Тексерген: Аубакирова Шугула Жаровна



Pdf көрінісі
Дата17.11.2023
өлшемі0,88 Mb.
#191658
Байланысты:
қаныш



Орындаған: Самат Жаннұр
Тексерген: Аубакирова Шугула Жаровна 


§
Медеу Сәрсеке (1936ж, 2қаңтар) – ұлтымыздың
кемеңгер перзенті Қаныш Сәтбаевтың ғұмыр
жолын айшықтауға елу жылдан астам уақытын
сарп етіп, біртуар ғалымның жарқын бейнесін
тартымды һәм тұрлаулы еңбегімен қазақ 
қауымына танытқан қаламгер.
Медеу Сәрсеке
жазушылықтан бөлек, инженер-металлург 
мамандығын бітірген. Металлогения мектебінің
негізін қалаушы, жас зерттеушінің өмір жолын
зерттеуге деген қызығушылығының қайдан пайда
болғанын осы жерден байқауға болады деп
ойлаймын.


§
Бұл роман-эсседе тек Қаныш Сәтбаевоың өмірбаяны ғана емес, өмір сүрген
кезеңіндегі елдің қал-ахуалы, саяси-әлеуметтік жағдайы, Қазақ жеріндегі 
ғылымның дамуы, саясат басындағылардың әділетсіздігі көрініс табады. 
Бұл еңбегін жазуда автордың біраз тер төккенін байқауымызға болады. 
Медеу Сәрсекенің шығармаларында нақтылық пен деректілік басым. 
"Қаныш Сәтбаев" роман-эссесі де нақты деректерге толы. Жалпы шығарма
Қаныш Сәтпаевтің өмір жолын баяндайтын 3 негізгі бөлімнен тұрады:
§
"Баянауыл аясында"
§
"Сібір шамшырағы"
§
"Ұлытау жотасында" .


Автордың көп ізденгенін сипаттаудың нақтылығынан және көзге аса қатты
байқалмайтын, шағын мәліметтердің өзіне аса зор мән бергенінен байқауға болады. 
Мәселен, жас зерттеушінің Алтынқазған, Күмістөбе, Қорғасынды, Темірші, Жезтөбе
деген кен орындарға барлау жүргізуде топонимикалық атауларға мән бергендігін
айтады. Байқағаныңыздай қосалқы мәліметтің өзі нақтылықпен берілген. Роман-
эсседе кеңінен қолданылған тарихи құжаттар мен естелік-эсселер шығарманың
шынайлығын, деректілік сипатын арттырып тұрғанын көруге болады. 
Сонымен қатар, автор Қаныш атамыздың көзін көргендермен сұхбат алысып, мәлімет
жинаған. Қазақстанды жаппай қаулаған 1932 жылғы ашаршылық, ата-анасынан
айырылуы, 1937 жылғы зобалаң жолындағы қиыншылықтардан өтіп, пісіп, жетілген жас
зерттеуші бейнесі романда айқын бейнеленеді. Бұндай қиын кездерден жол табудағы іс-
әрекеттері шығарманың нағыз дамуы мен шиеленісуі болды деп ойлаймын. Қаныш
Сәтпаевтің басынан кешкен оқиғалары замандастарының естелік-эсселерімен толығып, 
шығарманың айқындылығын арттыра түсті. Қ.И.Сәтпаевтің шынайы бейнесін халыққа 
ұсынған ерекше шығарма десем артық айтпағаным болар.


Академик Қаныш Сәтбаевтың өмір жолын 
тыңғылықты зерттеген қаламгер қаламынан 
“Сәтбаев”, “Қазақтың Қанышы”, “Қаныш Сәтбаев”, 
“Қаныш елі”, “Дала дарын”, “Феномен”, “Құлыпталған 
ғұмырнама” және т.б. Ірілі-ұсақты біршама 
шығармалар туды. Орыс тіліндегі “Планета 
Сатпаева”, “Через тернии к Сатпаеву” кітаптары 
қазақтың Қанышын әлемнің 112 еліне танытты, 
яғни 112 тілге аударылды. 


–Шынында да, ол кісіні көріп, бір ауыз тілдесе алдыңыз ба?

Қаныш ағаны Алматыда оқыған жылдарымда екі мәрте көрдім. Бірде Абай атындағы опера 
және балет театрының әлдебір қойылымына бардым. Сонда Үнді елінен келген бір топ ғалым 
азаматтармен бірге келе жатқан, алып тұрқы ерекше биік, үстіне ақ костюм киген Қаныш
ағаны көріп, аузым аңқиып қалды. Екінші, 1961 жылы Мұхтар Әуезов қайтыс болып, сол 
кісімен қоштасуға театрға бардық. Зират басында қаралы митинг болып, сол мінбеге таяу
жерде тұрып, Қанекеңді жақыннан көрдім. Ол кісіге сөз тиіп еді, кібіртіктеп, қиналып сөйледі. 
Сол туралы айтқанымда Әлкей аға: «Әңгімені жүйелеп жақсы айтады екенсің, бәрі дұрыс, тура 
шындық. Сол жерде мен де болдым» деді де, кенет: «Жә, Медеу қалқам, мен саған үлкен шаруа
тапсыруға шақырдым. Қаныш ағаң туралы деректі кітап жаз, мамандығың да жақын, 
инженерсің» деді. Шошып кеттім. «Ой, аға, ол кісі асқар тау ғой, оның бір төбесіне шығу үшін
кем дегенде 10 жыл қажет, сөйтуге менде шама жоқ, кешіріңіз!» деп бірден бас тартып едім, 
Әлекең: «Міне, біздің қазақтың ит мінезі, мен сені білімді, қаламының желі бар дарынды жас
деп, нақты ұсыныс айтсам, сен ат-тоныңды ала қашасың» деді. Мен де састым. «Аға, 
шынымды айтсам, есім шығып кетті. Бала күнімде «Қанекең секілді инженер болсам деп
армандағаным рас, бірақ ол кісідей білікті маман болу қайда деп ойлайтынмын», дедім. 
Әлекең жадырап: «Бұл сөзің маған ұнады, үш күн мұрсат берем, ойлан» деді.
(Азамат Есенжолдың Медеу Сәрсекемен әңгімесінен.)


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет