Тар мағынасының мәні саяси-географиялық



Дата21.10.2022
өлшемі14,22 Kb.
#154446
Байланысты:
10-1-22


1-2. «Орталық Азия» ұғымының тарихи және географиялық негіздері.

  1. Бүгінде «Орталық Азия» ұғымы екі мағынада қолданылады – тар және кең

  2. «Орталық Азия» ұғымының тар мағынасының мәні - саяси-географиялық

  3. «Орталық Азия» ұғымының кең мағынасының мәні - физикалық-географиялық

  4. Орталық Азияның саяси-географиялық аумағына кіретін елдер саны – 5-еу

  5. Орталық Азияның саяси-географиялық аумағына кіретін бес елді ата – Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан, Тәжікстан.

  6. «Орталық Азия» ұғымы қолданыла бастады –КСРО ыдыраған соң, 1991 жылы

  7. КСРО кезінде «Қазақстан және Орта Азия» деген ұғым қолданылды. Қазақстан «Орта Азияға» енген жоқ. Себебі – ол жеке экономикалық аймақ болды.

  8. Ресей империясы «Орта Азия» ұғымына мына аймақтарды енгізді – Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы барлық далалы жерлер

  9. Ресей империясы тұсында «Орта Азия» ұғымы қатар қолданылды – «Түркістан өлкесімен»

  10. Ресей империясының 1886-1891 жылғы әкімшілік реформалары бойынша Қазақстан жері екі облысқа бөлінді – Түркістан және Дала генерал-губернаторлығы

  11. Қазіргі «Орталық Азия» ұғымының кең ауқымдағы физикалық-географиялық аумағы – Қазақстан, Монғолия, Солтүстік-батыс Қытай, Ауғанстан, Солтүстік-шығыс Иран, Поволжье, Орал және Оңтүстік Сібір

  12. Орталық Азияның оңтүстік-батысындағы аймақ аталды- Орта Азия

  13. Орталық Азияны физикалық-географиялық анықтамасы негізінде – ішкі ағынды және ағынсыз өзен-көл алқаптары біріктіреді

  14. Ішкі ағынды өзендер дегеніміз – әлемдік мұхитқа құймайтын өзендер

  15. Қазақстандағы ішкі ағынды өзендер- Жайық, Ембі, Сырдария, Әмудария, Шу, Іле

  16. Ішкі ағынды өзендер - таудан басталып, даладан өтіп, көлдерге құйылады немесе құмға сіңеді

  17. Физикалық географияда Еуразияның ішкі ағынды алабына жататын түкпірдегі орталық ауданы – «Орталық Азия»

  18. «Орталық Азия» ұғымы алғаш рет қолданылды – ХІХ ғ. орт

  19. «Орталық Азия» ұғымын алғаш рет ХІХ ғ. орт қолданған неміс ғалымдары – Карл Риттер, Александр фон Гумбольдт

  20. Орталық Азияны ішкі ағынды өзендер алабымен анықтауды енгізген неміс географы – Ф. фон Рихтгофен

  21. «Орталық Азия» ұғымының кең мағынада қолданылу себептері -1. Мемлекеттер арасындағы қазіргі шекаралар кейін белгіленді 2. Бұрынғы Орталық Азия мемлекеттерінің аумағынан да кең аумақты қамтиды, 3.Орталық Азияның батыс бөлігінің тарихы оның шығыс бөлігінің тарихымен сабақтас 4. Орталық Азияның жалпы тарихымен таныспай, Қазақстан тарихының жекелеген кезеңдерін білу мүмкін емес.

  22. Орталық Азияның табиғаты – тік беткейлі, терең шатқалды биік таулардан, ыстық әрі құрғақ шөлді аймақтардан тұрады.

  23. Орталық Азия өзендері өз бастауларын алады – таулардан

  24. Орталық Азия жері – орманды далалы, далалы, жартылай шөлейт, құмды, тастақты шөл және таулы болып келеді

  25. Қазақстан аумағындағы шөлді аймақтар – Нарын құмы, Қарақұм, Үлкен және Кіші Борсық, Бетпақдала, Мойынқұм

  26. Қазақстанның тарихында маңызды рөл атқарған аймақ – жазық дала

  27. Жазық даланың Қазақстанның тарихында маңызды рөл атқару себебі – көшпелілер өркениеті қалыптасты

  28. Көшпелі өркениеттің пайда болуына әсер еткен факторлар – жазық дала, құрғақ климат


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет