Тәрбие әдістерін ғалымдардың жіктеуі бойынша анықтау



Дата03.12.2022
өлшемі28,5 Kb.
#161086
Байланысты:
ғалымдар


Жоспар;
1.Тәрбие әдістерін ғалымдардың жіктеуі бойынша анықтау
2.Тәрбие құралдары Тапсырманы Сюжетті кесте мен қос жазба күнделігі әдістері арқылы орындау



Тәрбие әдісі дегеніміз
- оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері.
Әдістерді мұғалім тәрбиенің мақсатына, мазмұнына балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, тәрбиелік деңгейіне қарай іріктейді. Әдістер тәрбие мақсатына жетуге, оқушыларды қоғамдағы тәртіп ережелерін үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға, олардың жақсы тәжірибесін алуға көмектеседі.



Тәрбие әдістерін ғалымдардың жіктеуі бойынша анықтау



Галина Ивановна Щукина

Мағжан Жұмабаев

Жеке адамның санасын қалыптастыру ;

Дене тәрбиесі

Қоғамдық мінез құлықты қалыптастыру , іс әрекетті ұйымдастыру ;

ақыл тәрбиесі

Мінез құлық пен іс әрекетті ынталандыру

сұлулық тәрбиесі

өзін өзі бақылауды ұйымдастыру және өзіне өзі баға беру әдістері

Мінез құлық тәрбиесі



Ғалым педагогтар Н.И. Болдырев , Н.Г. Гончарев , Ф.Ф. Королев еңбектерінде тәрбие әдістерін сендіру , жаттығу , мадақтау және жазалау деп қарастырады.

Жеке адамның санасын қалыптастыру немесе сендіру әдісі. Бұл тәрбие әдістеріне негізінен әңгіме , әңгімелесу , лекция , пікірталас , өнеге жатады.
Әңгімеде тақырыптың мақсаты айқын белгіленуі, мазмұны нақтылы фактілермен дәлелденуі, оқушылардың жас ерекшелігін ескеріп, қарапайым тілмен нақтылы өмірге қатысты мәселелер қозғалуы қажет.
Әңгімелесу сынып ұжымының өмірі мен оқушылардың мүддесіне сай тақырыптарды талдау, оған олардың белсене араласуын , қойылған мәселеге сын көзбен қарап, нақтылы қорытындылар жасапу қажеттігі туындайды.
Тұлғаның идеялық сенімі мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда лекция тәсілі де қолданылады.
Тәрбие әдістерінің келесі бір түрі пікірталас тәсілі.Ерекшелігі, оқушылардың жай тыңдаушылар қатарында емес , керісінше қаралып отырған мәселеге олардың белсене қатысу жағдайында ұйымдастырылуы, оған ұжым болып пікір алмасуы , дербес ойлай білуге дағдылануы т.с.с. болып келеді.
«Ереже ұсынғанша өнеге ұсын» демекші сендіру әдістерін қолданғанда балаға шектен тыс мораль айтудан аулақ болған жөн. Оның санасы мен мінез құлқын қалыптастыруда өзін қоршаған ортаның ықпалы зор. Бұл орайда өнеге жеке бастың үлгісі негізінде тәрбиелеудің маңызы ерекше.
Қоғамдық мінез құлықты қалыптастыру, іс әрекетті ұйымдастыру немесе жаттықтыру әдісі.Бұл топтағы әдістерге талап қою , жаттықтыру , тәжірибелік жағдай туғызу, тапсырма беру жатады.
Мінез құлық пен іс әрекетті ынталандыру немесе мадақтау және жазалау әдістері.

Тәрбие құралдары


Тәрбие құралдары дегеніміз - оқушының адамдық қасиеттерін қалыптастыратын, мұғалім мен баланың санасына тәуелсіз материалдар. Тәрбие құралдары:
• Іс-әрекет түрлері (ойын, еңбек);
• заттар (ойыншыңтар, электронды есептегіш машиналар);
• рухани және материалдық мәдениет (өнер, қоғам, өмір);
• бұқаралық ақпарат құралдары;
• педагогикалық ықпал жасау құралдары.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет