Тақырыбы: Газбен пісіру жабдықтары және аппараттарын қолдану Жаңа тақырыпты түсіндіру



бет1/3
Дата05.12.2022
өлшемі19,79 Kb.
#161341
  1   2   3
Байланысты:
газбен дәнек


Тақырыбы: Газбен пісіру жабдықтары және аппараттарын қолдану
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Металды газ жалынымен өңдеу тәсілдері 30-дан аса технологиялық процестерден тұрады. Олар өздерінің орындалуына байланысты төрт түрлі негізгі топқа бөлінеді. ГЖӨ- біріктіру, қыздыру, кесу, тозаң сіңіру. ГЖӨ халық шаруашылығының көптеген салаларында күнделікті қолданылады және оның механикалық өңдеумен салыстырғанда өзінің жоғары өнімділігі мен қаражат шығыны бойынша артықшылығы бар. ГЖӨ процесінің энергия көзі ретінде бұрынғыша газ жалыны қызмет етеді. ГЖӨ процестерінің кең таралған түрлері – ол газбен пісіру және оттегімен кесу.
Газбен пісіру жұқа болаттард, шойындарды, түсті металдарды және қорытпаларды пісіру кезінде жиі қолданылады. Жұмыс орны деп металдарға ГЖӨ жүргізілетін жерді атайды. Жұмыс орны жылжымалы немесе тұрақты болуы мүмкін. Жылжымалы ЖО көбінесе мекемелер мен үйлердің ауласында, сол сияқты құрылыс алаңдарында орналасады. Мұндай жерлерде қолмен пісіру пайдалынады. Газ көзі үшін әдетте қысымы редукторы арқылы төмендетілген, газ бен оттегі балондары қолданылады. Бұл газдарды жұмысшы құралдарға жеткізу үшін(кескіш пен оттық) ұзындығы 10м-ден кем емес түтіктерді пайдаланады. Ацетилен балоны орнына кейде сақтандырғыш затворымен жабдықталған жылжымалы генераторды қолданады. Жылжымалы ацетилен генераторын қолданған кезде, оттегі оттегі балоннан кем дегенде 5м-ден аз емес қашықтыққа орналастырады. Генераторды жарақталған кезінде көшіруге тыйым салынады. Газбен пісірушінің (кесушінің) жұмыс орнында тістеуік, балға металл бетін тазалайтын металл щеткасы, редукторды тазалайтын ине және өңдеп жатқан бөлшекті ауыстыратын сүймен болуы керек. Осыған қосымша, редукторды бекітетін балонның қақпақтарын ашып-жабатын және жұмыс кезінде оттықта (кескіште) пайда болған ақауларды жөндеу үшін қолданылатын құралдар болуы тиіс. Пісіруші жұмысшыларға жұмыс киімдері және қорғаушы көзілдірігімен жабдықталуы жылжымалы жұмыс орны жабық ғимараттарда орналасқан кезде табиғи немесе арнайы желдеткіштермен қамтамасыз етілуі тиіс. Тұрақты ЖО газбен қоректендіру бұл кезде бір орталықтан жүргізіледі:егер жұмыс орны 10-нан артық болса. Тұрақты ЖО пропан- бутан қоспасы газ құбырлары арқылы таратқыш станциядан немесе жібергіш қондырғыдан келеді. Бұл жағдайда қалыптасқан жүйе құбырлары газ құбырларынан 250 мм биікте тартылады. ГЖӨ кезінде негізгі жылу ретінде газ бен оттегінің жалынын қолданады. -ацетилен -табиғи газ (қалалық газ)
-пропан-бутан қоспасы
-керосин Ең тиімді жанатын газға ацетилен (C2H2) жатады.
Ол өзінің технологияық және термохимиялық қасиеттерінің артықшылықтарының арқасында газбен өңдеудің сапасы мен өнімділігін барынша арттырады.
Ацетилен ауада жеңіл . Оның ауамен салыстырғандағы тығыздығы 0,9.
Ацетилен бірден бір өндірісте кеңінен қолданатын газ.
Металдарды ГЖӨ кезінде ацетиленді жылжымалы немесе тұрақты ацетилен генераторларынан газ күйінде алып қолданады немесе ацетилен балондарын қолданады .
Ерітілген ацетиленді қолданудың, газ күйіндегі қолданумен салыстырғанда бірқатар артықшылықтары бар. Кальци карбиді ацетилен өндірілетін негізгі шикізат ол қарасұр немесе қоңыр түсті қатты материал.
Ацетилен оның сумен қосылып (гидролиз) бұзылу кезінде алынады. 1кг карбидтен шамамен 250дм газ алуға болады .
Кальций карбиді саңылаусыз (герметикалық) тығыз жабылған барабандар ішінде сақталады және тасымалданады.
Ацетителен балон ішіндегі қолданғаннан кейінгі қалдық қысым 0.1МПа көп емес 0.05-0.1МПа дан кем болмауы тиіс .
Оттегі балондары міндетті түрде майсыздандырылуы керек . Қалдық қысымы 0.05-0.1МПа дан кем болмауы тиіс.
Редукторлар газбен қамтамасыз ету жүйелеріндегі редукторлар оған балондардан газ құбырларынан немесе жібергіш қондырғылардан келетін газ қысымын төмендету және тұрақты ұстап тұру қызметін атқарады .
Стандарт бойынша редукторлар мына белгілеріне қарай ерекшеленеді. Қойлымына қарай:
Б-балондық. Р-рамалық. С-жүйелік.
Өткізетін газ түріне қарай A –ацетилендік. К-оттегілік. М-метандық. П-пропан-бутандық сияқты газдарға арналған В-ауалық.
Балондарды жапқыш винтелдер болаттан жасалады олардың бұрандалары басқа вентильдерден
Бөлек болады.Балон редукторлары вентильдермен арнаулы саөина арөылы жалғайды,ал ашып жабуды кигізілген кілттермен жүргізіледі.Ацетиленді вентильдері үшін түрлі сериялы етіп шығарылады,оның екеуі(ВБА.ВАБ) мембраналық.Үшіншісі сальникті тығыздағыштармен жабдықталады.Оттегі балондарының вентильін жезден жасайды.
Түтіктер ГЖӨ үшін стандарт бойынша жасалған резиналы түтіктердің мына кластарын пайдаланады.
1-0.63МПа ға дейін қысымды газдар жүргізу үшін
2-сол қысымға дейінгі сұйық жанар майды немесе оның қысымын жүргізу үшін.
3-2.0МПа қысымға дейінгі оттегін жүргізу үшін сыртқы диаметірі 14-0.51. ішкі диаметірі 6-0.59.
ГЖӨ үшін қолданылатын түтіктердің ұзындығы цех жағдайында 30-м –ден ал құрастыру кезінде 40-м ден артық болмау керек .Сүйық жанғыштар пайдаланған кезде осы түтіктердің үзындығы 10-м ден аспау керек.Аппаратураларға түтіктерді нипельдер арқылы жалғастырады,ал екі түтіктің үштарын жалғастыру үшін екі жақты нипель қолданылады .Жалпы нипельді жалғауға сақина пайдалану ұсынылады. Түтіктердің бітеулілігін тексереді.
Қазіргі өндірісте өнімділігі 1,25 м/сағ болатын, АСП типті орта қысымды жылжымалы генераторлар қолданылады. Бұл генераторларда газ өңдеу процесі кальций карбидінің сумен қосылу уақытымен реттеледі. Карбид салынған реторта кезінде қозғалмай тұрады да, оған керісінше ацетилен алу мөлшеріне қарай су деңгейі өзгеріп отырады. Генератор бір ЖО-на арналған кезең-кезеңмен жұмыс істейтін аппарат.
Құрылысы: қақпақ, бекіткіш, монометр, себет (корзина) сақтандырғыш затворы.
Оттықтар газбен пісіру, дәнекерлеу, балқытып қосу және қыздыру жұмыстарындағы негізгі құрал болып табылады.
-газдарды қажетті қатынаста араластыру;
-жалпы шығатын жерге (ұшына) газ жеткізу;
-жалынды тұрақты ұстап тұру және газ құрамын, оттегі мен жанғыш газдың қатынастарын реттеу;
Оттықтар инжекторлы және инжекторсыз болып екі түрге бөлінеді.
Пісіргіш газ жалыны – пісіру кезіндегі жылудың негізгі көзі. Пісіргіш жалын газдың немесе жанғыш сұйық буының оттегімен қосылып жануынан пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет