Тақырып: Басқарушылық ой эволюциясы
Басқарушылық ой эволюциясы.
Менеджмент басқарудың мақсатына адамдардың еңбек белсенділігін ынта-ықыласы арқылы көтеріп, олардың тиімді жұмысының негізінде жетуді ұйғарады. Ғылымның бұл түрін білу барысында басқарудың мақсаттарын қою мен дәлелдеу үшін нақты білім және тәжірибелік дағды алуға болады, осы мақсаттарға жету жолында персоналдың күш-қуатын жинастыруға, ғылыми дәлелденген шешімдерді қабылдауға, кадрлар жұмысын жүйелеуге, кәсіпорындарды біртұтас жүйе түрінде басқаруға мүмкіндік береді.
Әртүрлі ғылымдар секілді менеджменттің де теориясы болады, онда осы пәнге тән қасиеттер, міндеттер, категориялар, заңдылықтар, принциптер, әдістер, функциялар және өзінің ізденіс жолы қамтылады.
Басқару адамдардың парасаттылық нысаналы іс-қызметінің көмегімен қоршаған әлемді бағындыру және тәртіпке келтіру жұмысынан тұратындығы бұрыннан белгілі. Менеджмент – басқарудың маңызды құрамдас бөлігі, оның пәні басқару үрдісіндегі әлеуметтік қатынастардан тұрады. Сөйтіп, менеджменттің ғылым ретінде айналысатын пәні басқару үрдісінідегі адамдардың арасындағы қалыптасатын қатынастар.
Менеджемент тәуелсіз ғылым ретінде тек XIX ғасырдың аяғы- XX ғасырдың басында ғана шыға бастады. Сол кезден бастап алғашқы ғалым-практиктер өз еңбектерін жарыққа шығара бастады.
Ағылшынның «менеджмент» сөзі осы елдің көп халқы шұғылданаған үй шаруашылығын дұрыс басқарып,ресурстарды ысырап қылмай қолдана алу шеберлігін білдірген.
Қазіргі кезде «менеджмент» сөзі көптеген істердегі дұрыс басқарушы адамды елестетеді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде көптеген ғалымдар басқарушылық теория деген түсінікті зерттеуге кірісіп кеткен.Бірақ, ол кезде менеджментті адамға қалай қызмет ете алатынын түсінбеген. Қазіргі кезде еңбек нарығында 30 пайыздан астам басқару ісін жүзеге асыратын адамдар құрайды.
Тек менеджмент қана көптеген интеллектуалды адамдарды адамзат игілігі үшін жұмыс істейтінін түсіндіреді.
XVIII ғасырда Батыс Еуропалық интеллектуалдар Қытайға қызғанышпен қарайтын, себебі: ол жерде 20 мыңдай интеллектуал жыл сайын мемлекеттік басқару жұмыс орындарына кіретін.Қазіргі кезде АҚШ-та жыл сайын ЖОО миллионға жуық басқару ісінің мамандарын шығарады және сол мамандар жоғарғы ақылы жұмыс орындарына көп қиналмай кіреді.
Алдыңғы қатарлы технологияларды білу-маманданған білім болып табылады, бірақ олар өз бетімен ешетеңені де бермейді. Бірақ, оған қарамастан, қазіргі компанияларда жоғарғы білімді 10 мың маман жұмыс істеуі мүмкін,олардың әрбіреуі өз саласының маманы болып табылады. Мысалы: инженерлер, психологтар, маркетологтар, статистика жүргізушілер, экономистер және т.б. Бірақ та олардың жұмысы дұрыс басқарылмаса ,жемістілігі төмен болады.
Айтатын болсақ, көптеген бизнесмендер өздерінің ірі компанияларындағы менеджмент үлгісін әскерден алған, әскердегі тәртіп дамыған менеджменттің алғышарты болып табылады десе де болады. Оның негізі болып үлкен мамандарға кіші мамандар бағынады, ал кіші мамандарға жұмысшылар бағынады деген принцип болған. Осы модель XIX ғасырдан бастап сол кездегі ірі компаниялардың: темір жол, мыс заводтары, банктердің басқару ісінің негізі болған.
1867 жылы Siemens өндірістік нарық тарихында алғаш рет жұмысқа университеттік білімі бар инженерді қабылдады. Оның аты Фридрих фон Хефнер-Альтенек болған. 5 жыл ішінде ол зерттеу бөлімін құрған. Оған қарап компанияның басқа бөлімдері де зерттеумен айналыса бастаған.
Бірінші дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін өндірістік компанияның функционалдық бөлімдері пайда болды: зерттеулер және жаңа жобалар бөлімі, бухгалтерлер, кадрларды басқару бөлімі және т.б.
1920-30 жж американдық ғалмдар Д.Э. Мейо, Т.Уотсон, Р.Е.Вуд сол кездегі менеджмент негіздеріне күмән келтірді. Олар адамдардың көптігінен өндіріс қарқындауы өндірістің автоматтануынан баяу жүреді деген шешімге келді. Содан олар сан мен емес сапамен алу керек деп қорытынды айтты.
АҚШ осы шешімнің жемісін Екінші дүниежүзілік соғысы кезінде көрді. Олар сол соғыс арқасында дүние жүзіндегі ең бай, жоғары дамыған, ең аз зардап шеккен жеңімпаз ел ертінде шықты. Олардың соғыс кезінде антигитлерлік коалиция елдерінің бәрін қосқандағы әскери техникадан көп өндірген, өздерінің техникасын алыс елдерге де жеткізіп отырған.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін менеджмент жетістіктері тек қана экономикада ғана емес, басқа салаларда да кең қолданысқа енді.