Тақырыбы: «Шоқан Уәлиханов» Сыныбы: 10а Күні: Тапсырма мазмұны



Дата02.07.2018
өлшемі54,5 Kb.
#46099
Тақырыбы: «Шоқан Уәлиханов»

Сыныбы: 10а

Күні:

Тапсырма мазмұны: мәтіннің бөліктерін жеке-жеке талдап, тұтас бір мәтін шығару. Ашық тестке жауап беру.

Бұл Шоқанның көптен күткен саяхаты еді. Сондықтан ол сонау Омбыдан шыққаннан бері көрген-білгенін, халықтың тұрмысын, ел аузындағы аңыз-әңгімені, жер-су жағдайын, күнкөрісін бұлжытпай күнделігіне жазып келеді. Бұлар жолшыбай Албан руынан шыққан бір бай қазақтың үйінде болды. Шоқан ұлыққа малдың басын ұстау тәртібін түсіндірді. Әуелі бас ұстаған кісі ұртынан бір кесіп алады да, одан кейін құлақ, көз, таңдайын үйде отырған кісілерге ретіне қарай үлестіріп таратады. Гасфорт Шоқанның айтқанын орындап, тілін өз жұбайына, құлағын осы үйдің баласына ұстатты.

-Это очень интересно!Целая наука, я первый раз,- деп таңданды генералдың жұбайы. Түскі тамақ осылай көңілді өтті. Үй иесі Шоқанға риза болып, алғысын жаудырды. Бұлар жүріп кеткен соң, ұлықтың қонақ болғаны бүкіл елге тарады.

.....................................................................................................................................

Бұл кезде Верный шаһарының қауырт салынып жатқан кезі еді. Қаланың әр жерінен қол араның сырылы, балтаның дүрсілі естіледі.

Гасфорт жергілікті әкімдермен бірге қаланы аралап, көңілі көтеріліп қалды. «Түбінде қала патша өкіметінің шығыстагы тірегі болмақ»,- деп ойлады ол.

.....................................................................................................................................

Осы арада Шоқан мен генералдың жолы бөлінді. Гасфорт Семей арқылы Омбыға қайтты да, Шоқан осында қалды. Ол бұл кезге шейін Жетісу өлкесін, Тарбағатай тауын зерттеуді арман етіп келген еді. Соның сәті енді түскендей болды.

Жас ғалым Алакөл атырабында дүркін-дүркін соғып тұратын Лепсі желінің себебін түсіндіріп, өткен геологиялық дәуірде Алакөл, Балқаш ойпатын түгелдей су басып жатқаны жайлы басым айтады. Сондай-ақ ол бұл жерлердің өсімдік, жануарлар дүниесін, ауа райын, жергілікті халқын алғаш рет ғылым дүниесіне таныстырды.

.....................................................................................................................................

Сол сапардан кейін Шоқан Балқаш туралы былайша жазып қалдырды:

«Бұл-ұзындығы алты жүз шақырымнан асатын айдын көл. Оны халық бұрын «Қасқакөл», «Көкшекөл»деп атаған. Ол Сарыарқа мен Жетісу өлкесінің аралығында жатыр».

Шоқан Қарқаралыда болып, арқа төсіндегі жер жаннатын көреді. Бала кезінде естіген бір аңызын түсіреді.

.....................................................................................................................................

Аңызда Баянның қарқарасы(сәукелесі)басынан осы маңда түсіп қалып, содан бұл жер Қарқаралы аталғаны айтылушы еді. Сол аңызды еске алған ол: «Мал бағып, кең далада еркін өскен халық жерге ат қоюға келгенде, қандай тапқыш»деп ойлады.

Қыздың жиған жүгіндей текшеленген жартастар бірте-бірте биік құзға барып ұласады.

Ал оның баурайы үңгірлерге, жер-сумен жемірілген бейнелерге толы. Осылардың бәріне де халық тапқырлықпен ат қоя білген. Айнала жартастармен қоршалған кішкене көлді «Шайтанкөл»деп атапты. Шоқанның әрбір тасқа үңіліп, көлдің, таудың атын жазып жүргені бұрын-соңды мұндайды көрмеген халыққа тансық еді. Тіпті қасына еріп жүрген атқосшысы оның мұнысын таң көрумен келеді.

....................................................................................................................................

- Шоқан, сен тау-тасты, шөп-шаламды көп жазасың, оның саған керегі не, сен жазсаң да, жазбасаң да, олар орнында тұра бермей ме?- дейді ол әрдайым Шоқанға. Жас ғалым серігінің бұл сөзіне күліп алады. Күлетін себебі- атқосшы жігіттің сауалы өзгермейді. Бұрнағы күні Қарқаралыда осындай сауал қойып еді. Енді, міне, Баянауылда да сол сауалды беріп отыр. Шоқан соқтауылдай жігіт ойының балаңдығына күледі. Оның түсінігінше, жер-су, тау-тас өзгереді, соған қарай сұрақ та өзгеруге тиіс қой. Бірақ ол жігіттің қателігін айтып, көңілін қабартып қалдырғысы келмейді. Сондықтан әңгіме арнасын басқа жаққа бұрып жібереді.

.................................................................................................................................

-Осыдан біраз жыл бұрын осындағы нағашымның аулына келгенде, мына тауды аралаған едім. Одан бері көп уақыт өтті. Менімен бірге саятқа шыққан Омар ақсақал, Дәрібай ақын о дүниеге көшіп кетті. Ал тау болса сол қалпы. Шіркін, осы тауға тіл бітіп, сөйлеп кетсе, бауырында қанша қантөгіс соғыстың болғанын, неше түрлі елдердің келіп кеткенін айтса, тарихқа соны беттер жазылар еді-ау! Қанша құпия тарих жатыр осы таудың өзінде!

Жігіт бұл сөзге үнсіз басын изеді.

....................................................................................................................................

Баян- моңғол тілінде бай, байтақ, атақты, даңқты, ал «оло» орманды тау деген ұғымды білдіреді. Осы таудың ең биігі-Ақбет тауы. Бұдан басқа одан тарайтын Жасыбай, Жанбақты, Торайғыр, Жақсыаула,Жаманаула таулары бар.

Тегінде жер үстіндегі көлдер бір құдірет көз жасының тамшысы делінеді. Кім біледі, солай болса, солай да шығар! Әйтеуір табиғат тау араларындағы шұңқырларға Сабындыкөл, Жасыбай, Торайғыр көлдерін мөлдіретіп орната қойыпты.

.....................................................................................................................................

Шоқан халық ауыз әдебиетін өзіндік беті бар құнды мұра деп жоғары бағалады. Қазақтың аңыздары мен жырларының, күйлерінің пайда болуына, олардың тарихи кезеңге, оқиғаға байланысты екеніне назар аударды.Фольклорлық материалдар Шоқанға қазақ халқының мәдениет байлығын зерттеп, білуге басты негіз болды.

.....................................................................................................................................

Жасынан халық ауыз әдебиетін сүйіп тыңдап, құмарта жазып жүрген Шоқан сонау мол мұраның өз халқының ғасырлар бойы жасаған гуманизмге толы бай ауыз әдебиетінің алғашқы төрешісі де өзі болды. Рас, Уәлихановтан да бұрын халық ауыз әдебиетін жинап, зерттеушілер, оны там-тұмдап баспа орнына беруші шығыстану ғылымымен шұғылданған елдер өмір сүрді. Бірақ олардың көршілігі жол-жөнекей жазған күнделіктерінде, белгілі бір саяхатнамалары мен хаттарында, арнайы құжаттық есептерінде, мемлекеттік елшіліктер кезінде толтырылған «журналдарында» халықтың өзіндік ерекшеліктеріне тоқтала келіп, олардың тіл байлығын, әдет-салтын, мақал-мәтелдеп сөйлеуге шеберлігін, суырыпсалма ақындардың айтыс өнеріне бейімділігін, дала тұрғындарының ән-күйге, жырға құмарлығын және басқа да байқағандарын қысқаша баяндаумен шектелген. Олардың жазбаларында құнды деректермен қоса, үстірт пікірлер, жаңсақ топшылаулар да жиі кездесетін. Осынау кемістіктің орнын толықтыруда, халқымыздың сан салалы әдебиет нұсқаларына әділ баға беруде Уәлихановтың ұлы бастама көтергенін ерекше атаған абзал.

.....................................................................................................................................

Халық мәдениеті мен ақыл-ойының көрсеткіші есебінде танылатын халық шығармашылығын талмай зерттеген ғалым оны басқа ел ауыз әдебиетімен салыстыра қарады. «Жоңғар очерктерінде»қырғыздар мен қазақтардың көптеген ертектерін, мифтерін, эпос жырлары мен аңыздарын жинап жүріп, олардың Еуропа халықтарының, әсіресе, славяндардың сол сияқты шығармаларының ұқсастығына таңғалған.

.................................................................................................................................

Ғалым Қашқарға барған сапарында көптеген материалдар, ауыз әдебиеті үлгілерінің бірнеше түрлерін, аса сирек кездесетін кітаптар алып қайтты. Этнографиялық очерктер, санақ мәліметтері, тарихи хабарлар, үйсіндер мен қырғыздардың халық әдебиетінің ескерткіштері оның қолжазбаларында бірнеше дәптер болған.

....................................................................................................................................

Қаншама қауіпті болғанына қарамастан, жол-жөнекей және Қашқардың өзінде де ұдайы күнделік дәптер жазып жүрген. Жайшылықта сөйлесетін тілдің кішкене сөздігін құрастырып, идиомизм үлгілері мен толып жатқан халық жырларын жазып алған.

.....................................................................................................................................

Уәлиханов әдеби мұрасынан қазақ ауыз әдебиетінің барлық түрлерінің құсқаларына берілген ғылыми сипаттамаларды көптеп кездестіруге болады.

....................................................................................................................................

Шоқан ауыз әдебиетінің нұсқалары арқылы халықтың өткендегі тарихын, тұрмыс-салтын, көзқарасын, дүниетанымын зерттеген. Әдеби мұраның тарихи маңызы туралы айтып келіп, ол былай дейді: «Егер Гомердің көркем жырлары мен жұрттың айтуымен Геродот жинаған аңыздардың аз да болса тарихи мәні бар десек, егер де өзгертіліп, мысал тәрізді боп кеткен аңыздардың негізіндегі оқиға, шындық жататын болса, қазақтың ата-бабаларының тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын әр жағынан қамтып, белгілі бір жүйеде суреттеген, сол елдің өткен кездегі өмірінің сәулесі болған аңыздардан алып, ол халықтың осы күнгі мінез-құлқымен және олар жөніндегі тарихи нұсқаларымен салыстырсақ, онда аңыздардың тарихи мәні болуының мүмкіндігіне күдіктенбеуіміз керек».

..................................................................................................................................... 1856-1862 жылдарда кіммен хат алысып, қимас дос болды?

.....................................................................................................................................

Ш.Уәлиханов Әулиеатада, Черняев отрядында қашан болды?

....................................................................................................................................

Верныйда Тезек төре ауылында қашан болды?

...................................................................................................................................

1865 жылы сәуір айында кімнің ауылында қайтыс болды?

...................................................................................................................................

Шоқанды «Аққан жұлдызға» теңеуді қалай түсінесіңдер?

......................................................................................................................................

Шоқанның қандай өнерін білесіңдер?

Шоқан атында мектеп, мұражай, көше бар ма?

.....................................................................................................................................

Ш.Уәлиханов жайында жазылған қандай көркем туындыларды білесіңдер?

.....................................................................................................................................

Өздеріңде Шоқанның өмірі мен қызметінен алған әсерім, әйтпесе ол болған, жүрген жерлерді менің де аралап шығып, сол жерлерге саяхат жасағым келеді деген ынта-ықыластарың туды ма?

...................................................................................................................................

Қалай ойлайсыңдар,жас ғалымның өз заманында қандай көзқараста болғанын, сол дәуірдің озық ойлы адамдарымен қандай қарым-қатынаста болғанын қалай танып-білеміз?

...................................................................................................................................

Ш.Уәлихановтың үлкен ғалым, біртуар дана адам болып қалыптасуына әжесінің әсері болды ма? Әжесі кім?

...................................................................................................................................


Қалай ойлайсыңдар, тілдерді меңгерудегі Шоқанның алғырлығы, намысшылдығы бүгінгі сендердің бойларыңнан табыла ма?

....................................................................................................................................



Артына өлмес мұра, өшпес аты қалған Шоқан Уәлиханов өмірі, өнегесі келер ғасыр ұрпағына да үлгі-өнеге болып қалады деген ой түйіп, тұжырым жасауға бола ма?

.....................................................................................................................................

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет