Батыс Қазақстан облысы
Бөрлі ауданы
Ақбұлақ мектеп-балабақша кешені
Тақырыбы:
“Эпостық жырларға иллюстрация
жасау ”
(Кіріктірілген сабақ)
(Аудандық семинарда тәжірибе алмасты)
Дайындаған: Утегалиев Е.С.
Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі
2015-2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Эпостық жырларға иллюстрация жасау
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға батырлар жыры, олардың өзге жырлардан айырмашылығы, "Қобыланды батыр" жыры жайлы толық түрде түсінік беру..
ә) дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениетін дамыту, шығармашылыққа баулу.
б) тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлей білуге,адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі: Репродуктивті , түсіндіру,
әңгімелесу, затқа қарап сурет салу
Қажетті
технологиялар: Компьютер, интеративті тақта.
Сабақтың
көрнекілігі: Суретшілердің шығармалары,
презентация, графикалық материалдар
Пәнаралық байланыс:
Тарих, қазақ әдебиеті, музыка
I.Ұйымдастыру кезеңі:
Сабаққа жалпы дайындықтарын тексеру, оқушы назарын сабаққа аудару,
сыныпта жоқ оқушыны белгілеу.
Көңіл-күйіміз қандай?
“Көңіл-күйім жақсы” “Маған бәрі бір” “Көңіл-күйім жаман”
II.Өткен материалды қайталау:
1.Иллюстрация дегеніміз не? кітап безендіруде қолданылатын көркемсурет
2. Абай кім? ұлы ақын, суреткер
3. Желсіз түнде жарық ай,Сәулесі суда дірілдеп,
Ауылдың маңы терең сай,Тасыған өзен гүрілдеп.
4. Мына өлеңде табиғаттың қай мезгілі суреттелген?
Мына суреттерде қандай жанрлар бейнеленген?
портрет пейзаж графика
Достарыңызбен бөлісу: |