Тарихи жадының сақталуы тұлғаның сана-сезімінің негізі мен қазақстандық бірігейліктің дамуы ретінде



бет1/2
Дата22.12.2021
өлшемі30,07 Kb.
#127436
  1   2
Байланысты:
Тарихи жадыны са талуы т л аны сана-сезіміні негізі мен аза
Педагогика-2, жоба №2 7-8 сынып, Sbornik zadach po genetikie s resheniyami, Система международного права

Тарихи жадының сақталуы – тұлғаның сана-сезімінің негізі мен қазақстандық бірігейліктің дамуы ретінде.

Тарихи сана ұлт мәдениетінің бастауында тұратын (ұлттың дүниетанымымен бірге пайда болатын) құндылық. Тарихи сана болмаса ұлттың тарихы, мәдениеті қалыптаспайды. Кез келген ұлттың тарихы мен мәдениетіндегі аға ұрпақтың болашақ туралы ой кешу үрдісі, жекелеген адамдардың (тұлға, зиялы адам) ұлттық мүддеге қызмет етудегі дәстүрі ұлттық сананың негізінде жүзеге асады. Ұлттық сана негізінде тарихи сана жатыр.

Қазақ мәдениетіндегі ұлттық құндылықтарға, әсіресе ұлттық құндылықтар туралы түсініктің қалыптасу негіздеріне қарап, тарихи сана құбылысының ұлттық болмыстың және оның өрісіндегі ұлттық бірегейлікті негіздейтін қасиеттердің қалыптасуына ықпал етіп отырғандығын көреміз. Әрине әр аймақ (әрбір ел) тарихты өз деңгейінде түсінген. Ұзақ ғасырлар бойы түрлі тарихи уақытты басынан өткізген және тарихи кезеңдерде ұлттық болмысы мен дербес мәдениетінің іргесін бекіте білген, ұлттың болашағына қызмет ететін құндылықтар бағдарын қалыптастыра алған ел үшін тарих адамның тұлғалық құндылықтары мен рухани қасиеттерінен туатын дүние.

Тарихи сананы қалыптастыруда қазақ алдыменен дүниетанымдық ұғымдарға, өмір мәндік түсінікке негізделген өнер дүниелерін дүниеге әкелген. Сондықтанда қазақ мәдениетіндегі халықтың ұлттық рухын көтеруге бағытталған идея, ұлттық идеологияның желісін ұлттың рухани дүниелері құрайды. Яғни елдің болашағы ұрпақ болмысының тереңдігіне тәуелді келетіндігін бабаларымыз ерте түсінген:

Мемлекеттің территориясы атамекенді иеленуде, ғасырлар бойы үнемі қорғау жолында барлық міндеттер ұрпаққа, оның қоғамына келіп тіреледі. Қоғамды құрайтын халық, елді қорғайтын адам сол халықтың ішінен шығады. Осы себептен ұлтымыздың тарихтағы рухани өмірінде халық мемлекетке демеуші, мемлекет ісіне қажетті адамды тәрбиелеп шығарушы болған.  Қазақ руханиятында мемлекеттің халыққа, қоғамға жасаған қызметі халық арқылы өзіне (игілік болып) қайтып отырады деген түсініктің жатқандығын көреміз. Бұл қазақ қоғамындағы мемлекет пен халықтың ортақ ұстанымының болғандығын көрсетеді. Ахмет Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» еңбегінде атап көрсеткендей, «Тұрмысқа сарын жасайтын адамның ғамалы, ғамалға өң беретін адамның мінезі, мінезге кейіп беретін тұрмыс төңірегі. Адамның мінезі ойының түрінен, көңілінің күйінен, істеген ісінен білінеді... Мінез іштен туады. Бірақ шынығып жетпей тұрғанда мінез түрін тәрбиемен өзгертуге болады. Адамға тәрбие беруші әуелі ата-ана, сонан соң ұстаз, мектеп, тұрмысындағы төңірек. Өмірінде қандай тұрмыс көрсе, қандай адамдармен кездессе, жолдас болса, істес болса, солардан өнеге көріп, үлгі алмақ. Өнер ғылым жоқ жұртта адам тәрбиесін төңірегінен алады». Тарихтағы қазақ қоғамының ішкі құрылымы, табиғаты  елдің тұрмысы сырт көзге қарапайым болып көрінгенімен, қоғам болмысының негізінде өмірдің тәжірибесінен өткен, сол тәжірибемен ысылған құндылықтарға толы рухани тереңдік бар. Дүниетаным, өнер түрлері, өмірлік тәжірибе негізінде бабаларымыз дәстүрлі қоғамның даму бағытын, оның құндылықтарын жасаған. Дәстүрлі қазақ қоғамында  ұлт пен жеке адам болмысының тұтастығы, рухтың үндестігі негізінде елдің дербестігі сақталады деген түсінік болған. Осы түсінік тарихта бірнеше мәрте тарихи уақыттың сынынан өтіп өзінің шындығын дәлелдеген. Бұған бірден бір мысал ретінде  тарихымыздағы қоғамның рухани өмірінде қалыптасқан тұлғалар институтын айта аламыз. Ұлт мәдениетінің феноменіне айналған осы институтты қалыптастырушы ұлт зиялыларын тәрбиелеу ісінде  ұлт руханиятының ерекше қызметін ескеру қажет.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ұлт тарихындағы «ақтаңдақтарды» жоюға бағытталған шаралар.

Қазақстан тарихының ақтаңдақ немесе бұрмалауға душар болған мәселелері әсіресе хх ғасырдың оқиғаларымен тығыз байланысты.бізге бүгінгі күні тіуелсіздікке ие болған республиканың тарихтағы ақтаңдақ болып зерттелмей келген қайғылы оқиғалардың бірі 1930 жылдардағы қуғын сүргін саясаты.1930жылдардың екінші жартысында қазақстанда орын алған сталиндік саяси террор,қуғын сүргін тарихта ақтаңдақ беттер деп аталды. Ақтаңдақтар деген терминнің өзі 1987 жылдың акпан айынан бастап қолданыла бастады. Қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасы тарих ғылымының негізгі міндеті отан тарихын обьективтік тұрғыдан қайта қарап отарлық кезең мен коммунистік жүйе дәуірінде қатаң саясаттың нәтижесінде оның елеусіз қалған ,бұрмаланған тұстарын қалпына келтіру болып табылады.  «Ақтаңдақ» кезеңдер тарихымызда аз болған жоқ...

Біз халқымыздың тари­хын­­дағы ақтаңдақтарды 1980 жыл­дар­дың екінші жартысындағы жария­­лылық, демократияландыру деп аталатын кезеңде айта  баста­дық. 1989 жылы Колбин кетіп Орта­лық Коми­теттің басшылығына Нұрсұлтан Әбішұлы келді. Коммунис­тік партияның Орталық Комитеті арнайы қаулы шы­ғарып ұлттық тарих­тың ақтаңдақ­та­рын, Ұлт-азаттық қоз­ғалыс мәселе­ле­рін еркін айтуға мүмкіншілік туды. Алаш қозғалысына қатысқан шығар­ма­шылық топтың Шәкәрім, Міржа­қып, Мағжан шығар­малары­ның ақталуы да 1989 жылдан басталды. Ұлттық тарихты қалпына кел­тіру тәуелсіздіктен бұрын ойласты­рыл­ған еді. Бұл  жолда Елбасымыз көп еңбек сіңірді. 1998 жыл «Ұлттық тарих» жылы деп жарияланып, 2004 жылдан бастап «Мәдени мұра» бағдарла­масы қолға алынды. Оның аясында шетелдегі тарихи дерек­терді елге қайтару жүзеге асты. Көп кешікпей бұл жоба «Халық тарих толқы­нын­да»  деген  пре­зи­денттік  бағдарлама­ға жалғас­ты. Елбасының тікелей қолда­уымен ­бұ­рын беймәлім болған тарихи дерек­терді жинақтауда көп шаруа атқарылды. Тарихи-мәдени мұралар жинақталды, ақтаңдақтар ашылды. 1993 жылы репрессия құрбандарын ақтау жөнінде арнайы заң қабылданса, 1997 жылы Елбасымыз Н.Назарбаевтың Жарлығымен 31 мамыр – ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып белгіленді.Ұлт тарихындағы «ақтаңдақтарды» жоюға бағытталған шаралар мен тарихымызды ұлықтауға арналған мемлекеттік бағдарламалар тәуел­сіздігіміздің алғашқы жылдарынан бастап рухани құндылықтарымызды дамыту жолында қызмет жасап ке­леді. Осы қатарда 2004 жылдан бас­талған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы және 2017 жылы жа­рық көрген «Болашаққа бағдар: ру­хани жаңғыру» бағдарламалары ұлттық тарихымызды зерделеу мен жаңғыртуды көздеп, рухани құн­ды­лығымызды дәріптеуге тікелей атсалысып отыр.

Мәдени мұраны зерделеудің біртұтас жүйесін құру.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет