Тақырыбы: «Химия қызықты ғылым»
Мақсаты:
1. Жалпы химиядан алған білімдерін жинақтап, жүйелеп, өз бетімен еңбектенуге, іскерліктерін арттыруға дағдыландыру,
2. Одан әрі пәнге деген қызығушылықтарын арттыру,сұрақ тапсырмаларын, сөзжұмбақ шешу, есептер шығару, тәжірибе көрсету арқылы ой-өрісін кеңінен дамыту.
3. Білімділік пен дамытушылықты байланыстыра отырып, жылдамдыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа үйрету.
Көрнекілігі: плакаттар, шарлар,слайд шоу,зертханалық құрал жабдықтар.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар,оқушылар. «Химия қызықты ғылым» атты химия апталығының қорытынды кешіне қош келдіңіздер. Апталықтың бірінші бөлімі «Химиялық КВН» және қызықты тәжірибелер.
Сайысымызды бастамастан бұрын әділ қазылармен таныстырып шығайық.
1........................................
2............................................
3................................................
Көруге химия кешін жиылғандар,
Менделеевке құдайындай сыйынғандар.
Қош келдіңіздер бүгінгідей ғажайыпты
Тамашалау бақыты бұйырғандар- дей келе,келесі сайысымыз «Химиялық КВН» сайысын бастаймыз.
Сайыстың барысы:
1.Таныстыру
2.Өз өнерін көрсету
3.Көкпар
4.Әзіл кеш (әзілдер)
5.Крассворд шешу
6.Капитандар сайысы
Жүргізуші: Топтарды ортаға шақырайық.
1.Таныстыру. Әр топ өздерін таныстырып өтеді.(Әр топ 5минут ішінде музыкамен, әзілдермен немесе көрініс арқылы өздерін таныстырады).
Көңілді тапқыштар білімділер
Бар өнерін алдарыңа салады.
Кім білімді, көп оқыған болса егер
Бүгінгі күн жеңімпазы болады.
2.Өз өнерін көрсету.(ән,би,өлең,фокус)
3.Көкпар. (Сұрақтар қойылады)
Белді бекем жарыстарға буып тус,
Қара қылдай қақ жарылар әділ іс
Шапқан кезде білім атты көмбеде
Шабыттанып,қапы қалмай оза түс.
Әр топқа сұрақ қойылады, дұрыс жауап берген сұраққа бір балл қойылады.
Сұрақтар:
1.Қандай элемент алдымен күнде, содан соң жерде ашылды.(гелий)
2. Қандай элементтер қалыпты жағдайда сұйық күйде кездеседі(бром)
3. Қандай элементтер материктердің атымен аталады.(европий, амерций)
4. Ресей елінде алғаш химия зертханасын ашқан кім (М.В.Ломоносов)
5. Топырақты құнарландыратын элемент (азот)
6. Үш түрлі күйде кездесетін зат? (су)
7. Адамға таза, дистилденген су ішуге пайдалы ма (жоқ)
8. Грек тілінде ай деген мағынаны білдіретін элемент (селен)
9. Ең қатты металл?(Хром)
10. Периодтық жүйені ашқан ғалым?(Менделеев)
11. Радиоактивті сәулелерді өткізбейтін металл? (Қорғасын)
12. Қазақ халқының химия саласындағы алғашқы академиктерінің бірі? (Бектұров)
13. Зат массасының сақталу заңын ашқан ғалым?(Ломоносов)
14. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл?(йод)
15. Ең жеңіл металл?(Литий)
4.Әзіл кеш (әзілдер).. Химия ғылымына байланысты,мектеп өмірінен әр топ өз әзілдерін көрсетеді.
5.Крассворд шешу
Жүргізуші:
Біреуінің жүрегінің түгі бар
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Біреуінің қатты істейтін миы бар
Кезекте сөзжұмбақтарды шешу.
Сөзжұмбақ сұрақтары жеке плакатта әр топқа беріледі, берілген сөзжұмбақты топ болып шешеді.Бірінші және дұрыс шешкен топқа жоғары балл қойылады.
6.Капитандар сайысы.
Ойын арқылы берілген тапсырманы капитандар орындап, белгіленген жерге барып химиялық реакцияларды орындау керек.
Жүргізуші:
Химия - ырыс бұлағы
Шалқыған байлық мол дәулет
Аялап күтіп тұр алда
Болашағымыз - нұр сәулет
Аялдама, алға ұмтыл
Құдіретті біздің ой
Сенде байлық, сенде ырыс
Сенімен өмір сәнді ғой
Кезекте оқушылар тәжірибе көрсетеді.
1. «Сіріңкесіз от жағу»
2. «Жанбайтын орамал»
3. «Отсыз жұмыртқа пісіру»
4. «Жанартаудың атқылауы»
5. «Құпия жазу»
Жүргізуші:
Білім сайыс болғаннан соң шабысы
Қосылады әр сыныптың мықтысы
Қобалжисың топтан қалай озам деп
Көрінеді алған білім табысы – дей келе келесі кезекті әділқазы алқасына берсек. Бірінші кезеңнен бастап барлық балдар есептеліп қай топтың жеңімпаз болғанын айтып, топтарды және апталыққа белсенді қатысқан оқушыларды мақтау қағазы,сыйлықтармен марапаттау.
Құрметті ұстаздар және оқушылар кешімізді көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет,сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |