Тақырыбы: Мәңгілік ел-Қазақстан!
«Мен 21 – ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін.
Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады. Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық.
Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз.
Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын!
Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! ».
Нұрсұлтан Назарбаев
Мақсаты:
Оқушыларды Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. Оқушылардың татулық, бірлік, ынтымақ туралы түсініктерін кеңейту.
Тәрбие сағатының көрнекілігі: Қазақ елі суреттері, Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру бөлімі
Сабақ әнұран айтумен басталады.
Қызығушылығын ояту. Психологиялық дайындық.
«Менің мақсатым». Әр оқушы биылғы оқу жылында өзінің алдына қандай мақсат қоятындарын стикерге жазады. Өз еркімен өз мақсатын жариялағысы келген оқушылар оқып беріп, сол мақсаттарын арман ағашына орналастырады.
Әр адамның өз алдына қоятын мақсаты болады. Ол үлкен болуы немесе тез арада орындалуы да мүмкін. Біздің әрқайсысымыз үлкен гүлденген мемлекетіміздің кішкентай бөлшегіміз. Біз - біртұтас елміз! Олай болса, біздің еліміздің де алдына қойған үлкен мақсаттары бар. Ол – бірлік, даму және ел қамы үшін көркею.
-Қымбатты оқушылар!
Бүгінгі Білім күні сабағымызда болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін мақсат бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамыз бой көтерді. Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры -ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел! Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Міне, сол армандар ақиқатқа айналып келеді. Мәңгілік Елдің іргетасы қаланды. Елбасымыз Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» стратегиясының түп қазығы етіп алды. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Біз, қазақ халқы өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.
Сөзжұмбақ.
1. Қалың ағаш өсетін нулы жер қалай аталады? (орман)
2. Сөйлеу құралы. (Тіл)
3. Мейірімді адам. (Ана)
4. Қасиетті тағам. (Нан)
Отан деген немене? (топтастыру)
Ой қозғау:
- Біздің Отанымыз қай ел?
- Қазақстан.
- ҚР - ның мемлекеттік тілі қай тіл?
- ҚР – ның мемлекеттік тілі қазақ тілі.
- Біздің тұңғыш президентіміздің аты - жөнін білесіңдер ме?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Еліміздің Ордасы қай қала?
- Астана.
- Еліміздің Ата заңы қай күні қабылданды?
- 30 тамыз.
- Бүгін қандай күн?
- 1қыркүйек - Білім күні.
- Ал тәуелсіздігімізді қай жылы алдық?
- 16 желтоқсан 1991 жыл.
- Ал, балалар биыл Тәуелсіздігімізге неше жыл болды?
- 25 Жыл.
Мемлекеттік рәміздерді атаңыз.
Тудың авторын атаңыз.
Елтаңбаның авторы кім?
Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған? (Сөзі:Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Әні: Шәмші Қалдаяқов)
Қазақстан қашан тәуелсіз ел болды? (1991 жылы 16 желтоқсан)
Ұлттық валютаны айтыңыз? (теңге)
Ата заңымыз қашан қабылданды, биыл неше жыл?(1995ж.30тамызда, 21жыл)
Республика күнін айтыңыз.(25 қазан)
Көреген Ұлт Көшбасшысының ұлы мақсатын сессияның аты да әйгілеп тұр: «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр»!
Елбасы сессияда сөйлеген өз сөзінде:
«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,
«Бір ел», бұл – барлығымыз үшін ортақ Отан.
«Бір тағдыр», бұл – біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!
Міне, қазақстандық қоғамдық келісімді шайқалтпай ұстап тұратын табаны таудай үш таған. Қоғамдық келісімсіз мемлекет бір адым да ілгері жылжи алмайды деді.
Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Бүгінде біздің азаматтар үшін барлық есік, барлық мүмкіндік, барлық жол ашық.
Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу – әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой. Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.
Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.
Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.
«Мәңгілік Ел» тақырыбына арналған слайд көрсету.
Ал, балалар Отан, ел, жер туралы сендер қандай өлең, мақал-мәтелдер білесіңдер?
«Ойын»
«Мен президент болсам , халыққа Жолдауым…» Оқушыларға өз ойларын айтқызу.
Ән: Елім менің
Бекіту.
Президент көп айтты, көпке арнап айтты. Ақырын да айтты, батырып та айтты, 2025 жылы латын әрпіне толық көшеміз. Қазақтың тілі түбінде үстемдік етеді. Бұл жолдау алысқа меңзейді, 2050 жылды көздейді. Оған дейін талай-талай уақыт өтер, талай өзен ағып кетер. Қазір қазақ іргесін мықтады, есін жиды, етегін қымтады. Ендігі жол – өсу жолы. Бұл ХХІ ғасыр Қоңыр мінез қазақ баласы үшін алтын дәуір болар – ау.
Ынтымағы орнаған елдің болашағы да берекелі болмақ.
Сабақты қорытындылау мақсатында балаларға бір-бір сөзден беріледі. Сол сөздерді пайдалана отырып, әр оқушы өз елімізге деген тілектерін білдіреді. Өз тілектері жазылған стикерлерді «Мәңгілік ел» плакатына жабыстырады.
-Қымбатты оқушылар, міне біз бүгінгі білім күні Қазақстан –бұл біртұтас жер, біртұтас халық пен бақытты болашақ екендігін және сол болашақтың тұтқасы сіздер екендігін түсінді деп сенемін.
2016-2017 оқу жылы
Сынып жетекші: Калиева Ажар Қуандыққызы
Достарыңызбен бөлісу: |