Тақырыбы: Тері,бұлшық ет анализаторы. Дәм сезу,иіс сезу анализаторы. Орындаған: Асылдин Д.Ғ Қабылдаған: Жарылкасынова Г. М



Дата11.03.2022
өлшемі187,89 Kb.
#135230
Байланысты:
Анатомия дико
PISA- ном 1

Тақырыбы: Тері,бұлшық ет анализаторы. Дәм сезу,иіс сезу анализаторы.
Орындаған: Асылдин Д.Ғ
Қабылдаған: Жарылкасынова Г.М
Жоспар:
  • Тері анализаторы
  • Бұлшық ет анализаторы
  • Дәм сезу анализаторы
  • Иіс сезу анализаторы

  • Қорытынды:

1. Тері анализаторы
Тері – адам денесінің сыртқы жабыны. Тері ағзада әр түрлі қизмет атқарады. Ішкі мүшелерді сыртқы органың механикалық әсерінен (соғылудан, жарақаттанудан) қорғайды. Тері микробтарды, еріген улы және зиянды заттарды өткізбей қорғаныштық қизмет атқарады. Тері ағзадағы зат алмасу үдерісіне қатысады. Негізінен су мен жилу алмазуда маңизы бар. Сыртқы органың температурасы қаншалықты ауытқығанимен, адамның дене температурасы үнемі тұрақты болады. Дене температурасының үнемі тұрақты деңгейде болуын қамтамасиз ететін физиологиялық үдерістерді жилу ритейлу дейді.
Теріде сезімтал жүйкелер рецепторлары,терi ,май бездері, ет ұлпалары орналасады.
Tepi беткей, меншікті, шел қабаттарынан түзілген. Беткей қабаты – эпидермис эктодермадан дамып,көп қабатты эпителий ұлпасынан түзілген. Эпидермистің тереңінде миелинді (пигмент) заты орналасады. Ол терiге белгiлi бiр түс беріп тұрады. Терінің меншікті кабаты мезодермадан пайда болып, дәнекер ұлпа мен серпiмдi талшықтардан түзілген . Бұл қабатта қан тамырларының торы мен сезімтал жүйке ұштары орналасады. Терiнiң шел немесе май қабаты,негiзiнен май ұлпасынан түзілген, бұл ұлпада дәнекер ұлпаның коллагенді және серпiмдi талшықты торлары түзеді.
Нағыз тері — дерма (дерма); (dermis, грек, derma – тері) – терінің ең қалың негізгі қабаты. Нағыз тері — емізікше және торлы қабаттардан тұрады. Емізікше қабатты талшықты борпылдақ дәнекер ұлпасы, ал торлы қабатты талшықты тығыз қалыптаспаған дәнекер ұлпасы құрайды. Нағыз тері қабатында түк түбірі және тері бездері болады.
2. Бұлшық ет анализаторы
Бұлшық ет жүйесі, адамда, барлық омыртқалы жануарларда және омыртқасыздардың көпшілігінде қозғалыс қызметін атқарады. Дене қаңқасын жауып тұратын бұлшық еттер көлденең салалы талшықтардан тұрады. Бұлшық еттер өзінің пішіні, көлемі, тұрған орны мен атқаратын қызметіне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Бұлшық ет жүйесіне арқа, кеуде, іш, мойын, бас, қол, иық, білек, аяқ бұлшық еттері кіреді.
3. Дәм сезу анализаторы
Дәм сезу мүшесі ауыз қуысына түскен заттың дәмін қабылдайды. Дәм сезу рецепторлары тілдің ұшында, артқы бөлігінде, жиегінде, жұмсақ таңдайда, жұтқыншақтың артқы жағында орналасады. Дәм сезу рецепторлары тағамның химиялық құрамын жақсы сезеді. Әсіресе тәтті, ащы, тұзды, қышқылдың әсерін сезеді. Тілдің сілекейлі қабықшасында дәм сезу емізікшелері мен бүртіктері болады.
4. Иіс сезу анализаторы
Иіс сезу – заттың иісін қабылдау. Иісті қабылдайтын иіс сезу жасушалары мен рецепторлар мұрын қуысының кілегейлі қабықшасының жоғарғы жағында орналасады. Рецептор жасушалары шеткі қысқа (15–20 мкм) өсінділер мен ұзын орталық өсінділерден тұрады. Жасушаның денесі кілегейлі қабықшаға тереңірек еніп жатады. Иіс сезу жасушаларының шеткі өсінділерінің ұшы кеңейіп, жуандап, онда 10–12 үшкір түктер орналасады. Бұл түктер иісті заттардың молекулаларымен өзара әрекеттеседі. Иісті заттардың молекулалары мұрын қуысының кілегейлі қабығының беткі жағында болады.
Бұл молекулалар мұрынның кілегейлі қабығындағы бездерден бөлінетін сұйықтықта ериді. Еріген заттар иіс сезу түктері мен оның жуан ұшын тітіркендіреді. Қозу иіс сезу жүйкесі арқылы ми қыртысында болатын мидың иіс сезу орталығына өтеді. Осы орталықта заттың иісін сезу талданады. Иіс сезу мүшесінің рецепторлары тек газ тәрізді заттарға ғана тітіркенеді.
Иіс сезу анализаторы иіс сезу рецепторларының жиынтығынан, иіс сезу жүйкесінен және иіс сезу орталығынан құралады. Тағамның сапасын айыру, ауадағы зиянды газдардан сақтану үшін иіс сезудің маңызы зор.
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет