Такырыбы:Қазақстанның қазіргі заман тарихына кіріспе



Дата07.02.2022
өлшемі2,31 Mb.
#86371
Байланысты:
last history























ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1 КҮН
Такырыбы:Қазақстанның қазіргі заман тарихына кіріспе.
1.ҚСРОны басқарған басшылар.
КСРО-ны баскарган басшылар
1)Владимир Ленин 
2)Иосиф Сталин 
3) Никита Хрущёв 
4)Леонид Брежнев 
5)Юрий Андропов 
6)Константин Черненко 
7)Михаил Горбачёв
2.Қазақстанды басқарған басшылар.
Қазақстан Компартиясының басшылары (1920-1991)
**Қырғыз облысының бюро хатшылары 
1) Пестковский, Станислав Станиславович (1920 ) 
2) Акулов, Иван Алексеевич (1920-1921) 
3) Мұхамед-Хафиз Мырзағалиев(1921)

**Қырғыз(Қазақ) облыс комитетінің хатшылары:


1) Мұхамед-Хафиз Мырзағалиев (1921)
2)Костеловская, Мария Михайловна (1921)
3)Коростелёв, Георгий Алексеевич (1921-1924)
4) Нанейшвили, Виктор Иванович (1924-1925)

**Қазақстан өлке комитетінің хатшылары:


1) Нанейшвили Виктор Иванович (1925)
2)Филипп Исаевич Голощёкин (1925-1933)
3) Левон Исаевич Мирзоян (1933-1937)

**Қазақстан Компартиясының Бірінші хатшылары:


1) Левон Исаевич Мирзоян (1937-1938)
2) Николай Александрович Скворцов(1937-1945)
3)Геннадий Андреевич Борков (1945-1946)
4)Жұмабай Шаяхметов (1946-1954)
5)Пантелеймон Кондратьевич Пономаренко (1954-1955)
6)Леонид Ильич Брежнев (1955-1956)
7)Иван Дмитриевич Яковлев (1956-1957)
8)Николай Ильич Беляев (1957-1960)
9)Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев (1960-1962)
10)Юсупов, Исмаил Юсупович (1962-1964)
11) Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев (1964-1986)
12)Геннадий Васильевич Колбин (1986-1989)
13)Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев (1989-1991)





3.Қанша идеология болды?


Коммунистік партия кезінде негізгі идеология кызметтің коммунизм идеологиясы атқарды.Оған қарсы шыққандардың барлыгы репрессияға ұшырады.Сонымен қатар социализм,марксизм,ленинизм,большевизм идеологиялары болды.
4.Совет билігі кезінде билік басында болған партия және оның атының өзгеруі.
ҚСРО билігі кезінде билік басында коммунистік партия болды.
1.1898-1918жж. Ресей социал-демократиялық жұмысшылар партиясы (РСДЖП)
2.1918-1925 жж. Ресей коммунистік (большевиктер)партиясы (РК(б)П)
3.1925-1952 жж. Бүкілодақ коммунистік (большевиктер)партиясы(БК(б)П)
4.1952-1991 жж. Кеңес Одағы коммуистік партиясы(КОКП)

ЭССЕ
Жоспар:


**Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсының пәні мен міндеттері.
**Қазақстанның қазіргі заман тарихының деректері
**Қазіргі Қазақстан тарихының кезеңдерге бөлінуі
Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсының пәні.
«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» курсы бүгінгі Ұлы Дала елі аумағындағы тарихи үдерістің бастаулары, негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы объективті мағлұмат беретін курс болып табылады.Бұл курстта бұрынғы оқулықтарда айтылмаған мәселелерді камтуға да талпыныс жасалынады. Атап айтқанда, қазақ өлкесін басқару жөніндегі Революциялық комитеттің құрылуы мен қызметі, Қазақстанның біртұтас атырабын қалыптастыруы,ҚАССР-нің тұңғыш Конституциясының жасалуы және оның негізгі қағидалары қамтылады.Индустриаландыру бағыты қарастырған кезде жетістіктермен қатар жіберген кемшіліктеріне де назар аударылады.Өнеркәсіпті дамытудың шикізаттық бағыты, жұмысшы табының арасындағы қазақ өкілдерінің үлес салмағы мен кәсіби деңгейіне жан- жақты талдау жасалынды.Курсты оқыту барысында Ұлы Отан соғысы кезіндегі белгісіз фактілермен бұрмаланған мәселелерге көңіл аударылады.Неміс-фашист басқыншыларына азат,етілген аудандарға Қазақстанның көмегі туралы да мәліметтер айтылады.Тағыда ірі көңіл аударылған мәселе -Ұлы Отан соғысынан кейінгі саяси қуғын-сүргіннің екінші кезеңнен басталуы және оның құрбандары. Токырау көзіндегі өнеркәсіп пен ауылшаруашылығынын жағдайы, артта қалу себептері, Ұлт аралық қатынастағы көлеңке мәселелер менонын себептері қарстырылады.Тәуелсіз Қазақстан Республикасының ,құрылуы шет мемлекетіермен дипломатикалық қарым қатынасы,сыртқы эконмикалық саясаты,шаруашылық-әкімшілік реформалардың іске асырылуы мен оның қортындыларына көңіл аударылды.Егемендік кезеңінде еліміздін саяси өмірінде болып жатқан өзгерістер туралы да айтылады. Мәселен саясипартиялар мен қоғамдық қозғалыстардыңөмірге келуі, олардың бағдарламалык принциптері, ұлт аралық татулықты сақтау т.б. мәселелер қамтылады.

Пəн мақсаты:

«Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» курсының басты мақсаты: бүгінгі
Ұлы Дала елі аумағындағы тарихи үдерістің бастаулары, негізгі кезеңдері мен
ерекшеліктері туралы объективті мағлұматтар  беру; Қазақстанда тəуелсіз
мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы, рухани мəдениет этногенез
сабақтастығы мəселелеріне студентердің назарын бағыттау; студенттерге
тарихтың іргелі мəселелерінің мəнін жеткізу; тарихи танымның ғылыми
əдістерін пайдалануға студенттерді үйрету жəне олардың ғылыми көзқарасы
мен азаматтық ұстанымын қалыптастыру.

Пəн міндеттері:

**осы пəнді оқу нəтижесінде студенттер түсінік алуы керек.
**студенттер қазіргі тарих ғылымының жетістіктерін пайдалана отырып,хронологиялық тəртіпке сай ауқымды жəне нақты материалдармен танысуы,білуі керек.
**проблемалық дəрістер əдісін қолдану жолымен студенттер шығармашылық ойлауға жаттықтырылуы керек
**Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының гуманитарлық пəндер
жүйесіндегі орнын,оның объектісі мен пəнінің ерекшеліктерін, ең өзекті
проблемаларын анықтап,практикалық машықтануы керек:
**Бүгінгі тарих жəне тарих ғылымының рөлі, оның салалары мен бағыттары,
тарихтың белгілі кезеңдеріндегі əлеуметтік жəне саяси проблемалар туралы
түсінік қалыптастыруы керек.

Қазақстанның қазіргі заман тарихының деректері.



Қазіргі Қазақстан тарихының кезеңдерге бөлінуі.




І кезен - Қазақстанның ежелгі тарихы(б.з.д. 800 мың ж. б.з.д. VI ғ.)


**1.1 Қазақстан территориясындағы тас дәуірі (б.з.д. 1млн
800 мың ж. - б.з.д. III мың ж.)
** 1.2 Қазақстан территориясындағы қола дәуірі (б.з.д.
мың ж. - б.з.д. І мың ж. басы)
**1.3 Қазақстандағы ерте темір немесе сақ дәуірі (б.з.д. VIII
ғ. - б.з.д. III ғ.)
**1.4 Ерте таптық қоғамдар мен мемлекеттер немесе ғұн,
үйсін, қаңлы (б.з.б. III ғ. - б.з. III (VI) ғғ.)



II кезең - Қазақстанның ортағасыр тарихы(VI - XVII ғғ.)


**2.1 Қазақстандағы түрік дәуірі (VI - ғғ. басы)
**2.2 Қазақстан моңғол дәуірінде (XIII ғ. басы - XV ғ.ортасы)
** 2.3 Қазақ хандығы кезеңі (XV ғ. ортасы - XVIII ғ. басы)

III кезең - Қазақстанның жаңа заман тарихы (XVIII ғ. басы -ХХ ғ. басы)
** 3.1 Қазақстанның Ресейге қосылуы (XVIII ғ. басы -XIX
г. ортасы)
**3.2 Қазақстан Ресей мемлекетінің құрамында (XIX г.ортасы - ХХ г. басы)



IV кезен - Қазақстанның қазіргі заман тарихы (XX ғ. басы - XXI ғ.)

**Кеңестік дәуірдегі Қазақстан (1917-1991 жж.)
**Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет (1991 жылдан бүгінгі күнге дейін)


2 КҮН
БӨЖ такырыбы:Қазвқстандағы тәуелсіздік алғышшартары:ұлттық мемлекет құру идеяларының кезеңдері.

1. 1916 ж ұлт-азаттық көтеріліс себептері, мақсаты, міндеттері
көтеріліс ошақтары, көшбасшылары, барысы көтеріліс қорытындылары.
Патша үкіметінің 1916 жыл 25 маусымда шығарған жарлығы қазақ жұртына өте ауыр тиді. Жарлықта көрсетілген шешім, яғни қазақ еркектерін тыл жұмысына шақыру барлығының ашу ызасына тиді. Патша үкіметі тек жарлықпен шектеліп қана қоймай, қазақ даласына қоныстандыруды жалғастырды. 1907-1912 жылдардан бөлек қазақ даласына 2 млннан аса адам келіп қоныстанды. Ол әрине көптің көзқарасын теріс жаққа қарай бұрды. Қазақ халқы мен өзге ел арасында көптеген түсініспеушіліктер болуы да көпті танқалдырмады.Осы кезде М. Дулатұлы «Қазақ елі күндіз күлкіден, түде ұйқыдан айырылды» деп өз ойын білдірген болатын.Патша үкіметінің жұртқа селқос қарауы, үлкен дау тудырды. Бұл даудын үлкен себебі, Столыпинның Ведомости газетіне жариялаған мақаласынан туындады. «Мемлекет мүддесі үшін қырғыздарды (қазақтарды) қырып жою талап етілсе, қарсы шығудың қажеті жоқ» деп,Троицк лагері ашылып, «Өлілер лагері» деп аталды. Жұрт үрейлене бастады. Себебі бүкіл қылмыскерлер сол лагерде болатын. 
Қазақ даласының 45 десятинадан астам жерінің босқа патша үкіметіне өтуі және алым салықты көбейту көтерілістің басты себебі болды.Сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар да әсер етті. Яғни отарлық езгінің соғыс кезінде барынша күшеюі, жерді тартып алу, орыстандыру саясаты және т.б. Көтерілістің басталуына патшаның 1916 ж. маусымдың 25 армияның қара жұмысына Түркістан өлкесінің және ішінара Сібірдің 19-дан 43-жасқа дейінгі ер-азаматтарын шақыру жөніндегі жарлығы шешуші түрткі болды.
К.Нүрпейісов «Азаттық үшін арпалыс» деген мақаласында көтерілістің Торғай және Қазақстанның басқа аймақтарындағы оқиғаларды сипаттай келіп: «Ұлттық және әлеуметтік езгінің күшеюі, соғыс тудырған қиыншылықтарға байланысты халық бұқарасының қайыршылануы, қымбатшылық пен аш-жалаңаштылықтың өріс алуы, міне, осының бәрі еңбекші бұқара тарапынан жаппай наразылық тудырады.

Өзгенің отарына айналғысы келмеген қазақ елінің зарын көрген азамат тұлғалар осылайша патша үкіметіне қарсы шыға бастады. Ел жұрт екіге бөлінді: 


1) Радикалдарды жақтаушылар 
2) Демократтарды жақтаушылар
Алайда, 1916 жылы қазан айындағы демократтардың «Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер!» деген жарлығынан соң екі тарап арасында қырғын талас -тартыс басталды. Бір-бірін өлтіруге дейін дайын тұрды. Артынша либерал демократтар әрқайсы бөлек-бөлек мақала жаза бастады. 
Қанша талас тартыс болса да, екі тараптың мақсаты жалпы бір болатын. Екі тараптың көтерілісшілердің алға қойған мақсат, міндеті: 
- Патша тарапынан келетін қысымға жол бермеу; 
- Бұратаналарды уақытынан кейін соғысқа аттандырып, жарлыққа қарсы шығу; 
- Тыл жұмысына шақырылғандарды кеш соғысқа атттандырып уақыт үнемдеу; 
- Ұлттық автономия негізін қалау; 
- Халықты патшаға құрбан етпеу.

Шілденің басында қазақ даласында көп кешікпей қарулы көтеріліске айналған стихиялық бас көтерулер басталды. Ол біртіндеп ұйымдасқан сипат алды: Торғай мен Жетісуда оның танылған жетекшілері А. Иманов, Ә. Жанкелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, Ө. Саурықов басшылық еткен ірі ошақтары пайда болды.


Қазақ қоғамында патша жарлығы мен көтеріліске деген көзқарас бір мәнді болған жоқ: бай-феодалдардың бір бөлігі, жергілікті әкімшіліктің кейбір шенеуніктері патша жарлығын қолдап, оны орындауға шақырды. Қазақ интеллигенциясының кейбірі (Бокин, Ниязбеков, Жүнісов) жарлыққа қарсы шығып, оны орындауға қарсыластық көрсетуге шақырса, «Қазақ» гәзеті төңірегіндегі зиялылар (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов және т.б.) күші басым үкіметке қарсы шығудың халықты қырғынға ұшыратарын ескертіп, сабыр сақтауға шақырды.
Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу, Торғай болды. Жетісу облысында қарулы қарсыластық шілде-тамыз айларында жаппай қарқын алды. Шілденің 17 Жетісу мен Түркістан өлкесінде әскери жағдай жарияланды. Патша үкіметі мұнда ірі әскери күштерді жібере бастады. Қыркүйек, қазан айының басында жетісулық көтерілісшілер шегініп, Шығыс Түркістанға өтіп кетуге мәжбүр болды.
Торғай көтерілісі (басшылары А. Иманов, Ә. Жанкелдин) 50 мыңдай адам қамтыған ірі қозғалыс болды. А. Иманов көтерілісшілерді ондыққа, елулікке, жүздікке, мыңдыққа бөлді. Арнайы мергендер бөлімшесі құрылды. А. Иманов бас сардар болды. Оның жанында әскери кеңес жұмыс істеді.Торғай облысындағы көтеріліс патша үкіметі құлатылғаннан кейін ғана тоқтады.
1916 ж. көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында маңызды орын алды. Ол отарлауға және империалистік саясатқа қарсы өрбіді
2. Контурлық картада белгілеу бірінші сұрақ бойынша - 1916 ж көтеріліс пен қамтығаннегізгі аудандардың кеңістік-хронологиялық кестесін құрастырыңыз.
Көтерілістің аса ірі ошақтары Жетісу, Торғай болды.Көтеріліс барлық уездерді: Торғай, Ырғыз, Ақтөбе, Қостанай уездерін қамтыды.Облыста көтеріліс қамтылмаған ауыл немесе елді мекен болмады. Көтеріліске, сондай – ақ, Сырдария, Ақмола, Семей болыстарының көтерілісшілері де қатысты.Негізгі шайқастар: Татыр (1916), Құмкөшу (1916), Торғай қаласына шабуыл (1916 жылы 25 қазан) , Шошқалы қопа, Күйік қопа (1917 жылы 13-17 қантар), Доғал -Үрпек (1917 жылы ақпанның 22 — 24 аралығында) болды.

3. 1917 ж Қазақстандағы Ақпан төңкерісінің ерекшеліктерін бөліп көрсетіңіз.
1917 жылдың басында Ресейдің революциялық жаңа толқыны көтерілді. Империалистік соғысты азамат соғысына айналдыру ұраны кеңінен насихатталды. Патша өкіметі бұқараның жаппай қарулануынан қатты сескене бастады. Революциялық дағдарыстың пісіп-жетіліп келе жатқандығы ұлт аймақтарында, оның ішінде Қазақстанда да сезілді. Өлке халқының арасында революциялық өрлеудің өрістеуіне бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде тұтқынға түсіп, Қазақстан жеріне айдалған Австрия-Венгрия мен Германия соғыс тұтқындары да елеулі әсер етті. 1917 жылы олардың жалпы саны 41.285 әскери адамды құрады. Бұлардың басым көпшілігі Омбы, Ақмола, Павлодар, Семей уездерінде орналасты.1917 жылы 27 ақпанда Петроградта буржуазиялық-демократиялық революция жеңіске жетті. Патша өкіметі құлатылып, министрлер мен көрнекті шенеуніктер тұтқынға алынды.
Ақпан төңкерісінің ерекшелігі елде екі билік түрі қалыптасты: буржуазиялық уақытша өкімет, жұмысшылар кеңесі мен депутат солдаттар ұйымы. Бұрынғы патша шенеуніктері, эсерлер, меньшевиктер және ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша үкімет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары жұмысшылар, шаруа және солдат депутаттарының кеңестері құрылды.
4. Ұлттық интеллегенцияның бір өкілінің тарихи бейнесін дайындаңыз.
Кемеңгер қоғам қайраткері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына биыл 140 жыл толды. Тұтас буынның төлбасы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы Ахмет Байтұрсынов атамыз қазіргі Қостанай облысына қарасты Жангелдин ауданынының Сартүбек деген жерінде мешін жылы туылады.

· Ахмет Байтұрсынұлы- қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы, жаңашыл ағартушы.


· А.Байтұрсынов өмірі мен қызметінің тағы бір салмақты саласы- оның ақындық, еңбегі. Ол бала кезінен қазақ ішінде көркем сөз құдіреті жоғары саналатынын көріп, естіп, сезініп, ойланып өскенге ұқсайды.


· Қалай да халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын ұлы Абай тапқан соқпақ орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсұнады.


Өткен ғасырдың басында қазақ даласында мемлекетшілдік ұраны оянды. Сан ғасырға жалғасқан отаршылдық бұғаудан босанудың қам-қарекеттері басталды. Осы баянды істің басында қазақ оқығандары тұрды. Солардың бірі Ахмет Байтұрсынов еді. «Жақсының хаты өлмейді» дегендей Алаш мұралары біздің ұлттық қазынамызға айналды. Тағы да Ахаң айтқандай: «Адамдықтың егінін шаштым, ектім, Көңілін көтеруге құл халықтың…». Дәл осында айтылғандай Алаш идеясы, мұрасы, еңбектері, өсиеттері құл халықтың көзін ашпаққа керек.


Ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың артында аса мол әдеби, ғылыми еңбектер қалды. Ол өз заманында әрі ақын, әрі аудармашы, әрі ғалым ретінде танылды. Ахмет Байтұрсынов — қазақ ғалымдарының ішінен шыққан тұңғыш әдебиет теоретигі. Оның жазған кітаптар, ол туралы жазған кітаптар қазірде қолданыста жүр.


Ахмет Байтұрсыновтың ғалымдық, ақындық, публицистік, қайраткерлік істері өз заманында аса жоғары бағаланған. Өз замандастары және басқада қазақ ғалымдары Ахметке бірер пікірлерін жазып қалдырған. Олар: Сәкен Сейфуллин, Міржақып Дулатов, Мұхтар Әуезов, Серік Қирабаев, Рымғали Нұрғалиев, Сырбай Мәуленов, Зейнолла Қабдолов, Сәбит Мұқанов, Қайым Мұхамедханов, Ал Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығын Кеңестер Одағы тұсында зерттеген ғалымдар, Рымғали Нұрғалиев пен Рәбиға Сыздықова болды.


Алаш қозғалысы тұсында (1918-1919 жылдың басы) Ахмет Байтұрсынов жаңа өткел, соны өріс іздейді. Ұлт азаттығы жолындағы күрес басшыларының бірі болады. Азапты толғаныс, күрес эволюциясынан өтіп барып, 1919 жылдың наурыз айында бұрынғы ұлт интеллигенциясының кейбір өкілдерін өзімен бірге алып, қазақ халқының мүддесі үшін қызмет етеді деген үмітпен Кеңес өкіметі жағына өтеді – Қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери революциялық Комитеттің мүшесі ретінде оның жұмысына белсене араласады. Республика халық ағарту комиссары, Бүкілодақтық Орталық Атқару комитетінің мүшесі, Коммунистік партия мүшесі (1920-1926 жылдар), Қазақстан академиялық орталығының жетекшісі, Ташкент, Алматы жоғары оқу орындарында профессор болады, сөйтіп жаңа заман үшін күреске кіреді.


Арман ақталмайды. Кеңес өкіметі патшаның отаршылық саясатын жалғастырады. Алаш зиялылары қуғынға түседі. Осылайша большевизм қылышынан қан тамған кезеңде Ахмет Байтұрсынов әуелі 1929 жылы бір ұсталып, абақтыға қамалып, лагерь тепкісіне түсіп, ұзақ азап көріп, 1936 жылы қайтып келгенмен, 1937 жылы тағы репрессияға ұшырап, 1938 жылы атылды. Ұлы жүректің ауыр тағдыры осындай, ал толық өмірбаянын жазу үшін көптеген архив деректері, замандас естеліктері, тарихи материалдарға сүйену қажет. Қазіргі қолда бар дүниелердің ішінде оның өзі орысша жазған “Жизнеописание” (1929, 8 наурыз), “Биография” (1929, 21 тамыз) деген материалдар айрықша бағалы. Бұлар Алматы университеті архивінде сақталған.

3 КҮН
БӨЖ тақырыбы: Азаматтық саяси қарсылықтар.

1.Қазақстан азаматтық қарсыластық жылдарында (1917-1920-жж.)


1917 жылы ақпанда Петроградта жұмысшылар мен солдаттардың көтерілісінен кейін монархия құлап, республика орнады да, қоғамдық-саяси жағдай түбірімен өзгерді.Уақытша үкімет қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысушыларға кешірім жариялады, олардың жазалау тоқталды. Сондай-ақ, көтерілісті жазалаушыларға да кешірім жасалды. Қоғамда азаттық келісім орнатуға жағдай туғызылып, кең көлемде саяси бостандықтар берілді.Ә.Бөкейхан жетекшілік еткен интеллигенция өкілдері Уақытша үкімет құрамында жауапты қызметтер атқарып, ұлттық-демократиясы Алаш партиясын құруға кірісті.
Көп кешікпей Уақытша үкіметтің жер-жердегі органдарымен қатар жұмысшы, солдат және шаруа кеңестері құрылды. Петроградта және Ресейдің орталығындағы аудандарында қосөкімет орнады, ал Қазақстан көпөкіметтілік жағдайында қалды. Өйткені 1917 жылдың наурыз-маусым айларында Қазақстанда билікке Уақытша үкіметтің жергілікті органдары, кеңестер, жергілікті Алаш партиясын құрушылар, Жетісу, Орал, Орынбор, Сібір қазақ әскерлерінң билеуші органдары, т.б. таласты. Саяси күштер топтала бастады. Атап айтқанда оңшылдарға негізгі мүшелері кадет партиясынан құралған Уақытша үкітеттің жергілікті кадеттері, казачество билеушілері жатты.Жер-жерлерде жұмысшылар мен оқушы жастардың қоғамдық-саяси ұйымдары құрылып, саяси мәселелерге араласа бастады. Мысалы, Верныйда Мұсылман жұмысшыларының біріккен одағы, Омбыда Бірлік, Петропавлда Талап, Семейде Жанар жастарының революциялық одағы, т.б. құрылды. 1917 жылдың 4–5 шілдеде Петропавлда Уақытша үкімет большивиктер ұйымдастырған ереуілді қарудың күшімен басты. В.И.Ленин мен оның серіктерін тұтқындауға бұйрық берілді.1917 жылдың 11 шілдеде қосөкіметтілік жойылып, ресми билік түгелдей Уақытша үкіметке көшті. Алаш басшылары саяси жағдайлары күрт өзгеруіне байланысты 21–26 шілдеде Орынборда бірінші жалпықазақ съезін шақырды. Съезде Алаш партиясы дербес саяси ұйым ретінде қайта құрылды. 1917 жылғы тамыз-қыркүйек айларында Орталық Ресейде Корнилов бүлігінің талқандалуы монархияшыл күштерді әлсіретті. Уақытша үкімет пәрменді әрекет жасай алмай беделінен айырылып қалды. Бүлікті басуда белсенділік көрсеткен большевиктер еңбекшілердің қолдауына сүйенді. Осы кезде өзін Қазақ Социалистік партиясы деп атаған Үш жүз партиясы құрылды. Оның көсемі К.Тоғысов болды. Көп ұзамай олар Алаш партиясының басты сынаушыларына айналып, большевиктер жағына шықты.
1917 жылдың 24–25 қазанда Петроградта большевиктер төңкеріс жасап,Уақытша үкіметті құлатты.Ілешала Ресейдің орталық облыстарында да Кеңес өкіметі орнады. Қазақстанда бұл процесс 4 айға (1917 жылдың аяғы — 1918 жылы наурыз) созылды. Жаңа өкімет қалаларда, темір жол бекеттерінде және ірі-ірі елді мекендерде ғана жеңіске жетті. Ал қазақ ауылдарында кеңестер билігі тек 20-шы жылдардың бас кезінде ғана орнады (қ. Қазақ ауылын кеңестендіру). Осы кезде 1917 жылдың 5–13 желтоқсанда Орынборда екінші жалпықазақ съезі өтті. Съезде Ресей федерациясы құрамына кіретін Алаш автономиясы (қазақ мемлекеттігі) жарияланып, басқарушы ұлт кеңесі — Алаш Орда сайланды, халықтық милиция жасақтау қажеттігі айтылды. Алаш Орданың төрағасы болып Ә.Бөкейхан сайланды.Саяси биліктен айырылғаннан кейін революцияға қарсы топтар қарулы қарсылық көрсете бастады. Кеңес өкіметін құлату үшін 1918 жылы жазда ақ гвардияшылар шет елдердің көмегімен кең көлемде азамат соғысын бастады. Олар Ақмола, Петропавл, Қостанай, Семей, т.б. қалаларды басып алып, кеңес өкіметін құлатты. Көп ұзамай Жетісу және Сырдария облыстарының көпшілік бөлігі, және Торғай облыстарының кейбір аудандарынан басқа жерлердің бәрінде Кеңес өкіметі құлады. Алаш Орда үкіметі 1918 жылдың жазынан бастап Кеңес өкіметіне ашық қарсы шығып, Орынбордағы атаман Дутовпен, Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен одақтасты. Ақ гвардияшылар басып алған аудандарда Кеңес өкіметін қолдаушылар партизан қозғалысына көшті. Партизан қозғлысының негізгі орталықтары Торғай облыстарының Қостанай уезі, Ақмола және Жетісу, Семей облыстарының жекелеген өңірлері (Черкасск қорғансы, Тарбағатай мен Алтайдың “тау қырандары”, т.б.) болды. Қазақстандағы 1918–20 жылдары қарулы қарама-қарсылық Ресейде орын алған Азамат соғысының құрамдас бөлігі болды. 1919 жылдың жазында Қызыл Армияның шығыс майданда Колчак Армиясын талқандауы Батыс, Солт.–Шығыс, Солтүстік Қазақстан мен Жетісудың ақ гвардияшылырдан азат етілуіне ықпал етті. 1919 жылдың аяғында Қазақстанның негізгі аумағы ақ гвардияшылардан азат еттілді. 1920 жылдың наурызда ең соңғы майдан — Солтүстік Жетісу азат етілді. Ақ гвардияшылардан босатылған аудандардан Кеңес өкіметі қалпына келтірілді. 1919 жылдың 10-ші шілдеде РКФСР ХКҚ декретімен Казревком құрылды. Ол Қазақстандағы Әскери–азаматтық басқаруды өз қолына шоғырландырды. 1920 жылдың 4–12 қазаңда Орынборда Қазақстан кеңестірінің Құрылтай съезі өтіп, Қазақ АКСР-нің Декларациясын қабылдады. Декларация РКФСР құрамына кіретін Қазақ АКСР-нің құрылғаның жариялады.
2. 1917 ж. Қазақстандағы Ақпан және Қазан төңкерістерінің ерекшеліктерін бөліп көрсетіңіз.

Уақытша үкіметтің ұлттық мәселе бойынша қабылдаған алғашқы актілерінің бірі 1917 жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының құқындағы діни наным-сеніміне, ұлтына қарай шектеушілікті алып тастауы болды. Көктен іздегендері жерден табылғандай болған халық Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуге даяр екендіктерін білдіріп, империяның түпкір-түпкірінен құттықтау жеделхаттар жөнелте бастады. Қызылжар қаласы мен уезінің мұсылмандары қалалық мешітте жұма-намаз күні бүкіл халыққа шаттық әкелген Уақытша үкімет мүшелеріне ұзақ өмір беріп, бақытты етуін Алладан өтініп, жаңа үкіметке адал қызмет етуге серт берді. Ресей тарихында бірінші рет діни-нанымдық, нәсілдік кемсітушілік жойылды деп, ұлттар теңдігін қағаз жүзінде болса да жария еткен бұл акт бұрынғы бұратана атанған езгідегі елдердің орыстармен терезесін тең сезінуіне жол ашты. Қазақ халқының Ақпан төңкерісін зор қуанышпен қарсы алуының мәні де осында болатын.Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясының нәтижесінде патша үкіметі құлатылды. Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, крепостниктік құрылысқа және отарлық езгіге қарсы көп жылдық күресінің жеңісімен аяқталды.













ҚАЗАН ТӨҢКЕРІСІ

• Қазан төңкерісі - 1917 ж. 25 қазанда (қарашаның 7) Петроградта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды.Оған Петроград жұмысшылары, қала гарнизонының солдаттары мен Балтық флоты матростарының өкілдері қатынасты. Көтеріліс жеңіске жеткен күні кешкісін Петроградта ашылған Кеңестердің Бүкілресейлік II съезі Уақытша үкіметтің құлатылғандығын және бүкіл елдегі өкімет билігі Кеңестердің қолына көшкендігін жариялап, В. И. Лениндайындаған Бітім және Жер туралы декреттерді қабылдады. Алғашқысында 1914 ж. басталған l-дүниежүзілік соғысқа қатысушы елдердің үкіметтері мен халықтарына анчекциясыз және контрибутциясыз демократиялық бітім жасау ұсынылса, Жер туралы декретте жерге жеке меншік жойылып, ол жалпы халықтық мемлекеттік меншік болып жарияланды. Съезде В.И. Ленин басқарған және жұмысшы-шаруа үкіметі аталған Ресей ХКК құрылды. Сонымен қатар Кеңестердің Бүкілресейлік ОАК-нің (БОАК) жаңа, большевиктендірілген құрамы сайланды. Съезд В.И. Лениннің жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға арналған үндеуін қабылдап, ол арқылы халықты барлық жерде жаппай Кеңес өкіметін орнатуға шақырды.
3. Қазақстандағы ұлттық автономиялар (Алашорда, Түркістан).

  Алашорда автономиясы.
Жалпықазақ съезі 1917 жылы 5 желтоқсанда Орынбор қаласында ашылды. Съезге барлық қазақ облыстарынан және Алтай, Самарқан облысында тұратын қазақтар барлығы 82 өкіл қатысты. Съезде бүкіл қазақ жерін, оның халқын біртұтас мемлекет туы астына жинауға бағытталған батыл қадам жасалды. Съездің қаулысында Уақытша Ұлттық кеңес құрылсын деген шешім қабылданды.Оның аты «Алашорда» болсын, уақытша тұратын жері – Семей қаласы болады деп көрсетілді. Алашорда сол күннен бастап қазақ халқының билігін қолына алды. Алашорданың төрағасы етіп Әлихан Бөкейхановты, орынбасары Халел Ғаббасовты сайланды.
Түркістан автономиясы.



4. Азамат соғысы және шетел интервенциясы кезіндегі Қазақстандағы


соғыс қимылдары (1918-1920-жылдар)
1918 жылы ақтар большевиктерге қарсы азамат соғысын бастады. Ақ легионерлер 1918 жылы мамырдың соңында Петропавлды, маусымда Көкшетау, Ақмола, Омбы, Павлодар, Семей, Қостанайды басып алды. 1918 жылы маусымда атаман А.Дутов Орынборды басып алып, Қазақ өлкесін Орталық Ресеймен байланыстыратын темір жолды кесіп тастады. Ақ гвардиялық “Сібір үкіметін” ресми түрде таныған Алашорда үкіметі атаман Дутовпен бірігіп, Кеңес өкіметіне қарсы шықты.
Антанта Чехословак корпусын бүлік шығаруға айдап салды.Тамызда Иран мен Каспий сыртына ағылшын әскері енгізілді. Орта Азия мен Қазақстанды интервенттер мен ақ гвардияшылдардың басып алу қаупі төнді. 1918 жылғы наурызда ақ гвардияшылар Орал қаласын жаулады. Сәуірде оларға қарсы “Ерекше армия” құрылды. 1918 жылғы қарашада “Сібір армиясының” Екінші Жеке Дала корпусы Ташкентті басып алу мақсатымен Жетісу майданына атаман Анненковтың дивизиясын жіберді. Солтүстік Жетісуда табан тірескен ұрыстар өршіді.
Кеңестер Түркістан мен Қазақстанда “Мұсылман бөлімдері” деп аталған әскери бөлімдер құрды. 1920 жылы Түркістанда байырғы халықты əскерге тұңғыш рет күштеп жинау басталды. 1920 жылдың соңында Бөкей Ордасында, Орал, Торғай облыстарында 37 əскер бөлімдері құрылды.
1919 жылғы қаңтарда Орынбор мен Орал азат етілді. Бұл Кеңестік Ресейдің Қазақстан жəне Орта Азиямен тікелей байланысын қалпына келтіруге мүмкіндік берді. 1919 жылғы көктемде Антантаның Кеңес еліне біріккен жорығы басталды. Басты соққыны Колчактың ақ гвардияшыл əскерлері берді.
Ақ гвардияшыларға қарсы партизан қозғалысы өрістеді.Черкасск қорғанысы 1918 жылғы маусым – 1919 жылғы қазан аралығында болды. Черкасск қорғанысы Солтүстік Жетісуда Кеңес өкіметін орнатуда үлкен рөл атқарды. Шаруалар Колчак тобына шабуылдап, 1919 жылғы сәуірде Қостанайды азат етті. Бірақ жақсы қаруланған Колчак отрядтары Қостанайды қайта жаулап алды. Қазақ жеріндегі Колчак әскерін талқандау Шығыс майданының Солтүстік жəне Оңтүстік топтарына жүктелді.
Азамат соғысының барысында Кеңес үкіметі Алашордамен келіссөз жүргізді. Ақ гвардияшылар мен интервенттер тарапынан болған қатігездік пен зорлық “Алаш” өкілдерін Кеңес өкіметі жағына итермеледі. А.Байтұрсынұлы “Төңкеріс жəне қазақтар” мақаласын жазып, ұлттық келісім тактикасына қол жеткізді.
1919 жылғы 4 сәуірдегі Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің қаулысында Алашорда мүшелеріне кешірім жарияланды.
1919 жылғы желтоқсанда Александров-Гай-Ембі темір жол желісі салынды. Орал-Ембі мұнайлы ауданы Орталық Ресеймен жалғастырылды. Жетісу темір жолының Петропавл-Көкшетау темір жол желісі салынды. Елдің ашыққан облыстарының халқын астықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік туды.
Ел экономикасы майдан мұқтаждарына жұмыс істеді. Астық дайындау мен бөлу монополиясына 1919 жылы қаңтарда азық салғырты қосылды. Өлкенің адам жəне материал байлықтарын игеру күштеу әдістерімен жүргізілді. Ұсақ өндірушілер майдагерлік артельдерге біріктірілді.
Жұмыс күшін есепке алу мен бөлу жүйесі енгізілді. Егістіктерді суландыру, жол салу, отын дайындау, жүк тасу жұмыстарына еңбек салығы енгізілді.
Еңбек міндеткерлігі бойынша шақырылған адамдардан жаңа батальондар мен роталар құрылды. 1920-1921 жылдары еңбек армиясында 6 мыңға жуық адам болды. Өлкеге азық-түлік дайындауға орталықтан 11500-ге жуық жұмысшы келді. Әскери коммунизм саясаты жергілікті бюджетті жойып, бірыңғай мемлекеттік бюджетке қосудан, ұсақ және майдагерлік өнеркәсіпті мемлекет меншігіне алудан көрініс берді.
1921 жылғы наурызда Оралда 10 мыңнан астам бүлікші көтерілді. Қарқаралы уезінде 70-тен астам партия жəне кеңес қызметкерлері көтерілісшілер қолынан қаза тапты.
Азамат соғысының қырғынында 8 млн. адам қаза тапты. Атамандар Дутов пен Анненковтың казактары ерекше қатыгездік көрсетті. 
5. Ұлттық интеллегенцияның бір өкілінің тарихи бейнесін дайындаңыз.

Алаштың біруар тұлғасы, мемлекет және қоғам қайраткері, қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушыларының бірі, ақын, жазушы, драматург Сәкен Сейфуллин есімі – ұрпаққа үлгі, шығармашылығы – таусылмас қазына. ХХ ғасыр басындағы аласапыранды басынан өткеріп қана қоймай, мемлекет және қоғам ісінде белсенділік танытып, өтпелі кезеңнің зардабын көрген, кеңестік үкіметтің құрбаны болған қазақ интеллегенциясы өкілі тарихымызда алтын әріппен жазылып қала бермек.



























Міржақып Дулатұлы 1885 жылы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысындағы Сарықопа болысында (қaзipгi Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты "Қызбел" ауылы) дүниеге келді.
Міржақып өз бетінше ізденіп, орыс тілін жетік меңгереді. Мұғалім болған алты жылдың ішінде оң мен солын танып, ұлт қамы үшін күресуге дайындалады. Ақындық талантын да осы жылдары таныта бастайды.
Бұл кезең патша өкіметінің отаршылдықты қазақ даласында күрт күшейтіп, қалың елге тізесін қатты батырып тұрған шағы болатын. Бұл жағдай сол кездегі қазақтың көзі ашық, оқыған, зиялы азаматтарына қозғау салды. Ұлт үшін қызмет көрсетудің үздік үлгісін көрсеткен арыстардың қатарында Міржақып Дулатұлы да болды. Ахмет Байтұрсынов ұйықтап жатқан елді оятамын деп, "Масасын" ұшырса, Міржақып Дулатұлы "Оян, қазақ!" деп ұран салды.
Міржақып Дулатұлы - 1905 жылы патша өкіметіне қазақ халкының атынан петиция жазғандардың бірі. Осы петиция туралы Мұхтар Әуезов те жазған.
"1905 жылы Қарқаралыда Ахаң менен біраз оқығандар бас қосып, кіндік үкіметке қазақ халқының атынан петиция (арыз, тілек) жіберген. Ол петициядағы аталған үлкен сөздер: бірінші – жер мәселесі. Қазақтың жерін алуды тоқтатып, переселендерді жібермеуді сұраған. Екінші – қазақ жеріне земство беруді сұраған. Үшінші – отаршылардың орыс қылмақ саясатынан құтылу үшін ол күннің құралы барлық мұсылман жұртының қосылуына болғандықтан, қазақ жұртын мүфтилікке қаратуды сұраған", - деп жазды Әуезов.
Бұл сапарынан Міржақып Дулатұлы саяси күрескер ғана емес, шабытты ақын болып оралады. 1907 жылы Петербургте шыққан "Серке" газетінде "Жастарға" деген өлеңін жариялайды. Ал бүркеншік атпен "Біздің мақсатымыз" деген мақаласынан кейін "Серке" газеті біржола жабылады. Газеттің дәл сол санын шығаруға қатысқан адамдардың барлығы жауапқа тартылсын деген үкім шығады. Мақалада Міржақып қазақ халқының басындағы қиын жағдайдың анық себептерін саралап, отарлық саясатты әшкерелеген. Патша өкіметі мақала авторын тұтқындамақ болғанмен бүркеншік аттың иесін таба алмайды.
1909 жылы Қазан қаласында Міржақыптың тұңғыш өлеңдер жинағы "Оян, қазақ!" деген атпен басылып шықты. Бұл кітап жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді. Жазушы сол үшін тергеу органдарының бақылауына алынды, ал "Оян, қазақ!" кәмпескеленді. Екі жылдан кейін осы жинақ қайтадан басылып шықты.
Ақын-жазушы әр жерде шығатын қазақ басылымдарына, әсіресе "Айқап" журналына үзбей жазып тұрды. Ел тұрмысын өз көзімен көремін деп, қазақ ауылдарын аралайды. Семейде полицияның қолына түседі де, бір жарым жыл қамауда отырады.
1912 жылы баспасөз қызметін жалғастырады. Ахмет Байтұрсынұлымен бірге қыр өлкесінің ағартушылық-демократиялық бағыттағы тұңғыш бейресми басылымы – "Қазақ" газетінің негізін қалайды. Ал 1922 жылы ешбір себепсіз абақтыға жабылады. Бірақ Семейден Орынборға жөнелтілген бойда қамаудан босатылады.
1922–1926 жылдары Орынбордағы Қазақтың халыққа білім беру институтында (КИНО) оқытушы болып істейді. Екі бөлімнен тұратын "Есеп құралын" әзірлеп, Ташкент қаласында бастырып шығарады. "Балқия" атты төрт перделі пьеса жазады. 1924 жылы Орынборда екі жылдық "Қирағат кітабы" (хрестоматиялық оқулық), Қызылордада "Есеп құралының" жаңа басылымы жарық көрді.
1928 жылы 28 желтоқсанда Міржақыпты тағы қамауға алды. Қызылорда түрмесінде көршілес камерада Жүсіпбек Аймауытұлы мен Ахмет Байтұрсынұлы да отырған.
1929 жылы тергеу кезінде Міржақып Дулатұлы соңғы сөзін айтты.
"Өз елімнің болашағы үшін мен барлық мүмкіншілікті қолдауым қажет. Егер де мен қателессем, елмен бірге қателесем. Ерте ме, кеш пе ақиқат үстем болып шығады", - деді ол.
Дулатұлы өлім жазасына кесілді, бірақ оның өлім жазасын бас бостандықты 10 жылға айырумен алмастырды. Алдымен екі жыл бойы Бутыр түрмесінде отырды. Артынан Сосновец лагеріне айдалды.
Лагерьде жүрсе де, шығармашылықтан қол үзбеді. Түркі-орыс сөздігін жазды. Міржақып осы оқу құралын мыңдаған қазақ, қырғыз және басқа түркі тілдес елдердің өкілдері үшін жазып берген. Арестанттар оны өз қолымен көшіріп жазып таратқан, өйткені олардың көбісі сол уақыттағы өмірлік маңызы бар орыс тілді білмеген.
Міржақып Дулатұлы лагерьде қазақ мектептеріне арналған геометрия оқулығын да жазып шықты. Ал өзінің емшілік қасиеттерін көрген соң, аса табысты нәтижелермен қамалғандарды емдеді.
1935 жылы қазанның бесі Міржақып Дулатұлы лагерьдің орталық лазаретінде дүние салды.
6. "Әскери"коммунизм(1919-1921жж.)саясаты және ЖЭС ке (1921-1926-жж.) салыстырмалы сараптама жұмысын жасаңыз.

Әскери коммунизм саясаты



Жаңа экономикалық саясат

Аза­мат соғысы жыл­да­рын­дағы қалып­тасқан қиын­дықтар­мен бай­ла­ныс­ты Кеңес өкіметі 1918 жыл­дың ор­та кезінде ел­дегі бар­лық ма­тери­ал­дық ре­сурс­тар­мен, адам күштерін ба­рын­ша жұмыл­ды­ру, қала­лар­ды, өнеркәсіп жұмыс­шы­ларын, Қызыл Ар­ми­яны азақ-түлікпен қам­та­масыз ету, ел­де қатал еңбек тәртібін ор­на­ту мақса­тын­да «әске­ри ком­му­низм» са­яса­тын енгізді. 




6. Кесте толытырыңыз: «Қазақстанда Кеңес билігінің орнауы"

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет