Адам өмірінде ең басты қызмет атқаратын үрдістердің бірі денсаулық болып табылады.Өйткені денсаулығың болмаса, ешқандай қызмет атқаруға құлшынысын болмайды және де өмірге деген құштарлығын күрт төмендей бастайды.Ал егерде,денің сау болса,өмірге деген қызығушылығың оянады.Денсаулық- адамзат баласының еңбекке белсенді болуы,әрі ұзақ ғұмыр кешуі,тән мен рухани саулықты сезінуі деп санаймын.Дүниеде кез-келген жан бағаламайтын екі құндылық бар.Оның бірден-бірі уақыт болса,екінші бірі-денсаулық екен.Расын айтқанда,бұл өмірде денсаулықтың қадірін біле бермейтініміз өзімізге ғана мәлім . Денсаулық психологиясы-бұл психология, мінез-құлық және әлеуметтік факторлардың денсаулығы мен ауруына қалай әсер ететініне бағытталған мамандық .
Денсаулық жағдайына психологиялық факторлар да әсер етеді: өзінің денесіне, ауруларына, жасына, өмірлік бағдарға, өзін-өзі түсінуге, өзіне, жақындарына, әлеуметтік мәртебесіне деген қарым-қатынасы және т.б. Егер адам өзінің мінез-құлқын, эмоцияларын, ойларын сезініп және басқаруды үйренсе, онда ол оңтайлы салмақты сақтауға, отбасылық қатынастарды, толық өмір сүруге кедергі келтіретін әдеттерден арылуға үйренеді.Денсаулық психологиясы сау адамды өзінің сараптауының орталығына қояды, оның жеке психологиялық ерекшеліктері,қоршаған орта факторларының әсерінен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді. Денсаулық психологиясының негізгі міндеттерінің бірі – адамның денсаулығын сақтауға, нығайтуға және дамытуға ынталандыру. Денсаулықты дамытудың басты қағидасы -денсаулықты сақтау ғана емес,сонымен бірге осы денсаулық арқылы өз миссиясын жүзеге асыру. Соңғы кездері денсаулықтың төмендеуі стрестен, жүйке жүйесінің тозуынан болып жатыр. Психологиялық денсаулық балалық шақта қалыптасады және оны өмір бойы сақтау – басты міндет болып табылады. Оны дамыту мүмкін емес, оны сақтау керек. Психологиялық денсаулыққа генетикалық тұрғыдан анықталған қасиеттер әсер етеді, яғни психиканың туа біткен ерекшеліктері және өмір процесінде әсер ететін факторлар. Психологиялық денсаулық үшін қалыпты болатын жағдай – бұл қоғамға бейімделуге ғана емес, сонымен бірге өзін дамытуға, оның дамуына ықпал етуге мүмкіндік беретін белгілі бір жеке сипаттамалардың болуы.Енді денсаулық психологиясының жалпы сипатына келсек: Бірінші кезекте тұлғаның ішкі және сыртқы күйінің тепе-теңдігі, яғни психикалық, физикалық, эмоциалдық үйлесімі. Екіншіден айтсақ адамның өзін және өзгелерді қабылдай білуі, яғни өзін бағалап жоғары қою және өзгелерді сыйлау. Үшіншіден өз өзіне, өміріне қанағаттанып шүкіршілік қылу, яғни бәрі жеңіл қабылдап әр сынаққа төзе білуі. Менің ойымша, жалпы денсаулық психологиясының бұзылуы екі кезеңнен тұрады: балалық кез, жасөспірім шақ. Балалық кезде – қорқу, ұрып соғумен өскен балада,немесе өз ішіндегісі айта алмайтын жабық балада денсаулық психологиясы бұзылады.Психологиясы бұзылған балаларды бөліп көрсету оңай – олар әдетте ұялшақ, ұқыпты, басқаларға ұнамды, көтермелеу сөздерін естуге тырысады көбіне олар жалғыздық сезімімен өмір сүреді. Бала өзін-өзі жабады, ересектермен өз проблемалары туралы сөйлесуден бас тартады, іштей бәрін сақтап ақыры бұл үлкен ауруға әкелуі әбден мүмкін.Жасөспірім кезіндегі психологиялық денсаулықтың бұзылуы, әдетте, жеке басының дағдарысы деп аталады, жасөспірімдер дағдарысының асқынуы - өзі туралы пікір, өз күштері, мүмкіндіктері, қоршаған әлемге қатысты ұстанымдары жайлы сыр ашпайды, іштей тынып өмір сүреді. Осы айтылған екі кезеңдегі денсаулық психологиясының әсері денсаулықтың нашарлауына тіпті суицидке әкелуі мүмкін. Сол себептен біз балалық шақтан бастап тұлғаның психологиясына аса назар аударып,психикалық ауруға түспеуі үшін көмек көрсету керек.
Денсаулық психологиясын зерттей келе көбіне адамдардың өмірден өтуі немесе қандай да бір ауыр науқасқа шалдығуына психологияның әсері бар. Себебі, психикалық ауытқулар, жүйкенің тозуы, стресс, ішкі күй тұлғаның денсаулығына ықпалын тигізеді. Өмір бойы күйзелісте жүрген адамның ішкі жағдайы, белгілі бір денсаулыққа зиянын әкеледі.Қазіргі таңда депрессияға түскен адамдар көп, оның себебі ішкі күйді қабылдай алмауы. Осы депрессияның салдарыда денсаулыққа зиянын әкелуі мүмкін. Медитация арқылы біз депрессияны жеңіп ішкі сыртқы күйді түзете аламыз. Психологиясы сау адам ауруды болдырмауы, ауырған күнде қайтседе одан сауығудың тәсілдерін пайдаланып, одан қандайда болмасын құтылады. Адамның ақыл-ойы, оның істеген ісіне, жұмыс жасау қабілеттілігіне әсер ететіні, керісінше адамның бір жері сырқаттанған болса, жоқ сырқаттарды өзі ойлап тауып білгір бола кетсе, онда оның психикасының тепе-тендігі бұзылғаны. Мұндай сырқаттар өзін-өзі сендіруден болатын сырқат. Кейбір жағдайларда ауыр күйзеліс жағдайды басынан еткізген немесе қатты ренжігенде,кғйзеліске түскенде адамның сырқаттанатыны да кездеседі. Осы айтылғандардың бәрі дене саулығын және әлеуметтік саулықты сақтау үшін психикалық саулықтын керек екенін аңғартады.Сырқаттанған адамның көңіл-күйін көтеру, оның көңіліне жазылып кетемін деген психикалық ой-пікір тудыру, бұл дәрі-дермектерден артық баға жетпес дүние. Сонымен бірге сырқаттан жазылуына іштей сенім тудырып, көңіл-күйді көтере түседі. Ағзада ерекше қарсылық күші пайда болады. Яғни ерекше түрде дамыған жасырынып жатқан ағза күші ояна кетеді. Иммунитет дами түседі Денсаулық сақтау ұйымының ғылыми деректеріне қарағанда, барлық сырқаттардың 45% күйзелістен туындайтыны байқалады. Сол себептен іштей өзіңді өзің сендіріп, өзіңді түсіне білу, қандай жағдай болмасын бәріне жақсы көзқараспен қараудың өзі-денсаулыққа пайдалы
Қорытындылай келсек жалпы психология мен денсаулық бір тұтас ұғым. Денсаулық психологиясы ішкі, сыртқы күйлердің әсеріне тікелей байланысты. Денсаулық психологиясы тұлға үшін маңызды болып табылады.Өзіңді қабылдау, өзгелерді сыйлау, өзіндік шешім шығара білу, әр сәттен бақыт сезіну, күйзеліске соқтырмау бұның бәріде денсаулыққа тікелей әсерін беріп, ешқандай ауруға душар болмауына кепілдік бере алады.