«Тапсырмадағы қиындықтарды жеңуге деген ерік-жігерді тәрбиелеу
Кедергілер-деп мақсатқа жетуді қиындататын сыртқы орта мен қызметтің обективті жағдайлары аталады. Анығырақ айтсақ, оларға: жеңіл атлет жүгірудегі барьер, шаңғы жарысындағы көтерілу, слалом трассасындағы «жабық қақпалар» және т.б. дене жаттығуларын орындау кезінде жүріп өтетін әр түрлі кедергілер жатады. Шындығында адам қандай да бір дене жаттығуын орындағанда, кңістік, уақыттық, күштік сияқты қозғалыстың сыртқы құрылымдық категорияларынан көрінетін белгілі бір кедергілерінен жүріп өтеді. Сондықтан кедергілерге қашықтық ұзындығы, оны өту ұзақтығы, көтеретін немесе лақтыратын құралдың ауырлығы, қарсыластың белдесу кезіндегі және спорт ойындарындағы шабуыл қимылдары да жатады, және де оларға қоршаған ортаның-метерологиялық, спорт ғимароаттарының, құрал-жабдықтарының, инвертарьдің сапасыз жағдайы т.б.-дене жаттығуын орындауда қиындататын қосымша кедергілер кіреді.
Кедергілер көлемімен күрделілігіне қарай ажыратылады. Кедергі көлемі деп мысалы, қашықтық ұзақтығы, секіруге арналған құралдың биіктігі, штанганың салмағы т.с.с. өлшеуге болатын тұстарын айтамыз. Кедергі күрделілігі дене жаттығулары құрылымының ерекшеліктеріне қарай жасалады оның ішінде: қозғалыс кординациясына, қозғалыстар дәлдігіне қойылатын талаптар, жер бедеріне тәуелділік, қарсыластың қимылы т.с.с.
Қиындық-әдетте, керекті мүмкіндіктердің қажетті резервтері жетіспегенде спортшыда пайда болатын ішкі қиналыс. Спортшының мүмкіндіктері деп оның дене, техникалық, тактикалық, психологиялық, моральдық және идеялық дайындығы және де денсаулығы білім мен әдістердің, қасиет пен дағдылардың, әдет пен нанымдардың деңгейі аталады. Қиындық спорттық қызметтің сыртқы және ішкі жағдайларынан туындайтын, олардың белгілі бір ара қатынасын айқындайтын ұғымды білдіреді. Сөйтіп, осы ара қатынастың сандық және сапалық мінездемесі бойынша қиындықтар деңгейі мен мазмұнына қарай ажыратылады. Қиындықтың биодинамикалық түріне: денелік техникалық және тактикалық түрлері кіреді. Биодинамикалық қиындықтар кедергілерді жүріп өтерде спортшыға қай нәрсенің қиын, ауыр соғатындығын көрсетеді. Психологиялық қиындықтар спортшының қауіпсіздігіне, беделіне және алға қойған мақсатына жетуді қиындататын қауіп ретінде қаралады. Әсіресе, психологиялық қиындықтар нашар басталған жарыстарда, қарсыластың өзінен басым екендігін білгенде, төрешілер әділетсіздігін білгенде байқалады.
Ұйымдастырушы еріктік күштер кедергілерді жеңудің психикалық қиындықтары байқалғанда, психикалық өзін-өзі реттеу әдістерінің басқа тобын пайдаланғанда білінеді. Олар: бейтаныс, бірақ эмоциональды тартымды объектіге қарау; қосымша қимылдарға, енді болатын қозғалыстарға назар аудару; видеомоторлық дайындық, әдісті, тәсілді бақылау, тыныс алуды реттеу, қарсыласын бақылау, тактикалық мәселелерді шешу т.с.с. жатады. Бұл өзін-өзі ұйымдастыру тәсілдерінің негізгі мақсаты-психикалық жағдайды оптимизациялау, қиындармен қозғалыстардың координациясы, күшті тиімді жұмсау.
Сонымен, спорттағы еріктік күш-бұл кедергілерді жеңуде адамның күшін және қызметін ұйымдастырушы және жұмылдырушы психикалық және дене мүмкіндіктерінің сапалы ширығуы.
Достарыңызбен бөлісу: |