Тапсырма Пульстің қасиеттері қандай? Ауруханада жатқан 5 жасар науқастың тамыр соғысы жиілігі минутына 89 рет соқты. Науқаста қандай пульс? Қандай жағдайда тамыр соғысы қатты соғады? Тамыр соғысының жиілігі дегеніміз не? Тамыр соғысын анықтаудың мақсаты



Дата22.06.2020
өлшемі45,12 Kb.
#74306
Байланысты:
Тапсырма fff


Тапсырма  
1.Пульстің  қасиеттері  қандай?
2. Ауруханада жатқан  5 жасар науқастың тамыр  соғысы  жиілігі  минутына  89 рет соқты. Науқаста  қандай пульс?
3.Қандай жағдайда  тамыр соғысы  қатты соғады?
4. Тамыр соғысының  жиілігі дегеніміз  не?
5.Тамыр  соғысын  анықтаудың  мақсаты не?
6.Толық  пульс, бос  пульс  қандай жағдайда  болады.
7.Өзіңнің  тамыр  соғысынның  жиілігін  анықтап, жаз.

Жауаптары:

1. Пульс қасиеттері
1.Ырғақ. Бұл белгілі уақыт интервалынан соң пульс толқындарының қайталануы.Егер уақыт интервалы біркелкі болса - пульс ырғақты.Егер уақыт интервалы біркелкі болмаса - пульс ырғағы дұрыс емес.

Жүрек ырғағының бұзылуы аритмия деп аталады.

А)экстрасистолия - жүректің кезектен тыс жиырылуы.

Ә)аритмия - жүрек соғуы ырғақтылығының бұзылуы.


2.Жиілік. Бұл 1 минут ішіндегі пульс толқындарының саны.N 60-80; > 80 -тахикардия, 60 - тан кем болса - брадикардия.

- жаңа туылған нәрестелерде 1 минутта - 120 – 140 рет;

- жаңа шала туылған нәрестелерде - 140 – 160 рет;

- 1 – 2 жасар сәбиде – 110 – 120 рет;

- 5 – 6 жаста – 100 рет шамасы;

- 10 жаста – 90 рет;

- 12 – 13 жаста – 80 -70 рет;

- жеткіншектер мен үлкендерде - 60 – 80 рет.



Әйел адамдарда ерлерге қарағанда тамыр соғуы жиірек; спортшылар мен жаттығушы адамдарда, сондай – ақ егде адамдарда тамыр соғуы сиректеу. Тамыр соғуы тік тұрғанда, физикалық күш түскенде, дене қызуы көтерілгенде жиілейді. Дене температурасы 1о С көтерілсе ересектерде пульс минутына 8 – 10 соққыға дейін жетеді.
3.Кернеулік. Бұл тамыр қабырғасына қанның басу күші. Пульс толқынының өтуін толық тоқтатуға жұмсалатын күш деңгейімен анықталады. Ол қан қысымының өлшеміне тәуелді. Қан қысымы жоғарылағанда пульс қатты немесе кернеулі. Қан қысымы төмендегенде - пульс жұмсақ. Қалыпты қан қысымы - қалыпты орта кернеулі.
4.Толу. Бұл тамырлардың қанмен толуы.Жүректің айдау өлшемімен(яғни, қай тамырларға айдалатын қан мөлшерімен) анықталады.Систола кезінде жүректің жиырылуы күшіне тәуелді, артерияға айдалған қанның көлемімен анықталады.Толық пульс - жүрек жеткілікті қан айдаса, айналымдағы қанның көлемі азайса, жүрек жеткіліксіз қан айдаса (қан жоғалса) - бос пульс.
5.Көлемі. Кернеулік пен толымдық деңгейімен анықталады.Үлкен PS -әрең сипап сезіледі.

2. 5 – 6 жаста – 100 рет шамасы жиілігі,брадикардия

3. Күшті жүрек соғуы – бұл жиі кездесетін құбылыс. Кейбіреулер оларды жағымсыз және қауіпті симптомдармен табады, алайда олар өмірге қауіп төндіретін жүрек ауруларын сирек көрсетеді. Жүрек-тамыр ауруларынсыз көптеген адамдарда да күшті жүрек соғуы пайда болады.

4. Жиілік. Бұл 1 минут ішіндегі пульс толқындарының саны.N 60-80; > 80 -тахикардия, 60 - тан кем болса – брадикардия.

5. тамыр соғудың негізгі қасиеттерін анықтау, жүрек қан тамырлары жүйесінің жағдайын бағалау.

6. Толық пульс - жүрек жеткілікті қан айдағанда болады, ал айналымдағы қан-. ның көлемі азайғанда немесе жүректің айдау көлемі төмендегенде (қан жоғалтқанда) - бос пульс байқалады

7.P 75 тамыр соғу жиілігі 64

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет