Тақырып 25 ҚҰҚЫҚБҰзушылық ЖӘне заңды жаупкершілік



Дата02.02.2022
өлшемі27,5 Kb.
#117151
Байланысты:
ТАҚЫРЫП 25 ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ЖАУПКЕРШІЛІК


ТАҚЫРЫП 25 ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ЖАУПКЕРШІЛІК

Құқық бұзудың түсiнiгi және түрлерi - адам баласы дамуының объективтiк заңдары, жалпы түрде қоғамдық қатынастардың, көбiнесе лайықтылау құрылымын белгiлейдi Олар, белгiлi объективтiк жағдайларда адамдардың, оның индивидуумдарының ол қоғамның даму деңгейiне сай, қалай әрекет жасайтынын көрсетедi.

Құқықтық тәртiптi бұзу, қатаң түрде белгiленген нышандарымен сипатталады, оны құқықтық емес тәртiп жолдарынан айырып көрсетедi (мораль, ғұрып, қоғамдық ұйымдардың шешiмдерi).

1.Құқық бұзу - әрекетiмен не әрекетсiздiгiмен көрiнетiн адамның тәртiбi;

2.құқық бұзу - құқық нормаларының ұйғарымына қарсы болатын адамның тәртiбi;

3.құқық бұзушылыққа, құқықтың субъектiлерiнiң кiнәлi тәртiптерi ғана жататындығы мойындалады.

Кiнә - құқық бұзушының өзiнiң құқыққа карсы тәртiбiне психологиялық көзқарасы. Кiнәнiң екi нысаны болады: қасақана және абайсыздық.

Қасақаналық - егер адам құқықты бұзғанда оның тәртiбiнiң нәтижесiнде қоғамға зиян келетiнiн алдын ала бiлсе, соны тiлесе (мысалы, қарыздық мiндеттiлiгiн бұзса, өндiрiстiң әкiмшiлiгiнiң жарлығына бағынбаса, жеке адамның мүлкiн ұрласа) сол уақытта орын алады.

Абайсыздық - кiнәнiң нысаны ретiнде екi түрге бөлiнедi:

- өзiне-өзi сенушiлiк - адам өзiнiң тәртiбiнiң соңында болуы мүмкiн зиянды нәтиженi алдын ала бiледi, бiрақ жеңiлтектiкпен ондай нәтиженi болдырмаймын — деген есепте болады.



Ұқыпсыздық - адам өз тәртiбiнiң нәтижесiнде болатын қоғамға зиянды нәтиженi бiлмейдi, бiрақ оны бiлуге мiндеттi едi

4.құқық бұзу - қоғамға, мемлекетке, азаматтарға зиян келтiретiн тәртiп. Олар, үлкен зиянды - саяси, еңбек, мүлiктiк, жеке адамдардың құқығына және бостандығына, ұйымның экономикалық мүддесiне әскери бөлiмдердiң әскери дайындығына зиян келтiредi.

5.құқық бұзушылық, құқық бұзушыға мемлекеттiк ықпалды, шараны пайдалануды талап етедi.

Құқық бұзудың түрлерi - барлық құқық бұзушылық өздерiнiң қоғамдық қауiптiлiгiнiң деңгейлерiне байланысты екi түрге бөлiнедi: терiс қылық және қылмыс



Заңды жауапкершiлiк: түсінiгi, негiзi - қоғамның, мемлекеттiң жеке адамдардың мүддесiн қорғайтын маңызды шара. Ол құқық нормаларының ұйғарымдарын бұзу нәтижесiнде болады және құқық бұзушыға мемлекеттiк мәжбүрлеудi қолдану нысанында көрiнедi. Заңды жауапкершiлiктiң маңызды белгiсi мемлекетпен белгiленедi және құзыретi бар мемлекет органдарымен қолданылатың құқық бұзушыға заңды жауапкершiлiк, оған құқық нормаларының жазасымен, онда көрсетiлген тағы басқа жауапкершiлiк шараларын қолдану.

Заңды жауапкершiлiктiң негiзiне, құқық бұзу жатады. Егер, субъектiнiң тәртiбi құқық бұзу белгiсiне iлiнбесе, ол занды жауапкершiлiкке тартылмайды.



Занды жауапкершiлiктiн түрлерi - жасалған құқық бұзушылықтың сипатына карай тәртiптiлiк, әкiмшiлiк, материалдық азаматтық және қылмыстық жауапкершiлiкке бөлiнедi. Әрбiр заңды жауапкершiлiктiң өздерiне тән арнайы жазалау деңгейлерi және оларды қолданудың ерекше тәртiптерi бар.

Тәртiптiлiк жауапкершiлiк кiнәлi адамға, тәртiптiк жаза басқарушысының билiгiмен берiледi. Негiзгi тәртiптiлiк шараға - сөгiс беру, ескерту жасау, жұмыстан босату, әскери бөлiм жағдайында кезектен тыс қызмет жасату, әскери атағының дәрежесiн азайту не лауазымдығынан айыру жатады.

Әкiмшiлiк жауапкершiлiк - атқарушы билiк органдарымен әкiмшiлiк ықпалды кiнәлi адамдарға жасау (мысалы, ескерту, айып салу, әкiмшiлiк тұтқынға алу).

Заңды жауапкершiлiк - қазiргi қоғамда тәртiптi қорғауға, азаматтарды адамгершiлiкпен заңды сақтауға тәрбиелеу, олармен құқықтық тәртiптiң пайдалы екенiн түсiндiруге бағытталған. Мемлекетте заңдылық және құқықтық тәртiп, елеулi тәсiл сендiрумен қамтамасыз етiледi, ол шын мәнiндегi азаматтардың әлеуметтiк корғалуына, олардың негiзгi мiндеттерiмен құқығының қамтылуына негiзделген.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет