«Таңшолпан» балабақшасы 27 маусым күні



Дата15.09.2017
өлшемі165,21 Kb.
#32969
«Таңшолпан» балабақшасы

27 маусым күні «Таңшолпан» бөбек жай - балабақшасында «Біз қазақша сөйлейміз!» атты іс-шара өтті. Іс-шараға барлық ұжым болып атсалыстық. Іс-шараны «Ақ шағала» ересек тобы қысқаша көрінісімен бастады. Балалар ана тіліміз туралы өлең шумақтарын айтты. Іс-шарада «Ақ шағала» тобының ұлдары «Бәйге», «Жорға», «Джентельмендер» биін билеп өнерлерін көрсетсе, аруларымыз да «Көбелек», «Қуыршақ», «Қазақ биі» сияқты билерімен ерекшеленді. ІІ-кішкентайлар «Айжұлдыз» тобы «Балапан» биін биледі. Тәрбиеші Рысбекқызы Сандуғашпен тәрбиеленушісі Бекет Аяжан «Әй-әй бөпем» әнін, тәрбиеші Тұрлықожаева Сарқыт тәрбиеленушісі Айтқұрман Нұраймен «Туған жер» әнін, «Ақ шағала» тобының тәрбиеленушілері Ниязов Абылай «Қазақтың баласымын», Байбатыр Сартай «Тұлпарым», Дарханқызы Көркем «Қазақ осы» әнін, Зейдолданова Жібек «Қошақаным» әндерін нақышына келтіріп орындады. Іс-шараға қатысушылар «Атамекен», «Қазақы дастарханым» әндерін хормен айтты. Тәрбиеленушілеріміз Манатбекқызы Шұғыла мен Мұқият Жанболат өзара айтысқа түсті. Сол сияқты балалар ұлттық ойыннан да өз өнерлерін көрсете білді, атап айтсақ, «Арқан тартыс», «Асық ату», «Қол күресі», «Қазақша күрес». Ойын барысында балалар ұлттық ойынның қыр-сырын меңгеріп қана қоймай, ойын тәсілдерін де тез меңгеріп кетті. Тәрбиешілер видео-слайд арқылы ана тілінің маңызын түсіндірді. Іс-шара соңына таман балабақша тәрбиеленушілері «Флэшмоб» билеп, қонақтар өз ризашылықтарын білдірді.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет