Теңайнымалы қозғалыс 20 м/с бастапқы жылдамдықпен түзусызықты қозғалып келе жатқан дене, 4 м/с2 үдеумен тежеле бастады. 4 с-тан кейінгі дененің жылдамдығы.
18 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан велосипедші таудан түсе бастайды. Егер оның үдеуі 0,8 м/с2 болса, 6 с-тан кейін велосипедшінің жылдамдығы
Тең үдемелі қозғалған автомобильдің жылдамдығы 4 с уақытта 45 -тен 5 м/с-ке дейін кемиді. Автомобиль үдеуінің модулі
Автомобильдің жылдамдығы 10 с уақытта 10-нан 6 м/с-ке дейін кемиді. Жылдамдықтың уақытқа тәуелділік формуласы және 20 с кейінгі жылдамдығы
Ұшақ 216 км/сағ. жылдамдықпен ұшып,сосын 20 с уақыт бойы 9 м/с2 үдеумен қозғалады. Ұшақтың осы уақытта ұшып өтетін ара қашықтықтығы.
Поезд 20 м/с жылдамдықпен қозғалады. Тежелгеннен соң,толық тоқтағанға дейін ол 200 м ара қашықтықты жүріп өтті. Тежелудің жүрген уақыты.
Велосипедші 2м/с2 тұрақты үдеумен таудан түсіп келеді. Егер оның бастапқы жылдамдығы 10 м/с болса, 10с-тан кейін велосипедшінің жылдамдығы қандай болады?
54 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан троллейбус тежелгеннен кейін 5с ішінде тоқтайды. Тежелу басталғаннан кейін ол қандай тұрақты үдеумен қозғалады?
Қозғалысын 1 м/с2 үдеумен бастаған автомобильдің 5 с және 10 с өткеннен кейінгі орын ауыстыруы қандай болады? Тікұшақ 4 мин ішінде 6 км/сағ жылдамдықпен тік жоғары көтерілді. Осы кездегі үдеу қалай бағытталған және оның мәні неге тең?
Екі машина бір-біріне қарама-қарсы 2км/сағ және 8 км/сағ жылдамдықпен жүріп келеді. Бірінші машина ішіндегі жолаушы екінші машинаның өзінің жанынан 3 мин ішінде өтетінін байқады. Екінші поездың ұзындығы қандай?
Станциядан жүк пойызы 72 км/сағ жылдамдық пен шықты, ол 1440 км жол жүру үшін қанша уақыт кетеді?
β -тобы
Нива көлігі 7 мин ішінде 8км/сағ жылдамдықпен жүрді. Осы кездегі үдеу мәні неге тең?
3 мин ішінде пойыз өз жылдамдығы 20 м/с-тан 40 м/с-қа дейін кемітті. Осы уақыт ішінде ол қандай жол жүрді?
Ұзындығы 240 м пойыз бірқалыпты қозғалып, көпірден 2 мин ішінде өтті. Егер көпірдің ұзындығы 360 м болса, пойыздың жылдамдығы қандай болған.