Өз жанынан шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі, «жырау» атауы «жыр» сөзінен туындайды. Жыраулар өз заманындағы нағыз халық жанашырлары бола алды. Олар жыр шығарып, толғау айтып, тек өнер иесі ғана болып қойған жоқ, жаугершілік заман болып, ел басына күн туған кезеңдерде атқа қонып, жауға аттанған батыр, қолбасы болды.
|
Қазақ эпосының сақталып, өркендеуі үшін жыршы мен жыраулар зор еңбек сіңірді. Ауыз әдебиетінің көптеген үлгілері солардың арқасында заманамыздың игі мұрасына айналды.
|
жыр айтушы, таратушы. Жыршылар домбыраның не қобыздың сүйемелдеуімен мақаммен, әнмен айтады. Сондай-ақ эпикалық шығармаларды да орындайды. Әдебиет тарихында жыршылар орны ерекше. Себебі бүкіл жыраулар поэзиясы болсын, эпостық жырлар болсын — халық ауыз әдебиетінің барлық үлгісі осы жыршылар арқылы жеткен. Жыршылар кейде өз жанынан белгілі бір тарихи оқиғаларды дастан етіп жырлағандықтан, жыраулар деп те аталып жүрген.
|