Телекоммуникациялық құралдардың түрлері. Білім беру мақсатында қолданылатын телекоммуникациялық технологиялардың келесі түрлеріне тоқталып өтейік:
видеоконференциялар, электронды пошта, электронды конференциялар (text-basedconferencing), электронды дискуссиялар (text-baseddiscussions), факс, кабельді ТВ (cableTV), интерактивті ТВ (iTV). Қазіргі таңдағы тұрақталған түрлеріне келесілер жатады: электронды пошта; электронды конференция; реттелген ақпараттық ресурстарды қолданытан Web-беттер мен Интернет сайттары; лазерлі компакт-дисктер, сонымен қоса оларға Интернет арқылы кіру мүмкіндігі; видеоконференциялар; кабельді ТВ.
Жаппай қолданылмайтын, бірақ білім саласында қолданылатын технологияларға интеграцияланған оқыту жүйелері жатады.
Тәжірибелік технологияларға оқыту құндылығы әлі анықталмаған электронды дискуссиялар, интерактивті ТВ (iTV) жатады. Әрине, уақыт ағымына қарай бұл көрсеткіштер өзгереді, тіпті «тұрақталған» деген категорияларға да ауысуы мүмкін. Білім беру саласында өз орынын алады.