Тақырып: Жедел және жоспарлы операцияға дайындаудағы медбикенің рөлі.
№1 тапсырма
43 жастағы науқас "Оң жақ шап жарығы" диагнозымен хирургиялық бөлімге түсті. Операция алдындағы тексеру емхана жағдайында өтті. Шап жарығы бар науқасқа операция алаңын дайындау мақсатында кезекші медбике операция қарсаңында кешке шаштарын қырды.
1.
Операцияның көрсеткіштерін анықтаңыз.
2.
Операция алды кезеңнің сатылары қандай?
3.
Операциялық мейірбикенің іс-әрекеттерінің дұрыстығын анықтаңыз
4.
Операциядан кейінгі кезеңда науқаста қандай режим және қандай диета?
№2 тапсырма
56 жастағы науқас онкологиялық ауруханаға сол жақ сүт безінің қатерлі ісігі диагнозымен түсті. Операция алдындағы дайындықтан кейін операция жасалды: гормоналды фонды өзгерту үшін радикалды мастэктомия және аналық безді алып тастау.
1.
Хирургиялық операцияға анықтама беріңіз.
2.
Науқасты операция алды кезеңде қалай дайындау керек?
3.
Науқасқа операция жасалғаннан соң қандай таңғыш салынады?
№ 3 тапсырма.
54 жастағы науқас жүре пайда болған оң жақ шап жарығына байланысты хирургиялық емдеу үшін бөлімге жатқызылды.
Бұл науқаста қосымша патология анықталған жоқ. Зертханалық талдаулардың көрсеткіштері қалыпты.
1.
Операцияның көрсеткіштерін анықтаңыз.
2.
Бұл кезде қандай жағдайда операция шұғыл түрде орындалатынын атаңыз.
3.
Премедикацияға қандай препараттар кіреді және ол қалай жасалады?
4.
Бұл науқасқа қандай операция көрсетілген?
5.
Психологиялық дайындық дегеніміз не?
Достарыңызбен бөлісу: |