Тәңірі жаратқан сұлулық ғажайып күш. Сол сиқырлы күшке жан бітіру кемеңгер суреткер Әбіш Кекілбаев атамыздың ғана қолынан келген. Айтар сөзінің мәйегін қай кезде төгетінін, қай тұста ұстамдылық танытатынын, қай тұста басты кейіпкеріне еркіндік беретінін шығармалары желісін оқып отырып байқайтынымыз хақ. Кемеңгер жазушының шығармаларының тереңін тағы да толығырақ түсіну үшін Ә. Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайына келдік. Ендеше кемеңгер жазушы шығармаларының тылсым сырына үңілейік… Соңы Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығы қазақ ортасынан, түркі әлемінен, ғасыр шеңберінен озып шығып болашаққа ұмтылған рухты құбылыс екенін аңғарған боларсыздар. Жазушының рухани тағылым-аманаты елінің жадында болуға, рухани әлемі туған ел-жұртының көгілдір көгінде еркін, талмай самғауға жазсын…