Күні: 26 желтоқсан 2014 ж
Өткізілетін орны: мәжіліс залы
Уақыты: 10:00
Сыныбы : 1 «И»
Мұғалімі: Қабылбекова З. С.
Тақырыбы: «Қош бол, құтты Әліппем!»
Мақсаты:1.Оқушылардың сауат ашу барысында алған білімдерін тиянақтау.Әр оқушының іс-әрекеттері арқылы икемділігін, шығармашылық мүмкіндігін ашу.
2. Ата-аналарға балаларының үш-төрт айдың ішінде қандай білім игергенін іс-жүзінде көрсету.
3.Адамгершілікке, ұқыптылыққа, өзін-өзі дұрыс ұстауға, ана тілін сүйіп қастерлеуге тәрбиелеу.
Типі: жаңа білім беру
Түрі: аралас сабақ
Әдісі: әдеби – музыкалық монтаж
Көрнекілігі:
Абай, Ыбырай суреттері, әріптер қатары, техникалық құралдар, гүлдер, шарлар, нақыл сөздер.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Негізгі бөлім
ІІІ. Қорытынды бөлім
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстздар, аяулы да ардақты ата-аналар ! Бүгін де егемендігіміз ескеріліп, тәуелсіз тұлпардай етек-жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп Тәуелсіздікке 22 жыл толып жатқан шақта бүгінгі күні сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақ. Кеше ғана алаңсыз атқа мініп шапқылап жүрген бүлдіршіндер , бүгінде бойларында жауапкершілік пайда болып, саналы азаматтық борыштарының алғашқы асуын аман-есен асып ,бір жасқа тағы да есейіп отыр.Білім жолындағы белестерге қанаттары талмай өрлей берсін. Тойларыңыз тойға ұлассын!
Ендеше, бүгінгі қуаныш иелері 1 сынып оқушыларын ортаға қошеметтеп қарсы алайық! (ортаға оқушылар шығады).
Өсті міне ойларың,
Өсті міне бойларың,
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың!
1жүргізуші:
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға
Хош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар
Әліппемен қоштасу тойымызға
2жүргізуші:
Шашу, шашу шашайық!
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың,
Бастаңғысын жасайық (шашу шашылыды)
Мұғалім: Кімдер зерек, кім тапқыр,
Таланттарын табайық,
Қайсы күйші , кім биші,
Талабына қарайық,
Іші толған әріпке ,
Бар білімнің бастауы
Білімдегі жарық не?
Хормен: Болашаққа жол бастар. Ол сүйікті әліппе, әліппе, әліппе!
Мұғалім: Олай болса бәрімізге ең қымбат әліппені ортаға шақырайық (әліппе ортаға шығады).
Әліппе:
Армысыздар жас достар!
Армысыздар ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Білім деген ғылымның
Әліппесін меңгерген
Келешегі қазақтың,
Басталады сендерден.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын сізге халайық.
Не үйрендік не білдік,
Қане ортаға салайық!
1оқушы: Жұмбақ жаңылтпаш, санамақ, өлең және ән үйрендік. Енді кез-келген кітапты оқи аламыз. Ыбырай және Абай атамызбан таныстық.
2 оқушы: Ыбырай Алтынсарин- тұңғыш қазақ мұғалімі. Ол алғаш әліппені жазды.
3оқушы: Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан,
Іздемей-ақ табылар.
4оқушы: Абай- қазақ халқының ұлы ақыны. Біз Абай атамыздың «Әсемпаз болма әрнеге», «Ғылым таппай мақтанба», «Сегіз аяқ» деген өлеңдерін үйрендік.
5 оқушы: Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан,
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан.
Ән: «Әліппе»
Әліппе: Кім маған апта аттарын, саусақ атауларын, жеті ата қалай аталатынын айтып береді.
6 оқушы: Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі
7 оқушы : Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.
8 оқушы: Бас бармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек.
Ән: Мектебім
9 оқушы: Бар кітапқа бас болған
Әліппе – ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Әліппем менің әліппем
Сені қолға алып мен
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен.
10 оқушы:Алфавиттің «А» тұрады басында
Әрқашанда «Ә» тұрады қасында
Байқадың ба ?
«Б» тұрады үшінші
Ал осының сыры неде түсінші
«А» деген ол аналар гой ардақты,
«Ә» деген ол әкелер гой салмақты!
«Б» деген ол балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі
11 оқушы: А-ны айтқанда дауысымыз дірілдеді,
Ұстазым көз алдымда күлімдеді.
Күн сайын әріптердің атын білем.
Сөз оқимын, айырып әріпті енді.
Хор: Жарқын жүзді ұстазым !
12 оқушы: Әліппе – білім анасы
Әліппе –кітап данасы,
Әліппе бетін ашпаған,
Адамның бар ма баласы?
13- оқушы Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те,
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны Әліппе!
14-оқушы Жақсы кітап -«Әліппе»,
Үйретеді әріпке.
Қуыршақпен қоштастым,
«Әліппемен» достастым
«А»-дан бастап әріпті,
Түгел маған танытты.
1-жүргізуші:
Әліппем менің әліппем
Өмірді келем танып мен
Қайталап айтам мың рет
Өзіңе көп-көп рахмет!
Әліппе: Балалар, сендер мені жақсы игеріпсіңдер. Мен сендерге ризамын. Болашақта да осылай оқыңдар. Білім жолында жолдарың болсын Сау болыңдар!
2-жүргізуші
Қош бол, құтты әліппем,
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
1 жүргізуші
Таныстырған 42 әріппен
Қош бол менің қасиетті әліппем
Сенің арқаң оқып – жаза білгенім,
Сауатты адам санатына кіргенім.
Ән: «Әліппе!»
Хормен: Қош бол, Әліппе! Қош бол, Әліппе! Сізге Мың алғыс. Балалар бас иіп, қоштасады.
2 жүргізуші: Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
1 жүргізуші: Уа, халайық, халайық
Мұнда назар салайық.
Бәріміз қол соғып.
Ана тілін қарсы алайық, (Ортаға ана тілі шығады)
Ана тілі: Ақыл-ойы дананың,
Ана тілі боламын.
Ана тілі ардақты,
Ақ сүтіндей ананың,
Өсірген ой білімді,
Мәнін терең білуде,
Мейірімі мол балаға.
Ана тілді құрметте.
Барлық, барлық анаға. Мен әліппеден оқып - білгендеріңді ары қарай жалғастырамын. Бәрің өнерлі, білімді шәкірт екенсіңдер. Мені де осылай оқыңдар.
Ән «Анашым»
15 оқушы:
Ана тілін білмеген,
Ақылы жоқ желікбас,
Ана тілін сүймеген.
Халқын сүйіп жарытпас.
16 оқушы. Ана тілі ұраным,
Ана тілі-құралым.
Ана тілі болмаса,
Мықты болмас тұрағым.
17 оқушы.Ана тілің – біліп қой,
Бостандығың теңдігің.
Ана тілің – біліп қой,
Мақтанышың елдігің.
2-жүргізуші
Мейірі мол балаға
Бар әлемде анаға
Басымызды иеміз,
Бабамыздың тілі деп
Даламыздың үні деп
Ана тілін, Ана тілін, Ана тілін сүйеміз!
1-жүргізуші;
Ана тілі төрлет, төрге шық! Ана тілі білімнің қасына барып отырады.
Мұғалім: Ал, балалар енді мақал –мәтелге кезек берейік.
18 оқушы: Ақыл азбайды, Білім тозбайды.
19 оқушы: Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.
20 оқушы: Білім іздеген озар, Бүлік іздеген тозар.
21 оқушы: Отан –оттанда ыстық
Хор : «Отан»
2 –жүргізуші:
Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Талабына қарайық,
Жұмбақ шешіп көрейік.
1 –жүргізуші: Қабат-қабат қаттама, Ақылың болса аттама.
2 –жүргізуші: Жаза-жаза арықтаған,Жазудан ол жалықпаған.
1 –жүргізуші: Өліден тірі туады, Тіріден өлі туады.
2 –жүргізуші: Үй үстінде ұсақ тас, алайын десем табылмас.
1 –жүргізуші:
Әрбір санды даралап,
Қайсың барсың бізге енді
Айтып берер санамақ
Ертай : Бір дегенім бесік
Шықтық содан өсіп
Айгерім: Екі дегенім – елім,
Далам, тауым, көгім
Зарина: Үш дегенім –үміт,
Үміт артар жігіт.
Айгерім:Төрт дегенім – төзім,
Төзе білем өзім.
Құралай: Бес дегенім –бақыт,
Бағалайтын уақыт.
Аружан: Алты дегенім – ақыл,
Тыңдағаның мақұл.
Балнұр: Жеті дегенім – жалау,
Жүректегі алау.
Эльвира:Сегіз дегенім – сөзің,
Серт беретін кезің.
Әсел: Тоғыз дегенім – тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау.
К.Али: Он дегенім – Отан,
Қорға соны, ботам!
1 –жүргізуші:Олай болса логикалық есепті шешіп жіберейікші.
Ж.Айгерім : Бір топ үйрек ұшып баралды, барлығы -7. Біреуі жерге қонса нешеуі қалады?
Жауабы: Біреуі қонады, қалғаны ұшып кетеді.
Аспандияр: Үш май жанып тұр, екеуін сөндірсе нешеуі қалады?
Жауабы: біреуі жанып кетеді, екеуі қалады.
Т.Айгерім: Бес бұтақша қайыңда,
Бұтақ сайын бес алма.
Біреуін бер Арнұрға,
Сонда қалды неше алма?
Жауабы: Қайыңда алма өспейді.
Ертай: Тауық екі аяғымен тұрғанда 3 кг тартады, бір аяғымен тұрғанда неше кг тартады ?
Жауабы: 3 кг
Аслан: 4 жұмыртқа 4 минутта піседі, 1 жұмыртқа неше минутта піседі?
Жауабы: 4 минутта піседі.
Әсем: 1 кг темір мен 1 кг мақтаның қайсысы ауыр?
Жауабы: темір
Хор: «Есеп сабағы»
2 –жүргізуші: Ал енді оқушыларымыздың өнерлеріне кезек берейік.
Ән: «Жау- жау жаңбыр» Мейрамбай Әсел
Ән: «Қызыл гүлдер » Едилов Ертай
Ән: « Жаса Қазақстан! » Тлеуберген Аслан
Би: «Өзбекше» Сабир, Зарина, Мейрамбай Әсел
Ән: «Атамекен » Едилов Ертай
Мұғалім: Мектептегі алғашқы жеткен жемістермен құттықтаймын. Әліппе сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы болуға да үйретті. Білім баспалдағына өрлеген сапарларын сәтті болсын!
Бүгінгі күн әр үйдің той басы болып саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп ертеңгілік соңында,
Ақ тілекпен баршаға
Тілек айтар қонақтар.
Мектеп директоры Қойлыбаева Эльмира Серікқызына сөз береміз.
Ата-аналарымызға сөз береміз.
Бүгінгі біздің «Қош бол құтты Әліппем!» атты ертеңгілігімізге келгендеріңізге рахмет!
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 53 орта мектебі» коммуналдық мекемесі.
Тақырыбы :
«Қош бол, құтты Әліппем!»
1 «Ә» сынып
Мұғалімі: Жұмабекова Назира Даутбекқызы
2013-2014 оқу жылы
«Бекітемін»
Мектеп директорының
оқу-әдістемелік ісі
жөніндегі орынбасары
Наурызбаева Г.К.________
2013-2014 оқу жылында бастауыш сынып мұғалімі
Жұмабекова Назира Даутбекқызының
жас маманмен атқаратын жұмыс жоспары .
№
|
Атқарылатын іс-шара
|
Мерзімі
|
Жауапты
|
1
|
Сабақ жоспарын және күнтізбелік жоспарын құруға көмек көрсету
|
Қыркүйек
|
Жұмабекова Н.Д.
|
2
|
2013-2014 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатпен таныстыру
|
Қыркүйек
|
Әдістеме бірлестігі
|
3
|
Мектепте жүргізілетін құжаттардың толтыру ережесін үйрету
|
Қыркүйек
|
Ә.Б. жетекшісі
|
4
|
Дәптерді тексеру оқушыны бағалау нормаларымен таныстыру.
|
Үнемі
|
Жұмабекова Н.Д.
|
5
|
Оқушылармен қарым-қатынас туралы түсінік беру.
|
Үнемі
|
Жұмабекова Н.Д.
|
6
|
Жас маман сабағына қатысу.
|
Жыл бойы
|
|
7
|
Сабақта көрнекіліктерді пайдалану тәртібімен таныстыру.
|
І-ІІ тоқсан
|
Тәжірибелі ұстаздар
|
8
|
Ашық сабақ туралы түсінік беру .
|
Қыркүйек
|
Жұмабекова Н.Д.
|
9
|
Дарынды оқушылармен жүмыс жүргізу тәртібімен таныстыру .
|
Жыл бойы
|
Жұмабекова Н.Д.
|
10
|
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу тәртібімен таныстыру.
|
Жыл бойы
|
Жұмабекова Н.Д.
|
11
|
Ашық сабақ өткізуге әдістемелік көмек көрсету.
|
Сәуір
|
Тәжірибелі ұстаздар
|
12
|
Озық педагогикалық технологиялармен танысу.
|
Жыл бойы
|
Әдістеме бірлестігі
|
13
|
Портфолио жинастыруға көмектесу
|
Жыл бойы
|
Жұмабекова Н.Д.
|
14
|
Жас маманның шығармашылық тақырыбын таңдауға кеңес беру.
|
І - тоқсан
|
Жұмабекова Н.Д.
|
15
|
Тәрбиелік іс-шараларды өткізуге көмектесу.
|
Жыл бойы
|
Жұмабекова Н.Д.
|
16
|
Жыл бойы өткізілген іс-шараларға сараптама жасау
|
Мамыр
|
Жұмабекова Н.Д.
|
Тақырыбы: Әліппемен қоштасу (Рақмет, саған әліппе)
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың білімдерін бекіту, олардың алған білім-білік дағдыларын көрсету.
2. Тілін дамыту, сөздік қорын молайту.
3. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Түрі: Әдеби-музыкалық монтаж
Сабақтың көрнекілігі: оқулықтарға арналған банерлер, слайд, фотомонтаж. Сабақтың барысы: Мұғалім:
Мади:- Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін елдігіміз ескеріліп, егеменді ел болған, тәуелсіз тұлпардай етек-жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп жатқан шақта, бүгін сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақшы.
Іңкәр: Ана тілінің ғажайып әрі шынайы әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін өз тілін оқып үйренуге оқи алсам деген ұмтылысқа шақыратын әліппе оқулығы. Міне, бүгін сіздер барлық ғылымның анасы біздің болашағымыздың негізі- әліппемен қоштасу тойына келіп отырсыздар. Тойларың тойға ұлассын. Шәкірттеріміз ата-ананың ұлы емес, халықтың ұлы болсын!
Мади: Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл ойларың
Қуанышқа ортақпын
Құтты болсын тойларың.
Бала деген шіркін-ай балдай екен
Тәттілігі жая мен жалдай
Арып –ашып даладан келгеніңде
Бал иісін таттырып алдайды екен- деп Кенен Әзірбаев айтқандай кішкентай бүлдіршіндердің бал тіліне құлақ салайық.
Іңкәр:Өлшеулі ар-намысы халқымыздың
Қорғаны адамдықпен салтымыздың
Армысыздар аяулы ұстаздарым
Сенері сендерсіңдер халқымыздың.
Өмір берер ертеңгі бағаларын
Әліппемен қоштаспақ бүгін балаларың
Халқыма ұрпақ берген, өмір берген
Қош келдің ата-әже, әкелер мен аналарым.
Мади: Бүгін бізде үлкен қуанышты күн. Біз алғаш мектепке келіп, оқу, жазу үйренген алғашқы оқулығымыз әліппені аяқтап, қоштасқалы отырмыз.
Іңкәр: Алғаш қолымызға гүл шоғын алып мектептің табалдырығын аттап өткелі 4 ай уақыт өтіпті. Осы уақыттың ішінде біз 42 әріпті үйреніп, енді өзіміз оқып та, жаза да аламыз.
Мади: Ең алғаш алғанымда «Әліппені»
Іңкәр: Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мади: Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?
Іңкәр: Ұстазым кілтін оның алып берді.
Мади: Балалар, бүгінгі соңғы рет әліппе оқулығына саяхат жасап, қош айтысамыз. Әліппеге саяхат жасауға әзірміз бе?
-Ендеше, Сынып, әліппеге саяхат жасауға әзірлен!
Дильяра: Суреттермен сөйлеткен,
Әріптерді үйреткен.
Баспа әріп пен жазба әріп.
Дауысты мен дауыссыз.
Айтыңдаршы, балалар
Қай оқулық үйреткен?
Оқушылар хормен ӘЛІППЕ!ӘЛІППЕ!
Әліппе: Армысыздар , жас достар!
Армысыздар ата-аналар!
Болашаққа жол бастар
Әліппе келді ортаға
Білім деген ғажайыптың,
Әліпбиін меңгерген
Келешегі қазақтың
Басталады сендерден.
Әліппенің сұрағы:
1-сұрақ: Балалар, әліппені алғаш жазған кім?
2-сұрақ: Балалар, сендерге Ыбырай аталарың қандай өсиет қалдырды?
Іңкәр: -Құрметті Әліппе, сен шаршаған шығарсың, кел тойымыздың төріне шық, балалардың саған айтар алғысы мол, отырып, тыңда.
Ән «Әліппе» / әні мен сөзі: Б. Бейсенова, хор/
1 оқушы: ********
Бар кітапқа бас болған
Әліппе ғылым ағасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Мынау менің әліппем
Көгілдір тудың түсіндей
Ақылшы жақын досымдай,
Қымбатсың маған досымдай.
2 оқушы:
Өтті оқу, сан-сабақ
Бүгін үлкен салтанат
Оқулықпен достастық,
Әліппемен қоштастық.
3 оқушы: *******
Іші толы әріпке,
Мынау әйбат әліппе
Барлық ілім-білімнің,
Әжесі осы әліппе.
4 оқушы:*******
Біз жазамыз «ана» деп
Біз жазамыз «дана» деп
Біз жазамыз «бала» деп
Біз жазамыз «Отан» деп.
5 оқушы:********
Биік-биік таулар деп
Қызыл-жасыл баулар деп
Қаһарманды ел қазақ деп
Болашағы ғажап деп.
6 оқушы: *******
Апа-ата атын сен
Бізге үйреттің әліппе
Бізге нағыз жақынды
Сенен білдік әліппе.
7 оқушы:*******
Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те
Оқимыз қазір ертек те
Үйреткен оны Әліппе.
8 оқушы: ******
Әліппе деген даңғыл жол
Апарар сені алысқа
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
9 оқушы: ********
Көлге айналған бұлақтың
Қайнар көзі әліппе.
Том-том қалың кітаптың
Басы болар Әліппе.
Мади: Ән «Әліппе» / хор/
10 оқушы: ******
Әр жігіттің үш жұрты болады демекші, әліппе осы қуанышты бөлісуге туған- туысқандарын ала келіпті.
11 оқушы: ******** Әліппенің өз жұрты дауысты дыбыстар.
12 оқушы: ******* Нағашы жұрты- дауыссыз дыбыстар.
13 оқушы: ******* Қайын жұрты: ъ, ь белгілері. Ендігі сөз кезегін туған-туысқандарға берейік. /Әріп-тақпақтар кезек./
14 оқушы: ********
Алма берсем жейсің бе?
Мені «А» әрпі дейсің бе?
Аузыңа сап жегенде,
«А» деп айтып жейсің бе?
******* Мен үшін жақсы адам,
Артық көрем басқадан.
«Апа», «ата» сөздері,
А әрпінен басталған
******* «Ә» деген әріп мен болам,
Әділдікке шақырам.
Әдепті бол әрқашанда,
Қасыңда болам сонда ғана.
******* «Б» әрпінен бастап ұстазың,
Бүлдіршін дейді сүйкімді.
Қуанып сен үшін ата-анаң
Балапаным дейді сүйікті.
Алфавитті білдіңдер,
Онда қалып жүйе бар.
Біздің қазақ тілінде,
42 әріп бар.
Алфавиттің «А» – тұрады басында
Әрқашанда «Ә» тұрады қасында
Байқадың ба «Б» тұрады үшінші
Ал осының сыры неде? түсінші.
А – деген ол аналар ғой ардақты,
Ә – деген ол әкелер ғой салмақты.
Б – деген ол балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі
Алшақ кетпей сондықтан да расында,
Тұрады ол алфавиттің басында.
******* Барлық әріп бағалы.
Айттық әділ- бағаны
Әріпсіз сөз болмайды
Буын онсыз толмайды
Адам барлық әріпті
Ардақтайды, қолдайды.
******* Анам менің, әкем де
Атам менен апам да Шопан,
Ұшқыш, ғалым да
Небір мықты дарын да
Тіл сындырып әріпке
Ашқан алғаш әліппе.
******* Күндерге күн ұласты.
Жылжып-жылжып ай асты.
Ойдағыдай бітірем
Мен бірінші сыныпты.
Халық әні: «Гүлдерайым» / орындайтын Кенжебаева Амира/
****** Бір күні жаман мен жақсы кезікті,
Сөз тартысып бір-бірімен кежікті.
Жақсылық: Жамандыққа жол бермеймін ешқашан да,
Үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға,
Үйретемін баланы жақсылыққа
Жамандық: Үйренсең бала жамандық,
Қорқады сенен барлығы.
Тауық қашар қыт-қыттап
Құстар ұшар шықылықтап.
Ал, кішкентай балақан.
Бұғып өтер қорқақтап.
Жақсылық: -Дұрыс емес, сенікі жамандық.Сені балалар жек көріп, аулақ болуға тырысады.Егер осындай қылықтарымен бала кездессе оған тәртіпті, жақсы балалар көмектеседі.Оларды дұрыс тәртіпке үйретеді.Ендеше, екеуіміз де балаларды бүгінгі кештерімен құттықтап, тәртіпті, білімді болуға шақырайық.
Мұғалім: -Балалар, тәртіпті, білімді болуға серт береміз бе? Оқушылар: /хормен/
-Тәртіпті, білімді оқушы болуға серт береміз!
Ән «Досым-ай»/ Жазира/
******** Ашылды енді алдымнан
Кең дүние есігі
Соғылған Әліппе – білім бесігі.
******** Әліппем менің әліппем,
Өмірді көрем танып мен
Қайталап айтам мың рет
Өзіңе көп-көп рахмет.
********* Қош бол құтты әліппем,
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
********
Бүкіл қазақ баласы дәріптеген
Қоштаспақпыз сүйікті әліппемен.
Ризамыз бәрімізді таныстырған,
Сөз бен дыбыс, әр түрлі әріптермен.
******** Таныстырып 42 әріппен,
Қош бол менің қасиетті Әліппем!
Сенің арқаң оқи жаза білгенің
Сауатты адам санатына кіргенім.
**********
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |