен кісіні …………………………..( сыйлау керек)
- Үлкеннің ……………………………..( тілін алу керек)
- Үлкендерге ………………………….( сәлем беру керек)
- Кішілерге ………………………………….( қамқорлық жасау керек)
- Аналарды, апаларды ………………….( сыйлау керек)
- Оқу құралдарын ………………………( күтіп ұстау керек)
- Сонымен қатар елімізде бала құқығының сақталмауы, яғни бұзылуына байланысты келеңсіз оқиғаларда кездеседі. Солардың бірімен танысайық. Сіздерге ақпарат құралдарында жарияланған «Темірланның хатымен» таныстырғым келеді.
«Темірланның хаты»
«Сәлеметсіз бе, құрметті редакция!
Сізге хат жазып отырған Ақтау қаласында тұратын, 6 - сыныпта оқитын Асанбаев Темірлан деген баламын. Жасым 12 - ге келсе де, өмірдің басыма түскен ауыр жағдайлары қолыма қалам алғызып, сіздерге хат жазуға мәжбүр етті. Осыдан 3 - 4 жыл бұрын мен де өз отбасыммен бақытты өмір сүріп, бақытты балалық шағымда бастан кешіріп жаттым. Бірақ өмірім бір мезетте алай - дүлей боран соққандай өзгеріп сала берді. Осыдан 3 - 4 жыл бұрын Ақтау қаласында өзіміздің тұрып жатқан үйіміз де болды. Сол үйде әке, шешем және өзімнен басқа 2 інім, 2 қарындасыммен бірлесіп, өмір сүрген бақытты отбасы едік. Өкінішке орай, әкем үйімізді банкке қойып, несиеге 40 мың доллар ақша алып, қарызға кірдік. Көп ұзамай белгісіз себептерге байланысты әкеміз бізді тастап кетті. Анамыз бес баламен қалып, екі жерде жұмыс жасап, аянбай еңбек етті. Әрине оның тапқан азғантай ақшасы бізге әзер жеткенімен, несие төлеуге қайдан жетсін. Уақытында төлеуге тиіс несиеміз де төленбей, ақыры ақпан айында үйімізден айырылдық. Қыстың қақаған күні жылап - сықтаған балалардың көз жасына қарамай, сот орындаушылары үйімізден қуып шықты. Амалсыз қала сыртындағы дачадағы 1 - бөлмелі сарайды паналауға мәжбүр болдық. Күнделікті асқа жарымағандықтан, мен де мектептегі сабағыма баруды қойдым. Өзімнен екі жас кіші інімді ертіп, көшеге шығып, машиналардың дөңгелегін жууға шықтым. Жұмысымыз үшін 100 теңге алып, күніне 500 теңге, кейде 1000 теңге тапсақ, мәз болып үйге жүгіреміз. Үйде екі көзі төрт болып күтіп отырған інім мен қарындастарымызға нан, жейтін тамағын аламыз.
Аш бала тоқ баламен ойнамайды дегендей, мен де сабаққа баруды осылай қойдым. Менің қазіргі уақыттағы басты мақсатым: «Оқу, білім алу емес, балалары үшін еңбек етіп жүрген анама көмектесу. Туған бауырларыма күнделікті тамағын тауып беру» Әкемнен ешқандай көмек те жоқ, хабар да жоқ. Мен тек өзіме сенемін. Анама сенемін. Аш болсам да, тоқ болсам да өз отбасыммен бірге болғым келеді.
Құрметті редакция! Осы хатымды жолдай отырып, жағдайымды айта отырып, сіздерден ақыл - кеңес сұраймын. Маған қандай ақыл - кеңес берер едіңіздер.
Сәлеммен Темірлан.»
- Ал балалар, Осы хатты жазып отырған Темірланға қандай сипаттама берер едің?
Темірланның осы басына түскен ауыр жағдайына кімдер кінәлі?
Өздеріңмен қатар Темірлан атты балаға қандай ақыл - кеңес берер едіңдер?
Балалар, үйге әркім өз атынан Темірланға хат жазып, жүректен шыққан сөздерімізді қағаз бетіне түсірейік.
Қорытынды: Сонымен «құқық» дегеніміз не болды?
Кері байланыс. Желкенді кемені бояу.
— Құқық - мемлекет тарапынан, болмаса тиісті қаулы, заңмен әрбір адамға берілген ерік, бостандық…
Достарыңызбен бөлісу: |